Сақау кезінде індетке қарсы шараларды ұйымдастыру Орындаған:Әлиева Ботагөз



Дата17.11.2023
өлшемі7,53 Mb.
#191808
Байланысты:
мыт (1)


Сақау кезінде індетке қарсы шараларды ұйымдастыру
Орындаған:Әлиева Ботагөз
Бақытжанова Назерке
Байтубек Мадина
Сақау (Adenitis equorum, мыт) - жіті өтетін, мал денесінің ыстығы
көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып жэне жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жылқының жұқпалы ауруы.
Streptococcus equi - домалақ немесе сопақша микроорганизм.Сөл түйіндері мен іріңнен алынған жағындыда стрептококтар ұзын,тізбектелген моншақ тәрізді,бір-біріне түйіскен жағынан қысыңқы болып, ал жасанды коректік ортадағы өсіндіде (ЕПА) тізбегі қысқа,тұлғасы домалақ болады.Сақау стрептококтары қозғалмайды,спора түзбейді,анилинді бояулармен және Гимза бояуымен боялады, ал қоңыр акридинмен (2мин) әр түске
(стрептокок - қызыл,басқа микробтар көк түсті) боялады
Қоздырушысы
Кепкен іріңде сақау қоздырушысы 6 ай, көңде 4 апта, ал
пішенде, теріде, жүнде 22 күнге дейін сақталады. 75°С-қа дейін қыздырғанда
1 сағатта, қайнатқанда бірден өледі, 5% карбол қышқылының ерітіндісі. 2%
формалин, 3% креолин сақау стрептокогін 10-15 мин. өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері
Табиғи жағдайда сақаумен көбінесе 5 жасқа дейінгі жас малдар ауырады,ал сақа малдар сирек шалдығады, малдың күтімі нашарлағанда сақау зілді өтеді.Тәжірибе түрінде жұқтырғанда ақ тышқандар мен мысықтың баласы тез ауырады.Қоздырушының бастауы болып ауру жылқылар саналады,олардың танауынан, жарылған сөл түйіндерінен аққан іріңде сақау стрептококтары көп болады.Бұл микроб тіпті сау жылқылардың да кеңсіріктегі кілегейлі қабығында,одан бөлінген сорада ұшыраса береді.
Малдың күйі оңды, күтімі жақсы болса, ауру клиникалық сипат алмайды.Ауырып жазылған малдар біржылдан артық бактерия алып жүруші болып қалады,сондықтан шаруашылықта жылма-жыл сақау басқа шаруашылықтың қатысынсыз, ауру әкелінбейақ шыға береді.Іс жүзінде,тіпті сақау болмаған жерлерде,күзде мал күйсіз болса,енесінен бөлінген қүлындар арасында ауру бұрқ ете қалады.Қоздырушы малға негізінен ауа немесе алиментарлық жолмен жұғады.
Микроб организмге сумен,шөппен түсіп,және т.б жұғуы мүмкін.Сонымен қатар ,мал бірін-бірі иіскеп, пысқырғанда, шағылысу кезінде,емгенде ауру жұқтырады
Негізінен сақау спорадиялық түрде байқалып,бастапқы кезде салыстырмалы түрде жеңіл өтеді де, көбінесе (3-4 аптада жазылады. Мұндай жағдайда жайылым малының өлімге ұшырауы 5%-дан аспайды. Егер мал қамауда (қорада) қолда тұрса, ауру тез тарайды. 2-3 айда барлық мал түгел ауырады.
Сақаумен жылқылар жылдың кез келген мезгілінде ауыра береді, әсіресе,жазда биені саууға байлағанда және күзде құлын бөлген уақытта жиі кездеседі.Құлынның күтімі нашарлауы, суық немесе ыстық,жауын-шашын организмнің резистенттілігін төмендетіп, аурудың шығуын тездетеді
Сақау стрептококтары денеге енген соң олардың токсиндерінің әсерінен танау қуысы мен аңқаның кілегейлі қабықтары катарлы іріңді қабынуға ұшырайды.Аңқаның жіті қабынуынан малдың шөп жеуі мен су ішуі қиындап, ентігу мен жөтел пайда болады. Қабынған алқым сөл түйіндері тез үлкейіп, сипағанда тығыз, ыстық болып, ауырсынады. Ауру басталғаннан 7-10 күн ішінде олар іріңдеп (абсцестеніп) бір жерінен жүмсара, жұқарып барып, жарылады.
Егер абсцесса аңқа ішінде жарылса, онда ірің кеңірдекке түсіп,ұзамай сепсис басталады. Мүндай жағдайда элбетте мал өледі. Кейде ауру мал бірден қүлайды да, ұзамай өліп кетеді. Көбінесе кеңірдектің кілегейлі қабығы мен өкпе іріңді-катарлы қабынып,2-3 күнде ауру мал өледі.Кей жағдайда кеңірдек пен жуан бронхалар да іріңге бітіп қалуы мүмкін.
Дерттенуі
Күйі төмен, төзімділігі нашар жылқыларда сақаудың асқынған метастазалық түрі жиі байқалады.Мұндай жағдайда қоздырушы сөл ағынымен құлақ түбіндегі, мойындағы, тіпті басқа да сөл түйіндеріне өтіп,оларды іріңдетіп қабындырады.Стрептокок қанға түссе, өкпеде, бауырда, бүйректе, т.б. мүшелерде абсцесса метастазалары пайда болады.Денеге тараған қоздырушының уынан зақымданған мүшелерде зат алмасуы бүзылып,дененің ыстығы көтеріледі, лейкоцитоз дамып, жүрек жүмысы нашарлайды.Сақаудың асқынған түрінде әсіресе, ішкі мүшелердің зақымдануы жиі өлім-жетімге әкеп соғады.
Аурудың жасырын кезеңі мөлшермен 4-15 күнге тең.Сақау әлбетте жіті өтеді. Клиникалық белгілеріне және дерт процесінің жітілігіне орай сақауды кәдімгі, метастазалық (асқынған) және генитальді түрлерге бөледі.
Сақаудың кәдімгі түрі дене ыстығының 40-41 °С-қа көтерілуінен басталады. Малдың жемшөпке тәбеті болмайды,селсоқ тұрады.Ұзамай аңқа мен кеңсіріктің кілегейлі қабықтары жіті қабынып, қызарып,домбығады.Мұрыннан біртіндеп іріңді экссудат аға бастайды.Малдың жемшөп жеп, су ішуі қиындап, кейде ішкен судың біразы мұрыннан сыртқа ағады. Алқымдағы сөл түйіндері үлкейіп, жан жағындағы тері асты шелі мен ұлпаларға экссудат жиналып, домбығып, терісі тыртысып, керіліп, ұстағанда ыстығы білініп,ауырсынады. Егер қабыну аңқаға тараса, онда жөтел пайда болады, демалысы қиындап, қырыл естіледі.Қабыну процесі мойынға да шабуы мүмкін, онда мал мойынын бұра алмай,басын алға созып, төмен зорға иеді. Қабынудан 4-5 күн өтісімен терінің тырысуы аздап бәсеңдеп, кей жері бүлкілдеп, жұмсара бастайды.Ұзамай сөл түйіні жарылып,одан сары түсті қою, мол ірің ағады, 2-4 күн өтісімен дене қызуы бәсеңдеп, қабыну процесінің өршуі тоқтап, жарылған орындары біртіндеп дәнекер ұлпаларымен тола бастайды. Мұндай ауру 15-25 күнге созылып, сырт көзге жазылып кетеді.
Егер іріңдеген сөл түйіндері аңқа ішінде жарылса, онда сыртынан ісіктің жұмсарып қайтқанына қарамастан, дене қызуы төмендемей аспирациялық бронхопневмания дамып, булыққан жөтел, қырыл аралас демігу пайда болады, малдың күйі күрт нашарлайды.Кейде демалысы ысқырық тәрізденіп ентігіп, ауызынан,мұрыннан ірің ағып, жүргенде теңселіп, әлі құрып, ұзамай өліп кетеді. Абсцессті сөл түйіндері көмей ішінде жарылса, мал бірден немесе 2-3 күнде өледі.
Шағылысу жолымен ауру жүқтырған биелерде сақаудың гениталдік түрі дамиды.Мұнда қынаптың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып, маңындағы сөл түйіндері үлкейіп, кейде іріңді желінісау пайда болады. Ауру алғаш берілгенде малдың күйлеуіне ұқсайды,кілегейлі қабығы қызарып, ұзамай іріңді вагинитке айналады. Ал айғырларда сақаудың генитальдық түрінде қасаның ұшы мен несеп жүретін түтік жіті қабынып, домбығып, іседі.
Сақау асқынған метастазалық түрінде дамыса, онда мұрынның кілегейлі қабығы,алқым сөл түйіндері қабынуымен қоймай,дерт процесі құлақ түбіндегі, мойын бездерін,шажырқай сөл түйіндерін қамтып,ішкі ағзаларда метастазалық абсцессалар пайда болады.Ауру барысында дененің ыстығы көтеріліп, малдың күйі күрт нашарлайды.Көбінесе көзден жас ағып,жұтыну қиындап,тұншығу белгілері байқалады. Абсцесса аңқа ішінде жарылып, ауыздан, мұрыннан ірің ағады. Егер ірің кеңірдекке түссе, жіті аспирациялық пневмония дамиды. Іріңді ісік мойынды да қамтып, егер қалың еттегі сөл түйіндері зақымданса, онда іріңдеу процесі кеуде пердесіне өтіп плевропневмония дамуы мүмкін
Сақау кәдімгі түрінде өрбісе алқымдағы сөл түйіндерінде іріңді, ал аңқа мен мұрынның кілегейлі қабығында катарлы іріңді қабыну байқалады.Сақаудың метастазалық түрінде іріңді ошақтарды сөл түйіндерінде, ішкі ағзаларда, буындар мен желінде кезіктіруге болады, кейде перитонит немесе плеврит ұшырайды. Егер мал күпті сақаудан өлсе, онда көмейдің, жұтқыншақтың, мұрын қуысының кілегейлі қабығы ісініп, жалқақтанады. Оларда көптеген қанталаған дақтар, өліеттенген, ойылған телімдер кездеседі. Тері астындағы шелде қанталаған орындар, көлемді, сары түсті жалқақтар ұшырайды
Патанатомиялық өзгерістер
Клиникалық белгілері, зертханалық зерттеулер мен індеттанулық деректер негізінде анықталады.Сақаудың сырт белгілері өзіндік ерекшеліктерімен дамитын болғандықтан клиникалық балау қиынға соқпайды.Егер мал өлсе, онда патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескереді. Зертханаға зақымданған мүшелерден кішкене кесінді алып және жарылмаған іріңді сөл түйіндерін жібереді. Ауру малдан лабораторияға сөл түйіндеріндегі абсцессадан шыққан, болмаса мұрыннан аққан ірің немесе клиникалық жазылған малдан 10% глицерин ерітіндісімен танаудан шайып, содан-соң қырып, жинап алған материалды зертханада микроскоппен қарап зерттейді, ал қажет болған жағдайда жасанды қоректік ортаға себінді жасап, сақау стрептокок өсіндісін бөліп алады, кейін оны типке ажыратып, анықтайды.
Балау
Ажыратып балау
Сақаудың маңқадан (танау маңқасынан), кеңсірік жарақатынан ажырату қажет. Маңқаға шалдыққан жылқыда ірің бір-ақ мұрыннан ағады және сөл түйіні қабынғанымен іріңдемейді. Маңқа көбінде созылмалы өтіп, дене қызуы тым артпайды. Егер күмәнді жағдай болса, көзге маллеин тамызып тексереді
Індет ошағында ауырған малды бірден бөліп, жылы құрғақ қораға қояды немесе желсіз ықта ұстайды. Күтімін жақсартып, құнарлы жұмсақ жемшөп береді. Жұтынғанда ауырсынатын болса, быламық қойыртпақ жасап, суды жылытып береді. Ауырған құлынның енесін саумай, түгелдей емізеді.Емдеуді жалпы ем жасаудан бастап, симптоматикалық ем қолданады. Танау ішін күнде калий пермангантымен (1:1000), фурацилинмен (1:5000), риванолмен (1:1000), 0,5-1% лизолмен немесе 2% натрий гидрокарбанатымен жуып тазалайды. Бұл ерітінділер қабынуға қарсы антисептикалық жақсы әсер етеді. Егер сөл түйініндегі абсцесса жұмсарып, жарылғалы тұрса, оны жарып, іріңін ағызу қажет, ал қатты болса, оны тез жетілу үшін жылы булау қолданады. Жарылған абсцессаларды жоғарыда аталған антисептикалық ерітінділермен жуып, АСД-ның 2-фракциясын жаққан жөн, болмаса Вишневский майын қолданады. Сақаудың жеңіл түрінде мал осы емдеуден-ақ жазылып кетеді.
Емі
Сақаудан сақтандыру үшін малдың күтімін төмендетпей, құнарлы жемшөппен қамтамасыз етіп, әсіресе құлындардың күтімін бие байлау, құлын бөлу кезінде, сол уақыттағы аса ыстықтан немесе суықтан қорғап, сақтандыру қажет
Аурудың малмен келмеуі үшін сырттан келетін жылқыны сақау жоқ жерлерден алу қажет. Ал әкелінген жылқыларды дауалау карантинінде 30 күн ұстайды. Жалпы жылқыны айына бір мәрте клиникалық байқаудан өткізіп тұру керек, ал қораларды тазалап, жазғытұрым және күзде дауалау дезинфекциясын жасайды.
Сақау шыға қалған жағдайда жылқы фермасын сау емес деп жариялап,мал алып-беруге, жемшөп тасуға шектеу қояды.Әрбір жылқыны клиникалық тексеріп, дене қызуын өлшеп шығады. Ауру жылқыларды бөліп, жеке ұстайды, қалғанын күн сайын тексеріп отырады, күтімін жақсартып, бір-бірімен араластырмайды.Қораны, оның айналасын тазалап, көңді биотермиялық зарарсыздандырудан өткізеді. Ауру малдар тұрған қораларды жұмасына бір рет дезинфекциялап тұрады
Жазылған малдарды жұмысқа біртіндеп жегеді, ал сау малдарды байқап пайдаланады. Шаруашылықты індеттен сау деп ең соңғы ауру жылқы жазылған соң 15 күннен кейін хабарлайды. Ал шектеуді қорытынды ветеринариялық-санитариялық шараларды іске асырған соң барып алады.
Дауалау және күресу жолдары
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет