МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері


Қ дыбысына байланысты да сөздер бар, қайласы



бет14/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Қ дыбысына байланысты да сөздер бар, қайласы//айласы, /ғұмыр араб сөзінен «өмір» сөзі пайда болған немесе араб сөздерінің өзгеріп, құбылып отыратыны бар, сондықтан да бұл харіптерді алла жаратты десе керек. Мысалы, бір ғана абрахмет сөзін алсақ, одан туынды сөздер: рахмет, Ахмет /кісі есіміне/айналып, «аб» түбірінің өзі «су жыланы» деген ұғымды береді. Мінекей, бір сөздің бойында бірнеше мағына бар, сондықтан да арабша оқығанда бір дыбыс тұрған күйінде біртүрліше оқылатыны содан. Дауысты дыбыстар мүлдем жазылмауы да мүмкін. Е.Жанпейісов -ғ фонемасына байланысты: «Октябрь алдындағы прозалық шығармаларда түсірілмей де, түсіріліп те қолданылғанын айтады» (Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1968, 89 б.). Рахымет//Рахметі сөзіндегі екінші буындағы дауысты дыбыс, тәуелдік жалғауы қосылғанда ереже бойынша түсіп қалады ал, М-Ж. Көпеевте: бұл сөз ауызекі сөйлеу ерекшелігінің негізін ала отырып жазылған. Бұндағы «хм» екі дауыссыз дыбыстың арасына ы дауысты дыбысы енгендігін көрсетеді. Осындай ерекшеліктер мысалы: дост сөзі М-Ж. Көпеевтің тілінде ұшырасады. Досты//досы -т дыбысы сыналап эпентезалық құбылыс жасайды. Бірақ, дост болып жазылу көнеден жеткен құбылыс. «Дана Хикар» сөздігінде де ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет