Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ АҚША-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ



бет61/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Байланысты:
Лекции

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ АҚША-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ



Дәрістің мақсаты: экономикадағы қаржы жүйесіне және оның құрылымына тоқталып, ондағы мемлекеттік бюджет пен оның тапшылығын, мемлекеттік қарыз мәселесін талқылау, салықтардың экономикалық мәнін ашу, ақша жүйесінің құрылымын және несие-банк қатынастарын қарастыру, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік саясатын да қарастыру.
Дәріс жоспары:

  1. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

  2. Салық жүйесінің мәні

  3. Ақша-несие жүйесі



1. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы. Қаржы жүйесі - бұл экономикалық, ақшалай қатынастардың белгілі бір жүйесі, осы арқылы ұлғаймалы ұдайы өндірісті, сондай-ақ қоғамның басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражаттар құралып, тиісінше бөлініп, қайтадан бөлініп, одан әрі пайдаланып отырады.
Қаржының 3 түрі болады: мемлекеттік, кәсіпорындық, халықтық.
Қазіргі кезде қаржы жүйесінде әртүрлі типтегі шаруашылық жүйесінің қаржыларын көруге болады. Оларға: бірлестіктердің, фирмалардың, трестердің, ассоциациялардың, концерндердің, қоғамдық ұйымдардың қаржылары жатады. Ал өндірістің салалары ерекшеліктеріне қарай қаржылар: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыстық, көліктік, өндірістік емес салалар қаржысы болып бөлінеді.
Қаржы жүйесі қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Қаржы жүйесінің звенолары: әртүрлі деңгейдегі бюджет, әлеуметтік, мүліктік және жкек сақтандыру қорлары, мемлекеттің валюталық резервтері, кәсіпорындардың, ақшалай қорлары, арнайы ақшалай қорлар.
Қаржы жүйесінің жағдайы ұлттық экономиканың тұтас алғандағы сенімді қозғаушысы.
Қаржы саясаты - мемлекет тарапынан экономиканы реттеудің формасы.
Қаржы жүйесінің орталық бөлігі мемлекеттік қаржыдан қалыптасады. Мемлекеттік қаржының шешуші буыны - мемлекеттік бюджет.
Бюджет дегеніміз - мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке адамның белгілі бір мерзімдегі ақшалай қаражаттарының кірістері мен шығыстары.
Мемлекетттік бюджет-мемлекеттік қаржыларды реттеп отыратын негізгі мемлекеттік бөлімше. Осы арқылы мемлекет ЖҰӨ- ді территориялық және салааралық бөлуді, қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджет құрылымы кірістен және шығыстан тұрады. Мемлекеттік бюджеттің кірісі салықтардан, салықтық емес түсімдерден, мемлекеттік қорға әртүрлі қорлардың міндетті аударымдарынан тұрады. Мемлекеттік бюджеттің шығысы әлеуметтік қызметке жұмсалатын шығындардан, шаруашылық мұқтаждық шығындарынан, әкімшілік басқару органдарын ұстауға, мемлекеттік қарыздарды өтеуге, сыртқы саясатты материалдық қамтамасыздандыру және қаруландыруға жұмсалған шығындардан тұрады.
Егер де бюджеттің кірісі шығысынан төмен болатын болса, онда бюджет тапшылығы қалыптасады. Оның қалыптасуының негізгі себебі: қоғамдық өндірістің құлдырауы. Жинақталған бюджет тапшылығы мемлекеттік қарызды көрсетеді. Мемлекттік қарыздың 2 түрі болады: ішкі және сыртқы.
Мемлекеттік қарыздың экономикалық тигізетін әсерлері:
- Ұлттық экономикада өндірістік мүмкіншіліктердің қысқаруы;

  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі;

  • ұлттық байлықтың қайта бөлінуі;

  • жиынтық ұлттық шығындардың көбеюі.

Банктер- елдің қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі. Олар жалпы қаржы істерін рынок қатынастарын реттеуде жетекші ролді атқарады.
Банк-қаржы кәсіпорны, мекемесі, ол ақша қаражаттарын өз қолында шоғырландырып сақтайды, ақша операциялары мен есеп айырысуды жүргізеді, ақша қаражатына қатаң бақылау жасайды, несие береді, айналысқа ақша мен бағалы қағаздарды шығарып отырады.
Ұлттық экономикада елдегі банктердің жиынтығы банк жүйесін құрайды. Банк жүйесі 2 деңгейден тұрады:
а) орталық немесе ұлттық банк;
ә) коммерциялық банктер.
Ұлттық банк ақша-несие қатынастарын реттеп отыратын мемлекеттік бөлімше. Ол ақша мен бағалы қағаздарды шығару, елдің алтын қорын сақтауға құқылы. Ол коммерциялық банктерге міндетті резерв нормасын белгілейді, қарыз процентінің мөлшерін анықлайды. Негізгі қызметтері: эмиссиялау, несие, ақша айналысы саласында мемлекеттік саясат жүргізу.
Коммерциялық банктер - бұл коммерциялық бастамада көп қырлы қаржы-несие операцияларын жүргізетін банктердің әмбебап түрі. Олар өз капиталдарын пайдалана отырып, кәсіпорындарға несие береді. Мұндай банктер бірқатар коммерциялық қызметтер мен банк операцияларын атқарады.
Коммерциялық банктердің түрлері:

  1. инвестициялық;

  2. ипотекалық;

  3. жинақ немесе халықтық;

  4. халықарлық;

  5. салалық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет