МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет100/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Азиядағы орысқа қараған өзендер.
Оп [Обь] өзені 3800 шақырым ұзындығы болып, сол жақ Мұз теңізге құяды. 3900 шақырым ұзындығында болған Ертіс өзені де Обқа қосылады. Ертіске қосылады- Тобыл өзені, Ешім өзендері. Енесай өзені Саянскей тауларының оң жағынан шығып, сол жақ Мұз теңізге құяды, ұзындығы- 4000 шақырым.
Лена өзені- дүниедегі болған ең үлкен өзендердің бірі, Сібір тауларынан шығып, сол жақ Мұз теңізге кұяды, ұзындығы-4390 шақырым.
Әмір (Амур) өзені Охотский теңізіне құяды, ұзындығы 3000 шақырым. Бұл өзендердің әрқайсысында пароходтар жүрсе де, жылдың көбірегінде қататын болғандықтан, азырағында пайдалануға болады.
Амудария, Сейхун [Сыр дария] өзендері Арал көліне құяды. Буларда да пароход жүретіндіктен, Орта Азияның саудасына қызметтері көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет