МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері


Жаурылықтың ер мінбей мініп желқом



бет21/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Жаурылықтың ер мінбей мініп желқом,
Күнде бір ат мінбес пе ем болса жылқым...
«Хаятбақшы» дастанынан алынған бұл мысал: аттың жауырыны жара (жауыр) балмас үшін ертоқымның астынан салынатын жауырлық оны алып тастап, жайдақ тек қана қом салынғанын айтса керек. Қазақ ұғымында: «жауырды жаба тоқып» дейді, жауыр атқа жабаны салуды айтады. Қолшатырдың /алтын шатыр/, /көтеріп саясын/ сияқты түрлері ұшырасады. Алғымад // алғыр, тәрік // тәркілеу сөздерінің жаңаша сөз жасамдық қабілеті де аңғарылады. Бүгінгі әдеби нормадағы түзеліп жеткен «уәде» сөзінің заман тезінен құбылып өткен формасы / уағыда // дағуа/ да М-Ж. Көпеевтің тілінде бар. «Ұста /з/ – жүз, әр ұстаға шәкірт - мыңнан» деген жолдағы /темірші ұстадан/ өзгешелеу -з дыбысы түсіп қалған /ұста/ күйіндегі қолданысы да ұшырасады. Бұл да М-Ж. Көпеевтің тіл ерекшелігінің бір қыры. Ұшқын осса тіркесіндегі осса // ұшса деген сөздің сыңары қазір сирек қолданылады, дегенмен /осып жібер/ тіркесінің құрамында кездеседі. Ы.Алтынсарин «мық» сөзін шеге орнына қолданған, ал М-Ж. Көпеев шығармасында тура мағынасында «уақ шеге» түрінде алынған.
Қорыта келгенде, М-Ж. Көпеевтің тіл ерекшелігі осы жазылғанмен ғана шектелмейді. Бұл болашақ жазылмақ үлкен зерттеудің теңіздің тамшысындай ғана бір бөлігі болып табылады. Дегенмен, М-Ж. Көпеев шығармаларының тілін, ауыз әдебиетінен жинаған үлгілердің тілін қарастырғанымызда өзіндік тіл ерекшелігі бары өз алдына, ақынның қазақ әдеби тілінің дамуына да қосқан үлесі барлығы анықталды. Олай болса, М - Ж. Көпееевтің қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі айқындалып, Абай мен Ыбырай қатарынан өз орнын алатын мезгілі жетті.

Сұрақтар:


1 -Лар көптік қосымшасының көптік ұғымдарына жалғану ерекшеліктері?


2 Кірме сөздерге қазақ қосымшасы жалғану арқылы жаңа сөз жасау үрдісі?
3 Тұрақты тіркестердің әдеби тілдің дамуында алатын орыны?
4 -шік, - шық қосымшаларының қолданылу ерекшеліктері?
5 «Ұызын ой» т.б. осы сияқты тіркестердің қазақ әдеби тілін жаңа сапаға көтерудегі қолданысы қандай?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет