«Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімі» мм-нің тапсырысы бойынша Ақтөбе 2015 жыл «Досниязова Г. М.»


АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ САРАЛАНЫМДАРЫ



бет4/5
Дата08.07.2018
өлшемі251,02 Kb.
#48705
1   2   3   4   5

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ САРАЛАНЫМДАРЫ
Жемқорлық заманауи әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық зерттеулерде шенеуніктің формальды міндеттері айтылмаған, немесе оларға қайшы келетін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көлеңкелі экономиканың ерекше түріне жатқызады.

Зерттеу барысында халыққа қандай да бір қызмет көрсету кезінде жемқорлықтың таралуын бағалауға мүмкіндік беретін мәліметтер алынды (Толығырақ диаграмма 8).


Диаграмма 8. Зерттеу бойынша жалпы жемқорлық сараланымдары (%бен)


Берілген мәліметтерден көрсетілгендей, жемқорлық қызметтер нарығының ең белсенді сегменті жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты мәселелерді шешу облысындағы қызмет көрсету болып табылады– респонденттердің 9,3 % автобақылау жемқорлық агенттері ретінде жоғары белсенділігін ерекше атап өтті.

Белсенділік бойынша екінші орында денсаулық сақтау қызметтерін алу тұр – 6 %. Зерттеу үшін қызықты факт респонденттердің ешқайсысы денсаулық сақтау жемқорлығын атап өтпеген. Бұл Мәртөк ауданының тұрғындары медицина қызметкерлері жалақысы көлемі деңгейін шамала біле, өз денсаулықтарын бағалай келе оны емдейтін қызметкерлерге «алғыс білдіруді» жөн санайды. Дәл осылай, медицина мекемелерінің жемқорлығы респонденттері тарапынан қалыпты процесс ретінде бағалап, қызмет көрсетудің осы облысында жемқорлықты жүйелі құбылыс ретінде түсініктің орын алғандығын көрсетеді.

Шамалас респонденттер ЖОО білім беру (4,6 %) және сот жүйесінде (1,3 %) сегменттерінде жемқорлықтың белгілі бір деңгейін айқындайды.

Сондай ақ тұрғын үй (1 %) және жер теліміне (3%) құқықтарды рәсімдеу бойынша жемқорлықты қызметтерді анықтайды.

Көптеген респонденттер (3,3%) үшін қызмет бойынша мансаптық өсу жемқорлықты сегмент ретінде қабылдануы қызықты факт болып табылады.

Респонденттер пікірі бойынша халыққа әлеуметтік қызмет көрсету нарығы ( респонденттердің 2 % зейнет ақыны рәсімдеу, ал 1,3 % - басқа әлеуметтік төлемдер рәсімдеу кезінде жемқорлық орын алатынын атап өтті) азырақ жемқорлық бар деп санайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет