Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы 2 Том


Түйін. Мүш (алмүш – алты он, жетмүш



бет10/18
Дата15.09.2017
өлшемі3,93 Mb.
#32232
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Түйін. Мүш (алмүш – алты он, жетмүш – жеті он) деген сан есімнің құрамындағы – он. Ал, «ел» халық, бүтін – дегенді, немесе мемлекет дегенді білдірген – ел деп ойлаймыз. Мүшел мен жылдық маусымдық сияқты мағыналық жағынан мешін жылы байланысты. Мәшһүр-Жүсіп мүшелмен туған жылын анықтаған.

Мешін. Мешін жылы, октябрь, қыс басында, Ұзармаған өмірдің қысқасында (М-Ж., 62); Күлтегні қоң йылқа, йіті йігірмеке учды. Токузынч ай йіті отузқа йоқ ер т:түртіміз. Барқын, бедізің, бітіг таш (ын) бічін йылқа, йітінч Ай йіті отузқа қой алқады (м) ыз. Қоң йылқа (қой жылы), бічін йылқы (Күлтегін); Түркі тілдес халықтарда мешін, мәчін, мечіні, бөчін, пічін, биджән т.с.с. болып айтыла береді. Зерттеушілердің көпшілігі мешінді әртүрлі маймұн (араб), раковина (Шимкевич), божья корова (Смайлович), (бір кічік аламәджек) ставрополь түркімендері түсіндірген, многоножка (Седельников), слизняк (кілегей) не бицин–злой дух (жын) (Радлов) т.б. түсініктеме берілген. Телеуіттердің ұғымында мешін мағына жағынан қазақтың «мешеліне» жақын. Кир. мэшинъ, алт., мсчінъ (сродно съ монг.) обезьяна. Тур. мешинъ, барания кожа (выдъланная) (Будагов, 235). Қазақтар да адамға қатысты мешел – дейді. Мешін мен мешіл мағынасы жуық мәндес сөздер ме дейміз. Мешіл – mäšүl: bü bünja iši gIldI mäšүl дела мира сего занимают меня (Құтадғұ біліг) (ДТС, 339) (Жанпейісов, 86). «Мешелдің» арғы түбі «мәсіл» (масыл) болу керек – дейді Искаков. Индонезияда өмір сүрген адамдарды азып кеткендер «орман адамдары» деген. Ә. Қабаев соңғы кезде «қар адамдары» дейтін айтылып жүргенін жазады [239]. Кейбіреулері тау араларында киімсіз, үйсіз, аң сияқты жүреді. Бұларды «уахыш халық», «кісікиік» дейді (М-Ж., 9 т. – Б. 223).

Түйін. Мешін мен мешел сөздерінің байланысы бар сияқты. Бірақ, мешін не екендігі әлі анықталмады. Мұның ішіндегі Будаговтың іреп алынған қой терісі деген болжам сәл де болса, жуық келеді. Мүмкін мумия (өлген адамның сақталуы) болуы, бірақ, бұл тек қана жорамал. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев мешінді жыл ауысуының бірі деп есептейді. Мешін жыл атының бірі болса, наурыз күн мен түннің теңелген айы жылға жатпайды.

Наурыз. Наурыз қашып құтылып, он алты бала ат арқасында соңынан шұбырып жүрген соң (М-Ж., 21). ‡йсін Тµле билердіњ заманында наурызнаманыњ ќадыр – ќ±ны астан, тойдан ілгері болады екен деп б‰кіл шыѓыс еліне ортаќ жања жыл мерекесін дєріптей сµйледі (М-Ж., 216); Парат саледе наурыздама той тамаша, Ғажап-жай Бұқараның рүкістаны (М-Ж., 34). Қаз жайлайтын саздаймын, *Наурыздан соңғы жаздаймын (Қобыланды, 37); *Наурыз – март айы (Қобыланды, 37). Йүзүң наурыз уа қашың байрам айы (Хорезми, ЕДӘ: 226).

Мәшһүр-Жүсіп «Наурыз тілегі» деген өлеңінде:


Жаз исі бүгін келді, жан жайланды,

Кешегі көрген бейнет артта қалды.

Өмірге жаңа жолдар ашатұғын

Жаңа жыл – бүгінгі күн – жазды алды.


– дейді.

М. Искаков: Наурыз атауы қазақ тіліне Соғда мен Хорезм арқылы ежелгі парсы тілінен келген. Бұл айды соғдалықтар наусарыз, хорезімдіктер наусарджи деген. Парсы аңызы бойынша, адам бұдан сегіз мыңдай жыл бұрын, фервердин айының бірі күні (хұрмұз күні) жаралған. Ол уақытта күн жазғытұрғы күн мен түннің теңелу нүктесінде болған. Осы аңыз бойынша, ежелгі парсылар бірінші фервердинді жыл басы деп есептеп, оны жаңа жыл күн-наурыз (нау-жаңа, руз-күн деген сөз) деп атаған. Сондықтан, Иранда бірінші айдың бірінші күні наурыз – деп аталады да, қалған 11 айдың бірінші күндері хұрмұз болады (Искаков, 1996: 43-44; 1980: 245-246). Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурыздама қыламыз деп, той, тамаша қылады екен. Сол күні «ұлыстың ұлы күні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады... (А. Құнанбаев, 492). Абайдың сөзіне қарағанда наурыз мұсылман дініне дейін болған мейрамның бір түрі. Бұл мейрам-дін мейрамы емес, ұлт мейрамы (С. Дөнентаев, 1957). Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза (М. Жұмабаев). Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы дейді (М. Дулат, 302).



Наурус – 1) первый денъ нового года (въ мартъ); 2) киргизкое имя. Науруз – баі Кені - Сары аkылдасты (Радлов, 1905: 636). п.[نو нов: новый + روز руз; денъ نوروز новруз: день Нового года по персидскому солнечному календарю при вступлении солнца в знак Тельца – 21 марта] (Рүстемов, 213). Л. Будагов: п. نوب нòу (тур. произносять نابнэвъ), новый, свжій, недавній, юный, نوبر первые плоды, новинки, نوروزнорузъ, новый день, т.е. новый годъ (начало нового года у перісянъ празнуется 9 марта نوروز ديدكلري افتابك برج حمله دخول ايلديكي روزفير وزدرто что назывется новый день, новая весна, это день всупленія въ знакъ Овна, (көктемгі тепе-теңдік, күзгі тепе-теңдік. Наурыз түріктердің ұлттық календарлық мейрамы. Қырғыздарда үш наурыздың түрі бар: 1. көне 1 наурыз-жалпы қырғыздық; 2. парсылық ноурузъ – тоғызыншы наурыз немесе кöк тасъ كوكتاس көктас деп аталады. Бұл туралы мынандай аңыз бар. Бұхарда көктас болған екен. Ол бірер минутта жұмсақ бола қалады, сол уақытта пышақты сұғып үлгеру керек, ал сұғып үлгермеген жағдайда, қайта қатып қалады екен. Осы бұхарлықтардың аңызы самарқанттық түрлі كوك سراي көк сұрау пайда болған сияқты. 3. Байбақты руының Сыйық сұлтанның тайпасынан қырғыздардың арасына, Түркістанға ескі наурызға теңестірілген 12 және 13 күндік жаңа күн санауды енгізген. Қырғыздар бұл стилді қатты қолдайды, Сыйық сұлтанның тайпасы бұны қатаң сақтайды екен (Будагов, 293-294). М-Ж. Көпеевтің ауыз әдебиетін жинаған үлгілерінде үш наурыз тіркесі ұшырасады: Үш наурызды берейін, Сол үш наурыз өткен соң, Уадаға келгеймін; Бай үйінде жатады, Үш наурызға жұбанып; Қанша аяйтын жаның бар, Үш-ақ наурыз өткенде (М-Ж. 186). Осы үш наурыздың халық метрологиясына қатысы барын С. Жанпейісова диссертациясында атап өткен, бірақ таратпаған (Жанпейісова, 1996: 19). Наурыз кезінде «наурыз көже»; «наурыздық» дайындалған. «Наурыз көжеге» жеті тағамның түрін қосқан. Наурыз парсы күнтізбесінде жеке күн аты. Наурыз жыл басы ретінде сіңісіп кеткен. Наурыз: нау парс, нау (жаңа) қаз. орысша нов (ый), немісше нойе, лат. нео негізгі түбірі парсінікі болады. Оңтүстік Қазақстанда Наурыз атының шығуы туралы аңыз көпке белгілі. Солардың бірі – қазақтың бабасының аты – Наурыз екен. Оның баласы болмаған. Өлер алдында Наурыз өзінің атын қалдыратын ешкімі болмағанын өкінішпен Әбдірайымға айтады. Әбдірайым оның атын «Наурыз көжеге» береді. Наурыз сол кісінің туған және өлген күні екен. Енді бір аңызда Наурыз өзінің атын ешкімге қалдыра алмайтыны туралы айтады. Ақсақалдар ақылдаса келе, жыл сайын Наурыз көже дайындап, Құран оқып, дұға қайырады. Енді бірде Наурыз жылда өлетін жаман бейне ретінде көрінеді. Оның өлгеніне қуанған жұрт наурыз көже дайындайды. Бұл ислам діні иелерінің тілділерге қарсы жасаған әрекеті болса керек. Көптеген түркі халқының оның ішінде қазақ елі Наурызды мифологиялық кейіпкермен байланыстырады (Кармышева Дж. Х. Земледельческая обрядность, с.55). Наурыз көже=традиционное угощение казахов в мусульманском новогоднем празднике - наурыз (Ә. Қайдаров, 251). Наурыз халық өлеңдерінде де орын алған (Б. Уахатов, 1974: 119).

Түйін. Наурызға ислам дінінің ықпалы зор болған. Оның әсерін бүгін де байқауға болады: қазақтар наурызды ата-бабасының аруағымен байланыстырады, құран хатым шығарады, құрбандық шалады, өлген ата-анасының, туған-туыстарының басына барып, құран оқиды т.б. Мәшһүр-Жүсіп наурыз бүкіл шығыстың жаңа жылы, жыл басы дейді. «Наурыз» – деген өлеңі де бар. Наурыз > ұлттық мейрам. Наурыз бен алас тығыз байланысты болған, кейіннен алас өзінің ту бастағы мағынасынан сәл де болса айрылып, отбасылық мейрамға дейін төмендеген. Наурыз бен тәңір, ұмай мифтік жағынан тығыз байланысты.

Алас. Құтылдың халас дейді, мұнан Аман, Бұл өзі малғұн еді сондай жаман (М-Ж., 167); Бұл сөзбенен құлдықтан халас болған. Адам мұны ойлап, пікір қылу керек (М-Ж., 996). Алас ұрып, жаныңды қинағанмен, Ажал келіп қалған күн бәрі бітер; Жегеніне мәз болып тауып нанды, Алас ұрып бәрі жүр қинап жанды (М-Ж., 19, 119); Барсам-ау кµрсем-ау деп, Жидебайдыњ т‰н бойы кµзі ілінбей алас ±рды (М-Ж., 37); Ақын халас // алас нұсқасын қатар қолданған. Мәшһүр-Жүсіп алас единицасын дәл біз зерттеп отырғандай мағынада қолданбасада түбір тұлғалы бір сөз екендігі байқалады.

Аластау а. қ.[خلاص халас: избавление, освобождение, спасение; оплата, выплата] - 1. рел. Изгонять огнем злых духов; 2. избавлять, освобождать, изгонять (Рүстемов, 24). Халас а. [خلاص халас; 1. избавление, освобождение, спасение; 2. оплата, выплата] – спасение, избавление (Рүстемов, 290). Ш.Уәлиханов: Аластау немесе аластама – отпен тазарту. Кµне заманда алас (алау) – ќасиетті от. Ертеде ќазаќтар ‰лкен жолдыњ екі жаѓына жаѓылѓан оттыњ арасымен µздерініњ кµштерін алып бара жатып: алас, алас, єр пєледен халас – от, от, тазарт бізді єр пєледен деп айтќан – дейді [240, б.548]. Діни наным-сенім қазақ халқының мәдени мұрасының құрамдас бөлігіне айналды. Аластың шығу тегін білмесе де қазақтар жаңа үй алғанда, өлік шыққан үйді не тағы басқа жағдай да бұл ырымды қолданып жатады. Л. Будагов الاص алосъ восклицательное слово, произносимое шаманами при камланьи, аласта посвящать (назначенное въ жертву животное, шаманъ предварительно аластап жат т.е. посвящаетъ посредствомъ особеннаго обряда) – деп түсіндіреді [210, б.795]. В.В. Радлов: алас – восклицаніе, которое шаманъ произносить при заклинанін – дейді [205, б.364]. Халас (алас) отпен аластау деген ұғымен семантикалық жақындығы болса, алас ұрып тіркесіндегі «алас» мағынасы жағынан келмейді. Кµктемгі салт - дєст‰рдіњ бірі-сібір татарларында алас деп аталады. Єлєшє (ќазан татарлары айтады)-алау жаѓу сол лаулап жанѓан оттыњ ‰стінен секіріп, µту сияќты ойындар жатады. Алѓашында тазарту ±ѓымымен т‰сіндірілген аластыњ арты жастардыњ ойынына ±ласады (ТТДС: 543); Б±л дєст‰р єсіресе Орта Азияда кењінен тараѓан. Осыдан барып, орта сібір мен ќазан татарларына тараѓан. Тіпті, ќара µлењ т±рѓысындаѓы айтылыс µзбек тілі мен сібір татарларында да µте ±ќсас. Ќарањыз: µзбекше Хорезім Алас, алас, кули болодан холос (қараңыз – Снесарев 1969. 42); `Алас, алас єр бєлєтєн калас (калас, холос `барлыќ жаманшылыќтан саќтану`, сібір татарларында алас, алас єр бєлєтєн калас (Тумашева 1963: 100) сол маѓынада айтылады. Ќырѓыздар арша аѓашымен от жаѓып (не аѓаш б±таќтары), алас, алас, балакеттен калас (калас, холос `бостандыќ` – араб тілінен алынѓан екен). Ќазаќ, ќараќалпаќ жєне ноѓайларда аласта – `аѓаш б±таќтарын жаѓып` тазарту мєнінде от жаќќан. Ал, алтайлыќтар мен хакастыќтарда алас-шамандардыњ тілінде лепті сµз ретінде ќолданылса, аласта – `ќатысу` сияќты маѓына береді. Б±л сµз м‰мкін жалпы ќыпшаќтардыњ ±ранымен (соѓыс ±раны) байланысты болуы да мысалы: алач, алаш. М‰мкін алас сµзі ал (от) (албасты ќарањыз. – Иран сµзінен алмасќан ). Кµктем уаќытында айналаны тазалап, от жаѓу дєст‰рі кµптеген елдерде байќалады. Мысалы: орыстар мен украйндыќтар т.б. Ал, т‰ркімендерде б±л дєст‰р шамот, шаман «шаман оты» дегенді білдіреді (Васильева 1969: 330) [236, б.67]. Шаман-деген бөлімді қараңыз. Ќазаќтар алас деп жања ‰йге кµшкенде, иє болмаса µлген адамныњ жатќан ‰йін отпен аластау сияќты дєст‰рі к‰ні б‰гінге дейін саќталѓан. Қазақтарда аластау немесе аластама онша қатты дамымаған. Қазақтар да отқа табынған, бірақ әулие – деп атамаған. Мысалы, от – әулие (святой огонь) – деп айтпайды. От-ана деп айтады. Әулие (араб) – ислам дінінен алынған, тірі адамдарға немесе т.б. арналып айтылады, тек табиғат күшіне ғана айтылмайды (бәйтерек – әулие, жаңбыр, құйын әулие емес) [240, б.548]. Қазақтар Наурыз мейрамы кезінде от жағып, оттан секіріп, киімдерін қағып:
Алас, алас

Әр бәледен қалас,

Ескі жыл кетті,

Жаңа жыл жетті

Айдай аман,

Жылдан есен болайық!


Кейбір елде жања жылды ќарсы алуды мысалы: тат., сµрєн; чув., сèрен; мар., сюрем; удм., сурен; башќ., Ћµрен т.б. Б±л салт-дєст‰р сєуір айында ќар ери бастаѓанда-аќ басталады. Осы дєст‰рдіњ негізінде: ауылдан жынды ќуып шығу, аластау, отты ауыстыру. Барлыќ пешті µшіріп, жањадан от жаѓу, жања отты арнаулы ќ±ралдыњ ‰йкелісі негізінде алу сияќты рєсімдер жатады.

Сµрел к‰ні жастар, жас µспірімдер су ќ±йынады, жаѓылѓан оттыњ ‰стінен секіреді, µлењ, жыр айтады, ат жарысын ±йымдастырады т.б. Аѓаштыњ т‰тінімен ‰йді, ауланы аластау, ќ±рбандыќ шалу, жасы кємелетке жеткен ќыздарды соќаѓа жегіп, ауылды айналып шыѓуы, тартуы т.б. жатады. М±ндай салт-дєст‰рлер кµптеген елдерде бар. Сондыќтан, белгілі бір этногенезистік шешім айта ќою µте ќиын. Поволжье еліне б±л дєст‰р кµне б±лѓарлардан тараѓан сияќты. Ал, басќа т‰ркі елдерінде б±л дєст‰р алас – деп аталады. Ќырѓ., ќазаќ., µзбектер мен сібір татарларында кµктемде от жаѓып, ‰стінен секіреді, оны алас дейді (Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма, М., 1969, стр. 42). Ќазан татарларында б±л дєст‰р саќталып, ол – єлєс, єлєш - деп аталады. Алас пен сµрелдіњ айырмашылыѓы: Алас діни салтын саќтамайды, тек ќана жастардыњ ойыны дейді [69, б.161-162]. Сөрел шайтан, ібіліс сияқты діни мифология. Бірақ, кейбір жерде ұлттық ойынның да атауы болған. Сөрел расында діни әдет-ғұрпынан аттап кете алмайды. Ал, алас жастар үйленгенде, өлік шығарғанда, жаңа үй алғанда әрқашан бірге қалыспай реттеліп, жүріп отырады.

Түйін. Алас наурыздың құрамдас бөлігі. Кейіннен отбасылық мейрам дәрежесіне дейін төмендеген. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев аластың халас вариантын құлдықтан азат болу, аластау, алыстау сияқты мағынада қолданған. Ал, отпен аластау сияқты дәстүр аясында қолданбағанмен сайып келгенде айтылып отырған мәселе аласпен семантикалық мағынасы жағынан байланысты. Отпен аластау, от ана, отаѓа сияќты ±ѓымда𠫦май» бµлімінде айтылды. Демек, алас (ал+ас) ќ±ралѓан. Ал – от (ќызыл) Албасты-қараңыз. ас (аттау) деген маѓына беретіні байќалады. Шаман (шам~от, -ан қосымша (өрт+ең) мен алас байланысты сияқты. Шаман~өртең~алас <`от` түбірінен өрбіген сияқты. Өртең мен шаман лексемасының жасалу құрылысы да бір. Академик Ә. Қайдар: өртең (от слова өрт «пожар»+аффикс -ен) пастбища с молодой зеленой травой, которая появляется после пала весной – дейді [241, б.163]. Аластың бойында зороастризмнің отқа табыну сияқты белгісі де бар. Алас>дуа. Календарлық мейрамға мағыналық жағынан бір табан жақын лексикалар: еру мен ерулік. Ерудің мағынасы аялдау, тоқтау жағынан метрологияға да жатады.

Еру. Еру елді отырѓан жерінде шапты (М-Ж., 62). Еру боп жатыр екен сол бір мањда (Арќалыќ батыр, 334); Кµшкенде ќойыњды айдайын, Еруде биењді байлайын (Манас, 287.); Кµшке жорѓа мінгенім, Еруге ќамќа кигенім; Қараспан тауға ел қонып, Еруге қамқа кигендей! (Ќобыланды, 105); В. Радлов: Ерÿ [Kir, vergl. äрінч, äріч, äріч] остановка, спокойствіе, роздыхъ; ерÿмÿсіз?; ертäн ерÿ боламыз [205, 774]. Еру - лік. Міне, осындағы еру және «еру болу» дегендегі еру - біздің ойымызша, екеуі бір құбылыс. Еру Махмуд Қашқарида (1,99) öрук түрінде «бир ерда бир канча вақт туриб қолиш» деген мағынада келеді [215, б.121].

Түйін. Еру отырған ел, еруге қамқа киіп бару тіркестері той қамымен отырған ел екендігін көрсетеді. Жаңа қонысқа көшіп кеп жайғасып жатқан, мәре-сәре той жасауға қам жасап жатқан елді айтады. Абайдың «Жаз» өлеңін еске түсіріңіз. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев еру отырған ел деп, той-думан, қам-қарекетімен отырған елді айтады. Демек, еру, ерулік маусымдық көшпен байланысты. Біздің ойымызша еру мен ерулік сөздері түбірлес әрі мағыналас сөздер сияқты.

Ерулік. В. Радлов: ерулік - хлъбъ-соль, которую сосдъ обязанъ датъ прикочующему аулу во время отдыха – дейді [205, б.775].

Ерулікке келсін деп кісі салды, Баянды келген кісі көріп қалды (М-Ж., ҚКБС, 163); Лєйлі-Мєжн‰н ќарсы шыѓып, Ерулігін ќамдады (Шєкєрім, 244); Ќыстай бір-біріне араласпаѓан аѓайындар саѓынысып, ќашаннан астас, тойлас болѓан ѓадеттерінше бір ауылда бір ерулікке шаќыра бастады (М. Дулат, 129);

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп ерулік лексикасын қонаққа шақыру мағынасында қолданған. Негізінде: көрші көшіп-қонып жатқан ауылдарға бұрын келгендердің дәм татыруын ерулік деп атаған. Еру+лік түбір мен қосымшадан тұрады.

Ереу. Қылмаңдар жанжал, талас бұған ереу, Түзу ағаш болады үйге тіреу (М-Ж., 62); Көші-қондыны еркектер біледі деп ереу жайылып жүр (Ғ. Мүсірепов) Е. Жанпейісов: «Кроме того, в казахском языке имеется слова ереу, смысл которого почти полностью соотносится со значением ереулі» – дейді [208, б.49]. Көне қолданыстағы ереу сөзі, Махамбеттің: Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай - деген өлең жолындағы ереулі сөзінің өрбуіне түрткі болған сияқты. Е. Жанпейісов ереу (ереу жайылып жүр) мен (ереулі ат) жалпы семантикасы бір екендігін айтады. Ерулік те ереу, ереуіл сµздерімен семантикасы жаѓынан `тыныштық, еркіндік, бостандық, бей-жайлық күй` µте жуыќ сµздер. Ереулі ат тіркесі `еркіндікте, бостандықта, бабында жүрген ат`. Сондықтан еру мен еруліктің семантикалық эволюциясы мына жағдайда жүрген сияқты: еру `беткей мен төскей жер, жоғарырақ қону, жоғары`>`орын-жай, көшіп қонған шүйгін жер, күзеу, жайлау, қыстау, қонаға, түстік` >`еркіндік, бостандық`; ерулік `орын - жай, бір жерден екінші жерге жайлап қону`, > `еркіндік, бостандық` > `ерулік беру, құрбандық шалу`. Барлық сөздердің түбірі ~ өрү гомогенімен байланысты [208, б.49-50]. Р.Г. Ахметьянов: Ср. Элеу в стихе Баяу жерде мал барбы? Элеу жерде Эл барбы? `Есть ли в широких пастбищах скот?` Есть ли в пределах видимости народ? др. –монг. bajudu, bajуldu `боевая позиция, боевое расположение по прибытии войск на новое место – деген мағынасын көрсетеді (Poucha 1956: 127) [214, б.95]. Ереу (ереулі ат), ереу (жанжал, талас) жалпы семантикасы бір сµз.

Түйін. М-Ж. Көпеев ќолданысындаѓы ереу: `б±лќыныс, едірењдеу, елењдеу, еліру` сияќты ±ѓымды береді. Ереулі ат тіркесі `б±лќынысты, жаугершілікке дайын`, `соѓыс аты`; Ереулі мен ереу т‰бірлес сµздер екені байқалады. Өр (өріс) > өру > еру > ерулік > ереу > ереулі. Өр > қозғалыс мұнымен де аяқталмайды, оның мәні тереңге тәңір мен ұмай жаққа кетеді.

Ерулі//Ереуіл. Кµш елдіњ кµштігі болса, ереуіл елдіњ ерулігі бар. Еншіміз болса, бµлісіп, ерулігіміз болса, беріп кетіњдер (М-Ж., 1907: 3); Екінші нұсқасы: Көшер елдің көштігі болса, еру елдің ерулігі бар. Еншіміз болса, бөліп, ерулігіміз болса, беріп кетіңдер! (М-Ж. 9 т. 127 б.). Пєленіњ алды ќайтќанда, Ереуіл тањдар атќанда (Ер Ќосай, 35);

Бұл жолдарда ереулі емес, ереуіл түрінде қолданылған. Бірақ ереуіл мен ереулі түбірлес сөздер екендігі байқалады. В. Радлов: äрÿl (еруіл)-трезвый, умренный в употребленіи напитковъ – дейді [205, б.774]. Л.З. Будагов: ايرول ерÿлъ (сродно съ монг. трезвый, отрезвившійся) – деп түсіндіреді [212, б.800]. Мына сөзді: ÿріÿле – дреметь (= дж. аургурмк, монг. ургулеу) – транскрипциясын жасаған, араб графикасынан аударған - А.Қ. [212, б.797]. 797). Академик Ә.Т. Қайдар: Ерулі ~ қарулы қос сөздері туралы жаза келіп: Эта степная традиция имела свой морально-этический смысл-взаимная помощь, сближение людей, которое могло потом перейти в близкородственные отношения – дейді [232, б.117].



Алдыңғы сөздің даму эволюциясын түсіну үшін, ереулі мен ерулі сөздерінің шығу тегіне көз жүгіртейік. Махамбеттің «Ерулі атқа ер салмай толғауы «Шаир яки қазақ ақындарының басты жырлары» атты кітапта (жиюшысы: Ғабдолла Мұштақ, Бөкейліктен, Орынбор.) тұңғыш рет «Исатайдың інісі Мұхаммед жыраудың сөзі» (35-бет) деген тақырыппен жарияланған. С. Аманжолов 1910 жыл дейді, ал Б. Аманшин 1910-1912 жылдар шамасы депті. Махамбет өлеңінің осы кітапта басылған нұсқасын келтірейік: Ерулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмайЕрулі атқа – мінбей сақталған атқа – деп түсінік берілген. 1925 жылы Ташкентте араб әріпімен шыққан кітабында ереулі де (яғни – емле қатесі) әйтпесе өлеңнің екінші жолындағы егеулі деген сөзге ұйқасымы үшін қолдан өзгертілген (Қ. Мұхаметханов. Семсер жырға сергек қарайық // Қазақ әдебиеті. №19 (1897) 1985. С. Мұқанов: Ереулі ерттеулі ат. Бұрынғы жаугершілік заманда жолдастарының аты оққа ұшса, мінгестіріп алу үшін, басы артық ері болады екен, ереулі ат-осыдан шыққан сөз - дейді [242, б.211]. Қ. Жұмалиев: «Ереулі атқа ер салмай, – дегенде. Махамбеттің өзі-де атқа деп тұр емес пе? Онда – Ереуіл – запас т.б. ат емес, жауабын Махамбеттің өзі береді» десе [243, б.216]. Ә. Құрышжанов … ереулі деген бірінші сөзді талдау үшін ең әуелі қазақ тілінде түбірге -ы (-і) жұрнағы жалғану арқылы жасалған қазақы, базары, балдақы (базары пышақ балдақы), қалмақы, қытайы, тозақы, арамы т.б. сөздерді ескерген жөн. Ал енді тағы бір топ сөздер -ы (і) жұрнағының осындай тірі түбірге емес, өлі түбірге жалғанып, келе кірігіп кеткен: шайы (түбірі парсының шай деген сөзі) қырмызы (негізі парсының қырмызы деген сөзі), тірі (түбірі көне түркі тілдеріндегі тір деген сөз, бұл өзі сын есім ретінде жұмсалады), қары (қары немесе кәрі жілік, негізі – көне түркі тілдеріндегі қар-қол), бүйі түбірі - (көне түркі тілдеріндегі бүй), т.б. -Ы (і) жұрнағының грамматикалық қызметіне қарағанда, ол белгілі нәрсенің қасиетін, өзіндік ерекшелігін оқшаулап көрсету үшін жұмсалады: қазақы ат (қазаққа тән ат), тозақы адам (тозаққа баратын, тозаққа түсетін адам) т.с. Олай болса, ереуілге мінетін атты ереуіл + і ат деп неге айтпасқа? Демек, ереулі деген сөздің түбірі – ереуіл, соңындағы і - көне жұрнақ – дейді [244, б.68-69]. Ә. Қайдаров: На наш взгляд, оно имеет другую этимологию, т.е. состоит из трех морфем; корневой ер «храбрый, боевой, мужественный, смелый», аффиксальной -еуіл (с вариантами -ауыл и -әуіл), образующей в тюрко-монгольских языках целый ряд слов -қарауыл, бақауыл, тосқауыл, ереуіл и др. и аффиксальной -лі. Таким образом, ер + еуіл + лі > ереулі образовалось в результате стяжения трех звуков: ілл в один л. Слово ереуіл, употребляемое в казахском языке самостоятельно, означает «демонстративное выступление против чего-то», «показ своей силы, боевого духа» и.т.д. В этом смысле ереулі ат вполне соответствует значению «боевой, предназначенный для похода конь» – деп жазды [245, б.32]. Академик Ә. Қайдаров: дұрыс нұсқасы ереуіл емес ерулі. Ерулі ат-ертедегі қазақ батырларының жаугершілік шапқыншылық кезінде, ұзақ сапарда ауыстырып міну үшін жайдақ күйінде жетекке алып, ертіп жүретін қосалқы аты. …егеулі (ұшы егелген найза) сөзіне (-лі жұрнағы жалғанып тұр) сәйкес келетін сөз тек ерулі (мұнда да еру түбіріне -лі жұрнағы жалғанып тұр). Ал, осы «егеулі» сөзіне «ереуіл» сөзін жанастыруға болады, бірақ бұлар таза ұйқасқа жатпайды – дегенді айтады [241, б.38]; [246]. Е. Жанпейісов: Ереуіл-ере-у-іл (арқа-у-ыл, айда-у-ыл дегендер сияқты). Ереуіл қазақ тілінде қазір «забастовка» терминінің баламасы ретінде қолданылады, тек осы, бір ғана тұлғада жұмсалады – дейді [215, б.73]. Р. Сыздыќова ерулі сµзіне талдау жасап µз пікірін келтірген: ереуіл – монѓол сµзі, маѓынасы «тыњ, к‰шті», б±л контексте жорыќќа алып шыѓатын ќосалќы (запас) атты білдіреді – дейді де [247, б.195-196], мына пікірді келтіреді Л. Будагов ћараул, ќазаќша ереуіл сµздерін «авангартд следовавший за передовым отрядом» – деп т‰сіндіреді де, монѓолша ирэгуль жекпе-жекке шыќќандар (воины единоборцы). Жекпе-жекке кімніњ шыѓуы керек екеніне кейде бал ашатын болѓан демек, монѓол тілінде б±л сµздіњ «бал ашу (гадать)» деген маѓынасы да бар дейді (Будагов, I, 186) із кесіп д±рысы ереуіл болу керек – дейді [24, б.56-58]. Дәл осы Будагов жазған түсінікті өзінің негізінде берсек былай болып шығады: дж. кир. һрул, һраул, айраул – (мән беріңіз айрауыл) (ереуіл – А.Қ.) авангардъ, слдовавшій за передовымъ отрядомъ. По дж. сл. һраул небольшой отрядъ, посылаемый на помощъ загонщикамъ или наздникамъ по монг. аирағул назывались воины единоборцы, которыхъ выбирали съ двухъ воюющихъ сторонъ для ршенія; иногда ворожеи гадали кого выбирать, и потому слово это приняло значеніе гадать (сравни съ словомъ тат. йорлмқ – см. Шейбани, 72, замч. 92) [212, б.186]. Ќ. ¤мірєлиев ќазаќша ереуіл сµзін монѓолдыњ ирэгуль сµзімен байланыстырады (Сµздеріміздіњ тарихынан, 80); Б. Аманшин Сабыр Қазыбаевқа «ереуліні» – «ереуіл» сөзінің бұрмаланған түрі, дұрысы – «Ереуіл атқа ер салмай» дегенге дау айтады. Б. Аманшин …ереулі де емес, ереуіл де емес, дұрысы ерулі – дейді (Қазақ әдебиеті. 1980. №11 (1517). З. Қабдолов: «Ереулі» де емес, «ерулі» де емес, «ереуіл» (Қазақ әдебиеті. 1981. № 39); (Арна. 1988. 252). Б. Аманшиннің Ғ. Мүсіреповке жүгініп жазған хатына Ғ. Мүсірепов: …ереулі деп қате басылған (яғни-емле қатесі), әйтпесе өлеңнің екінші жолындағы егеулі деген сөзге ұйқасымы үшін қолдан өзгертілген, яғни жасанды сөз деп ұғу қажет деген еді (Жұлдыз. 1983. № 1. 183). Қ. Мұқаметқанов: Дұрысы – ерулі атқа ер салмай (Семсер жырға сергек қарайық. Қазақ әдебиеті. № 19 (1837). ¤. Аќыпбеков «Біздіњ ойымызша, ереуіл ат соѓыс тактикасына арнап жаратылѓан ат болса керек» – дейді (Тµрт т‰лік тµресі кім? / Қ±раст. Аќыпбеков ¤. / – Алматы: Ќайнар, 1990. 64). Ќазаќтыњ «ереуіне ќаруы» деген маќалындаѓы «еру» сµзі де осы сµздермен бір т‰бірлес – деп айтып отыру ќажет (Библиотека Восточных историков. – Т. 1. 1843.) (Ќ±лмаѓамбетова Б., Елемесова Ж., Ќалауова З. Ќазаќ тілі сабаќтарында тіл дамыту. – Алматы, 1992. 22-23). Ә. Єбіласан – ереуілге (±рыс таѓдырын шешетін ерлердіњ жекпе-жекке шыѓарда мінетін аты) (Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992. – № 5, 6. 61). Біздің байқағанымыз кµбіне ереулі сµзі жиі ќолданыс тапќан. Соњѓы кезде, ерулі ме, ереуіл ме? – дегенге қайтып оралдық: Є. Ќайдар ерулі болуы керек дейді // Ќазаќ єдебиеті, 2002; Серікбай Ќосан. Ана тілі, 2003 т.б.

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет