Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ



бет53/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Байланысты:
Лекции

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ



Дәрістің мақсаты: экономиканың ауытқымалы кезеңмен дамып отыруын талдау және экономикалық өсудің факторлары мен ерекшеліктерін түсіндіру, сонымен қатар, Қазақстандағы экономикалық өсу моделін сипаттау.
Дәріс жоспары:

  1. Нарықтық экономиканың циклдық дамуы

  2. Экономикалық цикл және оның кезеңдері

  3. Экономикалық өсу түрлері және себептері

  4. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары



1. Нарықтық экономиканың циклдық дамуы. Циклділік экономикалық динамиканыңтеңсіздігін бейнелейтін экономиканың табиғи даму тәсілін, қозғалыстың жалпылама формасын көрсетеді.
Циклділік – бұл ұлттық шаруашылық пен дүниежүзілік шаруашылық қозғалысының жалпылама формасын біртұтас жүйе ретінде қарастыру. Ол ұлттық шаруашылықтың әртүрлі элементтерінің қызмет ету тепе-теңдігінің бұзылуын көрсетеді. Циклділік шеңбер түрінде емес, спираль түрінде жүреді. Әрбір цикл өзінің фазаларын, ұзақтығын көрсетеді. Маркстің теориясы бойынша, әрбір цикл 4 фазадан тұрады: дағдарыс, күйзеліс, жандану, көтерілу.
Циклділік теориясын құрған Н.Д.Кондратьев. Ол анықтаған циклділік ұзақ толқындардан құралады. Ұзын толқындар теориясы макроэкономикалық тепе-теңдіктегі ауытқу жағдайында болатын экономикалық жүйені көрсетеді. Циклділіктің қалаыптасу себептері:
1-ден, бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы ауытқулар;
2-ден, бұл ауытқу өндіріс құралдарына сұраныстың өзгеруімен байланысты;
3-ден, бұл тепе-теңдіктен 40-60 жылды құрайтын ұзақ ауытқулар.
Экономикалық өсу үлгілері:

    1. Әмбебап үлгілер (Ф.Кенэ, К.Маркс);

    2. «Шығындар-шығару» үлгісі (В.Кондратьев);

    3. Кейнстік үлгілер (Дж.М.Кейнс);

    4. Неоклассикалық үлгілер (Ж.Б.Сэй, Дж.Кларк, П.Дуглас пен Х.Кобб, П.Самуэльсон).

Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар

  1. К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдық оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған. Марксистердің айтуы бойынша, экономиканың циклдық дамуы өндірістің нәтижесін иемденудің жекекапиталистік формасының арасындағы қайшылықтар байланысты. Капиталдың қорлануы, өндіргіш күштердің дамуы өндірістің қоғамдасуын жоғарлатады, яғни капиталдың шоғырлануы және орталықтануы, индустриялық орталықтар мен ірі капиталистік кәсіпорындарының қалыптасуы. Марксизм теориясында аграрлық дағдарыстар капиталистік дағдарыстардың ерекше көрінісі болып табылады. Олардың себебі ортақ: капитализмнің негізгі қайшылығы, бірақ ерекшеліктері бар:

  • жерге шаруашылық объекті ретінде монополияның болуы;

  • аграрлық секторда баға белгіленудің ерекшеліктері;

  • табиғи фактордың әсері;

  • ауыл шаруашылығының даму дәрежесінің өнеркәсіптігінен төмен болуы.

  1. Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері пайыз мөлшеріне дейін төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

  2. Неоклассиктер мен неокейнсшілдер циклдік дамуының себебіне, капитал запасының өндіріс шарттарына үйлесу процесін жатқызады. Жыл сайын ұдайы өндірілетін көлемімен және осы мезгілде дейінгі жинақталған запасының арасында тепе-теңдік пропорция бар. Осы тепе-теңдік бұзылмағанша циклдық ауытқулардың болуы мүмкін емес. Осы екі бағыттарының циклдық теориядағы айырмашылығы тепе-теңдіктің сипаты мен себептері.

  3. Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатының нашар жүргізілуінен туындайды.

  4. Циклдардың себептерін зерттеген бағыттардың бірі психологиялық теориялар. Психологиялық теориялардың бір бағыты XIX- XX ғғ. пайда болды, өкілдері У.Джевонс пен В.Парето. Циклдық дамуын тауар нарықтарындағы және қор биржасындағы кәсіпкерлердің іс-әрекетімен байланыстырады, яғни баға мен құнды қағаздардың бағамының одан әрі өсу күтімдерінің себептерімен. XX ғ. басында психологиялық теориялардың екінші бағыты пайда болған және А. Пигудың теориясымен байланысты. Басты себепті өндірушілердің өндірістік капитал салымының ерекшелігімен байланыстырады. Р. Лукастың шығарған экономикалық циклдың тепе-теңдік теориясы шаруашылық субъектерінің тәртібі және олардың экономикалық мәліметті қабылдауының ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл теорияның басты ойы – ақша массасының күтпеген өсуі және осымен байланысты бағалардың өсуімен байланысты акселерациялық механизмнің өзара әсері.

Сыртқы факторлардың әсеріне тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер. Қазіргі кезде циклдардың себептерін зерттеуде математикалық әдістер қолдануда

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары



Құралдар

Тоқырау фазасында

Өрлеу фазасында

1. Ақша несие саясаты

Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.



Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы.

2. Фискальдық саясат

Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету.

Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру.

3. Жалақы мен тарифтер саясаты

Жалақыны өсіру.

Жалақыны төмендету.

4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты

Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау.

Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату.

Мақсат:

Шаруашылық белсенділігін ынталандыру

Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет