Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ



бет59/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
Байланысты:
Лекции

ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ



Дәрістің мақсаты: макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілері ретінде көрінетін жұмыссыздық пен инфляцияның негізгі себептеріне, түрлеріне, көрмсеткіштеріне және оларға қарсы реттеу шараларына кеңінен тоқталу.
Дәріс жоспары:

    1. Инфляцияның себептері, көрсеткіштері және түрлері

    2. Жұмыссыздық: мәні, себептері мен нысандары



1. Инфляцияның себептері, көрсеткіштері және түрлері. Рыноктық қатынаста ақша мен инфляция процесі байланысты. Инфляция (қампию)- бұл айналым сферасын ұлттық шаруашылықтың шын қажеттілігімен артық толтыру. Инфляция кезінде қағаз ақшалар: а) алтынға; ә) тауарларға; б) шетелдік валюталарға қарағанда құнсызданады. Осының әсерінен бірінші жағдайда алтынның қағаз ақша түріндегі нарықтық бағасы артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетелдік ақша бірлігіне қарағанда ұлттық валюта бағамы төмен түседі.
Инфляция ақша жүйесінің «ауруын» көрсетеді. Ол шаруавшылық сфераларды қиратып, алыпсатарлықты күшейтеді, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан мемлекет инфляциямен күрес шараларын жүргізеді.
Баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігі мына формула бойынша көрсетіледі:
М*V=P*Q
Ондағы: М- ақша бірлігінің массасы;
V - ақша айналымының жылдамдығы;
Р- тауар бағасы;
Q - рыноққа ұсынылған тауарлар саны.
Инфляцияның пайда болу себептері:

  1. мемлекеттік бюджет тапшылығы;

  2. инвестициялаудың жоғарлауы;

  3. өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігінің жоғарлауымен салыстырғанда еңбек ақының тез өсуі;

  4. мемлекеттік бағаның белгіленуі.

Инфляцияның түрлерін анықтаудың 3 критерийі бар:
А) баға өсуінің қарқыны;
ә) баға өсуінің сәйкестендірілу деңгейі;
б) инфляцияны күту және күнібұрын болжау.
Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

  • Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

  • Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

  • Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.

  • Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

  • Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

  • Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

  • Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

  • Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.

  • Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

  • Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.



Баға

=

ағым кезіндегі тұтыну баға индексі - өткен кезеңдегі баға

индексі

өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі

Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:



  • Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.

  • Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.

  • Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.

  • Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

  • Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

  1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.

  2. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.

  3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

  4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.

  5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. Табыстар саясатын екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысандарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланысты болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі. Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін.
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың шаралары жатады.

  • мемлекет фискалдық саясат әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады (мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып);

  • Ақша несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу, банк пайызын және резервтік норманы өзгерту арқылы).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет