МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет99/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105
Дініпір (Днепр) өзені.
Днепр өзенінің шығатын жері Уолганың шығатын жеріне жақын Алу­ан тауларының екінші жағында болып, Қара теңізге құяды, ұзындығы 1890 шақырым. Шығатын жағы- ағаштық, ортасы- егіндік, құятын жағы шел болғандықтан, бір жерде көп болған нәрселерді болмаған жерлерге көшіруге өте жайлы болып, адамдардың тіршілігі ұшін пайдалы дүр. Бұл өзеннің асты тастақ болғандықтан, пароходтар қорқынышпен жүреді.
Дінестір өзені.
Дінестір өзені Аустриядан шығып, Қара теңізге құяды. Мұ[ны]ң да түбі тастақ болса да, Днепр сияқты қорқынышты болмағандықтан, пароходтар жүріп тұрады.
Усла өзені.
Усла өзенінің ұзындығы 1010 шақырым, біраз жері Россия мен Аустрия арасынан ағып, сонан Россияға кіріп, аяғында Пруссияда Балти теңізіне құяды.
Ниман өзені 850 шақырым ұзындығында болып, Балти теңізіне кұяды. Пруссия мен екі арада сауда жолы болады. Күнбатысы- Дуына өзені, ұзындығы 900 шақырым Алуан тауларынан шығып, Рига гүрпізіне құяды.
Ниуа өзені Ладоға көлінен шығып, Петрградты басып Финляндия гүрпізіне құяды, ұзындығы- 60 шақырым болса да, суы көп болғандықтан, пароходтар жүреді. Сол жақ Дуина-Пипнига [Сипнига], Мизен, Пим [Сим], Ора өзендерінің сауда үшін пайдасы аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет