Түйін. Жас келін түскенде берілетін ақшаның, малдың түрі көрімдік деп аталған. Көрімдікті берген де байлар барлығын көрсеткен. Көрімдікті кім көрінгенде бере бермеген, есебіне есесін беріп отырған. Көрімдік сияқты қазақтар бәсіре, еншісін де берген. Бәсірең деп жүз серке, Бөліп берді өзіне (Алпамыс, 214); – Қоста қалған остатка (астатке), еншің болсын! – деген екен (М-Ж., 10 т. – Б. 383). Ақ отау тігіп басыңа, Төрт түлік малдан еншіңді ал (Дулат Бабатайұлы, 79). Көрімдік пен сүйіншінің, байғазы, кемпір өлді (алу) мағынасы бір сияқты.
Сүйінші. Қайтқанда сүйіншіге мұны жібер, Солай! – деп, тапсырады барша жанға (Мәшһүр-Жүсіп., 139); Пайғамбарға сүйінші бермейсің бе, Мұхаммедтің үмбеті, бір құдайы (Мәшһүр-Жүсіп., 126);
Сүйінші радостное известие, подарок за него или за поздравление. В казахском народном быту человеку, первому сообщившему радостную весть, полагался подарок – суюнши. Приближаясь к аулу, вестник скакал во весь опор и кричал: «Сүйінші!». (ҚЖ, 1963: 283). Қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші берген. Сүйіншінің мөлшері сол мал-мүліктің бестен бір мөлшеріне тең екенін П.Е. Маковецкий жазады. Д`Андре «сұлтан, би немесе атақты кісілер қуанышты хабар жеткізгенімен, оларға сүйінші беру ыңғайсыз, оларды масқаралау болып табылады» – дейді. Сондықтан сүйінші сұрауға жасы келген қарттарды, құрметті адамдарды жұмсамайды. Көбіне жастарды жұмсаған. Г.Н. Тверитин: суюнчи - подарок за радостную весть [213, б.118]. В. Радлов сÿjÿншÿ- 1) радостный. 2) награда даваемая за хорошее извстіе [205, б.803]. Л. Будагов алт. сугуншъ а) радость, سيونجلوك радостный, кир. радостная встъ, б) подарокъ за доставленіе радостной всти, и въ этомъ значеніи въ дж. سيونجي Орыс жылнамаларында Карамзинде сіунчи сөзі ұшырасады. Онда ханның жарлығы (ярлыкахъ) встникъ мағынасында қолданылған [212, б.652]. Г. Потанин: сюншю – подарок за радостное известие – деп түсіндірген [234, б.83].