Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ



бет62/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
Байланысты:
Лекции

2. Салық жүйесінің мәні. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент.
Салық жүйесі дегеніміз - мемлекеттегі алынатын салықтар, түсімдер, баж салықтары және т.б. төлемдер, оларды құрау формалары мен әдістерінің жиынтығы. Салық жүйесі белгілі бір заң актілері арқылы жұмыс істейді. Ол заңдарда салықты алу және құраудың нақты әдістері, яғни салық элементтері анықталады. Салық элементтеріне жататындар: салық субъектісі немесе салық төлеуші; салық алу объектісі; салықты алу көздері; салық ставкалары.
Салық дегеніміз - мемлекеттік бюджетке адамдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің міндетті түрде аударатын төлемі.
Салық салудың нормасы - салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар: а) қатаң ставкалар- салық алынатын объектінің дифференциалдық деңгейіне, оның құнына байланыссыз бірдей көлемде салынатын ставка; ә) пропорциялы ставкалар – бұл табыстың көлеміне байланыссыз салық төлеудің бірыңғай проценті тағайындалған ставка; б) прогрессивті ставкалар- табыстың өсуімен көбейетін салық ставкасы; в) регрессивті ставкалар- табыстың өсуіне қарай салықтың орташа ставкасының төмендеуі.
Қазіргі кезде салықтардың маңызды ролі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Олар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші ролі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланады.
Мемлекеттік бюджет пен салық скавкаларының арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі «Лаффердің қисық сызығы» деп аталады. Болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін арттырады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана тиімді болады.
Төлем қабілетіне қарай салықтар 2-ге бөлінеді: тікелей немесе тура салықтар және жанама салықтар.
Тура салықты тікелей салық субъектісі төлейді. Олар нақты жеке және заңды тұлғадан алынады. Салықтардың негізгі түрлеріне табыс салығы , одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар жатады. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері жариялаған мәмілелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі салық төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы алған кезде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді.Салық салу жүйесінің басты буыны- бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациялардан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады.
Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық салу деген де бар. Ол пайданың белгілі мөлщерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара әдетте төтенше жағдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде қолданылады. Табыс салығының қатарына мүлік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған істер салығы дажатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады.
Капитал ісінен алынатын салық корпорацияның бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады.
Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады. Олар тауарлар мен қызмет көрсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды тұтынушылар төлейді.
Жанама салықтар үш түрде көрінеді: акциздер, фискальды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішіндегі ең бастысы- акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшкліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түрлеріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі- қосымша құнға салық салу кеңінен таралуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгеннен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезеңдегі өндірістік қызметтің нәтижесінде қосылған құнға салынады.
Фискальді, монопольді салық мемлекеттің монопольдй өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай бұлардың қатарына темекі бұйымдары, алкогольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. болуы мүмкін. Олардан түсетін түсімдер әдетте мемлекеттік бюджетке, біраз бөлігі жергілікті үкіметтің бюджетіне түседі.
Жанама салықтың қатарына кеден, баж салықтары да жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі-бері өткенде төленетін салықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет