Мәселе есептер



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі216,5 Kb.
#91335
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
320 masele esepter

Аралас мәселе есептер



  1. Оқушының үйінен мектепке дейін 700 м болады. Оқушының ағасының адымы інісінің адымынан 20 см артық болғанықтан, ол үйден мектепке дейін інісінен 400 адым кем аттайды. Оқушы мектепке дейін неше адым аттайды?

Жауабы: 1400

  1. 20 дана бірінші том мен 30 дана екінші томның бағасы 15000 теңге. Бірінші томның бағасы 15%-ке, ал екінші томды 10%-ке кеміткеннен соң 13200 теңге төлеу керек. Бірінші томның және екінші томның бағасын табыңыз.

Жауабы: 300 тг; 300 тг

  1. Факультетте 360 қыз оқиды. Егер ер балалар барлық студенттің 52%-ін құраса, факультетте барлығы қанша студент бар?

Жауабы: 750

  1. Комбайншы жоспарды 15%-ке асыра орындады және 230 га жердің егінін жинады. Комбайыншы жоспар бойынша қанша га егін жинау керек еді?

Жауабы: 200 га

  1. Кептірілген жүзім алғашқы салмағының 32% құрайды. 2 кг кептірілген мейізді алу үшін қанша кептірілмеген жүзім керек?

Жауабы: 6,25 кг

  1. Бір сағатта автоматты станок 240 деталь жасап шығарады. Осы станокты жаңа өңдеуден өткізгеннен кейін ол сағатына 288 деталь жасап шығаратын болды. Станоктың жұмыс жасау өнімділігі қанша процентке артты?

Жауабы: 20 %

  1. 30 ерлер көйлегі мен 25 әйел көйлектеріне 14750 теңге төлеу керек. Ерлер көйлегі 20%-ке, ал әйелдер көйлегі 10%-ке арзандатылған кейін, әйелдер көйлегі мен ерлер көйлегі үшін төленетін ақшаның айырмашылығы 3075 теңге болды. әйелдер және ерлер көйлегінің бағасын анықтаңыз.

Жауабы: 350 теңге; 200 теңге

  1. Рельстен ұзындығының 72%-ін құрайтын бір бөлігі кесіліп алынды. Қалған бөлігінің салмағы 45,2 кг. Кесіліп алынған бөліктің салмағын табыңыз.

Жауабы: кг

  1. Сағат тілдері секіріссіз қозғалады деп есептесек, сағат 4-ті көрсеткеннен кейін, қанша уақытта минут тілі сағат тілін қуып детеді.

Жауабы: мин

  1. Саяхатқа шығу үшін ақша жинау керек еді. Егер әр саяхатшы 75 теңгеден өткізсе, барлық шығынға 440 теңге жетпейді, егер әрқайсысы 80 теңгеден өткізсе, онда 440 теңге артылып қалған болар еді. Саяхатқа қанша адам шығады.

Жауабы: 176

  1. Екі бидонда 70 литр сүт бар. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 12,5% сүт құйсақ, онда екі бидондағы сүт бірдей болады. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?

Жауабы: 40 л

  1. Үш санның екіншісі біріншісінен қанша үлкен болса, үшіншісі екіншісінен сонша үлкен. Егер екі кіші сандардың көбейтіндісі 85-ке тең, ал екі үлкен сандардың көбейтіндісі 115-ке тең болса, сол үш санды табыңыз.

Жауабы: 8,5; 10; 11,5

  1. Үш жұмысшының жалпы табысы 4080 теңге. Бірінші және екінші жұмысшының табыстары қатынасындай, ал үшінші жұмысшының табысы бірінші жұмысшының табысының құрайды. Әр жұмысшының табысын анықтаңыз.

Жауабы: 2448 теңге; 571 теңге 20 тиын; 1060 теңге 80 тиын

  1. Үш жәшікте барлығы 64,2 кг қант бар. Екінші жәшікте бірінші жәшіктегінің -дей, ал үшінші жәшікте екінші жәшіктегінің -індей қант бар. Әр жәшікте қанша кг қант бар?

Жауабы: 30 кг, 24 кг, 10,2 кг

  1. Велосипедші бүкіл жолды белгілі жылдамдықпен 2 сағатта жүріп өтуі керек еді. Ол жылдамдығын 3 км/сағ арттырғандықтан, бүкіл жолды сағатта жүріп өткен. Жолдың ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 30 км

  1. Калькулятордың бағасын алдымен 25%-ке, ал содан соң тағы 65%-ке арттырды. Калькулятордың бағасы қанша есе өсті?

Жауабы: 2,0625

  1. Аудандары 80 га және 120 га тең болатын екі участоктен барлығы 7200 ц астық жиналды. Бірінші участок әрбір 3 га-да жиналған астықтың мөлшері екінші участокта 2 га-да жиналған астық мөлшерінен 10 ц-ге артық деп алып, әр участоктің 1 га-нан қаншадан астық жиналғанын табыңыз.

Жауабы: 30 ц; 40 ц

  1. Квадрат формалы қаңылтырдың бетінен ені 3 см болатын жолақ кесіліп алынды. Сонда қаңылтырдың бетінің қалған бөлігінің ауданы 10 см2 тең болып шықты. Қаңылтыр бетінің әуелдегі өлшемін табыңыз.

Жауабы: 5 см

  1. Тік бұрыш формалы мектептің спорт алаңының ұзындығы 41,5 м, ал ені – 25,5 м. Спорт алаңын айналдыра салынған жолдың сыртқы периметрі 154 м. Бүкіл спорт алаңы бойынша бірдей деп алып, жолдың енін табыңыз.

Жауабы: 2,5 м

  1. Төрт жәшікке бірдей мөлшерде шай салынған. Әр жәшіктен 9 кг-нан шай алынды. Сонда барлық жәшіктердегі қалған шайды қосып есептегенде, алғашында бір жәшікке салынған шайдың мөлшеріндей болып шықты. Әрбір жәшікте неше кг-нан шай болды?

Жауабы: 12 кг

  1. Тік төртбұрыш формалы бақша участогінің ұзындығы оның енінен 10 м артық. Осы участогтің ауданы 1200 м2 болса, онда оның қоршауының ұзындығы қандай?

Жауабы: 140 м

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы оның енінен екі есе үлкен. Тік төртбұрыштың енін 3 м арттырғанда, оның 24 м2 артты. Тік төртбұрыштың алғашқы ұзындығы мен енін анықтаңыз.

Жауабы: 8 м; 4 м

  1. Тік ұшақтың жылдамдығы автомобильдікінен 85 км/сағ артық. Олардың жылдамдықтарының қатынасы 35:18 қатынасындай. Тікұшақ пен автомобильдің жылдамдықтарын анықтаңыз.

Жауабы: 175 км/сағ; 90 км/сағ

  1. Әкесі екі баласына 700 м2 жерді мұраға қалдырды. Кіші ұлының еншісі үлкен ұлының еншісінің бөлігіндей болса, онда үлкен ұлдың еншісіне қанша жер тиді.

Жауабы: 400 м2

  1. Егер берілген саннан оның алтыдан бір бөлігін азайтып, осы айырмаға санның бестен бір бөлігін қоссақ, онда 9,3 саны шығады. Берілген санды табыңыз.

Жауабы: 9

  1. Ара қашықтығы 500 км екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы бағытта трактор мен одан жылдамдығы 4 есе артық жүк машинасы шығып, 4 сағаттан кейін кездесті. Трактордың жылдамдығы қандай?

Жауабы: 25 км/сағ

  1. Піл баласынан 480 кг-ға артық, яғни пілдің салмағы баласының салмағынан 5 есе ауыр. Пілдің салмағы қандай?

Жауабы: 600

  1. Ағаш кесушілердің үш бригадасының жұмысына 36 мың теңге төленді. Бірінші және үшінші бригадаларға төленген ақша екінші бригадаға төленген ақшадан 2 есе артық, ал екінші жән еүшінші бригадаларға төленген ақша бірінші бригадаға төленгеннен 3 есе артық болса, осы бригадалардың әрқайсысына қанша ақша төленді?

Жауабы: 9; 12; 15 мың

  1. Зауыт трубасы көлеңкесінің ұзындығы 40 м, ал уақыттың сол мезгілінде ұзындығы 1,5 м вертикаль бағанның көлеңкесінің ұзындығы 2 м болды. Зауыт трубасының ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 30 м

  1. Бір жүкті тасуға үш тонналық 10 машина керек. Сол жүкті тасу үшін екі тонналық неше машина керек?

Жауабы: 15

  1. 6 палатка тігу үшін ені 1,2 болатын 120 м брезент керек. Ені 1,5 болатын сондай 4 палатка тігу үшін неше метр брезент керек?

Жауабы: 64 м

  1. Екіншісі біріншісінен қанша артық болса, үшіншісі екіншісінен сонша артық, кішілерінің көбейтіндісі 85, ал үлкендерінің көбейтіндісі 115 болатын үш санды табыңыз.

Жауабы: 8,5; 10; 11,5

  1. Картоп егілген жердің бір бөлігінің ауданы екіншісіне қарағанда 2 га артық. Бірінші бөліктен 748 тонна, екіншісінен 720 тонна кортоп жинады. Егер екінші бөліктің 1 гектарынан жиналған картоп бірінші бөліктің 1 гектарынан жиналған картоптан 4 тоннаға көп болса, онда әр бөліктің 1 гектарынан қанша картоп жиналды?

Жауабы: 44; 48

  1. Бір кооператив өз жерінен 1500 ц, ал екінші кооператив одан 20 га кем жерден 1600 ц бидай жинады. Екінгі кооператив біріншісіне қарағанда әр гектардан 5 ц көп бидай жинаған болса, онда бірінші кооператив әр гектардан қанша бидай жинайды.

Жауабы: 15

  1. Үш үйдің көлемдері: 2410 м3, 1790 м3 және 1050 м3. Бұл үйлерді жылытуға жұмсалған 2625 мың теңгені олардың көлемдеріне пропорционал етіп бөліңіз.

Жауабы: 1205 мың теңге; 895 мың теңге; 525 мың теңге

  1. Клуб залында неше қатар болса, әр қатарда сонша орындық бар. Егер қатар санын 2 есе арттырып, әр қатардағы орын санын 10-ға азайтсақ, залда орын саны 300-ге көбейеді. Залда қанша қатар бар?

Жауабы: 30 қатар

  1. Бір кесек металдың массасы 880 г, ал екіншісінікі 858 г және бірінші кесектің көлемі екіншісінен 10 см3 кем. Біріншісінің тығыздығы екіншісінің тығыздығынан 1 г/см3 артық. Металлдың әр кесегінің тығыздығын табыңыз.

Жауабы: 7,8 г/см3, 8,8 г/см3

  1. Аэропортта 880 жолаушы ұшақ күтіп отыр. Олардың 35%-і еркектер. Әйелдер мен балалардың жалпы санының 75%-ін әйелдер құрайды. Аэропортқа қанша әйел және қанша бала болғанын табыңыз.

Жауабы: 429 әйел, 143 бала

  1. Үш санның екіншісі біріншіден қанша үлкен болса, үшіншісі екіншісінен сонша үлкен. Егер екі кіші сандардың көбейтіндісі 85-ке тең, ал екі үлкен сандардың көбейтіндісі 115-ке тең болса, сол үшін санды табыңыз.

Жауабы: 8,5; 10; 11,5

  1. Калькулятордың бағасын алдымен 25%-ке, ал содан соң тағы да 65%-ке арттырды. Калькулятордың бағасы қанша есе өсті?

Жауабы: 2,0625

  1. Ізделінген санды 2,5 есе арттырып, одан ізделінді санның жартысын шегерген кезде, ізделінді саннан 1,99-ға артық болатындай сан шықты. Ізделінді санды табыңыз.

Жауабы: 1,99

  1. Жүзім кептірілген кезде өзінің массасының 65%-н жоғалтады. 40 кг таза жүзімнен қанша килограмм кептірілген жүзім алуға болады?

Жауабы: 14 кг

  1. 3 саннын үш қосылғышқа жіктеді, сонша екінші қосылғыш біріншіден 25%-ке кем, ал үшіншісі екіншіден 1-і кем. Бірінші қосылғышты табыңыз.

Жауабы: 1,6

  1. Тік төртбұрыштың периметрі 20 см, ал оның ауданы 24 см2. осы төртбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 6 және 4 см

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің ұзындықтарының қосындысы 14 см, ал ауданы 24 см2. катеттерінің ұзындықтарын табыңыз.

Жауабы: 6 және 8 см

  1. Үйден мектепке дейін 400 м. Жоғары сынып оқушысы төменгі сынып оқушысына қарағанда бұл жолға 300 адым аз жұмсайды, себебі оның адымы төмен сынып оқушысының адымына қарағанда 30 см үлкен. Әрбір баланың адымының ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 0,5 м және 0,8 м

  1. Бөлшектің алымын бірге кемітсе, онда -ге тең болатын бөлшек шығады, ал оның бөлімін бірге кемітсе, онда бөлшек -ге тең болады. Осы бөлшек санды табыңыз.

Жауабы:

  1. Сырттай жанасатын екі дөңгелектің аудандарының қосындысы . Егер олардың центрлерінің ара қашықтығы 14 см-ге тең болса, онда олардың радиустары неге тең?

Жауабы: 11 см және 3 см

  1. Бірінші сан екіншісінің 80%-ін құрайды, ал екінші санның үшінші санға қатынасы 0,5: тең. Бірінші мен үшінші сандардың қосындысы екінші саннан 70-ке артық. Осы үш санды табыңыз.

Жауабы: 80; 100; 90

  1. Екі қапты бірге алғанда 140 кг ұн бар. Егер бірінші қаптан екіншісіне 12,5% ұнды аударса, онда екі қаптағы ұнның мөлшері бірдей болады. Әрбір қапта қанша килограмм ұн бар?

Жауабы: 80 және 60

  1. Жас саңырауқұлақта салмағының 90%-і, ал кептірілгеннің 12%-і су болады. 22 кг жас саңырауқұлақтан қанша килограмм кептірілген саңырауқұлақ алуға болады?

Жауабы: 2,5 кг

  1. Пропорцияның алғашқы үш мүшесінің қосындысы 58-ге тең. Үшінші мүшесі бірінші мүшесінің -сін, екіншісі -ін құрайды. Пропорцияның төртінші мүшесін табыңыз.

Жауабы: 12

  1. Көлемдері 2 см3-тан болатын үш затты араластырғанда 16 г қоспа пайда болды. Екінші заттың 4 грамының алтын көлемі үшінші заттың 4 грамының алтын көлемінен 0,5 см3 артық. Егер қоспада екінші заттың массасы бірінші заттың массасынан екі есе артық болса, онда үшінші заттың тығыздығы неге тең?

Жауабы: 4 г/см3

  1. Бөлшектің бөлімі алымының квадратынан 1-ге кем. Егер алымына да, бөліміне де 2-ні қосса, онда бөлшектің мәні -ден көп, ал егер бастапқы бөлшектің алымынан да, бөлімінен де 3-ті шегерсе, бөлшектің мәні -ге тең болады. Сол бөлшекті табыңыз.

Жауабы: .



www.testent.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет