МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет83/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105
ЗАМАН АҚЫР – Аллаһтың әмірімен Исрафил (ғ.с.) сүр үрлегенде дүниенің күл болып өртеніп, таулар балқып, өзен-көлдер тасып, жер бетін қаптаған өрт болып, дүниенің астан-кестен болып жойылуы. Күллі әлемдегі дүние яғни он сегіз мың ғалам Аллаһқа бағыныштылығы сондай, мезгіл-мерзімі жеткенде жоқ бомақ. Барлық мұсылмандар бірігіп Аллаһқа ғана жалбарынып, содан ғана медет тілейтін болады. Исрафил (ғ.с.) сүрін екінші рет үрлегенде күллі жан-жануар, адамдар мен жындар қайта тіріліп, әр істеген амалдары үшін талан-таражыға салынады. Бір-бірінен сауап сұрап, қайыр тілейтін күйге жетеді. Сол кезде адамдардың амал дәптерлері не оң жақ немесе сол жақтан берілетін болады. Амалдарына қарай рухтардың не жәннәттық не тозақтық болатыны анықталатын болады. Күллі әлемнің жаратушы патшасы Аллаһ ең әділетті үкім шығаратын болмақ. Қазақ ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің діни дастандарында да осы ақыр заман жайында жыр етіп кеткен.
Мәселен:
Заманақыр кезінде,
Қойыныңда қатын жатпайды.
Ұрсаң тілін тартпайды.
Кінәсі асқан бұл пенде,
Құдайдан асылы қорықпайды.
Шешесіне бүлініп,
Ұлы шоқпар саптайды.
«Алжыған кәрі қақпас!» - деп,
Келіні сырттан боқтайды.
десе, тіпті «Заман ақыр» атты жыр да жазған.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 7 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2006. Б. – 98. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 5 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2005. Б. – 150.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет