Ашық тәрбие сағаты Мектеп № 139 мг Мерзiм 24. 11.2015 ж .
Мұғалiм: Мадиева Г. сынып: 9«Б» Оқушылар саны: 18
Тақырып: «Мамандық таңдау маңызды іс» Мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері: Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі:Жаңа форматты
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,бейнебаян
«Қалай өмір сүремін?» деп ойлануы керек.
Профессия – латын сөзінен шыққан, “professio”, - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Оқушылар сендерге сұрақ қояйын.