Иауропадағы атақты көлдер.
Иауропаның сол жағында: Өнеге, Ладога, Мінлер,Уезер, Үйтер көлдері. Бұлардың соңғы үшеуі Скандинауия жартыаралында, ортасында Жануа, Күнстан, Тыныс көлдері.
Иауропаның жерінің түрі һәм ауасы.
Иауропаның оң жағы- таулық, күншығыс жағы һәм Балти теңізі. Сол теңізінің жиектері таусыз. Сол жағының ауасы салқын болғандықтан, егін өспейді, кісісі де бек аз болады. Орта жерінің ауасы орташа: егін жақсы шығады, адамдары көп тығыз тұрады. Ауылдары, шаһарлары тәртіпті болады. Оң жағының ауасы ыстық болса да, адамның тууына, егіннің шығуына зиян келтірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |