МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері



бет13/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Сұрақтар

1. Мәшһүр – Жүсіп тілінің әдеби тілге қосқан үлесі?


2. Ауыз әдебиет үлгілерінің тіл ерекшеліктері?
3. Марфологиялық тұлғалардың ауыз әдебиетіндегі көрінісі?
4. Эпинтезалық құбылыстың тілдік фактілері?
5. -Дүр//-дұр тұлғасының ақын шығармасындағы өзіндік қолданысы?
2. 3 Мәшһүр-Жүсіптің әдеби тілге тигізген әсері

М.Қашқари бұл – (соңғы руға байланысты айтылғаны) тілдерін салыстырмалы түрде зерттей отырып, фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық жағынан көп ұқсастықтармен, айырмашылықтар табады. Абай, Ыбырай, тілдеріндегі дыбыстық, морфологиялық ауытқулардың бәрі – М.Қашқари зерттеуінен шығып жатады. Айталық, сөз басындағы – а әріпін қотандықтар, қанжақтар һ әрпіне ауыстырып айтады - дейді М.Қашқари. Ал, біз көбіне араб графикасына байланысты қарастырамыз. М-Ж. Көпеев шығармасындағы: һәм//әм, һапыт күндей//қапырық күндей, һәмматсыз, һумаюн, һауамға//қауымға - деп айтуының бір тамыры осы М.Қашқари дәлеліне желі тартады. Кейіннен һәмма//һәм//әм түрінде қолданыс тауып жатты: мысалы М-Ж. Көпеев те:


Замандас өзі менен әм ғасырдан,
Қайда жүрсем, жүруші ем бөлек, басқа...
Абай Құнанбаев «әм» шылауын орынды қолданып, өлеңге белгі лі бір рең үстейді.
Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем,
Иек қағып, өлтіріп жүрсе әсем...

Абай бірыңғайлы мүшелердің басын қосу үшін «әм» шылауын пайдаланса, М-Ж. Көпеевте бірлан//менен//мен жалғаулығының аналитикалық тәсіл бойынша ирандық жалғаулығымен өздік есімдігінің тәуелдеулі түрі мен шығыс септікті есім сөздердің басын қосу үшін қолданған. Қазақ тілінде көбіне мен ықшамдалған жалғаулығы қолданылады. Бұндай аналитикалық қолданыс М­Ж. Көпеевке ғана тән қасиет екен. Сол сияқты е/ер/ етістігінің /еді // шақ формасы /ер+ді // жіктік жалғаулы /едім/ сақталмай ықшамдалған /ем/ ұшырасады. Бұл да ақынның тіл ерекшелігіне жатады. Екеуінде де «әм» тұлғасы екі түрлі М-Ж. Көпеев те әм//ия деп қолданысқа ауыстыруға болса, Абайда әм//және шылауымен ауыстыруға қолайлы жағдай барлылығы сезіледі.


Кітаби тілдің элементтері болып табылатын жалғаулықтар: уа, һәм, ине, ләкин бірі-Абай, бірі- Ыбырай шығармаларында кездесіп қалады. Бұл турасында: Е.Жанпейісов, С.Хасанова т.б. еңбектерінде айтылды. Ыбырай шығармаларында бұл шылаулардың да орын алғанын айтуға тиістіміз. Ыбырайдың Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «…басқаша айтқанда әр түрлі ғалымдарды, есепті, медицинаны және астрономияны/ғылму-хисаб, ғылму-тып, ғылму-хаят, уә афләк/оқуға тіпті міндетті екені дәлел бола алады» – деп жазды. Ыбырай арабша «уә» шылауының орнына «және» шылауын қолдануға болушы еді, бірақ берілген мысалдарын арабша жазған соң «уә» шылауын да сол күйінде қолданғанын көруге болады.
Сөздердің басқы, ішкі дыбыстарының айтылу ауанына байланысты қазақтар өз тіл ерекшеліктеріне қарай түзету бірте-бірте жүрген процесс. Сонау көне түркі әдебиетінен бастап (бөлінген түрік жұрты) әр сөзді айтылу, (табиғат жағдайына қарай) оңтүстікте күн ыстық тілдері жұмсақ болып келсе, солтүстік өңірде күн суық оның үстіне орыс жұртының тіл ықпалы субстрат деген бар ықпалымен сөз, дыбыстардың қатаңдаған жағдайы кездеседі. Сөз басында келетін ғ дыбысы: ғақыл//ақыл, ғаділдік//әділдік, ғайыр//айып, ғадет//әдет, ғақылға//ақылға,ғамалға//амалға, ғазап//азап, ғафурым//апырым, ғайса//айса, т.б.
Сол сияқты х дыбысына басталған сөздер: хайуанша//айуанша, хайла//айла, хакімдер//әкімдер /бұл сөз архайзмнен қайыра тіріліп неологизмдік мағынаға ие болды/, хүкіметі//үкіметі /үкім// бұйрық // мағынасындағы сөздің ұғымы кеңейді/, хажы//ажы//ажо//ажа/ соңғы сөз «ажа» «ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ» – деген мақалдың құрамында ұшырасады. «Ажо» деп Қырғыз тілінде /үлкен кісіні айтады/ «шоң» сөзінің баламасы есебінде де жүреді. Осы тұрғылас: хақтың//ақтың, хақтан//ақтан, халас//алас жарыспалы вариянты да М-Ж. Көпеевтің тілінде ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет