Сұрақтар
1. «Турум» деген осы шақтық есімшеден қысқарған деген алғашқы пікір айтқан Еуропа түркі танушысы кім? 2. -ым ескі жыл мезгілдерін білдіретін атауларды білдіретін сөздерге қосылады (күзем, жайылым, жазғытұрым) сіздің ойыңыз?
3. Жазғытұрым жылдың қай мезгілі? (Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы (Абай).
4. Күзгітұрым айтылуын салыстырыңыз?
5. Көне түркі сөзі «тұрым» туралы не дейсіз?
2 М-Ж Көпеев шығармаларындағы би -шешендердің әдеби тілге ықпалы
2.1 Ескілік заңдылықтарына байланысты тілдік көріністер
М-Ж. Көпеевтің жинаған би-шешендерінің сөздерінде қазақтардын құқын заңды түрде шешетін ережелер, қағидалар, тұтас ғақила сөздер көптеп кездеседі. Мысалы: «Ердің құны есебін тапқан сабазға екі-ауыз сөз деп қай заманда айтылған» -деп Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Ошақты деген ел, орта жүзден Малай, Жәдігер деген таптан шыққан Құлназар дегенді өлтіріпті. Оның кесімін ақбура Бөрібай ақын айтты:
Ошақты Құлназарға құн бермексің,
Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің.
Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермесең,
Тұлымды қыз, айдарлы ұл бермексің,
Құлназар келіп өлді ауылыңа,
Ішім оттай күйеді бауырыма.
Алты жақсы, жүз жылқы құн бермесең,
Есекем таңба болар сауырыңа
Бірақ, Ошақты бұл төрелікке басында бұрмапты. Қазақта жер дауы, жесір дауы, ел дауы дегендер атадан балаға кететін әдет болып табылады. Жылдар өткен соң ескіріп кеткен дауды он төрт жастағы Едіге би құнын өтеп алыпты. Сол кесімді сөздерде мынандай келелі ойлар айтылыпты: «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның елін жау араламайды», «Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен», «Алмасың болса-мойыным бар, асылың болса, қойыным бар», «Киім кімдікі болса, білек соныкі, ауыз кімдікі болса, сөз соныкі шыққан жерге қайтып сыймайды», «Жарлық өзіңізден болды, жабдық та өзіңізден», «Арғынға алты ат бастатқан тоғыз жібереді, төрт атаның ұлы Төртуылға төрт түйе бастатқан тоғыз жібереді», «Жарқын» – деген құн осы болады деген ол - қолынан ұстатып жалаңаш қыз береді екен.
«Алты жақсы» - деген құн жүйрік ат, берен мылтық, жағалы киім, тай тұяқ күміс не алтын, түйе, тазы т.б. түрлері болуы мүмкін. Ал, «алты ат бастатқан тоғыз» не «төрт түйе бастатқан тоғыз» – деген құн айып болады. 1885 жылғы «Билер ережесінде» 57 – ші бапқа енгізілген: Тоғыз аталған айыпты малға шаққанда былай болады.
Түйе бастатқан бас тоғыз:
1 – бір түйе, 2 – құлын, 2 – бие, 2 – құнан, 2 – ат;
2 - орташа тоғызымыз – ат бастатқан тоғыз: 1 – семіз ат, 2 – тай, 2 – тайынша, 4 – төрт бойдақ қой;
3 - аяққы тоғыз: 1 – дөнен өгіз, 2 – тайынша, 3 – бойдақ қой, 3 – тоқты.
Тарихи оқиғаға байланысты тұрақты тіркестер де пайда болады, олар белгілі мақсатта астарлы ой береді. Мысалы: «Абылай аспас сары бел», «Шық бермес Шығайбай», «Алдар көсе», «Судыр Ахмет», «Қожанасыр» т.б. М-Ж. Көпеев «Бабырдікі еңбек»- деген мәтел қалыптасты дейді. Бұл сөз Едіге алған айыптарының: он тоғыздың аяқ тоғызын Төле биге, бас тоғызын үйінде жатқан Бабырға бергізіпті. Содан «Бабырдікі еңбек», «Үндемесе де Бабырдікі еңбек» – деген мәтел солай қалыптасыпты.
М-Ж. Көпеевтің жинаған – тергендерінің ішінде: Торайғыр, Шоң, Итемген, Тайкелтір, қаһарлы Жанақ туралы айтқандары да бар. Бұл туралы М-Ж.Көпеевтің шөбересі ф.ғ.к. Нартай Мәшһүр – Жүсіпұлының да «Жұлдыз» № 8, 1992 жылғы жариялағандары қолда бар. Ол «М-Ж. Көпеевтің бұл жинаған би-шешендердің тілі мен кітаптағысымен онша алшақтық жоқ. Мұнда да көптеген нақыл сөздер кездеседі» - дейді. Олар да М-Ж. Көпеевтің кітабындағы жазып алғанымен бірдей: «Алтыннан шүмегі, күмістен түбегі», «Қатын болсаң күле – күле жүрерсің Ер болсаң, шабыңнан жарылып өлерсің», «Еділ қатса кім өтпейді, Едіге өлсе, кім қайтпас дейсің», «Жанақты жерде сона бар, қыспаған көтте пәле бар», «Қардағының ізі болар, қардағының ессіз сөзі болар» т.б. Едіге бидің тағы бір кесімінде: Ұлы Жүз үйсін Тоғас би елінің кісісі төбелесіп, содан бір әйел түсік тастапты Билігін айтқан Едіге: Мұнда бас дейтін бас жоқ, көретұғын көз жоқ, ұстайтұғын қол жоқ, жүретұғын аяқ жоқ, кісі есебінде, адам санатында қосуға болмайды екен депті. «Даушы құр қалмайды, жаншы қор қалмайды»- деген бұл төбелеске екі тоғыз айып салу керек деп кесімін айтқан екен. Сондағысы біріншісі, түйе бастатқан тоғыз екен де, екіншісі ат бастатқан тоғыз екен. Түйе бастатқан тоғыз, ат бастатқан тоғыздың мөлшерін жоғарыда айтып өттік.
Едігенің тағы бір билігінде: «Қонақ таңдап қонады, ұры басынып ұрлайды», «Аққа мал төлемейтұғын,қараға жан бермейтұғын», «Мұның жүнін бояп сары қылған ғой, тісін егеп, кәрі қылған ғой».т.б. нақыл сөздер көптеп кездеседі.
М-Ж. Көпеев арғын руы туралы да, мәлімет беріп кетеді: «Қайсы бірін жаза берейін бар естігенімді жаза беруге қалған аз өмір шақ келер емес, бұл арғын ұрпағы /арғын/ болғаннан бері қарай Бұхара жұрты болып келген. Ноғаймен шатасып араласқан емес. «Өзбек болса - өз ағам, сарт болса-садағам» - деп өзбек ханларына бағынып кеше Үргеніш, Хиуа, ханы болған Әбілғазы Баһадүл ханға жігіт- желең болып көп жүрген» – деп жазады.
М-Ж. Көпеевтің бұл жазбасында Орта ғасыр жазба әдеби тілінің үлгісінде ұшыратамыз. Мысалы: хандарына, лоғатының /Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати ит түрік» – деген еңбегінде «лұғат» сөздік деп берілген. Жалпы көне түркі тілінде лұғат сөздік деген ұғымда жүрген. Қазіргі әдеби тілде «Ұлағатты ұстаз»-деп қолданылып жүр. Яғни тура мағынасында «Сөздікті ұстаз» болып шығады – Автор/ сол секілді әдеби тілдегі «ақпарат», ассимициялаған сөз /алфавит-алпабитынан/ шебердің синонимі майталман сөздері де кездеседі. М-Ж. Көпеев жинаған ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдерге айналып кеткен билердің сөзі төрелік айтуда, екі адамның бірінің аузында нақты-дәл сөйленеді. Бұл кейіпкерлердің сөзі кейде афоризмдер болып келеді. Мысалы: Едігенің:.. «Тұлпардың тұяғы, Тасқа салса кетіледі, Суға байласа жетіледі» немесе әдемі символдық мәні бар сөздер де кездеседі. «Ақ сұңқар әуелеп аспанға ұшты, Алтын қоңырау үзіліп жерге түсті» т. б.
Жәңгір ханның аузындағы сөз: «Айтқан аузыңнан айналайын, сені көтеріп тапқан қатыннан айналайын», «Өшкенің өнсін, өлгенің тірілсін», «Өшкен өнбек емес, өлген тірілген емес», «Өшкенім өнді, өлгенім тірілді» дегенді көңілге қонған, осындай орында тұрған сөзді айтады- деген екен. Немесе «Ішкенге мас, жегенге тоқ», «Көп басы қосылған дуда жақсының күйі түседі, жаманның сыйы түседі», «Тоқтамыстың басын кеспей, көзін теспей», «Ат айналып қазығын, диірмен айналып шүмегін табар» т.б. Атақты ақын С.Торайғыров атасы Шоң бидің де сөзі өте жақсы жазылып алынып, хатқа түскен. Шоң бидің де билігінде нақыл сөздер мен мақал–мәтелдер жиі ұшырасады. «Мұнда әруақтың соңы болған, Айдаболдың Шоңы болған», «Көп қонақ аттандырады, көмек деген жау қашырады», «Шоңның алды жарық, арты қараңғы», «Шоң биден шешен болдым бата алған соң» т.б.
Би-шешендердің сөздерінде ауыз әдебиетінен де ауыс-күйіс көптеп кездеседі. Тіпті, ақын-жыраулардың айтқандарынан да ара-тұра ұшырасып қалады. Бұл дегеніміз би-шешендердің де сөздері ауызша біздерге жеткен. Мысалы: «Алдына келе алмасаң, қара ала ат саған серт, пәлен жерден айдаспасам маған серт», «Ай десе аузы, күн десе көзі бар» т.б. М-Ж. Көпеевтің жазып алғанында ханның қатыны бір қыз туып кемпір ешкімге көрсетпей асырап, күндердің күнінде әлгі қыз жарық дүниені көріп есі-дерті кетіп балқып жүкті болып қалады. Күн жарығынан жүкті болу, күн жарығының арасынан қызды көріп ғашық болу көне түрік әдебиеті үшін таңсық дүние емес. «Оғыз қаған» әңгімесін еске түсірсек те жеткілікті. Оғыз қаған тәңірге жалбарынып отырғанда көктен жарық келіп, оның ішінен бір қызды көріп Оғыз қаған ғашық болып, кейіннен сол қыз жүкті болып, үш ер бала көтереді. Сондықтан да басқа елден келген қонақтардан жүкті болып қалу, бүгінгі күннің ғана құпиясы емес, көне заманның да құпиясы екен. Демек, бұл оқиға да М-Ж. Көпеевтің қаламынан тыс қалмаған. Испанияның корридосы (мотодор) ұлттық ойыны түркі дүниесінен ауысты ма деген ой келеді. Себебі: «Дерсе хан ұлы Бұқашхан туралы жырда» Дерсе ханның ұлы Оғланның арнайы үйретілген бұқамен алысатын жері бар: «Бұқа мен бала бір-біріне өліспей берісер болмады»-деп жазды. «Орхан-Енисей» ескерткіштерінде: Тоғылада сиыр көлікті оғуздар кездесті деп жырлады. Демек, мүйізді ірі қаралар да түрік жұртына таңсық еместігі көрінеді.
Қорыта келгенде, М-Ж. Көпеев тек қана би-шешендердің сөздерін ғана жазып алмаған. Өзі де көрген білгенін, оймен тоқып, Абай Құнанбаев сияқты қарасөзге айналдырып, даналық сөз айтып отырған. Мысалы: «Қан бұзылса, кісі бұзылады», «Шайтан деген нәрсе өзіңнің ойың», «Бір адам турашыл болса, хақ сөйлеуші болса, оның жанына сұқтанып, қас қылушы даяр тұрады», «Тура сөз иелері өз ұлтында тұрып күн кешіре алмайды», «Тіл бір болаттан жасалған өткір қанжар», «Жігіт адамның қырағылығы бүркіттей болсын», «Зеректігі байғұстай болсын», «Жақсы кісіге, киімі әдемі кісіге ит үрмейді» т.б.
Сұрақтар
1. «Ескіліктер» терминін ең бірінші қолданған ғалым кім?
2. Этномәдени лексиканың ұлттық әдеби тілге ықпалы бар ма?
3. Би – шешендердің тілі ауыз әдеби тілдің тасушысы (носитель языка) бола ма?
4. Ауыз әдебиетінің тілі де әдеби тіл деген пікір кімдікі?
5. Ауызекі сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті тілінің айырмашылығы қандай?
2 .2 М-Ж. Көпеев шығармаларындағы шешендік дәстүрдің тілдік көріністері
М-Ж. Көпеев ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн жинағанда би-шешендердiң сөздерiне қатты мән берген. М-Ж. Көпеев «Сөз жүгiнiң самалы хазiрет жәбiрәйiл ғалайсалам болды» - деп бекерге айтпаған болар.
Сондықтан да сөздiң құдiретiне назар аударып күллi ауыз әдебиетiнiң iнжу- маржандарын жинап, келер ұрпаққа аманат етiп тастап кеткенi «Қара сөз көңiлдiң бау-бақшасында үлпiлдеп тұрады» - дейдi ақын. Би-шешендердi айта отырып М-Ж. Көпеевтiң өзi де сол би - шешендерден бiр кем емес. Айтып, жазып алғандарының бәрi де іздесе таптырмайтын бір ғибрат. Бұл турасында сәл кейiнірек оралармыз.
Асылы, М-Ж. Көпеев ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн жинағанда «Тұрмыс-салт жырларына» аса көп көңіл бөлген. Сол арқылы би - шешендердiң сөздерiне тоқталып, өзiндiк талдау жасап отырған. Тұрмыс - салт жырларында да жастарға өнеге боларлық дүние молынан кездеседi. Ақын - жыраулардың айтқан өсиеттерi, би - шешендердiң сөздерiнде де табылып жатады. Кей уақытта ақындардың жырларында ұқсас тіркестердің ауыс - күйiсі болып қалады, оның себебiн бұл жадығаттардың барлығының ауызекi естiмелi жадылық арқылы келгендiгiнен деп есептеу керек-тi. Ел ішіндегі құймақұлақ даналар ауыз әдебиетiнiң не бiр үлгiлерiн ұрпақтан-ұрпаққа сақтап, жоғалтпай жеткiзуге мұрындық болды. Би-шешендер тек қана сөз айтып, билiк кесушiсi емес, ауыз әдеби тiлiн жеткiзушi, сол тiлдi тасушы тасымал құралдың да орнында жүрдi.
Би - шешендер әуелiнде бiрнешеу болғанымен келе-келе даралық сипатқа ие болды. Бiр рудың не бiр елдiң iшiндегi билер, не шешендер олар аузы дуалы ақындар да болуы мүмкiн, сол рудың не елдiң iшiндегi атағы зор, сөзi дуалы, ақылы мол адамға тоқтап билiктi соған берiп, ел iшiндегi ұсақ-түйек телi-тентектердiң шаруаларын өздерi-ақ тындырып тастап отырған. Бұның жарқын көрiнiсi үш жүздiң үш биi бола алады. Олар өздері тұстас билерден ой өресімен дараланып, мемлекеттік тұрғыдағы мәселелерді шеше алған.
М - Ж. Көпеев билер туралы сөз қозғағанда, әп пiсiмілләсiн Майқы биден бастайды. Майқы бидiң тоғыз ханды қолынан таққа отырғызғанын «Түгел сөздiң түбi бiр, түп атасы Майқы би» - деген мақалдың тегiн айтылмағандығын тiлiне тиек қылады. Майқы бидiң билiгiн сөз етедi: Баяғыда Арыстан деген ханның баласы болмай, Қызылаяқ деген жерден тоқал алып одан сауысқандай ала бiр бала туған екен. Арыстанның бәйбiшесi күншiлдiк қылып мынау өзi ала екен өскенде елiңдi бүлдiрiп ала қылып /араз қылып/ жiбередi екеуiн де қу деп әмiр бередi. Бuыл екеуi Сырдың суынан өтiп, Алатау, Қаратау алабына күн көрiспей безiп кетедi. Бала ер жетiп, күндердiң күнiн де Майқы бидiң баласы Yсенге жолығады. Бuыл баланы исi қазақ хан көтерiп атын «Алашахан» қояды. Қызыларыстан баласының даңқын естiп кiсi салып қайта-қайта сайрап қоймайды. Майқы би өткiр сөзiмен жiберген елшiлерiн қоныс берiп, алып қала бередi. Сөйтiп: Ұлы жүз Yйсiн, Орта жүз «Ақжол», Кiшi жүз «Алшын» осылай пайда болған екен деседi.
М-Ж. Көпеев «Майқы би» билiгiнде: Қырық сан Қырым, отыз сан Рұм, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, қырық сан қара Қалмақ, Қатсыбан, он сан Ноғай, сияқты үш жүзге қазақ бiрiккенге дейiнгi елдермен соғысып, жер үшiн таласып өткен жауларын суреттейдi. Бұлардың аттарын оқырман «Алпамыс», «Kобыланды» т.б. жырлардан бiлетiн болар. Демек, есте жоқ заман тарихынан елес бередi. Жер-су аттары толығымен аталып жақсы мәлiмет бередi. Сырдария, Алатау, Kаратау, Шу, Сарысу, Ұлытау, Кiшiтау, Қаракеңгiр, Сарыкеңгiр, Айдахарлы, Құдайбердi т.б. Бұрынғы өткен билер: Орманбет би, Құндыкер, Құбан, Қотан, Қоғам т.б. мұның iшiндегi (Құнды Кер Kабан) «Қозы-көрпеш, Баян-сұлу» жырында ұшырасады. Тiлдің мәйегі, сөз шұрайы да кездеседі: «Ала қылып, ала тайдай бүлдiредi», «Тобылғыдан жақ қылып, «Жүзгеннен оқ қылып», «Құралайдың көзiнен өткiзетiн мерген» /фразиологизм/ «Ай десе ауызы, күн десе көзi бар», «Құс бегi тiккен томағадай құнысып тұрған бала», «Сәттi туған ұл екенсiң, жерiңе жетпей тұр екенсiн», «Төрткүл ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып, төменгi елдi жидырып, жорға бие сойдырып, жоғарғы елдi жидырып, ала бие сойдырып», «Мына баланы жебе қылып бастарыңа ұстаңдар, шөп қылып беттерiңе ұстаңдар, ту қылып төбелерiңе көтерiңдер», «Ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен», «Күндердiң күнiнде бала хан болады, сендер қараша боласыңдар», «Хан әдiл болса басынан бағы таймайды, қарашасы табанды болса, қара жерден кеме жүредi», «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйiмiз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздiң баласы қазақ емес пе едiк». Бұл мәтелдiң iшiндегi мән беретiн «үйiмiз ағаш» болғанда деген сөз. Демек, түрiктер киiз үйге дейiн «Алтай өлкесiнде» тұрғанда, қалың ағаштан әлемде бiрiншi болып «ағаш үй» салып, қоныс қылған. Бұл туралы М.Аджидің «Қыпшақтар» - деген кiтабында жақсы айтқан.
Бабыр деген кiсiнiң атына байланысты айтыла келе, кейiннен ел ішінде: «Бабырдiкi еңбек», «Үндемесе де Бабырдiкi еңбек» -деген тіркес мәтелге айналып кеткен. Бұл мәтелдiң алғаш шығуы былай болған екен. Едiге би бiр билiкте он тоғыздың аяқ тоғызын Төле биге бергiзiп, бас тоғызды үйде жатқан Бабырдың босағасына байлатыпты, сөйтсе, Бабырдың iнiсi Құлнияз дауға Едiгемен бiрге барып, бiрге қайтқан екен. Осы әңгiмеден кейiн-ақ манағы сөз туған екен дейді.
М-Ж. Көпеевтiң билердiң iшiндегi көңiл бөлiп, тоқтағаны Бөлтiрiк би. Бөлтiрiк бидiң қырғыздармен айтысын, оның жеңiсiн жан-жақты суреттейдi. Мысалы, Бөлтiрiк би қырғыздарды кекетiп «Қырғыз шiркiннiң байлығы ғой көшкен сайын ошақтарын жұртына қалдырып жүре бередi екен» - депті. Ол - қырғыздардың тастан ошақ жасағанын, соны жұртқа қалдырып отыратынын меңзегендiк екен.
Бiр жиында қазақ пен қырғыз қайсымыз көппiз деп көптiгiн салыстырыпты. Сонда бiр қырғыз: «Жұлдыз көп пе, қырғыз көп пе»-деген мақал бар дептi.
Сонда Бөлтiрiк би: «Рас, мендей қара бұлт шықса, жұлдыз енесiнiң артына кiрiп кетедi, он қазақ басы қосылса қырғыз енесiнiң артына кiрiп кетедi» - деген екен.
Қырғыздың баласы өлiп, Бөлтiрiк бастаған байлар көңiл айта барады. Бiр саба қымыз, ту бие апарамыз. Сонда сен үшеуiң бiрiң: «Жазғытұрымғы уақ қой бiр сабаны елден жинап әрең толтырдым»-де, екiншiң: «Түйе шiркiн мен төре шiркiн басы бiр қисайса иiлмейдi»-де, үшiншiң: «Төре өлмегенмен көп бала ма, бiрі қалса да тек бола ма?»-деңдер деп үйретiп қойған екен. Бара салып жаңағы үшеуi жаттап алған сөздерiн айтқан екен, қырғыздың ханы жарылып кете жаздап, төсегiне аунай кеткен екен. Мұны көрген Бөлтiрік би: «Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигiзбес, ақ сүйекке оқ тисе, қарашыға сырын бiлдiрмес» көтер хан басыңды деген ғой. Налып жатқан хан басын көтерiп, мына иттердi былшылдатып қойған сен екенсiң ғой деген екен.
Бөлтiрiк би, қырғыздың манабы бiр жиында былай деген: «Аттың жаманы соқпақшыл, адам жаманы тақпақшыл». Бөлтірік би жұлып алғандай: «Сөздiң көркi мақал, адам көркi сақал, сақалы жоқ көселер қасабалы тоқалды», бұдан да әрі бастырмалатып «Көсенi үйге кiргiзбе, құйрығын жерге тигiзбе», «Кесiрi жұғар көсенiң, кәпiрдi қуалап жүрiп көтенін жерге сүйгiзбе?»- деген сөзбен ұтқан екен.
Едiге би де келелi дауға түсiп, кезiнде билiк айтып, аты шыққан аузы дуалы адам болған екен. М-Ж. Көпеев те Едiге бидiң бiр билiгiн тiлiне тиек қылған екен. Ұлы жүз үйсiнде арғынның бiр кiсiсі Құлназар дегендi өлтiрiп алған екен. Жылдар өтiп, ұмытыла бастағанда он төрт жастағы Едiге Құлназардың құнын даулай барған екен. «Әдiл бидiң елiн дау араламайды, әдiл патшаның елiн жау араламайды» өзара әңгiмелiсiп отыра берiптi. Бiр уақытта, ұзын бойлы бiр адам: «Алты атасын арқалап жүрген бар ма, жетi атасын желкелеп жүрген бар ма? Алмасың болса-мойыным бар, асылың болса қойыным бар» - деген екен. Сұраса келгенде ол - Yйсiн Төле би екен. Сонда Едiге: «Киiз кiмдiкi болса, бiлек соныкi, ауыз кiмдiкi болса сөз соныкi» шыққан жерiне қайтып сыймайды. Жарлық өзiңiзден болды, жабдық-та сiзден- деп айтып салған. Едiге, Төле би екендiгiн бiлген соң. Ертеңінде таң атысымен алты атаның ұлына Арғынға алты ат бастатқан тоғыз жiбередi, төрт атаның ұлына Төртуылға төрт түйе бастатқан тоғыз жiбередi, тiптi қолынан ұстатып жалаңаш қыз бередi оны «Жарқын» - деген құн деп атайды. «Ер құны, есебiн тапқан сабазға екi-ақ ауыз сөз» - деп жұрт әңгiме қылыпты. Едiге: он тоғыздың аяқ тоғызын Төле бидiң босағасына тастатқызып, бас тоғызды үйде жатқан Бабырдiкiне бергiзiптi. Сөйтсе, бұл дауға Бабырдың iнiсi Құлнияз бiрге барып, бiрге қайтқан екен дейдi.
Едiге би жақсы далбада демалып жатқанда он жолаушы келiп аттан түсiптi. Сөйтсе, Ұлы жүз үйсiн тоғас би елiнiң кiсiлерiмiз дептi. Өз елiнiң бiр қатыны түсiк тастап, оған себепшi болған ағайын арасындағы төбелес екен. Тоғас би: бiрiң оң көзiмсiң, бiрiң сол көзiмсiң мен қанша түзу айттым дегенмен жығылған жағың өкпелi боларсың, сондықтан билiкке Арғын Манас биге барыңдар дептi. Бекболат: Yш жүзге төрелiк айтқан Төле биге барыңдар дептi. Төле би мен жалғыз сөзiне риза болған тоғыз байлаған Едiге биге барыңдар деген соң келiп отырмыз билiгiн айтыңыз дептi. Едiге, бала қайда десе, қанжығаларына құрым киiзге тiгiп алыпты. Едiге тiгiп тастаған құрым киiздi сөктiрiп көрсе, қол аяғы жоқ, он екi мүшесi бiтпеген сурет болып айқындалмаған бiр кесек ет екен дейдi. Едiге бас дейтiн бас жоқ, көретұғын көз жоқ, ұстайтын қол жоқ, жүретұғын аяқ жоқ. Бұған құн бұйырмайды. Бiрақ, «Даушы құр қалмайды»- деген бұл төбелестiң салдары, сондықтан төбелескендерге екi тоғыз айып саламын. Қатынды ұрғандар түйе бастаған тоғыз, қатынға болысқан жағың ат бастаған тоғыз айып төлейсiңдер. Түйе бастаған тоғызды тоғаз бидiң босағасына байлайсындар. Бекболат екеуiмiзге бiтiрiп қайтқан бiтiмнiң өзi олжа дептi. Мұны естiген Бекболат, Манас, Тоғас бәрi бек риза болыпты.
Едiге батырдың ата-тегiн М.Тынышбаев өзiнiң «Қазақ халқының тарихы»-деген кiтабында жан-жақты сипаттап жазды. Алшағыр, Келмұхамет, Орақ батыр, Орманбет, Естерек, Ақ Мұрза, Бек Мұрза т.б. Едiге батырдың ұрпақтары болып келедi.
М-Ж. Көпеев Едiгенiң Жәңгiр ханның жалғыз ұлы қайтыс болғанда көңiл айтқанын, қара өлеңмен айтылған кейiнде бiр сөзiн қалтырмай жазып алған екен. Мысалы, мынандай нақыл: «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, Kuяғы бүтiн сұңқар жоқ», «Тұлпардың тұяғы тасқа салса кетiледi, Суға салса жетiледi», «Ақ сұңқар әуелеп аспанға ұшты, Алтын қоңырау үзiлiп жерге түстi, Хан саған құдайдың жабдығы түстi» яғни қарама-қарсы екi құбылысты қатар көрсету кездеседі.
Kорыта келгенде, М-Ж. Көпеевтiң би-шешендер туралы жазып алғаны тек қана бұл емес. Мұрағат құжаттарында өте көп кездеседi. Жалпы, М-Ж. Көпеев би-шешендердiң өздерімен де араласқан. Солардан мол тәлiм алғандығы оның шығармаларындағы өсиеттерiнен байқалып отырады. М-Ж. Көпеев шығармашылығын зерттеген сайын ол жаңа қырынан ашыла бередi.
М-Ж. Көпеевтiң би-шешендер туралы жазғандары әлi толық зерттелмедi. Олай болса, келешекте келер ұрпаққа М-Ж. Көпеевтiң өнеге болар мұрасын паш ету исi қазақтың басты мiндетi болмақшы.
Ескерту: Мәмет келіні Әминаның «Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі орны» Бұл еңбегі 1948 жылы М.О.Әуезовтің басшылығымен шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» /1 том. Фольклор/ кітабының жетінші бөліміне кіріп «Шешендік сөздер» деп аталды. Сондықтан да алғашқы «Би-шешендерді» зерттеуші де Әмина Мәметова екендігін естен шығармауымыз керек. Мәмет келіні Әмина* Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Шығыс қыздарының арасынан тұңғыш шыққан Кеңестер Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың анасы. Мәншүк Мәметованың анасы Әмина Сүлейменқызы Мәметова кезінде Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ғылыми атағы профессорлыққа дейін жоғарылаған. Мәншүктің әкесі Ахмет жоғарғы білімді дәрігер. Тамаша журналист, ақын 20 жылдары Семейде облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болған адам. Әмина Мәметованың 1927 жылы «Қызыл Қазақстан» журналында «Көркем әдебиет туралы» мақаласы басылып, Ахмет Байтұрсыновты ақтай сөйлеген тұңғыш қазақ әйелі.
Сұрақтар
1. Би – шешендерді ең алғаш зерттеген ғалым кім?
2. Шешендік сөздердің тілі әдеби тілге де әсері бар деп дәлелдеген ғалым?
3. Тұрақты тіркестердің әдеби тілге әсері, құрамдас бөлігі болып табыла ма?
4. Әдеби тілдің тасушысы болып табылатын формалардың түрлері қандай? Мысалы: мақал – мәтел, жұмбақтар т.б.
5. М-Ж. Көпеевтің әдеби тілдің дамуына әсері бар ма?
2.3 «Қазақ әдеби тілінің тарихы»
«Қазақ әдеби тілінің тарихынан» Қосымша сұрақтар
1. Тарихи грамматиканың мақсаты мен міндеттері (Тілдің тарихын зерттеудің көздері)
2. Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері
3. Қазақ тілі тарихын кезеңдерге бөлу туралы
4. Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны
5. Тарихи фонетика туралы түсінік
6. Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің негізгі ерекшеліктері
7. Дауысты дыбыстар жүйесі
8. Жеке дауыстылардың дамуы
9. Дауыссыз дыбыстар жүйесі
10. Сөз басындағы дауыссыздар
11. Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі тарихи өзгерістер
12. Жеке дауыссыз дыбыстар тарихы
13. Қазақ сөзінің басы мен аяғындағы өзгешеліктер
14. Фузиялық өзгешеліктер
15. Екпін. Сингармонизм
16. Буын.
Тарихи морфология
Түбірлердің синкеретизмі
Түбір сөз дамуының іздері
Есім сөз таптарының дамуы
Зат есім
Септеу категориясы және септік жалғаулары, ерекшеліктері
Жеке септіктер тарихы
Зат есім жасаудағы тұлғалық, функциялық өзгерістер
Сын есім
Шырай формалары
Сан есім
Есімдіктер
Етістік категоряларының дамуы
Етістіктің функциялық тұлғалары
Етістіктің райлары
Шақ категориясы
Салт, сабақты етістіктер және етіс категориясы
Орал – Алтай тілдері (Ғ. Мұсабаев)
Түркі – монғол тілдері (Ғ. Мұсабаев)
Түркі – монғол тілдеріне ортақ фонетикалық заңдылықтар (Ғ. Мұсабаев)
Түркі – монғол тілдерінің тарихи грамматикасы
(Ғ. Мұсабаев)
Тарихи фонетика (Ғ. Мұсабаев)
Д – тіл, Й – тіл және Ж – тілдердің тарихи грамматикасы
(Ғ. Мұсабаев)
40. Хун (хунну, қунну, күн) тілдерінің тарихи грамматикасы
(Ғ. Мұсабаев)
41. Хундардан қалған жалғыз сөйлем тарихы (Ғ. Мұсабаев)
42. «Үйсін» этнотопонимінің тарихы (Ғ. Мұсабаев)
43. Қаңылы – қыпшақтар (Қаңылы тілі) (Ғ. Мұсабаев)
44. Түркі. Қараханиттер тарихы туралы мәлімет (Ғ. Мұсабаев)
45. Тарихи фонетика туралы. Көне Ұйғыр. Көне Араб алфавиті
(Талас әліпбиі желісінде) (Ғ. Мұсабаев)
46. Й дыбысы тарихы (Ғ. Мұсабаев)
47. Ж, Ч дыбыстарының тарихы (Ғ. Мұсабаев)
48. Б – П тарихынан (Ғ. Мұсабаев)
49. ДЗ, ДЖ аффрикатынан (Ғ. Мұсабаев)
50. Үндестік заңы тарихынан (с дыбысы мен ш дыбысының алмасуы) (Ғ. Мұсабаев)
51. Дыбыс алмасуы. Дыбыстың түсуі (Ғ. Мұсабаев)
52. Тарихи морфология туралы (Ғ. Мұсабаев)
53. Зат есім (Ғ. Мұсабаев)
54. Сын есім (Ғ. Мұсабаев)
55. Сан есім (Ғ. Мұсабаев)
56. Есімдіктер (Ғ. Мұсабаев)
57. Етістік (Ғ. Мұсабаев)
58. Етістік түбірлі туынды сөздер жасайтын –қы, -ғы, -кі, - гі
аффиксінің тарихи қалыптасу іздері (А. Ибатов)
59. Қазақ тілінің тарихы (Қ. Жұбанов)
60. Одағайдың тарихы (Қ. Жұбанов)
61. -Лық, - лік аффикстерінің екі функциялығы (Қ. Шаяхметов)
62. Көсемше туралы; Көсемшенің қызметі (Н. Сауранбаев
латынша жазылған семинар сабақ)
63. «Ды, ді» қосымшасының шығу төркіні (Т. Қордабаев)
64. Шылаулардың қалыптасу тарихы және зерттелуі
( Молғажаров)
65. Септеуліктер (Молғажаров Қ)
Демеуліктер (Молғажаров Қ)
Жалғаулықтар (Молғажаров Қ)
Синтаксис тарихы (Қ. Жұбанов, С. Аманжолов,
Т. Қордабаев).
Синтаксистің совет дәуіріндегі дамуы (Т. Қордабаев);
Мақал – мәтел синтаксисі (Т. Қордабаев)
Сөйлемнің оқшау бөліктері, олардың негізгі ерекшеліктері
(М. Томанов).
Қаратпа сөздің табиғаты, қаратпалардың синтаксистік
құрылымы (М. Томанов).
Кейбір грамматикалық тұлғалардың халық поэзиясындағы
қолданыс ерекшеліктері (Е. Жұбанов)
Орта түркі жазба мұраларының грамматикалық сипаты
(ҚӘТТК - Қаз. әд. тіл. тарих. көз)
Көне қазақ тіліндегі іс – қағаздарының грамматикалық
ерекшеліктері (ҚӘТТК)
Достарыңызбен бөлісу: |