Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ



бет63/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
Лекции

3. Ақша-несие жүйесі. Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, марка, йена және т.б.) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары көрсетіледі.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі 2 түрі бар:
1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.
2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометализм деген түрлері қалыптасқан. Биметализм алтын мен күмісті пайдалану негізінде ХҮІ-ХІХ ғасырларда Бстыс еуропа елдерінде пайда болды. ХІХ ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгереді. Күміс монетелардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметализмді монометализм ауыстырады, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл- алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталды.
Монометаллизмнің үш түрі белгілі: 1-шісі- алтын монеталы стандарт. Ол 1-ші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталады. 2-шісі- алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. 3-шісі- алтын девиздер стандарты, ол 20 жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валюталарға айырбастады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстардыан кейін монометаллизм дәуірі тоқтады.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын көбейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу.
Қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз - халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарға, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Ақша массасы құрылымының белсенді-активті бөлігіне шаруашылыққа нақты қызмет ететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары ролін атқарады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып өткізу мен төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттерде кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттарындағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненттері «квази-ақша» деп аталады. Профессор П.Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді түсінігі ақша категорияларын анықтау үшін маңызды. Қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады.
Мемлекеттің монетарлы саясатты жүргізу мақсаты:

  1. баға тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  2. ЖҰӨ нақты көлемін өсіру;

  3. толық жұмыспен қамту.

Монетарлы саясат ақшаға сұраным мен ұсынымды қалыптастыру, яғни ақша нарығын құру үшін жасалады.
Ақшаға сұраным келесі жағдайларда қалыптасады:
а) айналым құралы ретінде ақшаға сүраным туады;
ә) құнды сақтау құралы кезінде туады.
Айналым құралы ретінде ақшаға сұранымды анықтайтын көрсеткіштер: номиналды ЖҰӨ немесе ақша деңгейі.
Құнды сақтау құралы ретінде ақшаға сұраным номиналды прцент ставкасының деңгейіне байланысты.
Ақшаға деген жалпы сұраным номиналды процент ставкасының деңгейі мен номиналды ЖҰӨ көлеміне байланысты.
Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір пропорциялардың болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ақшаға сұраныс шарушылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мектептің «монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің» пайда болғанын көрсетеді.
Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге сүйеніп, ХҮІІІ ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30-40 жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын ағылшын ғалымдары Д.Юм, Дж.Милль, А.Маршалл, А.Пигу, американ ғалымы И.Фишер, шведтік Г.Кассель мен Б.Хансен.
Монетаристер экономиканы дамытуда ақшаның рөліне үлкен мән береді. Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының маңызы бар деп есептейді. Кейнсиандық және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін алдымен неоклассикалық варианттың сандық теориясына талдау жасайық. Сандық теорияның негізгі жорамалы мынада: бағаның абсолютті деңгейі номиналды ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Басқаша айтқанда, ақшаны көп ұсынған сайын, бағаның деңгейі жоғары және керісінше болады. Мұндай тәуелділік белгісі кембридж теңдігі деп аталады.
Несие жүйесі дегеніміз - мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық шарттарында ақша қаражаттарын қалыптастыратын, айналысқа түсіретін, ұсынатын ақша несие бөлімшелерінің жиынтығы.
Несие жүйесі 2 бөлімнен тұрады: банк жүйесі және банктік емес банктер жиынтығы, яғни банктік емес қаржы несие институттары. Оларға жататындар: инвестициялық, қаржы және сақтандыру компаниялары, зейнеткерлер қоры, жинақ кассалары, ломбардтар және несие кооперациялары.
Несие дегеніміз - белгіленген мерзімге процентін қосып қайтару шартымен ақшалай қаржы беру. Әдетте несие төлем мерзімін ұзарту түрінде немесе заемшының қарыздық міндеттемесін сатып алуға берілуі мүмкін.
Ссудалық капитал дегеніміз- процент түрінде ақыға қайтарымдылық шартында меншік иесінің ссудаға беретін ақшалай түрдегі капиталы.
Несиенің түрлерін төрт белгісіне қарай топтастыруға болады:

  1. берілу мерзіміне қарай: қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді;

  2. қамтамасыз ету түріне қарай: кепілденген және қамтамасыз етілмеген;

  3. қарыз алушылардың түріне қарай: жек тұлға, өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорны, мемлекеттік, басқа банктерге берілетін, шетел мемлекеттерінің ресми органдары, ауылшаруашылық болып бөлінеді;

  4. қолдану бағытына қарай: инвестициялық, бағалы қағаздармен операцияларға, уақытша қаржылық қиындықты жоюға, тұтыну, экспорттық және импорттық.

Несие формаларының 2 түрі бар: коммерциалық және банктік.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет