Мәселелері ғылымның жаңа түсініктемелері негізінде шешілмеген. Осы құрал сол олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталған


Өсімдік онтогенезіндегі минералды қоректенудің



бет17/17
Дата09.06.2017
өлшемі3,38 Mb.
#18298
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3.8 Өсімдік онтогенезіндегі минералды қоректенудің

маңызы және онын режимін реттеу әдістері

Өсімдік онтогенезінде минералды қоректенудің режимін реттеудің орындылығы бірнеше себептерге байланысты. Алдымен, топыраққа себу алдында немесе онымен бір мезгілде, жоғары өнім алу есебімен, енгізілген жеңіл еритін тыңайтқыштардың жоғары мөлшері, оларды әлі қарқынды пайдалана алмайтын жас өсімдіктерге басынқы әсер етеді. Осыған байланысты енгізілген тыңайтқыштардын едәуір бөлігінің жоғалуы шарасыз, Олардың жоғалуы топырақтың астыңғы қабатына шайылуының, өсімдік үшін сіңімді емес күйге ауысуының, сондай- ақ кейбір микробиологиялық процестердің, айтайық, денитрификациянын нәтижесінде жүруі мүмкін. Одан басқа, зерттеулер көрсеткендей көптеген өсімдіктердің дамуында, жекелеген элементтердін тапшылығына байланысты қиын- қыстау кезеңі дегеннің және оларды мол пайдалану кезеңінің барлығы анықталды. Элементтердің біреуінің тапшылығы өсімдіктің өнімділігін өте қатты төмендетеді және бұл тапшылықты одан әрі болдырмау, келтірілген зиянның орнын толтыра алмайтын кезеңд немесе онтогенез кезеңін қиын - қыстау кезені деп атайды. Бірақ өсімдіктің есуінін -дамуынын әр түрлі кезеңінде жекелеген элементтермен қоректену деңгейінін өнімділікпен байланысын жете зерттеу, бір элемент жетіспегенде өнімділіктің

162


төмендеуі органогенездің кез-келген этапында, тек өнім құрылымының әр түрлі элементерінін есебінен жүретінін көрсетті, Ендеше, мысалы, астық дақылдарында түптену алдында азоттың тапшылығы өнімді түптенуді кемітеді, сәл кешірек, жаздық астықтарда гүл шоғырында ұрық жарнағы қалыптаса бастағанда масақтағы немесе шашақ гүлдегі масақшалардың санын, түтікке шыққан кезенде -масақшалардағы гүлдердің санын азайтады, дәннің қалыптасу және толысу кезеңінде оның массасын төмендетеді, сондай -ақ ондағы ақсыл мөлшеріне кері әсерін тигізеді. Және мұндайда азоттың жетіспеушілігіне қарасты қиын-қыстаулығы болып, сірә, тегі, органогенездің азотпен қоректену деңгейне көбірек тәуелді, нақты бір жағдайда өсіргенде жинақы өнімділікте және аталған дақылдың өнім құрылымында ең жоғары үлеске ие элементтері қалыптасатын кезеңі саналуы керек сияқты.

Минералды элементтердің ен жоғары пайдалануының кезеңіне келсек, ол әдеттегідей қиын - қыстау кезеңдермен сәйкес келмейді. Көптеген жағдайда бірқатар элементтердін пайдалану кезеңі соның ішінде, азотты вегетативтік мүшелерінін қарқынды өсу кезеңіне келеді. Кейбір дақылдарда мұндай кезең тіпті де ажыратылмайды, себебі қажетті элементтердің сіңірілуі вегетация кезені бойы азды - кепті біркелкі жүреді.

Өсімдіктің онтогенезінде минералды қоректенуін реттеудің маңыздылығы женінде бұдан бұрын айтылғаннан басқа, тағы бір себебі, бұл ең жеңіл және көп жағынан, заттар алмасуына, өсімдік ағзасында ассимиляттардың тасылмалдануына және мүше құрастыратын процестерге бағытты ықпал жасайтын өте тиімді тәсіл екендігі. Мұндай реттеуде өсімдіктің онтогенезінде жекелеген элементтерді табиғи пайдалану жолына сәйкес сонын ішінде, азоттың немесе басқа элементтің қоректік ортадағы концентрациясын олардың ең көбірек сінірілетін кезеңінде арттырудың ылғи да орынды еместігі. Жекелеген жағдайда оң нәтижеге өсімдіктің кейбір элементтермен қоректенуінің деңгейін уақытша төмендетіп те жетуге болатыны. Өсімдіктің минералды қоректенуін, онын дамуынын кейбір кезеңдерінде реттеудің мұндай амалының тиімділігінің, сөз ретінде айтуымыз керек, ғалым агрохимиктердің барлығы құптай бермейтінін, мысалы, төменде келтірілетін болады.

Тыңайтқыш қолдану іс-санасында өсімдіктің өсу процесінде минералды қоректенуді реттеудің бірнеше тәсілі бар. Мысалы, жақсы еритін тыңайтқыштардың жоғары дозасының жас өсімдіктерде басыңқы әсерін болдырмау үшін топырақта оларды себілген тұқымдар немесе отырғызылған көшеттер қатарынан сәл алшақ, шашыратпай (локальды) енгізеді. Мұндай

163

жағдайда тамыр енгізілген тынайтқыштың жоғары концентрациялы аймағына өскін пайда болысымен емес, өсімдіктің есейген шағында жетеді. Мұндай мақсатқа, топыраққа бірте - бірте еритін түйіршікті тыңайтқышты пайдалану өте тиімді.



Осы мақсатқа, өсімдіктің бүкіл өсу-даму кезеңіне және белгілі бір өнім денгейін алуға есептелінген тыңайтқыш мөлшерін бөлшектеп, бірнеше рет енгізу тәсілі де дәл келеді: бір бөлігі егіс алдында немесе сонымен бірге енгізілсе, ал қалған 1/3 бөлігі өсімдіктің

өсу- даму кезеңінің біреуінде енгізіледі. Тыңайтқышты бөлшектеп еңгізудің бір рет еңгізумен салыстырғандағы артықшылығы, әрине, мұндайда, тек жас өсімдіктің тұздардың жоғары концентрациясында күйзеліске ұшырамауына ғана байланысты емес. Топыраққа еңгізілген қоректік заттардың шығынын кемітудің, сондай ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының өсу дамуының әр кезенінде жекелеген элементтермен қоректену ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігінің мәні де кем емес. Тыңайтқышты бөлшектеп енгізудің нәтижесінде өнімділік, әдеттегідей, бір рет сол мөлшермен енгізгеннен гөрі, едәуір жоғары болады.

Тынайтқышты бөлшектеп енгізуден өсімдікті минералды тыңайтқышпен үстеп қоректендіруді ажырата білу керек. Кейінгі негізгі тынайтқышқа қосымша ретінде қолданылады, әдеттегідей, есептелген мөлшерден артық, және де ылғи да өнімділікті арттыру мақсатында емес. Үстеп коректендіру тамырдан және тамырдан тыс болып белінеді, Біріншісі кең қатарлап себілгеи ауыл шаруашылық дақылдарының егістігінде, сондай -ақ көп жылдық шөптерде және күздіктерде көктемде, олардың өсе бастауына дейін қолданылады. Кең қатарлы егістіктерде және отырғыларда тыңайтқышты, катараралыққа белгіленген тереңдікке сіңіреті қопсытқыш өсімдік қоректендіргіштермен жүргізеді, Әдтте қиын - қыстау кезеңме немесе ең молырак пайдаланатын кезеңмен тұстас келетін, өсімдікті дамуыны бір кезеңінде жекелеген элементтермен қоректенуін күшейту үшін мұндай үстеп қоректенуде еңгізілетін тынайтқыштың мөлшері аса жоғары болмайды. Қатараралықты үстеп қоректендіру қант қызылшасын және көкеністі, әсіресе соңғыларды, қорғаулы грунтта өсіргенде кеңінен қолданыс табуда.

Күздіктерді және көп жылдық шептерді үстеп қоректендіру жөнінде біраз толығырақ тоқталу керек. Ол, қыстап шыққаннан кейін өсімдіктің жандауына (өсуіне) жағдай жасау мақсатында, негізінен азотпен және де бұдан бұрын айтқанымыздай, көктемде топырақтың төмен температура аясында жақсы сіңірілетін амонийлы формасымен жүргізіледі.' Жаздың сонында күздіктерді сепкенде немесе кеп жылдық шепті соңғы рет орғаннан кейін азотты тыңайтқышты енгізу орынсыз, себебі осы кезеңде азотпен қоректендіруді күшейту

164

өсімдіктегі қанттың мөлшерін кемітеді, өсу процесін күшейтедй, ең соңында өсімдіктің қысқа төзімділігін нашарлатады. Ерте кектемде үлкен аумаққа жер үстілік құралдармен тыңайтқыш еңгізу өте қиын. және мүмкін де емес. Осыған байланысты бұрынғы Совет Одағының далалық аймақтарындағыдай, Солтүстік Казақстанда ерте көктемде азотпен үстеп қоректендіруді ұшақпен атқару кеңінен қолданыс тапқан болатын. Қазіргі кезде, экономикалық дағдарыстың нәтижесінде, экологиялық себептерге де байланысты, көптеген шаруашылықтарға қымбат тұратын бұл тәсілден бас тартуларына тура келіп тұр. Осындай жағдайда күздіктерді және кеп жылдық шөптерді үстеп қоректендіруді жер үстілік әдіспен топырақ сумен аса қаныққан көктемде емес, қоңыр күзде, өсімдік өсуін толық тоқтажанда іске асыруға болады. Осы мезгілде топырақ үстіне немесе шамалы қар бетіне түскен тыңайтқыш көктемге дейін толығымен сақталады да, топырақ жібісімен көктем суымен ериді және оны өсімдік сіңіреді. Өкінішке қарай бұл әдісті қар суынын ағыны байқалатын бауырайларда қолдануға болмайды, себебі енгізілген тыңайтқыштың едәуір бөлігі сумен бірге жер бедерінің ойпаңына немесе суатқа қарай шайылып кетуі мүмкін.



Өсімдік шаруашылығы іс- санасында тамырдан қоректендіруден басқа, тамырдан тыс қоректендіру де кеңінен қолданылады. Жапырақтардың және басқа да топырақ үстілік мүшелердің өздерінің беттеріне түскен минералды заттарды сіңіре алатындықтарын тексерген зерттеулер бұның негізі болды. Және зерттеулерде жапырақтардың, сондай ақ тамырлардың минералды заттарды сіңіруі үш кезеңнен тұратыны анықталды. Алдымен жасуша бетінде және мицелий аралығындағы кеңістікте жедел жылдамдықпен иондар мен молекулалардын алмаса сіңірілуі өтеді де, сосын олардың жасуша ішіне, одан әрі өсімдіктің басқа бөліктері мен мүшелеріне өтуі жүреді. Сіңіру процесі тезірек жүреді, егер жапыраққа ерітінді шыланса, бірақ ол тамшы кепкеннен соң қалған құрғақ тұздардан да сіңіріле алады. Осыған байланысты, минералды әлементтердің сіңірілуіне тұздардың ерітіндісімен жүргізілген бүркуден кейінгі екінші және одан кейінгі күндері таңертең жапырақта пайда болған шықтар да ықлал жасайды. Жапырақтар сіңірген элементтер органикалық заттардың құрамына өте тез қосылып, ферменттердің іс әрекетін белсендіретінін, кейде фотосинтез бен тыныс алуды қарқындататының сондай-ақ ассимиляттардын басқа мүшелерге қайтуын күшейту мүмкіндіктерінің барын, зерттеулер анықтап берді. Көптеген зерттеулерде анықталғандай, жапырақ арқылы қоректену өсімдіктің тамыр арқылы қоректенуін алмастыра алмайды. Сондықтан, тамырдан тыс қоректендіру, тыңайтқышты негізгі қолдану тәсілі секілді емес, тек қосымша

165


қолдану ретінде ғана оң әсерін бере алады. Сонымен бірге, егер өсімдік элементтердің біреуін қажетсінсе, бұл тәсілдің тиімділігі, әдеттегідей, жоғары болады.

Тамырдан тыс үстеп қоректендірудің сипаты немесе бағыттылығы, едәуір денгейде оны өсімдік онтогенезінің қай кезеңінде қолдануымен анықталады. Өсімдіктің жасырақ кезеңінде жүргізілген үстеп қоректендіру негізінен оның өнімділігінде байқалады да, сапасына онша әсер етпейді. Өсімдіктің өсу -даму кезеңінін екінші жартысында үстеп қоректендіру, әсіресе, жинар алдындағысы, әдеттегідей, өндірімнің сапасына кейде ғана өнім денгейіне ықпал жасайды.

Тамырдан тыс қоректендірудің тиімділігіне жоғары деңгейде айнала факторлары да әсер етеді. Минералды элементтердің жапырақ ұлпасына құрғақ қалдықтан гөрі ерітіндіден тезірек өтетінін бұдан бұрын да айтқанбыз. Осыған байланысты, жапыраққа түскен ерітінді тамшысынан судын булануын тездететіні ауа райы жағдайының, айтайық, ауаның жоғары температурасы мен төмен салыстырмалы ылғалдығы, сондай ақ жел, тыңайтқыштың жасушаға өтуіне кері әсерін тигізеді де,

үстеп қоректендірудің тиімділігін төмендетеді. Екінші жағынан, тұздарды ерітетін шық, заттардың өсімдікке өтуін тездетеді, демек, үстеп қоректендірудің тиімділігін арттырады.

Үстеп қоректендіру жүргізілісімен немесе екінші күні болған жауын-шашын, оның өсімдікке оң әсерін толығымен жоятынын айтпаса да түсінікті. Мұндай жағдайда сол тынайтқыштың ерітіндісімен қайталап ұсынылады. Тамырдан тыс үстеп қоректендірудің тиімділігі топырақта жекелеген элементтердің тапшылығында ғана артпайды, ол жөнінде жоғарыда айтылған еді, сонымен бірге тамыр жүйесінін іс- әрекеті үшін қолайсыз жағдай қалыптасқанда, айтайық, оның нашар аэрациялануында, ылғалмен нашар қамтамасыз етілуінде, топырақ ерітіндісінде тұздар концентрациясының жоғары болғанында, сондай-ақ төмен температурада байқалады. Тамырдан тыс үстеп қоректендіру мәселесін қарастыру соңында, оны ауыл шаруашылық дақылдарынын кейбіреуінде қолданудың бірнеше мысалын келтірейік.

Дәннің ақсылдығын арттыру үшін бидайды азотпен үстел қоректендруден, ол жөнінде айтылған, бастайық. Айтылғанға қосарымыз, үстеп қоректендіргенде азоттың ең жақсы формасы болып несеп нәрі саналатыны ғана. Ол, жоғары концентратты (45-46%) , жасушаға жеңіл енетін және өсімдік жапырағын күйдірмейтін тыңайтқыш. Мұның құрамында уреаза ферментінін болуына байланысты, несеп нәрі бірте -бірте аминсізденеді, осындайда пайда болатын аммиак амин қышқылдары мен амидтердің құрамына қосылады, олардың басым

166

бөлігі дәннің толысуына пайдаланылады. Осыған байланысты бидайды масақтану кезеңінде және дәнінің толысуының басында үстеп қоректендіру өнімділікті арттырмайды, не арттырса шамалы ғана.



Оның ақсыл мөлшеріне және жалпы дән сапасына әсеріне келсек, жоғары өнімділікте ақсылы мен дән уызынын мөлшері темен дән қалыптасатыны, ылғалды жылдары және суландыру жағдайында ол едәуір жоғары болады.

Азотпен үстеп қоректендіру арқылы өсімдікте ақсыл мөлшерін арттыру мал азықтық дақылдарда да қолданылады.

Үстеп қоректендіруді қант қызылшысында да, әсіресе, өсу- даму кезеңінін екінші жартысында, қатараралықтар жымдасқан кезде топыраққа тыңайтқыш енгізуге мүмкін болмаған кезде, қолдану кең тараған. Бүл кезенде, әсіресе, фотосинтезді күшейтететін және қанттың жапырақтан тамыр жемісіне келуіне ықпал жасайтын фосформен және калиймен үстеп қоректендіреді және мұндайда, ол қант қызылшасын жинағанға дейін 5-6 жұма бүрын енгізілсе, әдеттегідей, өнім де, тамыр жемісінің қанттылығы да артады. Үстеп қоректендіруді кешірек жүргізсе, жинауға дейін 3-4 жүма бұрын, өнімділік артпайды, ал тамыр жемісіндегі қанттың мөлшері әжептәуір (0.5-1.5 %-ға) артады. Өндіріс жағдайында үстеп қоректендіргенде фосфор көзі ретінде жай суперфосфаттың сүзіндісін қолданады. Фосфорлы - калийлы тыңайтқыштарды үстеп қореқтендруді картоп егістігіне де, және де өсу-даму кезеңінің екінші жартысында қолданады. Оны ертерек қолданса әрі өнімділік, әрі түйнектегі крахмал мөлшері де артады. Жинар алдындағы (қазуға дейін 2-3 жұма бұрын, тек пәлегі құрағанға дейін) жүргізілген үстеп қоректендіру түйнектін крахмалдылығына ғана оң әсер жасайды.

Енгізу мөлшері (дозасын) өте аз болғандықтан топыраққа біркелкі енгізуі қиын микротынайтқыштармен үстеп қоректендіру өте тиімді тәсіл болып табылады. Одан басқа, микротыңайтқыштар тапшы болғанда топырақ бетіндегі мүшелердің күйзелуі жиірек байқалатындықтан, оларды өсімдікке бүрку арқылы тапшылықты жеңіл және жедел жеңуге болады. Темірмен және басқа да микроэлементтермен үстеп қоректендіру әсіресе жеміс шаруашылығында және жүзім өсіруде кең қолданылады. Алма және да жеміс ағаштарының жапырақ хлорозын жою үшін И.В.Мичурин хлорлы темірдің әлсіз ерітіндісін қолданған болатын. Микроэлементтермен үстеп қоректендіру аныздық дақылдарда да қолданылады, оның мысалы, көп жылдық бұршақты шөптердің тұқым өнімділігін арттыру үшін бураның немесе бор қышқылынын әлсіз ерітіндісімен гүлдеу кезеңінде бүрку бола алады. Бұл тәсілдін тиімділігі, ол бордың енгіш тозанды қалыптастырудағы маңызды реліне және оның аналық ауызда өніп-өсуіне жағдай

167

жасауына байланысты. Көп жылдық шөптердін тұқымдық өнімділігіне гүлдену кезеңінде фосформен үстеп қоректендіру де оң әсерін тигізеді. Мысалы, жонышқа шанағынын ашылуын жеделдетеді және олардын түсіп қал азайтады.



Тамырдан тыс үстеп қоректендіру өсімдіктердің макро және микроэлементтермен қоректендіруін жақсарта отырып тіршілік циклының белгілі, бір кезеңінде олардың қолайсыз факторларға , сондай-ақ ауруға төзімділ арттырады. Мысалы, егістікті мырыштың және бор қышқылының тұздарын

ерітіндісімен өңдеу өсімдіктің ыстыққа төзімділігін арттырады. Фосфорлы және фосфорлы-калийлы тыңайтқышпен жапырақ арқылы үстеп қоректендіру бидайдын және кейбір астық дақылдарының әр түрлі тот ауруларына төзімділігі оң әсер етеді деген мәліметтер бар.

Өнімділікті, сондай-ақ өнімнің сапасын көтеру мақсатында өсімдіктің онтогенезінде минералды қоректенуін реттеудегі тиімді тәсілдердің біреуі ретінде тамырдан тыс үстеп қоректендірудін көп қырлы маңызы міне осында. Соныме бірге тыңайтқышты осылай қолдану тәсілі әрқашанда он нәтиже бере бермейд себебі, оның өсімдікке әсері көптеген ілеспелі факторларға тәуелді. Осыға байланысты, әр түрлі дақылға және сортқа, сондай -ақ нақты толырақ -клима" аймақтарына сәйкес әр түрлі элементтермен үстеп қоректендірудің жағдайы мен тиімді қолдану мерзімін зерттеуді одан әрі жалғастырудың қажеттілігі әлі де жоғалған жоқ.

3.9 Өсімдіктерді топырақсыз жасанды қоректік ортада



(гидропоника) өсіру әдістемелері

Өсімдікті топырақсыз минералды элементтердін ерітіндісінде өсіру жөніндегі алғашқы тәжірибелер, осы тараудың басында айтқанымыздай еткен ғасырдын ортасында жүргізілген болатын. Олар, дұрысында, өсімдіктің қоректенуінін қарашірінді ілімінің негізсіздігінің ең сенімді дәлелі болып табылды және минералды қоректену ілімін өзірлеуге негіз болды. Сонымен бірге, “су дақылдары” деген атау алған осы әдістін кемегімен өсімдіктің қоректенуі үшін қандай минералды элементтердін өте қажеттілігі анықталған болатын, ол жөнінде де жоғарыда айтылған еді. Су дақылы әдісі өсімдіктін қоректену жөніндегі көптеген мәселелерді шешуде ғылыми зерттеулерде кейіннен де кенінен қолданылды және қолданылуда. Бірақ өндірістік жағдайда, айтайық, жылыжай көкеніс шаруашылығында және гүл өсіруде ол кең қолданыс таппады, себебі өсімдіктіи тамыр жүйесі толығымен ерітіндіге батырылғандықтан, өзіне қажетті оттекті ала

алмайды. Тәжірибе жүргізгенде әдістін бұл кеміііілігі ерітіндіні к,ол 168

сорабымен әлсін-әлсін үрлеу арқылы жойылып отырды. Өндіріс жағдайында көлемі кеп қоректік ерітіндіде тамырдың жақсы желдетілуін үздіксіз ұстап тұру қиынға түсті және едәуір қосымша шығынды қажет етті. Және де осындайда пайда болған қиыншылықтар тағы да екі жағдаймен ішеленісе түсті, Біріншіден, жылыжайларда суыққа төзімді өсімдіктермен, айтайық, көптеген тәжірибелердің негізгі объектісі болған, астық дақылдармен салыстырғанда тамыр жүйелері оттегінің тапшылығына аса с

өзімтал жылу сүйгіш дақылдар есіріледі. Екіншіден, температура жоғарылаған сайын оттектің суда ерігіштігі күрт төмендейді, сондықтан жоғары температура аясында оттектің қоректік ерітінділердегі тапшылығы күштірек сезіледі.

Зерттеу жұмыстарында су дақылдармен дерлік бір уақытта құм дақылдары да қолданыла бастады. Бұл тәсілде өсімдіктер, алдын-ала саз бөлшектерден өленген және жуылған құммен толтырылған, өсу ыдыстарында өсіріледі. Құм жүйелі түрде қоректік ерітінділермен суландырылады немесе ыдыстарды құммен толтырғанда құрғақ тыңайтқыштар енгізеді, ал кейін суаруды таза сумен жүргізеді. Құм дақылы әдісі да жылыжай көкеніс шаруашылығында қолданыс таппады, және де негізінен сол су дақылдарына ұқсас себебтерге байланысты.

Гидропоника (тәржімаласақ сумен жұмыс дегенді білдіреді) деп аталынатын, өсімдікті топырақсыз осіру XX ғасырдың қырқыншы -елуінші жылдары қиыршық тас әдісі пайда болғаннан кейін, өндірістік мақсатта қолданыла бастады. Бұл әдіс бойынша өсімдік әлсін-әлсін ерітіндімен суландырылып тұратын, ұсақталған элдеқандай инертті жадығатта өсіріледі. Әр суландырылғаннан және ерітінді төмен ағып кеткеннен кейін субстрат бөлшектерінің арасындағы кеңістік ауамен толады. Нәтижесінде тамырдың желдетілуіне (ауа өтуіне) өте жақсы жағыдай қалыптасады. Олар суды және өсімдікке қажет минералды заттарды, қоректік ерітіндінің қабықшасымен қапталынған, белшектердің

беттерінен сініреді. Субстрат ретінде қиыршық тасты, гранит қиқымын, керамзитті және тағы да басқа инертті жадығаттарды, яғни қоректік ерітіндінің құрамын өзгертпейтіндерді пайдалануға болады. Гидропоника үшін ерекше кұнды болып, күйдіргеннен кейін жеңілдейтін және өте мол сыйымдылыққа ие болатын, вермикулит саналады. Айтылған субстраттардың кез келгені, белшек мөлшері 3-10 мм, арнаулы науларға немесе тұғырықтарға 25-30 см қалыңдықпен салынады. Науалар немесе тұғырықтар бетоннан, металдан немесе полимерлі жадығаттардан жасалынуы мүмкін. Соңғысы битуммен қаптауды қажет етпейді

169

Қиыршық тас дақылы жағдайында өсімдікті суландыруды төменірек орналасқан ыдыстан сораппен су басу әдісімен беріледі және де субстрат үстінде балдырлар дамымауы және тұздардың шөгіндісі болмауы үшін, ол құрғақ болуы қажет. Ерітінді субстратта 20-30 минуттай болғаннан кейін өздігіннен ағып ыдысқа құйылуға тиіс. Суландыру жиілігі субстраттын су сыйымдылығына, ауаның температурасы мен ылғалдылығына, сондай - ақ өсіп тұрған өсімдіктердің мөлшері мен санына байланысты.



Іс-жүзінде кең қолданыс тапқан қиыршық тас дақылынан басқа, жылыжай көкеніс шаруашылығында аэропоника деп аталынатынды қолдануға талпыныс жасалынды. Бұл тәсілде тамыр жүйесі жабық ауалы кеңістікте орналасады және әлсін-әлсін, аз уақыт сайын қасында орналасқан форсункулардан қоректік ерітінділер бүркіліп отырады. Бұл әдісте өсімдіктер өте жақсы өскен, бірақ өндірістік сынақта олар осалдық көрсеткен. Электр қуатын уақытша бермеу, қоректік ерітіндіні беретін электр сораптарынын жұмысыидағы іркілістер барлық өсімдіктердін жаппай елуіне әкелген. Жекелеген форсункалардын бітелуінін немесе әлдеқандай ақаулығынын нәтижесінде бірлі-жарым өсімдіктер өлген.

Өсімдікті топырақсыз өсіру тәсілдерінін ішіндегі келешегі зорырағы, ол тамыр жүйесі орналасқан түбінен қоректік ерітінді баяу ағып жататын, саяз науалар саналады. Ерітіндінің жұқа қабатынын және оның ауамен жанасу бетінің үлкендігінің арқасында, тамыр жүйесі оттектен тапшылық көрмейді, Тамырдың ағаруын болдырмау үшін науа қақпақпен жабылып, оның тесіктеріне өсімдіктер бекітіледі. Бірақ бұл тәсіл үшін де электр қуаты керек, себебі, көлбейлеу орналасқан науамен ағып келген ерітіндіні, одан жоғарырақ орналасқан ыдысқа қотару қажет.

Жоғарыда айтылған гидропоника әдістерінен.біраз өзгешелеу болып, малды қыста және ерте көктемде қосымша қоректендіру үшін, азықты танаптан әлі алу мүмкіндігі жоқта, көк балаусаны өсіру орналасқан. Мұның мәні мынада: сұлының, арпаның, бидайдың және тағы басқа астық дақылдарының жуылған және сәл және бастаған тұқымдарын науаға I см қалындықпен салып, жылыжайдағы серелерге орналастырады. Тұқымдарды алғашқы 1-2 күні жүйелі түрде таза сумен, кейінен қоректік заттармен дымдайды. Бірнеше қат қабатпен орналасқан науаларды жарықтандыру үшін, олардын төбесінен лампа, және де дұрысы люминесценттілері қойылады, себебі олар өсімдіктерді әрі қыздырмайды, әрі күйдірмейді. Өне бастаған тұқымдар науа түбінде тамыр киізін қалыптастырады да, кезекті дымқылдаудың ерітіндісін жақсы үстап қалады.

170


Ерітіндімен дымқылдауды тәулігіне 2-3 рет жүргізеді. Ерітіндіні науада 20-30 минут ұстайды, кейін ортақ ыдысқа кұйып алады. Өнген тұқымнан 7-10 тәулікген соң биіктігі 20-25 см қою сабақ қалыптасады. Оны тамырымен қоса малға береді,

Мұндай мал азығын өсірудің екі мағынасы бар. Біріншіден, ол қыс кезінде малға тапшы дәрумендәр көзі болып табылады. Екіншіден, тұқымның өну процесінде және мал азығын өсіру кезеңінде биологиялық құндылығы төмен қордағы ақсылдар, өсу барысында алмастырылмайтың амин қышқылдары көп, айтайық аса тапшы лизині, метионині және триптофаны бар негізгі ақсылға айналады. Одан басқа, өсімдік макро және микроэлементтері бар қоректік зрітіндімен дымқылдандырылатындықтан, өсірілген кек балауса қосымша минералды қорек бола алады.

Өсімдікті топырақсыз өсіру әдістерінің бәрінде де қоректік ерітінділер қолданылады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажет барлық макро және микроэлементтер болуға тиіс. Бірақ олардың мөлшері және арақатысы өсімдіктің түріне, олардың даму кезеңіне, сондай- ақ өсіру жағдайына байланысты. Қазіргі уақытқа дейін көптеген көректік ерітінділердін әр түрлі құрамы және әр мақсатқа арналғандары өзірленген және әдебиетте келтірілген. Өндірістік гидропоникада ерітінді дайындау үшін химиялық реактивтерден едәуір арзан кәдімгі минералды тынайтқыштар (құрамында микроэлементтері бар қүкірт қышқылды магний мен оның тұздарынан басқа) қолданылады.

Өсімдіктің тамыр жүйесі қоректік ерітіндіден жекелеген элементтерді бірдей жылдамдықпен сіңірмейтіндіктен, бірнеше күн өткеннен кейін оның құрамы айтарлықтай өзгереді. Осыған байланысты қоректік ерітінділерге әдетте оқсын-оқсын түзету жасап, оған кейбір сыңарларды енгізіп отыруды ұсынады. Біздің ойымызша, мұндай ұсыныс өзін - өзі ақтамайды. Біріншіден, түзету ерітінділердегі тамыр беліндерінін және микрофлораның әрекетінің нәтижесінде болатын өзгерістерді жоя алмайтындығы. Екіншіден, ерітіндіге жетпей тұрған элементті түз түрінде енгізу, оған онсыз да жеткілікті бір элементтің сөзсіз қосылуымен аяқталады. Сонымен түзету қоректік ерітіндінін алғашқы құрамын толығымен қалпына келтіре алмайды. Осыған байланысты Ақмола АУ-нын өсімдік физиологиясы және биотехнология кафедрасында көп жылдар бойы қиыршық тас әдісімен жүргізілген тәжірибелерде қоректік ерітінділерге түзету енгізбеді. Көптеген жағдайда дайындалған ерітінді 6 тәулік пайдаланылады, сол уақытта тұрақты көлемін ұстап тұру үшін тек таза су құйылып және реакциясы түзетіліп отырған. Белгіленген уақыт өткен соң, жетінші тәулікте, әдетте жексенбі күні, өсмдіктерді таза сумен суарады, және де соңғы қайтадан қолданылмай, әркашан

171

жанасымен ауыстырылып отырады. Бұл қиыршық тастың жуылына мүмкіндік береді, сосын ыдыста келесі 6 тәулікке ерітінді дайындалады.



Өсімдікті топырақсыз, айтайық, жылыжайда және әйнектігүл жайда қиыршық тас әдісімен өсіру әдеттегі топырақта өсірумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Алдымен, әрбір 2-3 жылдан кейін топырақ қоспасын, ал ол көп еңбек және құрал шығынымен байланысты, ауыстырудың қажеті жоқ, көкеніс пен гүлді өсірудін технологиялық процестерін, толығымен деуге болады, механикаландыруға және автоматтандыруға, соның есебінен қол енбегін ең төменгі денгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Одан басқа, гидропоника жағдайында өсірілетін дақылдардын зиянкестерімен және ауруларымен күресу едәуір жеңілдейді, себебі инертті субстратты топырақпен салыстырғанда зарарсыздандыру көптеп жеңіл. Соңында, топырақсыз өсіргенде өсімдіктің онтогенезінде минералды қоректену режимін реттеу мүмкіндігі айтарлықтай кеңірек. Топырақ дақылында үстеп қоректендіруді қолданып өсімдіктің өсу-даму кезенінін бірінде жекелеген элементтермен қоректенуін күшейтуге ғана болады. Гидропондық өсіруде өсімдіктің элементтермен қамтамасыз етілуін күшейтіп қана қоймай, мүше қалыптастыратын немесе метаболиттік процесті өзгерту мақсатында, онын дамуының белгілі бір кезеңінде элементтермен қамтамасыз етілуін кемітуге де болады.

Өсімдіктік минералды қоректену режимін осылай реттеудің, осы оқу құралының туындыргерлерінің біреуінің жетекшілік етуімен А.С.Водяник жүргізген зерттеулер, мысалы бола алады. Ол қиыршық тас әдісімен күндік булы жайда ашық жер үшін қызанақ көшетін өсіру мүмкіндіктёрі мен тиімділігін зерттеген еді. Алғашқы тәжірибелердің өзі- ақ, осы әдіспен өсімдікте қуатты, бірақ жинақы, іріктеп алған кезде қиыршық тастан толығымен жұлынатын тамыр жүйесін қалыптастыратынын көрсетті. Осының арқасында, өсімдік танапқа отырғызылғаннан кейін, әдетте топырақта өсірілген көшетте байқалатын солу мұнда тіпті ыстық ауа райының өзінде де байқалмайды және бірден өсе бастайды. Нәтижесінде топырақтық көшетпен салыстырғанда жеміс байлануы 6-7 тәулікке ерте басталады, ал өнімі алғашқы күздік бозқырау түскенше жиналған, негізінен піскен жемістерінің есебінен 20% жоғарылайды.

Осы нәтижеге сүйеніп, одан кейінгі зерттеулерде гидропондық тәсілмен өсіргенде көшеттін минералды қоректену режимін реттеу тиімділігі зерттелді. Алғашқы кезде, өкпе көшетті қиыршық тасқа көшіріп отырғызғаннан кейін және шанақтанғанша өсімдік азот пен фосфордын бір жарым, ал калийдің жарты мөлшерін қоректік ерітіндімен алған. Қоректенудің мұндай режимі

172


фотосинтетикалық аппараттың қалыптасуына жағдай жасады, ол топырақ бетіндегі мүшелерде, сондай ақ тамыр жүйесінде құрғақ заттардың жиналу қарқындылығына оң ықлалын тигізген. Екінші кезенде, көшетті ашық топыраққа отырғызар алдында, өсімдіктің топырақ бетіндегі белігінің өсуін шектеп, ал тамыр жүйесінің көлемін одан әрі үлкейту орынды деп табылды. Ол үшін қоректік ерітіндіде азоттык концентрациясы жартысына дейін азайтылды, ал фосфор мен калийдің мөлшері бір жарымға дейін арттырылды. Тәжірибелер қоректенудің мұндай режимінің тиімділігін толығымен дәлелдеді.

3 - кестеде көрсетілгендей, дифференциалды қоректенуді өсірілген көшет, ерітінді құрамы өзгертілмейтің бақылау варианттымен салыстырғанда топырақ бетіндегі мүшелерінің көлемінің кішіректігімен, бірақ қуатты тамыр жүйесімен, ол өз кезегімен өсімдіктің танаптағы тіршілікке бейімділігін күшейткенімен, ерешеленеді. Одан басқа, қызанақтың өсуінің екінші кезеңінде фосфорлыекалийлі қорегін күшейту, азоттын мөлшерін төмендету көмірсуларының жапырақтан генеративтік мүшелерге ағып келуіне себепші болған, оған куә тәжірибелік варианттағы өсімдіктердін шанағында олардың мол болуы, ол өз кезегімен бірінші гүл шоғырларының жемістерінің саны мен көлемінде және ен соңында өнімділікге байқалған.

Өсімдікті топырақсыз өсірудін көптеген артықшылығы әдеттегі топырақта өсірумен салыстыра отырып, бұл әдістің өндіріске кеңінен тарауына кедергі жасап отырған кемшіліктерін айтпай кетуге болмайды. Осылардың ішінде ең бастысы, ол жабдыққа, қондырғыға және оларды құрастуға көп қаржылық

шығындардың қажеттілігі.

3 - кесте

Қызанақ көшетінің тамыр жүйесінің мөлшеріне



минералды қоректенудің дифференциалды режимінің әсері

173


Одан басқа, инертті субстраттар ұзақ пайдаланудың нәтижесінде, масылдық ' (балластық) тұздардың шөгуінен бірте-бірте өздерінің қасиеттерін жояды, сондықтан оларды алмастыру немесе қалпына келтірудің қажеттілігі туындайды. Соңында, топырақсыз өсіру жылыжайларының тиімді жұмысын сүйемелдеу үшін, әдеттегі топырақты жылыжайларға қарағанда, білікті кадрлар қ,аже,

174


Оқу құралы жазуға пайдаланылған және оқуға ұсынылатын әдебиеттер

1. Абдуллаев Х.А., Красичкова Г.В., Насыров С.С. Селекция по физиологическим тестам на фотосинтетическую продуктивность Фотосинтез и продукционный процесс М. -Изд. Наука. 1988.

с.258-262

2. Абдуллаев Х.А., Горенкова Л.Г.,Абдурахманова З.Н. Насыров Ю.С Метаболизм С дикарбоновых кислот в хлоропластах и листьях С3- растений. - Физиология растений Т.39, вып.5. с. 900-906

3. Алехина Н.Д., Ширшова Е.Д. Усвоение азота растениями. Биол. науки, 1979, №1, с 5-18 4.ӘлжановаР.М., Кудрявцев В.А., Ысқаков М.Ә. Солтүстік Қазақстандағы өсімдіктердің өсуы, дамуы және төзімділігі. - Ақмола, 1997

5. Андреева Т.Ф. Метаболические аспекты усвоения азота и углерода растениями при фотосинтезе. Фотосинтез и продукционный процесс. М., Изд. Наука. 1988. с.86-98

6. Байтулин И.О. Строение и работа корневой системы растений. Алма-Ата. изд. Наука КазССР, 1987307 с.

7. Быков О.Д. Зеленский. О возможности селекционного улучшения фотосинтетических признаков сельскохозяйственных растений. - В кн. Физиояогия растений. М. Изд. Наука. 1982. С. 1294-310

8. Вартапетян Б.Б. Молекулярный кислород и вода в метаболизме клетки, М., Наука. 1970. 254 с.

9. Вахмистров Д.Б. Возможные пути и механизмы радиального транспорта ионов в корнях растений. - Агрохимия ,1971. №9 с.138-152

10. Вахмистров Д.Б. Пространственная организация ионного транспорта в корне. - 49 Тимирязевское чтение. М. Изд. Наука . 1991. 48 с.

11. Вахмистров Д.Б., Иванов В.Б., Мазель Ю.Я., Обручева Н.В, Хавкин Э.Е. Воскресенская Н.П. Фотосинтез и спектральный состав света. М., Наука, 1965., 312 с.

12. Воскресенская Н.П. Фотосинтез и спектральный состав света. М. И. Наука, 1965. 311 с.

13. Гуляев Б.И., Рожко И.И., Рогаченко А.Д., Голик К.Н., Митрофанов Б.А., Борискж В.А. Фотосинтез, продукционный процесс и продуктивность растений. Киев, Наукова

думка,1989., 152с.

14. Гусев Н.А. Физиология водообмена растений. Казань, изд. Казанского университета, 1966,136 с.

15. Гэлстон А., Девис П,. Сэттер Р. Жизнь зеленого растения. М., Изд. Мир, 1983, 549 с.

16. ЖатқанбаевЖ. Өсімдік физиологиясы, Алматы,1988

17. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освешение и облучение. Колос,1982., 272 с.

18. Жолкевич В.Н., Гусев Н.А., Капля А.В., Пахомова Л.Г., Пилыцикова И.В., Самуилова Ф .Д., Славный П.Г., Шматько И.Г. Водный обмен растений. М., Наука, 1989. 256 с.

19.ИзмайловС.Ф. Азотный обмен в растениях . М.,Наука, 1986. 320 с

20. Карпилов Ю.С. Организация и регуляция углеродного метаболизма при фотосинтезе С4- растений .- Итоги исследования механизма фотосинтеза

21.Кенесарина Н. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1984

22.Климашевский Э.Л. Генетический аспект минерального питания. М. Агропромиздат.,1991., 415 с.

23. КретовичВ.Л. Обмен азота в растениях. М.,Наука, 1972. 527 с.

175


24. Кретович В.Л. Биохимия зерна. М., Наука, 1981. 151 с.

25.Кретович В.Л. Биохимия растений. М. Высшая школа, 1980,445 с.

26. Кретович В.Л. Усвоение и метаболизм азота у растений. М. Изд. Наука. 1987. 485 с

27. Кумаков В.А. Фотосинтетическая деятельность растений в аспекте селекции. В кн Физиология растений. М. Изд. Наука. 1982. С. 283-293

28. КурсановА.Л. Транспорт ассимилятов в растениях. М. Изд. Наука, 1976. 646 с. 29.Курсанов А.Л. Хлоропласт как датчик ассимилятов. - Фотосинтез и продукционный процесс. М., Изд. Наука. 1988. с. 69-81

30. Лебедев С.И. Физиология растений. - Москва, ВО “Агропромиздат”, 1988

31. Лебедев Г.В., Абраменкова Н.А., Сабинина Е.Д., Мцхветаридзе Н.Е. Роздин И.А. Аэрогидропоника. Физиология растений. Т.37, вьш.4. 1990. С.808-812.

32.Легенченко Б.И., Романовский Ч.А. Физиология и продуктивность растений при имлульсном дождевании .-Минск. Наука и техника , 1985, 168с.

33. Лёман В.М. Курс светокультуры растений. М., изд. Высшая школа. 1976. 271 с

34. Львов Н.П., Кузнецов Вл,В. Третий международный симпозиум по ассимиляции неорганического азота (Тибериас, Израиль, 6-11 сентября 1992г.).- Физиология растений. Т.40 №3. 1999. с.505-507

35. Мокроносов А.Т. Донорно-акцепторные отношения в онтогенезе растений. В кн. Физиология растений. М. Изд. Наука. 1982. С. 235-270.

36. Мокроносов А.Т. Фотосинтетическая функция и целостность растительного организма. - ХЫ1 Тимирязевское чтение. М. Изд.Наука. 1983. 63 с.

37. Мошков Б.С, Выращивание растений при искуественном освещении. Ленинград, Колос, 1966., 288 с.

38. Мошков Б.С. Роль лучистой энергии в выявлении потенциальной продуктивности растений. - 32 Тимирязевское чтение. М. Изд. Наука, 1973.59 с.

39. Мураш И.Г. Аэропониха в теплицах. Московский рабочий. 1964, 96 с.

40. Насыров Ю.С. Генетическая регуляция формирования и актявности фотосинтетического аппарата. - кн. Физиология растений. М. Изд. Наука. 1982. С. 146-164

41. Незговорова Л.А. Проблема химизма фотосинтеза в исследования XX века.-Лроблемы физиологии растений. Исторические очерки. М., Наука, 1969.,с 164-220

42. Ничипорович А.А. Фотосинтез и теория получения высоких урожаев. 15 Тимирязевское чтение М., Изд. АН СССР, 1956, 94 с.

43. Ничипорович А.А. Фотосинтетическая деятельность растений и пути повышения их продуктивности. - Сб. Теоретические основы фотосинтетической продуктивности. М.Изд.Наука,1972. с.511-527

44. Ничипорович А.А. Основы фотосинтетической продуктивности растений. -Современные проблемы фотосинтеза. Изд. Московскогоуниверситета.,1973. с. 17-44

45. Петинов Н.С. Физиология орошаемой пшеницы. М. Изд. АН СССР, 1959. 552 с.

46. Пилыцикова Н.В. Водный режим сельскохозяйственных растений. М.,Изд. МСХА.1993. 124 с

47. Плешков Б.П. Биохимия сельскохозяйственных растений. М., Агорпромиздат, 1987. 494 с.

48. Полевой В.В. Физиология растений.

49. Пьянков В.И., Мокроносов А.Т.Основные тенденции изменения растительности Земли в связи с глобальным потепелением климата. - Физиология растений. Т.40, №4 , 1993 с.515-531


  1. Сабинин Д.А. Избранные труды по минеральному питанию растений. М. Наука, 1971., 512 с.

176

51. Саенко Г.Н. Формирование современвых представлений о фотосинтетическом ' восстановлении углекислоты.- Проблюіы физиологаи растений. Исторические очерзш. М., Наука, 1969., с. 220-264

52. Саляев Р.К. Поглощение веществ растите”ьной клеткой. М, Наука, 1969. 206 с.

53. Сарсенбев Б. Поглотительно-метаболитеская активность корневой системы в неблагоприятных условиях среды. -Автореферат докт.дисс. Ташкент, 1994.43 с

54. Сеитов З.С. Биохимия растений. Алматы.Изд.Агроуниверситет, 2000. с 719-765

55. Сказжин Ф.Д. Критический период у растдаий по отношению к недостатку воды в почве. Л., Изд Наука, 1971.120 с.

56. Смирнов А.М. Рост и метаболизм изолированных корней в стерильной культуре. м., Наука, 1970, 455 с.

57. Сьггник К.М., Книга Н.М., Мусатенко Л.И. Физиология корня. Киев, Наукова думка 1972. 356 с.

58. Тарчевский И.А. Основы фотосинтеза. М„ Высшая школа, 1977., 253 с.

59. Тимирязев К.А. Избранные работы по хяорофиллуи усвоению света растением.Иод ред. Н.А.Максимова. Изд. АН СССРД948,350 с.

60. Тимирязев К.А. Солнце, жизньихлорофішл.-Избр.соч. т.1,М.,1948 а-82-695.

61. Филиппов Л.А. Водный режим растений и диагностика полива. Новосибирск. изд. Наука. 1982,151с 62. Хавкин Э.Е. Диагностика азотного щтания сельскохозяйственных растений, м.ВАСХНИИЛ, 1984. 61 с.

63. Хит О. Фотосинтез. М., изд. Мир. 1972,313 с.

64. Холл Д. Рао К. Фотосинтез. Изд. Мир, М. 1983. 132 с

65. ЧиковВ.И. Фотосинтезитранспортассимилятов. М. Изд.Наука, 1987.185 с. 66.Ширяев А.И. Субмикроскопическая и макромолекулярная организация хлоропластов.

Киев, Наукова думка, 1978., 160 с. 67.ИІКОЛЫШК М.Я. Микроэлементы в жизни растений Л., Изд. Наука, 1974. 324 с.

68. Физиология фотосинтеза. М.,Наука, 1982., 320 с.

69. Физиология растений, т.і.Физиолопм корня (под ред.Н.В.Обручева). М.,1973 г. 216с

70. Эдварс Дж„ Уокер Д. Фотосинтез С3-иС4- растений: механизмы и регуляции. м.Изд.Наука,1986, 598 с.

71. Ягодин Б.А. Савидов Н.А., Дымович А. Способность высшых растений к окислению аммония до нитратов. - Физиология растений. Т.39. вып.5.с. 862-868.



177
Каталог: Книги -> 155
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
155 -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән fprk 3304 Қаржы құқығы Мамандығы: 050509 Қаржы. 050301 Құқықтану Көкшетау 2012 поәк мазмұНЫ
155 -> Ш. Уәлиханов атындағы кму оқу-әдістемелік кеңесінің Шешімінің 2012 ж хаттама № негізінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет