Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы 2 Том


Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қара тігудің



бет13/18
Дата15.09.2017
өлшемі3,93 Mb.
#32232
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қара тігудің түріне найза шаншуды атайды ол өлген адамның ел мен ер бастаған батыр екендігін көрсетеді. Найзаны сындырсын деп отырғаны жылы толғаны. Ас беруге дайындық жасалсын дегені. Тігілген қараны алып тастау мәртебесі де кім көрінгеннің еншісіне бұйырмаған. Оған сый-сияпат ат берген, шапан жапқан. *Сеп өлікке қатысты да жиналған.

Ас, қонақ ас. Қазан-жабдық бөлімінде де біраз айтылды, қараңыз. Жантемір мырза атанды жас күнінен, Берумен жарастықты қонақ асы (М-Ж., 328); Кісі өлгенге «ас» берілген. Тарихта ұмыт болмаған Сағынайдың асында Ақан серінің Құлагері мерт болған. Қара – жылына «ас» береміз дегеннің де белгісі (Қ. Халид, 180); Арабша «дәм», «тағам» деген сөздің қазақша мағынасы «ас», «тамақ» (С. Мұқанов. 1974. - Б. 112). Ас – завершающим элементом в погребальном ритуале, как правило принято считать ас. Традиционным центральным значением его (т.е. слова ас) является `еде, пища` т.б. (Жанпейісов, 73). Қонақ асы – угошение – (Потанин, 325). Ас – поминка по умершем (Тверитин, 116). Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталды (С. Мұқанов. 1974. – 112 б.). Ш. Уәлиханов астың бірнеше түрін: керез ас – өлген кісіге арналған ас. Керез – өлер алдындағы өсиет сөз; Қырық ас – «қырықы», «қырық күн өткен соң берілетін ас; Ұлы ас – өлген кісіге жылы өткен соң берілетін – ас деп атап өткен [240, б.261-263].

Астың `тағам, ас` деген мағынасы көптеген түркі тілдерінде сақталған. қырғ. ас `шақырылған түстік, еске алу (ас) `; аш беру, ал қазан. аш оздырмақ `ас беру` (БСл, I, с. 49); қырғ. қара аш `жерлеп келгеннен кейінгі кіші ас`, чоң аш `жылына ас беру`(КРС, с. 83); як. аттанар ас `келіннің ата-анасының үйінен аттанып, күйеудің үйіне барардағы дайындалған тағам`; іті кіlläрäр ас `үйленген жастар мінген поездің келерінде беретін ас` (Пекарский, I, с. 164); казан. как төш ашы `үйінде тойда болған, жаңа үйленген қонақтарға берілген кішігірім той` (РСл, с. 584). тадж. оши кенгош `үйлену тойы болар кездегі алдын ала туыстарына, таныстарына кеңесу үшін шақырғанда берілетін тағам`; оши сол `ең жақын туысының жылына жасалған құрмет`; оши нахорû `үйлену тойы кезіндегі таңғы құрмет` (Тадж РС, с. 291); уз. маслахат оши `үйлену тойы болар кездегі тек қана шағын туыстарын кеңесу үшін шақырғанда берілетін той сымақ`; хотин оши `пішпе күні әйелдерге жасалған тағам`; қиз оши `қыз үйінде тойға бір күн қалғанда жасалатын той (кеш); қыздарға ұзатуға бір күн қалғанда жасалатын той (кеш) (УзРС, с. З11); туркм. аш бермек `қайтыс болған ата-анасын еске алу үшін жасалған ас`; агзыбир ашы `некелері қиылғаннан соң ертеңінде берілетін түстік` (Туркм РС, с. 59), казан., мещ. урнаш (вм. үрүн аш) `құпия (үйде үлкені жоқ кезде жасалады) дайындалатын тәтті тағам ` (БСл, I, с. 48), урынаш `кешкі ас кезіндегі отырыс`. Бұл мәліметтерде салыстыра келе Э.В. Севортян былай деп жазды: «Аш, вероятно, из иранского аš.» Одним из старейших среди тюркских значений аш должен быть `суп (похлебка)`, т.е.: 1) `вареная пища, варево`, 2) `не только мясная, но, по-видимому, и растительная`. Достаточно старым должно быть также обобщенное значение `еда, пища`, которое является единственным в древнейших памятниках тюркских языков... Старым следует считать также значение ` (жертвенная), пища` (Gabain Hü), откуда `поминки` в кирг., каз., калп., уйг.» (ЭСТЯ, с.211) [208, б.75]. А. Жилкубаева: Э.В. Севортяннің: ас / аш тегінде пехвалин тілінен ауыса отырып, түркі тілінде ертеде етістікті – зат есімді омоним болғанын, бір мезгілде атау тұлғасында және етістік: `тағам` және `тағамдану` мағынасы болған мұның жанама дәлелі ретінде ол, көне сөзжасам моделін ашіч аш + (и) ч қару жарақ мағынасындағы `қазан` – деген пікіріне сүйенеді (ЭСТЯ, 211) [209, б.310]. Э.В. Севортян қазіргі түркі тіліндегі ас этнонимінің а: ш жеті семантикалық тобының мағынасын көрсетеді. Ас / аш > қазан болуы мүмкін.

Түйін. Өлген кісіге ас берген оның: керез ас, қырық ас, ұлы ас, қонақ ас түрлері болған. Өлген ата-бабасының үйін қара шаңырақ деген. Шаңырақтың қара болуы сын есіммен байланысы шамалы, өз алдына көк сияқты ұғым болғаны байқалады. О баста айтылып отырған өлікке қатысты қаралы үй дегенмен байланысты болған да келе-келе қара шаңырақ үлкен үй, кенженің үйі, өздерінің шыққан үйі сияқты басқа мағыналық сипат алған. Қара шаңырақтың иесі әр қашан да ең кенже баласы болған. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қара шаңырақ этнографизімін кімге тиеселі, кім оның иесі сияқты мағынада қолданған. Қараның да көк сияқты бірнеше мағынасы болған және дербес ұғым ретінде қалыптасқан.

Қара шаңырақ. Ќараныњ ќара шањыраѓы Жєдігерде; Жєдігердіњ ќара шањыраѓы Мємбетбайда (М-Ж., 47); Қара шаңырақ=хранитель традиций предков; уважаемый, почитаемый дом. А. Кайдар: *Шаңырақ - круглый остов с перекрестьем внутри, которым завершается сферический купол юрты и который служит одновременно окном и отверстием для выхода дыма. Сочетание слова шаңырақ с определением *қара, нецветовым значением которого является «древний и почетный», придающий его обладателю покровительство предков», в целом придает ему сакральный смысл – дейді [233, б.209]. Қарашаңырақ - үлкен үй (Жанпейісов, 110). Шањыраќ – ата-бабасыныњ кенже балаѓа ќалѓан ‰йі. Ол кµбіне кенже балаѓа тиесілі болѓан.

Қара шаңырақ пен семантикалық мағынасы жуық қара басым тіркесі кездеседі: – Келіп пе едіњ ќайнаѓа, Ќайнаѓам келер к‰н болса, Ќара басым садаѓа (ЌЖ, 35); Қара басым хан болдым Бір перзентке зар болдым (М-Ж., 174); Шаңырақ бөлімін қараңыз. Қара шаңырақ дүние-мүлкімен, мал-жанымен кенже балаға өтіп отырған. Дау-дамай ағайындардың арасында көбіне дүние үшін болып отырған. Қара шаңырақ пен сеп қаралы деген единицалар белгілі бір мағынасы жағынан сәл де болса жақын келетіні байқалады.

Сеп. Жићаз, мєйіттіњ µзі себеп боп жинаѓан м‰лкі: сырмаќ, кілем не нєрсе жиса жарыќќа шыѓып, жаќын-туѓаныныњ баѓалы м‰лкі таѓы жиналу керек. Тіршілікте не өкпесі болса, өлген кісі үшін ол шетте тұрып, мына қарбаласта ауыз бірлікте тұрады. Келген-кеткендер күтіп алынып, шығарып салу ауыл болып атқарылады, себебі бірге көшіп, бірге қонып жүрген жұрты [207, б.180]. Сеп – µлікті жерлеу рєсімімен байланысты, ойрат-сеп., турк-сеп., µзб-сеп сый, сыйлыќ маѓынасында аздаѓан µзгерістерімен беріледі. Сеп – т‰бірінен µрбіген сµздердіњ этимологиясына да кењінен шолу жасаѓан (Жанпейісов, 69-72); В старину тела батыров, погибших в схватках на чужой стороне, привозили в родной аул. В могилу вместе с ними клали саблю, копье, лук и стрелы, на могилу – порох и свинцовые пули. Тела биев, ханов, султанов отвозили в Туркестан и хоронили неподалеку от гроба ходжи Ахмета Ясави (См. А. Левшин. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей, ч. III. СПб., 1832, стр. 115; П.С. Паллас. Путешествие по разным провинциям Российского государства, ч. I, т. II. СПб., 1770, стр. 293 и др); Таким образом только в казахском языке слова «сеп» выступает в значении «приданое невесты» [208, б.71].

Түйін. Сеп < қаралы үйде де, қыздың ұзату тойында да болатын дәстүрдің атауы. Сеп пен септесу түбірлес сөздер, көмек дегенді білдіреді. Сеп пен жыртыс та өлік жөнелтудегі дәстүрлердің бірі болып табылады.

Жыртыс. Топтап келген қатынға, Жыртысты қаба беріпті (Манас, 264). Жаназаға жиылған жан басына бір-бір кез жыртыс бердірген: «Жайнамаз қылып алсын!» деп. Өзге шығарған малдан бөлек, «Жаназақы» деп, төрт түйе байлаған (М-Ж. 9 т. - 241 б.).

Жыртыс лексемасы жырт түбір мен -ыс қосымшадан тұратын сияқты. «Жыртыс» (от слова «жыртпақ» – «рвать»), представляет собой небольшие кусочки ткани. Обычно, если покойник был почтенного возраста, то жыртыс сопровождается словами: «Жасын берсін» [265, б.154]. Тур. тат. йртқ іыртмакъ, дж. йтрғқ, к.сл. арғқ, айрғық, кир. жртық джыртъ или жыртъ разоврать, разодрать (пон. форма отъ йрмқ), йртық, жртық драніе, кир. жырту обычай рвать одежду умирающаго, для облегченія агоніи, тртұқ, тртық, тыртық изодранный, оторванный кусокъ, тртқармық изодрать, разодрать на куски, тртқұмқ, тыртықм, кир. жыртық тур. тыртығы раздирающій, хищный, зврскій, хищный зврь, велть или дать разодрать, разодрану, изорваться, щель, расщелина въ земл (транслитерация жасаған – А.Қ.) (Будагов, 1871: 354). Ерте уақытта өлген адамның жасы елу жастан кем болса, жыртыс таратылмаған. Жыртыс көбіне сыйлы, үлкен құрметті адамдарға таратылған (сол кісілердің жасын, қасиетін берсін деп). Ислам дінінің енуімен Мұхаммет пайғамбардың жасына 63 байланысты тоқтаған. Жыртыс сияқты ешүк деген түр де болған. М.Қашқари ешүк сырт киім, жамылғы: ЕШҮК хандар мен бектер өлгенде, олардың қабірлерінің үстіне жабылып, кейін жоқ жітік, кемтарларға, пақырларға үлестіріп беретін жібек мата дейді [230, б.96-101].

Түйін. Қазіргі кезде туған-туыстары өлген кісінің үйіне костюм-шалбар, плащ, куртка, польто, байлауыш сияқты бұйымдар апарады. Павлодар облысында кісі өлген күні көңіл айтады да, жабдығында (жетісі, қырқы, жылы) бата жасайды (қалтасына байланысты ақша береді). Ал, өлген үйдің иесі қолы жеткендері өлік үстінен ет жақын туыстарына, жолдастарына, қызметтес адамдарына киім, түрлі мата таратады. Ал, жерлеуге барғандарға қол орамал тарататын әдет кірді. Өлік жөнелту кей жерде тойдан бір кем өтпейтін дәрежеге, бәсекеге айналған сыңайлы. Жыртыс > адамның өлер алдындағы соңғы тынысы, ауа жетпей жанталасып киімін жыртуынан шыққан.

Хан талапай. Кенесарының ойдан ұрып, қырдан қырып жинаған жылқысын Ағыбай, Жанайдар: «Хан талау» деп, олжалап алып кетіпті: (М-Ж., 9 т. – Б. 109). Хан қайтқанда тұтынған барлық дүние мүлкін отауына жинап қойып, артынан туған-туыстарына таратқан.

Телім сұрау. Жасы келіп өлген, жұртқа қадірлі адамдардың киімінен телім сұраған. Сол сияқты әулие атанған діндарлардың киімін жыртып, телім еткен. Ақ киізге көтеріп, хан сайлаған соң, сол киізді тіліп - тіліп телім сұраушыларға берген. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жыртыс лексемасын өлген кісінің артынан мата, бұл тарату сияқты мағынада қолданған. Тұл о баста тікелей өлікке қатысты айтылған. Өлген адамның әйелінің жалғыз қалуын-тұл деген.

Т±л. Ж‰рсе ќоян жым болар, Алѓаны µлген т±л болар (ЌЖ, 34); Орта ж‰здіњ ішіне, Атымды т±лдап байласын (М-Ж., 36);

Дул. Вдова и сироть (Радлов, III том. 1792). Т±л зат 1. Жесір. Д‰лей аќ боран, Ќатал ќыстыњ кешінде, Т±л ананыњ ањыраѓан, Зарлы даусы есімде (Кµшімов). 2. Ауыс. Жетім, жалѓыз-жарым ќалу. Ќайратсыз ашу - т±л, Шєкіртсіз ѓалым - т±л (Абай) (ЌТТС, 373); Л.З. Будагов: дж تول тул (у) 1) = طولд±л вдова. 2) мученіе въ родахъ овецъ и коровъ, роды что въ кир طولغاق толѓаќ отсюда вроятно, въ алт. تولنامق толѓамќ прошед. تولدوديтолд±ды (ö) оплодотворять (о лошадяхъ), размножатъ, تولغو т±лѓы родъ, поколніе; 3) конь снаряженный для боя, 4) коренъ гл. تولمقт±лмаќ 5) частица, обозначающая оттнокъ цвтовъ: سر بغتول, افتول афтұл, сер баѓтұл бловатый, желтоватый деп түсіндірсе, енді бірде: тур. тат.طول (د,ن) д±л дуль, тулъ кир., толъ, вдова, вдовый (طول, طول اير خاطون, طولللق т±л, долайыр хат±н толлақ) вдовство, طولاي долай вдовцом; гл. طوللانمق долламақ, طول بولوب قالمق дұл болып ќалмаќ, кир. طول تاودي تاولايدي (طولدا)т±лда, надвать трауръ по смерти мужа (надвать на голову черное, верблюдовь покрывають черн. Сукномъ при перекочевкъ; трауръ продолжается годь) Нын муллы стараются уничтожить этотъ обычай. Ильм.). – (транслитерациясын жасаған – А.Қ.) – деп түсіндіреді [212, б.403-751]. Т±л сµзі кµптеген т‰ркі тілдерінде `жесір` сияќты маѓынасымен танымал. Кейбір т‰ркі тілдерінде ол басќа да маѓына берген. Мысалы, К.К. Юдахин µзініњ сµздігінде (1940 ж.) т±л лексемасын екі маѓынада: «В кирг. тул имеет особое и, как нам представляется, очень древнее значение: tul 1) [уст.] изображение умершего мужа, которое ставилось над местом супружеского ложа (сидя под этим изображением, жена оплакивала мужа) (қараңыз жоғарыдағы келтірілген этнографиялық мысалдарды – А.Қ.); 2) траур по мужу; tul qatьn (ср. çesir ) вдова (до года по смерти мужа) (Покровская Л.А. Термины родства в тюркских языках // Историческое развития лексики тюркских языков. – М., 1967. С. 76, 77). Аталмыш сµздікте «к‰йеуін µлген сияќты бейнелеу» ал, жања басылымда «аѓаш ќањќасыныњ ‰стіндегі киімі мен бас киімі» – деп неѓ±рлым наќтыланады. Осы этнографиялыќ т±л мына сµз тіркесінде: тулга олтур немесе тул сакта `к‰йеуін жоќтау`; алган жарым Кулканыш олтурбасын тулума фольк. (Юсл, с. 764). Осыѓан ±ќсас жайттарды П.Н. Потанин мен М.М. Ковалевская Іле аймаѓында т±ратын ќазаќтардыњ т±рмыс-салтынан жєне монѓол, бурят жєне таѓы басќа халыќтардан байќаѓанын атап µтті (ЌТЌЭС, с. 193, 194). Б±л жерлеу дєст‰рі кµне т‰ркілердіњ т±рмысында ежелден белгілі, мысалы, Küli çurï‰ lolatï bedïzin bedirti `К‰л Шораѓа ас беріп, оныњ бейнесін ойып жасады` (ДТС, с. 270).

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп тұл лексемасын өлген адамға қатысты дара, жалғыз қалған деген мағынада қолданған. Осы тұлдың да мағынасы өте тереңге кетеді. Өлген адаммен аяқтап тұйыққа тірелген сияқты қоя салуға да болар еді. Бірақ, мына жайттар болмаса: тұл > тал > (түсінігін қараңыз) > (тасаттықтың мағынасында өмір сүру, күн көру идеясы жатыр). Будагов тұл сөзіне тағы мынандай түсінік береді тулъ – длина, долгота, долгота жизни, первый меридіанъ, въ длину, ширину и глубину бұл – біздің мына жазғанымызға түрткі беріп, ойымызға ой қосады. Қараңыз Будагов: 751 бетті. Ал осы жазылған жайттар өмір қысқа, шолақ дегенге келеді де ұрық, ұрпақ дегенге жалғасады. Тіршілік, өмір «қозғалыс» арқылы жалғасып адам өзін қайта табады. Адам өзінің шыққан жеріне айналып қайтып келеді. Өлген адам ұрпағымен мың жасайды – деген осы. Жер өз өсін айнала отырып күнді айналып жүреді. Бұл құбылыс Тәңір мен Ұмай, Адам ата мен Хауа ана, Аталық пен Аналық арқылы реттелген сияқты. Тұл > тұлып.

Тұлып. ‡лкен ќоян терісін т±лып ќылып, Тартќан жарѓа кµрінсе бармайт±ѓын М-Ж., 1907: 25).

Тұл+ып түбір мен қосымша арқылы жасалған сөз сияқты. Мұндай дєст‰рдіњ дара сипаты кейбір т‰ркі тілдерінде `т±лып` деген маѓынада ќолданылған. Тулупъ – мшокъ безъ швовъ, изъ цльной выдланной кожи (Будагов, 808). В. Радлов тулуп 1) дубленая цлая кожа животныхъ [205, 1470]. Т±лып – 1.зат. жања туѓан малдыњ тµлі µлгенде оныњ терісініњ ішіне шµп, сабан немесе жел толтырып тігіп ќойѓан зат (ЌТТС, 373).

Мысалы, ќазаќтар б±зауы µлген сиырды (інгенді – автор) саууѓа келгенде, сиырдыњ алдына б±заудыњ (ботаныњ) терісі т±тастай сыпырылып алынѓан, ішіне шµп тыѓындап, жел үрлеп єкеліп ќойѓан. М±ны «т±лып» деген. Б±ндай сиыр сауу ‰лгісі єдебиетте де кµрініс тапќан. Б±зауы µлген сиырдай, Сауын иіп Дулат ж‰р, Місе тұтып т±лыпты (Дулат Бабатайұлы). Ќараќалпаќтыњ т±лып сµзі де маѓынасы тµркіндес: тулып 1) `ішіне шµп тыѓындалѓан б±заудыњ терісі (сиырды сауу кезінде алдына єкеліп ќойѓан)` (КкРс, с. 654); салыс.: кµн. –т‰ркі. tolр `т±тас, барлыѓы, т‰гелімен` (Малов, с.431); тулупъ ` тігісі жоќ ќап, т±тас сыпырылып алынѓан тері` (БСл, I, с. 808), Т±л термині кейбір т‰ркі тілдеріндегі `сырты, сыртќы т‰рі` тіркесімен тарихи байланысы бар, мысалы: чув. tul `сыртќы бейнесі`, tulaš `сырты, сыртќы т‰рі` tula-дан (<tul) `сыртќы беті` + štullat `матамен жабу (мысалы, тонды)` tul-дан `сыртќы киімі дегенді білдіреді (Левитская, 1976, 166 б.). ќырѓ. тулдан `ќаралы т‰рге ену` (Юсл, III, с. 764); чаѓ. tul `соѓысќа жабдыќталѓан ат` (РСль, III, c7 1465); як. тула `айнала, тµњірек` < тул `айнала ж‰ру` (Папов, 1986, с.35) (Е.Н. Жанпеисов. 1989:60-63). Э.В. Севортян т±л формасыныњ тол // тул //тýл //tul //тулы кµптеген т‰ркі тілдерінде ±шырасатынын байќаѓан. Э.В. Севортян т±лдыњ мынадай тµмендегі мағыналарын атап µтеді:

1) жесір – т‰ркі., т‰ркм., єз., гг., ќќалп., ќ±м., мох., ќќалп., ±йѓ., Usр.; кейбір тіркес сол маѓынада т±л//тул-дан + хатын / єйел /епчи (‘жесір / к‰йеусіз єйел’ = ‘жесір’) ал, єз., ќ±м. Мох., ќаз., ±йѓ. диал. Le Goq, Бор. ЛТ (єйел, б±рын т±рмыста болѓан, ажырасќан), Houts. жєне т.б.

2) жесір – т‰рік., т‰ркм., єз., гаг., ќар., ќ±м., мох., µзб., ±йѓ. диал. Мал. УНС, койб. Gastr., Буд., Zen., Gaf. EuS, Erg.;

3) жесір – к‰йеусіз –т‰ркі., т‰ркм., гаг., ќќалп., ќ±м., мох., µзб., ±йѓ., ±йѓ.диал. Le Goq, лоб., Буд., Zen., Usр.;

4) талаќ немесе ажырасќан – Zen.;

5) тірі к‰йеуініњ орнында сияќты µлген к‰йеуін бейнелеу (жоѓарыда айтылды – автор), ќырѓ. к‰йеуін жоќтау.;



6) кедей – Vám. DSр.

*Жоѓарыда келтірілген формадан басќа, кейбір деректерде туынды сµздер кездеседі: чув. тãлãх `жетім, жетімек`, tulaz ‡. Ve Z. XX, тýлас тат. диал. Тум. 190, дулѓуйаќ тув., тула: йах як., т‰й‰л бал. Шаум. 81 – барлыѓы да `жесір `немесе `жесір ~ жесірлік` тат. диал., тув., `жалѓыздыќ, жетім, жалѓыз т±рѓан` яќ. Бар жадыѓаттар негізінде туынды формалардыњ пайда болуы туралы айту µте ќиын. Соњѓы (-з, -х) элементтіњ ќатысына ќараѓанда туынды негізгі етістік болуы да м‰мкін. Балкарлыќ форманыњ этимологиясы б±л тул мєселесін шешуде басќа баѓытќа сілтейді. Tulaz т±лѓасы ~ тýлас – баршасы сияќты маѓына берсе; тува формасы: дулѓуйаќ жєне як. тула : йах м‰мкін тулѓудан пайда болуы (салыс. тулѓу) `м‰лдем жалѓыз` Р III 1474 – 1475 – кыз.) жєне де монѓол. : салыс. ќалм. tul‰û`жалѓыз, жетімшілік, ќоспасыз` (tsul‰й орнына), [tul, gui; т‰рік. tul `жалѓаз, жесір`, ќыз. tu‰lu `м‰лдем жалѓыз`] Ram. KWb. 409; ќара. сол сияќты Рам. 188 (Э.В. Севортян. ЭСТЯ, 1980: 292-293). Э.В. Севортян т±л т‰бір сµзініњ алты маѓынасын кµрсеткен де, Е. Жанпейісов жазѓан 7-ші мағынасын т±лып көрсетпеген. Түркілер ерте уақытта б±зауы µлген сиыр не ботасынан айрылған түйе (жалпы ұрғашы мал) т±л (жалѓыз) ќалғанда оны алдандырып сауу ‰шін т±лып (сол µлген б±заудыњ терісін т±тас сыпырып ішіне шµп тыѓындап) жасайды екен. Бұл ой жоғарыда айтылды, дегенмен оқырманның есіне тағы да сала кеткенді жөн санадық. Т±л т±лѓасы єуелде етістік (ту) болып, одан ауыс маѓына ту (сын.е. м‰лдем тумаѓан, тµлдемеген мал – (ЌТТС, 370) демек, ту (т±лып секілді тµлдемейді деген ±ѓымда-автор) (ту//т±/т±±//т±л) одан сын есім (адъективтену) т±л + ып (субьстантивтену) кµне ж±рнаќ арќылы (ќазір кµсемшеніњ ж±рнаѓы) жасалѓан. Глаголу ту- принадлежит; существительные с афф. -маќ ту - маќ `бµгет, ќамал` Севортянныњ алѓан сілтемесі (ЭСЛТЯ, 293). Н.А. Баскаков: -мек личная форма -ше действие, -мак, -мек, -бень, -бен, -пань, -пен, -макь которое значение живого, активного аффикса превратился мертвой аффикс, которое скорее образует имя. Батпакь «болото» (от бат «погружаться»); сокьпакь («троп» (от сокь «бить, топтать») – дейді [266, б.89]. -Ып кµсемше функциясы туралы П.М. Мелиоранский да жазды [267, б.63]. - Чув. тãлãх арãм `жесір` (тãл + ãх) тãл // tul // тул // тол // т±л т‰бірінен µрбігені белгілі. (тол лоб., Буд. I 751 ќарањыз Севортянды-автор).

Түйін. Демек, тұлып // талаќ // т±л маѓыналас бір т‰бірден шыќќан сµз деуге толыќ негіз бар. Ќазаќтыњ талаќ ќатын `ажырасќан` сµз тіркесімен т±л ќатын `жесір` семантикалыќ маѓынасы бір. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев тұлып лексемасын теріден тігілген тон сияқты мағынада қолданған. Жалғыздықты өлген төлді (тұлыпты) айтқаны дәлел бола алады. Тұл > тұлып > талақ > тулақ. Талақ туралы отбасылық лексикаға да қатысты айтқанбыз-қараңыз.

Талақ. Ләкин Никах, талақ, мирас ісін, Лайық өзі бітіру дауы болса (М-Ж., 34);

Талақ сөзі ажырасќан єйел `жалѓыз`қалды-т±л дегенге келеді. Т±л т‰бірі тулаќ сµзініњ тууына негіз болѓан оныњ семантикалыќ маѓынасы (т±лып = тулаќ) сµзіне µте жуыќ, тіпті бір десе де болады. Ту // т±мса сµздерініњ де семантикалыќ маѓынасы жаќын `тµлдемеген`, `єлі тµлдемеген` (т±мса ќой, т±мса (бедеу ќатын) тілімізде ќолданылады. Т±мса – зат. Алѓашќы босанатын єйел немесе бірінші рет туатын мал (ЌТТС, 374). Л.З. Будагов: кир. طولاق д±лаќ тулакъ, сухая коровья или лошадиная. Шкура, на которой бьють шересть для кошмы (1869: 751 б); Тулаќ – зат. Тµсеніш орнына ќолданылатын ж‰ні алынбаѓан малдыњ терісі (ЌТТС, 370). Тулакъ – сухая коровья или лошад. Шкура, на которой бьють шерсть для кошмы (Буд., 751). Жасыбай ќу с‰йекті ‰гіп, к‰л ќылып, бір аќ ш‰берекке т‰йіп, бір тулаќтыњ п±шпаѓына байлап, ќарауыл ќарайтын тасына шыѓыпты. К‰н ќатты дауыл, уілдеп т±рѓан жел екен, тулаќты аспанѓа ±шырып к‰лді шашылат±ѓын ќылып ќоя беріпті (М-Ж., Олжабай батыр); Сабылтып жалғыз атын тулақ қылып (М-Ж., 37); Т±лып – ж‰ні алынбаѓан жас малдыњ терісі, ішіне шµп тыѓылѓан. Сєл ѓана айырмашылыѓынан басќа семантикалыќ маѓынасы да, шыѓу тµркіні де бір сµз екендігі айтпаса да т‰сінікті. Ќазаќ тілінде: (ту) > т±л сµзіне былай т‰сінік берілген Т±л – (у) 1) = жесір. 2) ќой, сиырдыњ тµлдер, б±заулар кезіндегі азап шегуі (арабша: тµлі, к‰шенуі – деп берілген (Ценк. Изъ SL), сол секілді ќырѓ. толѓаќ; осыдан м‰мкін алт. толѓамыќ µткен шаќ тµлдеді (ö) тµлдетіп алу (жылќыѓа байланысты), кµбейту, тµлін тудыру, жалѓастырушы (Рад. 216, 382) сияқты мағына береді.

Түйін. Талақ сөзі ажырасќан єйел `жалѓыз`қалды – т±л дегенге келеді. Мәшһүр-Жүсіп те талақ лексемасын осы мағынада қолданған. Талақ > тулақ > тұлып > тұлға.

Тұлға. Анадан енді тумас мұндай тұлға, Таусылмас жазсам қанша қылған ісі (М-Ж., 330);

Тулға – 1) тло, фигура человека [205, б.1473]. Тулга – сложеніе тла, статность, станъ – десе, тағы бір де тұлға تولغا – от басы, старшина, تولغا بولسام от басына тұлға болсам – деп жазды сөздігінде (Будагов, 1869: 752, 1871: 398). Тulga – 1) фигура (в возвышенном смысле), особая личность (каз) (С‰лейменов, 322); Толға тулга – глава, старшина, тұлға болсам аұйка (үйге) если и сделаюсь главою дома (стр. 13-5 строфа, 2 стихъ) (Буд., 1871: 398).

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп тұлға лексемасын дара, ешкімге ұқсамайды деген сияқты қолданған. Тұл + ға (түбір мен қосымшадан) тұрады. Бұл сөздің жасалуына негіз болған тұл түбір тұлғасы сияқты. Тұлға < тұл < тұла бойы // тал бойы.

Тұла бойы. Оймаќ ќ±рам сау жер жоќ, Т±ла бойында ќалмады (М-Ж., 197); Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты, Шашының ұзындығын тізе басты (Ақылбай, 287); Нұрына көзі Айбастың көріп жетті, Тал бойы қорғасындай еріп кетті (ҚКБС, 39). Тұла бойын топшылап, Бұлтиған бетін опалап (Манас). М. Отаров: Ш. Сарыбаев тұлабойы сөзін қарастыра келіп, екі түбірден: тұл және бойы құралатынын, *тұла < *тұл морфемасының қазақ тілінде жоқ екендігін, бірақ та тұл формасында кездесетінін және өз алдына дербес қарақалпақ, өзбек және басқа тілдерде `барлығы, баршасы` мағынасында қолданылатынын айтады (ҚТҚЭС. 194) [209, б.123]. Тұла мен тұлға түбірлес лексемалар. Тұл > тұл (-а) қосымша. Мысалы, Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты (ҚКБС, 40) Тал – шуваш тілінде `сыртқы әлпетті`, `барлығы` деген ұғыммен сай келеді екен. Тұл ~ тұла ~ тула~ толо ~ тола, Тулу ~ тал (бойы) ~ толай ~ тулай ~ тулайы, толайым `барлығы, түгел, сыртқы тұрпаты` мағынада болуы мүмкін (Жанпейісов, 66). Тал сөзі де осы «су (көл)» ұғымымен қатысты болуы керек Е. Жанпейісов [268, б.25-30]; Древнее значение талай +с будет `вода, озера, реки` (Муразаев, 170) Талас (тал + ас) р. Т. Омырзаков [209, б.215]. Будагов: тат. таль 1) тальникъ (дерево), қра тал (қара тал-А.Қ.) черно-талъ, кир. көп тал малокитникъ (salix caspica). 2) кир. бантикъ на конц косы. 3) тур. = дал, тал втвь. 4) = тал – 5. [212, б.728].

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет