МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің Әдеби тілге қатысы



бет3/7
Дата31.01.2018
өлшемі1,33 Mb.
#36975
1   2   3   4   5   6   7
Жапырағы жасыл жаутерек

Жайқалмағы желден-дүр,

Шалулығы белден-дүр,

Төренің кежігуі елден-дүр,

Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,

Ақ киіктің шабу жері майдан-дүр,
Кешу кешмек сайдан-дүр-

Батыр болмақ сойдан-дүр

Жалаңаш барып жауға ти,

Тәңір өзі біледі,

Ажалымыз қайдан-дүр! (Шалкиіз).

Ықшамдалған демеулік шылаулар да әр түрлі мағына үстейді, тұлғалары бір демеулік болғанымен, тұтас семантикалық мағынасында сәл де болса өзгеріс болады: Ер Ғали тамам елге хабар шашты, Ерінген осы олжадан жарамас-ты (қайрау, құрқалмау); Қиындық мұндай патша көрмеген-ді, Қылышты қысылған соң сермеген-ді (іс-қимылға қосымша жүктеме); Арыстан өліп қалды қылыш өтіп, Ажалсыз патша мұңдық өлмеген-ді (Мәшһүр-Жүсіп); Сәйгелді, сона менен бөгелек-ті, Үшеуі халфе сайлап көбелекті (Мәшһүр-Жүсіп); Адамда ақыл, айла көп-ті дейді, Әр түрлі білер, қулар, епті дейді (Мәшһүр-Жүсіп); Келмейді тілім сақау айтқан сөзге, Фарағат рақат жазған жоқ-ты бізге (үсті-үстіне дәлелдеу) (Мәшһүр-Жүсіп); Кім тігер сен тоңды деп ақ шатырды, Болса да көңіл қорқақ, тіл-батыр-ды (Мәшһүр-Жүсіп); Қылышты қысылған соң сермеген-ді, Ажалсыз патша мұңдық өлмеген-ді (Мәшһүр-Жүсіп). Дүр құрамындағы сөз пысықтауыш қызметін атқарады: Алған соң тәкаппарлық сатып менен, Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай (Мәшһүр-Жүсіп). М-Ж. Көпеев шығармаларында дүрдие сөзінің баламасы ретінде үрдие (д дыбысы) ықшамдалып қолданылады: Үрдие қуаттанды партиямен, Көрсетіп әлсіздерге жуан мойын (Мәшһүр-Жүсіп). М-Ж. Көпеев шығармаларында фонетикалық трансформация жолымен грамматикаланған тұрған сөзінің (>тұғын>тын>тін) (тұғын, тын) қатар қолданылғанын көреміз. Тұғын формасы ауызекі сөйлеу тілінде, қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлер тілінде қазірде жиі қолданылады. Дегенмен, қазақ әдеби тілінің нормасында тұрған формасы сияқты тұғын да бірте-бірте жойылу процесі байқалады. Оның орнына ықшам тұлғасы қазіргі есімшенің (ауыспалы келер шақ) жұрнағына айналған -тын//-тін көбірек пайдаланылады. Е. Жанпейісов -тұғын формасының орнына қазіргі әдеби тілімізде -атын тұлғасы субстантивтеніп те, атрибут орнына да, шақтық мағынада да - бәрінде қатар аралас жұмсалып отырады дейді. Тұғын қосымшасының тұрған дегеннен ықшамдалғанын И.Ильминский, М.Терентьевтар да жоққа шығармайды. Х. Досмұхаметұлы жазған есімшенің -тұң қосымшасы М-Ж. Көпеев тілінде ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі -тұн және - тұғын формаларының қатар келуі арқылы жасалады да -тұғын формалы сөз субстантивтеніп табыс септігінің - ды қосымшасын қабылдайды. …Ай, Күн, жұлдыздардың батқандығынан заласы қайтып, мен бұларды сүймеймін, батпайтұн, жоғалмайтұн, жоқ болмайтұғынды сүйемін дейді (Мәшһүр-Жүсіп). Құдай салса көрмайтүн халың бар ма? (Мәшһүр-Жүсіп). Е.Жанпейісов -тұғын тұлғасының Октябрь алдындағы прозалық шығармаларда субстантивтеніп те кетеді, яғни есім сөздер ретінде септелетінін, тәуелденетінін жазды. Тұғын формасының көнерек толық түрі тұрған адьективтену арқылы сын есімге айналады есімшенің көне түрі -мыс//-мыш//-міш етістіктерден сындық ұғым тудыратынын айтқанбыз, осы аталған тұлғалардың синонимі - ған//- ген есімше тұлғасы да өзі жалғанған сөзге сындық мағына береді. - Ған (тұр + ған) бөлшегінен тиген енші екендігі белгілі, есімшенің (осы), өткен шақ түрі - атын, - етін жұрнағы арқылы жасалады. Бұл жұрнақтың өзі тарихи жағынан түр етістігінің өткен шақ есімше түрінен қысқарған. Бұл жұрнақтар М-Ж. Көпеев шығармасында қатар қолданылады. Осы шақтық мән әуелгі -а (-е, -й) жұрнағы мен тұр етістігінен қалған. Ал, -атын жұрнағының мәтінге орай бірде, осы шақ, бірде келер шақ болатын қасиеті қалыптасқан. Е.Жанпейісов - атын тұлғасы субстантивтеніп те, атрибут орнына да, шақтық мағына да - бәрінде қатар аралас жұмсалатынын - айтады. - Аған, - еген қосымшасы шақтық мәннен айрылып, сын есім тудырады: тебеген, қашаған, береген, сүзеген, жатаған т.б. Башқыр тіліндегі есімше туралы проф. Н.К. Дмитриев оны «етістіктен болған сын есім» - деп анықтайды. Ал, А.Н. Кононов есімшенің етістіктен жасалатыны туралы шартты түрде ғана есімше деуге болады дейді. Есімше сын есім сияқты септеліп, тәуелденіп, көптеледі, жіктеледі. Жіктелгенде зат, сын есім тәрізді жіктеледі. Сөйлемде есімше сын есім сияқты анықтауыш қызметін атқарады. Есімшенің ерекшелігі екі жақты қызметі барлығы. Сын есімге тән қасиеті мен етістікке тән қасиеті.
Сұрақтар
1. - би, (-бей) префиксінің сын есім тудыру жағынан өнімді екендігін дәлелдеңіз?

2. Араб - парсы префикстері туралы алғаш зерттеген кім, қандай дәлелдерін білесіз?

3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қазақ сингорманизм заңына қайшы қолдан жасалған ереже емес пе екен, дәлелдеңіз?

4. Көсемшенің өзгермейтін форма ретіндегі қызметін дәлелдеңіз?

5. - атын формалы есімшеге -дай, -дей жұрнақтары арқылы туынды сөз жасап, теориялық дәлелін айтыңыз?
1.7 -Тұрған мен -тұғын
М-Ж. Көпеев шығармасында -тұрған //- тұғын тұлғасы қатар қолданылады. -Тұрған тұлғасы дүние, күн сөздерін сындық мағынасы жағынан анықтайды: Үстімізде қазір тұрған дүние жоқ болып, қиямет қайымның болуы растылығын және Күн өзі Күн болып тұрған жоқ екен, оны Күн қылып жарқыратып қойған ар жағында құдіреті күшті құдай барлығын, соның үшін хазірет ИбраҺим: «хәлил алла лә әхәббә лә флин», -дейді; Оның бадырайып, адырайып тұрғандығы-жақындығы; …көрсетіп тұрған күн сәулесі; Қасында тұрған қатындар; …орынға тұрған жерін көргенім жоқ; Тұрған тұлғасы тұрғыш формасында қолданылып сындық мағына береді: Ең жақын билеп тұрғыш ұлықтары барша қазақтарын оязный начальниктер …(«ДУ-21») Тұғын формасының алдынан көсемше тұлғасы -дей тіркеседі (айтатын) ұғымындағы сөз жасайды:

Сөзімді естігендер шын дейтұғын,

Құдайдан басқа да көп мін дейтұғын,

Бағзылар хисап қылып білген болып,

Екі жүз жиырма төрт мың дейтұғын

(Мәшһүр - Жүсіп).


Мына жағдайды айтпаса болмайды: -а, -е, -й аффиксі көсемшенің үнемсіз деп аталатын түрін жасайды, оған өзіне тән тағы бір мынадай ерекшелігі бар. -а, -е, -й аффиксті көсемшенің тұр деген көмекші етістікпен тіркесе күрделеніп қолданылып, көмекші компонентінің есімше формасымен (тұр-ған) кіріге бірігіп кетеді де, есімшенің -атын//-етін, -йтын//-йтін аффиксінің жасалуына негіз болады, мысалы бара тұрған айтыла келе баратұрған, келе - келе баратын болып қалыптасқан. М-Ж. Көпеев шығармасында тұғын формасының осындай жолмен қалыптасуы жиі кездеседі де, ауыспалы келер шақ және болымсыз етістік жасайтын жұрнақтар -ма, -ме, -па, -пеба, -бе арқылы ауыспалы келер шақтың болымсыздық түрін жасайды: жауатұғын, дейтұғын, қалайтұғын, көретұғын, ойнайтұғын, тонайтұғын, ұстайтұғын, сөйлейтұғын, баратұғын, кірмейтұғын, қызбайтұғын, бұзбайтұғын, қозғайтұғын, ойлайтұғын, жейтұғын, болатұғын, алмайтұғын, жалмайтұғын, бармайтұғын, жүретұғын, білетұғын, еретұғын, тыңдайтұғын, оратұғын, танитұғын, айтатұғын, тұратұғын, алжитұғын, болжайтұғын, қайтатұғын, жететұғын, беретұғын, кіргізетұғын, аяйтұғын, жұмсайтұғын, табатұғын, жататұғын, бітпейтұғын, беретұғын, өтетұғын, кешетұғын, болатұғын, өсетұғын, өнетұғын, жүретұғын, түспейтұғын, бітпейтұғын, жетпейтұғын, егетұғын, білмейтұғын, салатұғын, қалатұғын, өлмейтұғын т.б. М-Ж. Көпеев қисса, дастандарында - тұғын формасын бұйрық райлы етістіктен соң келетін көсемшенің - а тұлғасынан кейін арнайы ауыспалы келер шақ жасайды да өлең жолына ұйқас беру үшінде пайдаланады:

Қоржының жоқ ет пен нан салатұғын,

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет