Россиядағы атақты өзендер һәм көлдер.
Россия ішінде атақты көлдер һәм өзендер көп, Иауропа бөліміндегі атақты көлдер: Ладога, Онеге, Сайма. Атақты өзендерден: Уолга[Волга], Дініпір [Днепр], Дінестір [Днестр], Ұста [Ұсла-Висла], Отыр [Одер], Найман [Неман]. Күнбатысы-Дуына [Двина], сол жақ Дуына, Бесорле (Пішорле) өзендері. Оп [Обь], Енесай [Енсей], Лина [Лена], Әмір [Амур], Амудария, Сырдария өзендері Россияның қарамағында. Россия үшін Бұл өзендер бек пайдалы өзендер. Көбінде жаз күндері 5-6 пароходтар жүріп, Бұл пароход та Россияның сауда жолын жеңілдетеді. Мал, нәрселер жүргізіп, көп кісілер пайдаланады. Россияның Иауропа бөлімінде 30 мың шақырым пароход жолы бар. Бұл өзендердің ішінде пайдалысы- Уолга [Волга] өзені. Уолга өзені бүтін Иауропада ең бірінші өзен, ұзындығы- 400 шақырым. Бұл өзен Алуан тауының етегіндегі батпақтан шығып, әуелі күншығыс солға, одан кейін оңға, солға бұрылып отырып оң жақ күншығыстағы Кеспе (Каспий) теңізіне құяды. Бұл өзеннің шыққан жері - кішкентай Бұлақ болса да, оңнан һәм солдан бірнеше өзендер қосылып, үлкейіп, тереңдігі 15 сажын, ені құятын жеріне жақын 8 шақырым болады. Волганың екі жақ жиегі әр түрлі: кей жерінде екі жағында биік тау, ағаш, кей жерінде екі жағы да жап-жазық. Көбінесе бір жағы жазық, екінші жағы тау болып отырады. Құятын жерінде бірнеше тармақтарға бөлінеді, айрылады. Бұл өзеннен: сырдалия, мирсен, судак, көсуыс, гіранға, гірауха, жылан балығы сияқты балықтар ұстайды. Бұлардың көбі буаз балық болады. Уолга [Волга] өзені сату, алу жөнінен ең керекті өзен болып, Россияның ағашты жер, ағашсыз жеріне астық шыққан жерді астық шықпайтын жерді тұтастырады. Уолга өзені сол жағында Молуга, Хиксина, Қама; оң жағынан Уага, Сора өзендері қосылады. Қама өзені 1200 шақырым болып, оң жағынан Уолга, сол жағында Уилая, Ақ Еділ, Уага өзені 1400 шақырым болып, сол жағынан Мәскеу суы қосылады. Бұлардың әрқайсысынан пароход жүреді. Орал өзені 1400 шақырым ұзындығы, түбі саяз болғандықтан, пароход жүруге қолайлы емес. Орал тауларынан шығып Кеспе (Каспий) теңізіне құяды. Иауропаны Азиядан айырады. Дон өзені Иауропа[лық] Россияның ортасынан Толы [Тула] шаһарының жанынан шығып, Азау теңізіне құяды, ұзындығы 3000 шақырым, аса терең болмаса да, пароходтар жүріп, сауда қызметіне көп пайдасы тиеді. Россияда болған ағаш, май, тері һәм басқа Қырым нәрселері Царицында Уолга өзенінен 60 шақырым темір жолмен Дон өзеніне қосылып, көшіріліп, одан Азов теңізі арқылы шет мемлекеттерге кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |