Мерекелік шара тақырыбы



Дата20.06.2018
өлшемі270,17 Kb.
#43911
«Психикалық дамуы тежеу балаларға арналған

мектеп- интернат» КММ



МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Тақырыбы: «НАУРЫЗ - ДУМАН!»

Аты-жөні: Тажикеева Гулжан Абетовна


Лауазымы: Біліктілігі жоғары деңгейдегі

бірінші санатты тәрбиеші

Аты- жөні: Сембекова Жадыра Кудайбергеновна
Лауазымы: Біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші

Қарағанды қаласы


Тақырыбы: «НАУРЫЗ - ДУМАН!»

Мақсаты: Оқушыларды халқын, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.


А) Білімділік: Ұлыстың ұлы күні туралы білімдерін кеңейту.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың халқымызың салт-дәстүрлері арқылы ойлау қабілетін дамыту, дәстүрлерімізді насихаттап, жаңғырту
Б) Тәрбиелік: Отанын сүйгіштікке, жауапкершілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.

1-ші Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар

Наурыз тойы басталды

Көргендер де армандар,

Көрмегендер де армандар

Қызықтан тыс қалмаңдар!

Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім

Ата салты бабамның

Алып келіп Ұлыс күн.


2-ші Жүргізуші: Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында,

Береке,бірлік болсын,деп

Наурыз көжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті

Еңбек пенен тірлікті.

Салт дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!


2-ші Жүргізуші:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Ұлыс тойы басталды

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көрідер

Естімегендер естіндер,

Дабылын оның қағайық,

Шақырамыз бәріңді

Ұлыстың ұлы күніне

Жиналыңдар алаңға,

Кешігіп одан қалмаңдар!
1-ші Жүргізуші: Наурыз тойын тойлайық

Ән мен жырға басайық.

Өнерімізді көрсетейік

Құрметіне бұл тойыдың

Ән мен шашу шашайық.
6 «в»сын орындауында «Наурыз көктем»әні
2-ші Жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық

Би билеп,ән өнерге тамсанайық

Аңызбенен,ертегіменен бізге жатқан

Құрметті Асан Қайғыны қарсы алайық


(Асан ­­Қайғы домбырасын іліп алып)
Асан ­­Қайғы Ау, жараңдар,жараңдар!

Алтың таңға қараңдар,

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән

Жұрағатым қуанып,

Рахатын тапты жан!

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар!

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық Күнді тұрыңдар



( Барлығы орындарынан тұрып,келе жатқан Күнді қарсы алады)

Күн: Айналайын балалар!

Асан Қайғы,аман ба?

Жаса жақсы заманда

Көктемді алып келдім мен

Бақыт тілеп адамға!

Қудым жерден суықты,

Қырдан салқын бу шықты.

Құтты болсын мерекең!

Наурыз айы туыпты,

Әне Наурыз келеді!

Құлпырады жер енді!
Наурыз қыз: Сәлем,анам алтын Күн!

Сәлем,қарты халқымның!

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым!

Сәлем,халқым тірегім,

Сендермен бір жүрегім,

Орындалды ойларың,

Құтты болсын тойларың!


3-ші Жүргізуші:Қош келіпсінң Наурыз

Арман тойы анамның,

Қуанышы ғаламның,

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Бейбітшілік тойы деп,

Қол сағады барша жұрт.


1-ші Жүргізуші:Наурыз мейрам жүректеге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығыңмен,шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Сіздерге арнап біздің балалар әр үлттың сән үлгілерін көрсетеді.
Бала:Келіп қалды Наурыз елімізге

Мол қуаныш себілді жерімізге,

Құт береке келсін деп үйімізге

Жаңа жылда күтеміз төрімізге.



Бала:Наурызым әкелсін деп береке,ырыс,

Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс.

Жаңадан келіп жеткен жылдың басын,

Ақ құйып қарсы алғаны өте дұрыс.

Берекең осылайша ортаймасын,

Шаңырақ биік тіккен шайқалмасын

Босағама о,

Наурыз құт боп кіріп,

Еліміздің ырысты ет,кәрі-жасын!

Спорттық биі
Чтец: Под звуки дробные капели

И под салют холодных брызг

Идет на жаворонка трели

Восточный праздник Наурыз!

Он нас заставит потрудиться-

Сперва убрать следы зимы,

Потом же можно веселиться.

Среди весенней кутерьмы,

Аул всегда в праздничном убранстве

Во всю готовимся к коже,

Кровь разгоняют песни танцы

И день и ночь равны уже.



Чтец:Пусть наступит-Наурыз!

Пусть день будет равен ночи!

А потом день прибавляется!

Пусть к хорошему урожаю!

Пусть будут светлы души и помыслы!

Пусть все будут в здравии!

Пусть наступит рождение Нового дня и Нового года!
Песня «Науырыз всех приглашает!» в исполнении 9 «а» класса
(Тазша бала залға жүгіріп кіреді)

Тазша бала: Сүйінші! Сүйінші!Қыдыр ата келе жатыр қарсы алыңыздар.

Қуаныш бақ тілеп еліме,

Мереке құт тілеп жеріме.

Әлемді аралап,шарқ ұрып,

Келдің бе,Әз бабам төріме!
Қыдыр ата: Армысыңдар,жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын! Әумин!


Тазша бала:Қыдыр ата қош келдіңіз!Төрлетіңіз ақ дастархан басына жағасыңыз.

2-ші Жүргізуші: « Қош келдің Наурызым!»әнімен ортаға Анелді шақырамыз.
3-ші Жүргізуші:Асан ата,осы сіз мерекелерде,той-жиындарда көп жүресіз ғой. Біздің балаларымызға айтатын әңгімеңіз немесе бір қызықты оқиғаларыңыз бар шығар.

Асан Қайғы:Әрине бар,

Ал,жараңдар,жараңдар!


Енді бері қараңдар.

Көзден таса қылмайық

Көп қызықтын ешбірін

Ал ендеше қарайық»Беташар»дәстүрін.


3-ші Жүргізуші: Ау халайық,тұрмайық,

Әндетейік,жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Думандадып би билеп

Інжу-маржан шашайық

Алдарңызда қазақ биі « Қара жорға»

(Би аяқталған сон,биші қыздар шаңырақтың астына жігіт пен келінді алып кіреді. Жар- жар әні айтылады.)

(Ақын келіннің бетін ашады.)

1-ші Жүргізуші:Шашу!Шашу!Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр,

Уа,жамағат,жирап ал несібеңді,

Ризығың болсын көл- көсір.


1-ші Жүргізуші:Тойымыз әрі қарай жалғасады,төрге шығып дастархан басына жайғасыңыздар.
Асан ­­Қайғы: Ал енді халайық, беташар тойынан кейін, әрбір отбасында сәби дүниеге келетіні бәрімізге мәлім.

Алдарыңызда «Бесікке бөлеу» және «Бесік жыры» рәсімі.

(5 в сыныбының оқушылары көрсетеді)
2-ші Жүргізуші:Ән айтылып,жыр жырланып,

Бұл бұл әндер жырлансын.

Би билесін қыздарың,

Өнерлерің көрсетсің.



Алдарыңызда Орыс биі.
Қазақтың ұлттық ойындары: «Теңге алу.». «Арқан тартыс.»
Асан ­­Қайғы: Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.

Дәстүрдің озығы бар жазығы бар

Өткеннен бізге жеткен асылы бар,

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын

Қазақта тұсау кесер рәсімі бар.
2-ші Жүргізуші: Аққа тиіп ағайынның ауызы,

Артты бір күн Наурыз көже маңызы

Бойындағы нәрін берген аямай,

Табиғаттың адамға жоқ қарызы.

Наурыз көжеден дәм татыңыздар
3-ші Жүргізуші:Қашанда Құт береке орнасын деп,

Тойларда шашу,шашу салты елімнің

Уа,халайық,теріп ал мәмпәсиді

Қабыл қылсың халқымның ақ тілеуін.



2-ші Жүргізуші: Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер,демекші,Қыдыр ата өзіңізден бата күтеміз.


Қыдыр ата:Ау,жамағат!

Ұлыстың ұлы күні,тойларың тойға ұлассың.

Отбасыларыңнан береке бірлік кетпесін,

Сәбилердің сыңғыры үзңлмесін,

Отанымызға береке,молшылық әкелсін.

Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!

Уайым қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарын көп болсын!

Әумин!
1-ші Жүргізуші:Келді наурыз жар салып,

Би биледік,ән салдық.

Жылда келсін ұлыс күн

Тұрайық есен қарсы алып.


3-ші Жүргізуші:Ән қосылсын әніңе

Сән қсәніңе.

Ырысты боп Жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе,


Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойына!



Аман есен жүрейік,
Келер Наурыз тойына!
«Наурыз келді!»әні
Осымен мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті.Наурыз мерекесі құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет