2. Салят адамның ниетіне қосыла денесімен намаз түрінде орындалатын ғибадат, дұға ету. Мұсылмандарға үнемі Аллаһпен рухани байланыста болуы үшін күніне 5 мәрте намаз оқуы шарт. Сол арқылы мұсылмандар өзінің рухани болмысын мейірімділік пен жақсылыққа тәрбиелеп, жүректеріне сая табады. Бұл жөнінде Мәшһүр-Жүсіп Көпеев былай деген:
Екінші, намаз екен бізге парыз,
Айтпасақ, білмегенге бізге қарыз.
Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ,
Құдайға жетеді екен сонда ғарыз.
3. Саум – Жылына бір рет Рамадан айында ораза тұту. Осы кезде күн шығардан бұрын күн батқанға дейін адам ішуден, ішуден және жұбайлық қатынастан аулақ болуы керек. Ораза тұту Аллаһ алдында ғибадат жасау мен құлшылық қылудың үлкен бір түрі. Сондай-ақ ораза адам ағзасына зор пайдасын тигізеді.
Мәшһүр-Жүсіп:
Үшінші бізге парыз – Шаһи Рамадан,
Бұ дағы бір қаруың жетсе қазаң.
Ұмытпай, бір күн қастан қаза болса,
Алпыс күн кіпарат бар осы – сазаң
- дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |