Меншік дегеніміз - бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалады. Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі. Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.