МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет86/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
ИРАН - (1935 жылға дейiн Парсы елi), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңт.-батыс бөлiгiнде орналасқан мемлекет. Жер көл. 1,648 млн. км. Халқы 65,2 млн, адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (5%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түркімендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 583%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.) Исфаһан (1 млн), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты iрi қалалар бар. Ресми тiлi - парсы тілі. Мемл. діні — ислам дінінің шиит тармағы. И. — дiни Елдегi саяси және дiни билiк аятолла Сейд Әли Хаменейдің қолында. 1981 жылы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тиым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан күні. Ұлттық ақша бірлігі –риал.
(Суретте: Иран таулары).
Әдеб:. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002. 307 бет. 4 том.
ӨСКЕМЕН - 1869 жылы Шығыс Қазақстан облысында пайда болған қала. 1720 жылы салынған Өскемен бекінісі қала мәртебесіне 1804 жылы ие болды. 1937 жылы дербес облыс орталығына айналдырады. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезден бастап Кенді Алтайдың мол қазынасы зерттеліп, Өскемен қаласы қазір – аймақтың ірі экономикалық, өндірістік және мәдени орталығына айналады. Қалада ғылыми-зерттеу институттары мен білім беретін мекемелердің толық жүйесі қалыптасқан. Сондықтан Өскеменді студенттер мен металлургтердің, энергетиктер мен дәрігерлердің қаласы деуге болады. Қала тұрғындарының мақтанышының бірі- Ертіс жағалауы көшесі. Мәдениет үйлері мен сарайлары, сәулет ескерткіштері, әр түрлі мұражайлар мен театрлар, базарлар мен спорт ғимараттары, мейрамханалар мен қонақ үйлер өркендеген өркениетті қалаға әсем көрік береді.
Қарақшы, ұры, залым қойдай ықты,
Қайда кетті бұрынғы батыр, мықты?!
Әділет пен (ғадалат пен) ақылды көркейтуге
Өскемен, Зайсан жаққа – солай шықты.
Әдеб:. Шығыс Қазақстан- құпиялы өлкенің ғажайыбы. 42-43 беттер. – АО «Интурст» 2001 ж. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 70. Кейбір М.Дауан., Г.Қ.Елемесова дайындаған діни лексикаға байланысты материалдар да пайдаланылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет