Мәселелері ғылымның жаңа түсініктемелері негізінде шешілмеген. Осы құрал сол олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталған



бет2/17
Дата09.06.2017
өлшемі3,38 Mb.
#18298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

11

түсіндіруге мүмкіндік берді. Оның ішінде, жасушалар мен ұлпалардың су сініру қабілетінің өзгеру автоматизмі өзінің түсіндірмесін алды - су неғұрлым тез шығындалса, соғұрлым ол үлкен күшпен сіңіріледі.



Сонымен бірге, су алмасудың осмостық теориясы, ең жоқ дегенде оның алғашқы түрі, белгілі сүлбелік және абиологизм, яғни протоплазманың тірі денелік қасиеттері толық түрде есепке алынбайды. Бұл алдымен, су алмасуда цитоплазманың рөлін жартылай өткізгіш жарғаққа, яғни суды енжар өткізіп, ондағы еріген заттарды тұтқырып қалады дегенге саяды. Шынында да, әр түрлі қосылыстардың плазмолитикалық мембрана арқылы өтуі таңдау сипатта болады және айтарлықтай деңгейде қуат жұмсауды талап ететін белсенді құбылыс болып табылады. Қазіргі кездегі зерттеулердін нәтижесі, ол жөнінде осы тараудың кейінгі бір бөлімінде баяндалады, судың өсімдікке сіңірілуі мен тасымалдануында қуаттылық алмасумен тікелей байланыстағы белсенді күштің қатысатынын көрсетеді: Одан басқа, осмостық теория цитоплазманың қабырғалық қабатына тек жартылай өткізгіш жарғақтың ролін ғана беріп, тургорлық қысымның жасуша сөлінің осмостық потенциал есебінен ғана пайда болмайтынын ескермеді. Оның пайда болуына сонымен бірге цитоплазманың су сіңіру күштері де ( осмостық, биоколлоидтардын бөртуі, молекулалар мен иондардың гидротациясы) қатысады. Мұндайда пайда болатын қысымдар әрі жасуша қабырғасына, әрі вакуольге бағытгалған. Соңғысы жасуша сөлінен пайда болған осмостық потенциалының гидростатикалық қысымын біршама кемітеді. Ең соңында, ұлпалардың қатты сусызданғанында жасуша қабырғаларының серпімділігінің нәтижесінде қосымша сору күші пайда болуы мүмкін, оның протопласт көлемі кішірейгенде жасуша ішіне. қарай иілетінің 4- суреттен көруге болады.

4 - сүрет. Өсімдік жасушаларының циторриз қүбылысы

1 - циторриз (солу) кезіндегі жасуша қабырғаларының пішінін өзгертуі 2 - тургесцентті жасушалар

12

Бұл құбылыс циторриз деген атау алды. Оның плазмолизден айырмашылығы протопласттың жасуша қабырғасынан ажырамай, көлемін кішірейте отырып қабық пен плазмолемманы ылғалдандыратын плазмодесма мен су молекуласының молекула аралық тіркелу күші есебінен, онымен тығыз байланысын сақтайтындығында.

Соның нәтижесінде жасушаның қабырғасы иіледі, бірақ созылғыштығының арқасында мұндай иілгіштікке қарсылық жасайды және түзелуге тырысады, осының есебінен қосымша сору күші пайда болады. Бұл күшті кейде кері тургорлық қысым деп атайды. Біздің ойымызша бұл қисынсыз, себебі соңғысы жасушада осмостық күштің есебінен пайда болады, ал циторриздағы қосымша соруға жасуша қабырғасының механикалық қасиеттері себепші. Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келе мынадай қорытынды жасауға болады: өсімдік жасушаларынын суды сіңіруі, осы процесте басымдылыққа ие осмостық сору есебінен де, сондай -ақ биоколлоидтардың бертуінен, жасуша қабырғаларының пішінсізденуінің нәтижесінде пайда болатын күштін және судың плазмолеммалық мембрана (жарғақ) арқылы белсенді ауысуынан тұратын қосымша сору күшінің арқасында жүреді.

1.4 Судың өсімдікте жылжу жолы



Өсімдіктердін су алмастыруы жасушаның су алмастыруымен салыстырғанда - әжептәуір күрделі процесс. Ол суды сіңіру мен шығындаудан басқа, оны тасымалдаудан да тұрады, себебі сіңіруіші және шығындаушы мүшелер кеңістікпен бөлінген. Судың өсімдікпен жылжу жолы ұзындығы және құрылысы бойынша үш түрлі учаскеден тұрады (5 - : сурет).

5- сурет . Өсімдіктегі су ағынының басталу және аяқталу бөліктері

А-тамыр, В-жапырақ

(Жай бағыттағыштар судың топырақтан тамыр түтікщелеріне дейінгі жылжу жолын, ал қанаттылары - су буыну жолын көрсете і)



Каталог: Книги -> 155
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
155 -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән fprk 3304 Қаржы құқығы Мамандығы: 050509 Қаржы. 050301 Құқықтану Көкшетау 2012 поәк мазмұНЫ
155 -> Ш. Уәлиханов атындағы кму оқу-әдістемелік кеңесінің Шешімінің 2012 ж хаттама № негізінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет