Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы



бет2/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88

Кіріспе


Ал өз шығармаларын былай қойып, басы ашық ескі үлгілерді жазып алып біздің дәуірге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және де естен шығармау керек. Сондықтан қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историяграфия бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт.




Мұхтар Әуезов




«Разнообразна и богата духовная культура народа, составной частью которой являются многообразные формы народного поэтического творчества – фольклор, включающий в себя сказки, предания, легенды, песни, поговорки, загадки. Особое место занимают в поэтическом творчестве казахов героический и социально – бытовой эпос, айтысы. Эпический жанр, выступающий способом изустной передачи межпоколенной информации, возник в древности, в течении столетий обогащался, развивался и в основном отобразил условия кочевого быта, патриархально – родового уклада предков» – [1, б.101]. Ата-бабамыз қалыптастырған заттық және рухани мәдениеттің бір бөлігі уақыттың тезіне шыдап, келесі ұрпаққа өте бағалы және асыл мұра ретінде қалды. Бұл орайда, Р. Ахметьянов: чуваштар мен татарлардың эпосы мен мұралары өзара байланысы жоқ және тілдік материалдарды аз береді екен. Себебі, чуваштар да, сол сияқты татарлар да өзінің ұлттық эпосын иеленбегенін өкінішпен еске алады. Бұл дегеніміз, түріктердің эпикалық поэмалары рулық-тайпалық бөлініспен байланысты болған. Ал, тайпалық одақ татарлар мен чуваштарда өзінің құнын ХIV–ХV ғасырларда-ақ жойған екен. Рулық-тайпалық құрылымның бұзылуымен бірге о дүниеге рулық дәстүр болып саналған ата-бабаның ерлігін жырлайтындар да кетіпті. Қыпшақ эпосы тек қана көрші татарларда, ноғайларда, башқұрт пен қазақтарда ғана сақталыпты. Сібір татарларында «Едіге» жыры сақталса, жалпы түркілік эпос «Алпамыс» татар мен чуваштарда қысқа ғана қарасөз үлгі сымағы ғана табылады дейді [2, б.184-185]. Р. З. Ахметьяновтың бұл сөзі әр қазақты ойландыру керек сияқты. Бұндай мәдениет – «мәдени мұра» – деп аталады. «Мұрагерлік» – ұлтты біріктіретін өте маңызды фактор. Ол – елді қиын жағдайда ұйымдастырады. «Мәдени мұрадан» басқа, мәдени статикаға «мәдени ареал» ұғымы да кіреді. «Мәдени ареал» – әртүрлі мәдениеттің ішінен ең маңызды сипаттары бір-біріне ұқсас болып табылып жататын географиялық аймақ. Әлемдік масштабта мәдени мұрагерлік «мәдени әмбебапты» – шығарады. «Мәдени әмбебап» – нормы, құндылық, ереже, дәстүр, қасиет бұлар географиялық орынға, тарихи уақытқа және қоғамның әлеуметтік құрылымына тәуелді емес. Американдық антропологтар жетпістен астам әмбебапты бөліп қарайды олардың арасында: жас ерекшелік градациясы, календарь, тазалықты сақтау, тамақ пісіру, еңбек кооперациясы, би, декоративті өнер, білім, этика, этикет, семья, той, заң, медицина, музыка, мифология, күн (число), күштеу санкциясы, жеке аттар, діни дәстүрлер және т.б. түрлері бар. «Мәдениет» бұл – атап өткендей аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. «Мәдениетті» тасушысына байланысты бөлу дәстүрге айналған. Осы тәуелділікке байланысты «әлемдік» және «ұлттық мәдениет» болып бөлінеді. «Әлемдік мәдениет» – бұл біздің планетаны мекендеген барлық әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениетінің ең жақсы жетістіктері. «Ұлттық мәдениет» өз кезегінде әртүрлі мәдени кластың синтезі ретінде, қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабаттың және топтың мүддесінен шығады. Ұлттық мәдениеттің әртүрлілігі оның қайталанбауы және жасампаздығы руханилығынан (тіл, әдебиеті, музыкасы, майлы бояу, діни), сол сияқты заттық мәдениетінен (экономикалық ерекшелік жағдайы, шаруашылықпен айналысу, еңбек дәстүрі және өндіріс) шығармашылық пен тіршілік сферасында т.б. көрінеді. Қоғамның көптеген мүшелері мәдениетінің құндылығын, сенімді, салт-дәстүрді басшылыққа алады. Сондықтан ол – «доминант мәдениеті» - деп аталады. Бірақ, қоғам бірнеше топқа (ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби т.б.) бөліне бастағандықтан әрқайсысында ақырындап өзіндік мәдениет қалыптасады, дәлірек айтқанда құндылық жүйесі және өзін-өзі ұстау ережесі қалыптасады. Осындай «кіші мәдениет әлемі» – «субмәдениет» – деп аталады. Мысалы: жастар субмәдениеті, кәрілер субмәдениеті, ұлттың азшылық субмәдениеті, кәсіби субмәдениеті, қалалық, ауылдық т.б. болып бөлінеді. «Доминант субмәдениеті» тіл ерекшелігі жағынан, өмірге көзқарасы, өзін-өзі ұстауы жағынан ерекшеленіп тұрады. «Субмәдениеттің» «доминант мәдениеттен» тек қана айырмашылығы болып қана қоймай, оған қарсы тұра алады, және де доминант құндылығымен әрқашан іліністе болады. Бұл – қарсымәдениет (контркультура) деген атпен жүреді. Қылмыс әлемінің субмәдениеті адамзат мәдениетіне қарсы болады. Мысалы, 60 - 70 жылдардағы жастардың қозғалысы «хиппи» Батыс Еуропа және АҚШ-тағы, америкалық құндылықтарды: атап айтқанда – әлеуметтік құндылықты, моральдық норманы және қоғамның тұтынушылық адамгершілік мұраттарын, ішіп-жеуді, саяси ымырашылдықты, сексуалды тұрақтылықты, конформизмді және рационализмді теріске шығарды. Қазақстандағы орыс тілді жастардың өз тілін, салт-дәстүрін, дінін білмей басқа дінге, секталарға енуі, батыстың кейбір мәдениетіне қол созуы, шетелдің порнографиясын, видеокасетасын дәріптеуі т.б. қосар едік. «Рухани мәдениет» – адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. «Мораль» – нормасы ретінде *«эстетика» мен «этика» адамның рухани сипатын анықтады. *«Эстетика» – (грек – ощущение) – өнер туралы философиялық оқу. «Этика» – (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез нормасы) адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, жоғарғы мәдениеттілік келбеті (Краткий философский словарь. 1940. – С. 323-324). «Салт-дәстүр» – адамзаттың рухани көне құбылыстарының бірі. Этнографиялық зерттеу мынаны көрсетеді: салт-дәстүр қоғамдағы архаикалық мәдениеттің доминанты болып табылады. Салт-дәстүр – әдеттегі саналы түрде адамзаттың аз өзгеріске түскен түрі. Әдет-ғұрып аса қарапайым мінез-құлықтардың бүтіндей, үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір – оқиға – жағдайға байланысты қолданылып жатады. Ол үлгіге қарекеттің айқындалмаған бір бөлігі енгізіледі (Ө. С. Төкенов. Мәдениеттану негіздері. 2001. – Б. 63.).
Рухани мәдениет пен мифологияның тұтасып, бітісіп кеткен тұсын Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени лексикасын талдағанда көзіміз жетті. Екеуінің айырмашылықтары да жоқ емес. Мифология көбіне адам қиялының жемісі ретінде көрініс береді. Сыртқы тылсым дүниенің сырын ұғынуға ұмтылудан шыққан әрекетпен бейнеленеді. Тәңір мен бата аяқты, ұмай мен неке қиярды, бақсы мен септі, абыз бен жасауды тіптен салыстыра алмаймыз. Әрине, бұл арада өлік шығаруға, сәби дүниеге келгенде жасалатын ырым-жоралар мифпен де байланысы байқалады. Ал, сеп, жасау, қалың мал, сүйінші, қынаменде сияқты лексикалар таза қазақтың өз ішінен шыққан рухани этномәдениетпен тығыз байланысты. Бірақ, кей жағдайда мифпен бекитін тұсы да жоқ емес. Біз Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармасынан алынған қазақтың этномәдени тұрмысына жақын лексикаларға ғана талдау жасайтын боламыз. Олар: бата аяқ (миф араласқан), талақ (дін араласқан), кит кигізу, сеп, жасау, қалың, қалың мал, жиырма, тоғыз (миф араласқан), шілдехана (миф араласқан), қынаменде, қыз ойнақ, көрімдік, сүйінші, байғазы, сауға, сауғат, төркін т.б.

Этносты танып-білуге тұс-тұсынан ат салысып, өзіндік үлесін қосушы қоғамдық ғылым салаларының бірі – мәдениеттану (культурология) десек, ол этнос болмысының ауқымды да маңызды саласымен шұғылданады. «Мәдениет» жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым – дейді академик Ә. Қайдар [3, б.13]. Этномәдениеттің тағылымы туралы К. Маркс, Ф. Энгельс: «Собственная территория и собственное имя. Каждое племя владело, кроме места своего действительного поселения, еще владело значительной областью для охоты и рыбной ловли. За пределами этой области лежало обширная нейтральная полоса, простиравшаяся вплоть до владений ближайшего племени, у племен с родственными языками это полоса была уже; у племен, не родственных друг другу по языку – шире» – дейді [4, б.92- 93]. Ру мен тайпалар өзара туыстық қарым-қатынаста болып қана қоймай, басқалармен де қоян-қолтық араласып отырды. Олар бір-бірімен салт-дәстүр, әдет-ғұрып жағынан да алмасты. Түріктер «Будун» «демосқа» [5, б.59] жақын жұрт кейіннен әртүрлі этносқа бөлінді. Қазақ елі өзіне тиесілі этномәдени дәстүрін сақтап қалды. Академик Ә. Қайдар: «Ал этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның сонау балаң кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір-тіршілігін, дүниетанымы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақталған фактілермен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады» – деп ойын түйіндейді [6, б.18-22]. Р.Р. Гельгартд: «Географический аспект комплексного изучения различных явлений материальной и духовной культуры позволял устанавливать «культурные провинции», «культурные ландшафты», то есть такие же «культурные круги» (kulturkreise), идея и основы методики исследований которых были выдвинуты и разработаны еще Гребнером» – деп сәл басқашалау пікірін білдіреді [7, б.340]. Р.Г. Ахметьянов: «Лексика любого языка делится на слова, обозначающие общечеловеческие понятия, и слова с национальными этнокультурными значениями» – дейді [8, б.3]. Е. Н. Жанпейісовтіњ «М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі (тарихи-этимологиялық байқаулар, материалдар)» [9, б.165] ењбегініњ орны ерекше. Кейіннен бұл еңбек, М. Әуезовтің жиырма томдық шығармалар жинағының этномәдени лексикасын зерттеуге мұрындық болды. Ол: «Ее богатство и разнообразие позволяют построить наше исследование по четырем основным тематическим разделам, в которых соответственно будет рассматриваться лексика материальной культуры, лексика духовной культуры, лексика народной метрологии (нумеративы) и лексика родственных и семейных отношений» – дейді [10, б.4]. Дәл осы сөзді М-Ж. Көпеевтің тіліне қатысты қолдансақ қателеспейміз. М-Ж. Көпеев шығармаларының тілі өзі өмір сүрген ортаны ғана қамтымайды. Тілдің даму барысындағы қазақтың көне этномәдени лексикасын да қамтиды. Мәшһүр-Жүсіп қолданысындағы этномәдени сөздердің түркі тектес тілдерде де ұшырасуы кездейсоқтық емес. Бұл түбі бір түркі тілдерінің генетикалық тұрғыдан бір болғандығының тағы да бір дәлелі. Әрине, кейбір сөздер этимологиясы жағынан көнеленіп басқа мағына, басқа сипат алғандығын да байқауға болады. Р.Г. Ахметьяновтың пікірі осы ойды жалғастыра түседі: Термины материальной культуры при совместной хозяйственной жизни быстро переходят из одного языка в другой. В ходе расселения по обширным пространствам Евразии тюрки вошли в контакты со множеством различных племен. Поэтому у них образовалось много локальных вариантов сельскохозяйственной, жилищной, ткацкой и т.д. терминологии. Но при этом все тюркские народы сохранили основной костяк словаря, относящегося к различным областям хозяйственной деятельности. Особенно прочно сохранилась терминология охоты и животноводства [2, б.170]. Бұл ойға орай Е.Н. Жанпейісов: «В прошлом материальная культура казахского во многом была связана с животноводством» – дейді [10, б.4]. Біз зерттеу объекті қылып алған: М-Ж. Көпеевтің 30 томдай [11, б.127-129] мол мұрасының баспадан шыққаны 2 томдық [12], Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағының 10 томы (2003 – 2007) және Көп томдық шығармалар жинағы [13, б.430], «Қазақ шежіресі» [14, б.75] мен «Гүлшат-Шеризат» [15, б.57-298] дастандарының түрлі нұсқасы т.б.

Жиналған материалдар мен карточкалар М-Ж. Көпеев шығармаларында этномәдениеттің барлық түрлері: 1) заттық мәдениет; 2) этнонимдер мен антропоним жєне топонимикалар (оныњ ішінде: оронимдер, гидронимдер, ойконимдер, эргонимдер, некронимдер, дрогонимдер, космонимикалар); 3) рухани, қоғамдық-әлеуметтік этномәдениет; 4) халықтық метрологиясы (нуменативтер ); 5) туыстық және жақын-жекжат атаулары мен жыныс – жас ерекшеліктеріне байланысты бµлінуі; 6) діни салт-дәстүрлері; 7) егін шаруашылығына байланысты лексика; 8) мал – аң, балық лексикасы (зоонимия); 9) халыќтық метрология; 10) көне әскери қару-жарақ аттары; 11) халықтың ескілікті наным-сенімдері; 12) мифология; 13) µсімдік терминдері (фитономия) кездесетінін көрсетті. Зерттеу ж±мысында б±л салалардыњ барлыѓын т‰гел ќамту м‰мкін еместігі байќалды. Оның сыртында Мәшһүр-Жүсіп қолжазбаларында орыс-еуропа зиялыларының еңбектеріне талдау жасағаны байқалады. Ақынның мысалшы екендігі, мақал-мәтелдің шығу тегін қарастырып, жұмбақтарды жинап, бай мұра ауыз әдебиетінен қазына қалдырып кеткені баршаға белгілі. Мал шаруашылығына байланысты сөздер, сөз тіркестері, фразеологизмдер М-Ж. Көпеевтің тілінде де көп кездеседі. Дегенмен, біз қазақ этносының әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен тығыз байланысты тарихи-этнографиялық мінездемесі бар, өзінің келбетімен фономорфологиялық қарым-қатынасқа түсе алатын, семантикалық мағынасы жағынан көне сөздермен этимологиялық байланыс жасауға қабілетті толық қатарлы формасы бар, және олармен гомогендік рет түзей алатын, қазақ халқының ±лттыќ тарихынан, салт-дєст‰рі мен єдет-ѓ±рпынан, мәдениетінен мәлімет беретін лексикамен ғана шектелеміз.

Мәшһүр-Жүсіпті кеңінен танып білу үшін ол – туралы айтылған нақты деректерге көз жүгіртелік. М-Ж. Көпеев шығармашылығымен кеңінен таныс С. Садуақасов: «Оның өлеңдері тұңғыш рет жазба түрде жарық көріп, қазақ әдебиетінің тарихында халықшылдық (астын сызған біз – А.Қ.) пен атайтын жаңа бір ағымның арнасын ашып берді» – деді [16]. Ақынның шығармаларымен бала кезден таныс академик Ә. Марғұлан: «Мәшһүр ақындықтан басқа ғалым – адам. Күншығыс, араб, парсы халқының тарихын, фәлсафасын жақсы білген. Химия, физика, геология, астрономия ғылымдарынан жақсы хабары болған. Мәшһүрдің бұл сияқты терең ғылымдармен танысуына көз болған, көбінесе атақты Әбдуғали Сина, Әл-Фараби сияқты орта ғасырдағы бұқара ғалымдарының шығармалары, жаңа араб, фарсы, түрік кітаптарын көп оқыған» – деп, бағасын берді [17]. «Сіз қазақтың заманында дүниеге келіп қалған гауһарсыз. Сіздің құлашыңыз ұзын, қиялыңыз терең, арманыңыз алыстағы өткен өмірде. Өйткені ескі сөздің, бұрынғы ақындардың қадірін білетіндер азайып бара жатыр» – дейді Ж. Аймауытов (ФП. № 1177. 1927 жылғы хаттан). Қазақ арасындағы сауатты ақындар – деп жазды Н. Сауранбаев қиссаларды, кейбір әңгімелерді шығыс дәстүрі деп осы тілде жазған, бірақ қазақ тілінің ерекшеліктерін көп сіңірген Мысалы: Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің, Нұржан Наушабаевтың, Ақмоланың т.б. шығармаларының тілі – осындай тіл [18, б.140. 19, б.330]. Бұл тұжырымдар – М-Ж. Көпеев шығармаларын оқып, зерттеп барып айтылѓан пікір. Түркітану ілімінде этномәдени лексика ғылыми үрдіс ала қойған жоқ. Бұның себептері жекелей тілдердің генетикалық, этимологиялық шығу тегі әлі де болса аз зерттелуінен болуы мүмкін. Кеңестік дәуірдің қолдан жасалған жалған интернационализмі де әсер етпей қойған жоқ. Қазақ тілінің екінші сортты болып, кенже қалуы да қатты ықпалын тигізді. Ғылыми зерттеу еңбектер орыс тілінде жазылды. Сонда да қазақ халқының этномәдениетіне тікелей немесе жанама болса да қатысты мәселелер ғалым түркітанушылар тарапынан өз қолдауын тауып жатты. Қазан төңкерісіне дейін, одан кейін де аз да болса қолға алынды. Академик Ә. Қайдаров: «Тек революцияға дейін ғана қазақ этнографиясы бойынша ірілі-уақты 1000 – нан астам еңбек жарық көрген екен» – дейді [20, б.20]. Ә. Қайдаровтың редакторлығымен жарыққа шыққан М.М. Копыленконың «Основы этнолингвистики» деген кітабында 1044 еңбектің тізімі берілген [21, б.13-32]. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Ш. Уәлиханов [22, б.13-32] пен Ы. Алтынсариннің [23, б.13-32] қазақтың этномәдениет лексикасына байланысты қызығушылық танытатын еңбектері жарық көрді. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде қазақ этносының мәдени лексикасын оқып-үйрену 70 - 80 жылдары кеңінен дамыды. Ғылыми сипаттағы, көптеген этномәдени лексикалық деректерді бойына сақтаған тілдік қабаттар [24] аршылып, ғылыми-көпшілік мақсаттағы қазақ халқының тұрмыс-салтынан, әдет-ғұрпынан мәлімет беретін көптеген тілдік дереккөзді жадығаттар дүниеге келді. Бұл дереккөздер М-Ж. Көпеев шығармаларының этномәдени лексикасына да қатысты екендігін жиналған мәліметтер мен кеспеқаттамаларды (картотекаларды) сұрыптап өңдеу кезінде көзіміз анық жетті. Әрине, кей деректер ғылыми негіздемесі табылып қайта толықтырылды. Мәшһүр-Жүсіп қолданысында аталмыш сөздердің басқа мағынада қолданылатыны байқалды. Көне сөздердің этимологиясы мен семантикалық мағынасы да ашылды. Сирек қолданыстағы мағынасы көмескіленген сөздердің этнолингвистикалық сипаты фоно-морфологиялық тұрғыдан да зерттеліп, басқа түркі тілдерінің осы тақылеттес сөздермен салыстырмалы-типология негізінде бастапқы нөлдік түбір тұлғалы мағынасы бой көрсетіп, бүгінгі мәдени-заттық, рухани, метрологиялық қолданысы көрсетіліп отырды. М-Ж. Көпеев шығармаларының этномәдени лексикасының құрамдас бөлігі – ру, тайпа аттарының шығу ерекшеліктері де болып табылады. М-Ж. Көпеевтің «Қазақ шежіресі» этномәдениеттің көзі болып табылады. Ә. Нұрмағамбетов: «Әр халық ертедегі ру, тайпалар бірлестігінен пайда болса, тіл де сол ежелгі ру, тайпа тілдерінің қосылып, араласып, біте қайнап, тұтастануынан қалыптасқан, Сондықтан да тіл зерттеушілерінің қазіргі дәуірде қалыптасып болған халық тілінен оның құрамына енген ру, тайпа тілдерінің ізін іздестіруі – табиғи нәрсе» – деді [25, б.135]. М. Тынышбаевтың «Едіге» батырдың руын таратқан сызбасы [26, б.152]. С.А. Аманжолов ру-тайпа мәселесін зерттеген еңбегі үлгі болады [27, б.7-83].

М-Ж. Көпеев шығармасында діни лексика да кездеседі. Діни лексика қазақ тілінің бөлінбес құрамдас бөлігі. Діни лексика да қазақ халқының этномәдени тұрмысына етене сіңіп кеткен ажырамас құрамы болғандықтан зерттеу обьектісінің назарына ілікті. Алдыңғы аталған зерттелімдерден басқа көптеген мақалалар этнолингвистика мәселесіне арналды. Біздің жұмыста М-Ж. Көпеев шығармаларына (оның ішінде 1907 [28] жылғы кітаптары да бар) кездесетін этномәдени лексикаға нақты дәлел беріліп, этимологиялық талдау жасалады. Президентіміз Н. Є. Назарбаев Ќазаќстан халќына жолдауында: Ішкі жєне сыртќы саясаттыњ 2004 жылѓа арналѓан негізгі баѓыттарында II. Єлеуметтік даму. 2.3. Мєдени-тарихи м±раны саќтау бµлімінде «Мєдени м±ра» арнаулы орта мерзімді баѓдарламаны єзірлеуге н±сќау берілді (Бағдарлама іс-жүзінде асырыла бастады, 2007 жылы бағдарлама аяқталып, 2007-2009 жылдарға жалғасын тапты). Осыѓан орай: Халыќтыњ орасан мол мєдени м±расын, соныњ ішінде осы заманѓы ±лттыќ мєдениетін, фольклорын, дєст‰рлері мен салттарын зерттеудіњ бірт±тас ж‰йесін жасау керектігі к‰нќ±рѓатпайтын мањызды мєселе екендігін ерекше атап µтті. Демек, біздіњ ѓылыми зерттеу ењбегіміз Елбасыныњ алѓа ќойѓан маќсатын т‰бегейлі шеше алмаса да ±лттыќ салт-дєст‰рге байланысты кейбір м±раттарды лингвистика жолымен іс-ж‰зіне асырып, шешуге болатындыѓын кµрсетіп берді. Еліміз егемендігін алып, ±лттық сана-сезім оянып, рухани байлыѓымызды баѓалайтын кез баяѓыда келді. Кењес дєуіріндегі жалпы т‰рік еліне ортаќ болып келген кейбір м±раларды туысќан республикалар Егемендік алѓан соњ µз игілігіне айналдырып, тµл туындысы ретінде зерттей бастаѓаны да шындыќ. Т‰ркі ж±ртына ортаќ болѓан м±раны кім б±рын зерттеп, ѓылыми айналымѓа т‰сіріп, жергілікті жердіњ м±расы ретінде дєлелдесе, сµз жоќ, рухани м±ра сонікі. Б±л арада мєселе т‰ркі ж±рттарына ортаќ болып келген м±ралар жайында болып отыр. Біріге отырып, бөліну ата-салттың негізгі принципі. Мұсылман елдерінің бір тудың астында бірігуі бар да, тарихи мұралардың тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпеуі бар. Ол ‰шін сол м±ралардыњ этногенезистік типі мен тегіне, терењ лингвистикалыќ, этимологиялыќ талдау жасалып, лексика-семантикалыќ маѓыналары жан-жаќты зерттелуі ќажет деп ойлаймыз. М-Ж. Кµпеевтіњ 30 томдай артына ќалдырѓан мол м±расы ќазаќ этносыныњ – алтын ќазынасы. Шыѓармаларыныњ тіліне этимологиялыќ зерттеу ж‰ргізгенде кµптеген сµздерді туысќан т‰ркі елдерініњ тілінде бар сµздермен салыстыру нєтижесінде маѓынасын ашуѓа м‰мкіндік туды. Б±дан шыѓатын ќорытынды М-Ж. Кµпеев шыѓармасындаѓы сµздер кµне т‰ркі сµздері болѓанымен ќазаќтыњ єдет-ѓ±рпына етене сіњіп кеткен сµздер тобы екендігі байќалды. Демек, мына сµз µзбектікі, мына сµз ќырѓыздыкі т.б. деп айта беретін болсаќ ќазаќтікі сонда ќайсысы деген заңды с±раќ туады. Монѓол, парсы, орыс сµздері туралы да осыны айтуѓа болады. Т‰ркінің кейбір кµне сµздерін монѓолдыњ, парсыныњ сµздері дегенге де басты ш±лѓи беруге болмас. Ќазаќ елініњ тарихи кµшінен ќалмай, б‰гінгі ќолданысында ж‰рген сµздер басќа т‰ркі елінде ќолданыста жоќ болса немесе басќа маѓынада ќолданылса, сµз жоќ б±л сµздер ќазаќтыњ тµл сµзі болуѓа тиісті. Сондыќтан кейінгі ±рпаќ µз ата м±расын тыњѓылыќты ќ±нттап, жинастырып, ел игілігіне айналдыру ‰шін аѓа ±рпаќтан ‰лгі алуѓа тиісті дейміз. Алтын қазынаның да құпиясы ашылып, лингвистикалық тұрғыдан зерттеліп, тілшілердіњ тарапынан өзінің нақты ғылыми бағасын алуға тиісті деп ойлаймыз. Біздіњ маќсатымыз да Мәшһүр-Жүсіптің қолданысындағы бай этномәдени лексикасын ел игілігіне айналдырып, байырѓы заманда ќолданылѓан сµздердіњ лексикалыќ, семантикалыќ маѓынасын ашып, жас ±рпаќтыњ б±л сµздердіњ о бастаѓы маѓынасын білмей келсін-келмесін ќолданбай, д±рыс ќолдана білуге ќол жеткізу. Кµне сµздердіњ ќ±пиясын жас ±рпаќќа д±рыс жеткізе білу. Жалпы білім беретін мектептерді «Кµне сµздіњ ќ±пиясы» – атты факультативтіњ баѓдарламасын жасау да ойда бар. Сол сияќты ќолданыста бар, маѓынасы кµмескі тартќан сµздердіњ маѓынасын наќты ашып, салт-дєст‰рімізде, єдет-ѓ±рыпымызда д±рыс ќолдануѓа да септігімізді тигізу болып табылады. Монографияның алға қойған ғылыми міндеттерін шешетін қазіргі жағдайы мынандай: М-Ж. Көпеев шығармаларының этномәдени лексикасын зерттеуге мұрындық болатын әртараптағы дереккөз қорғалып жатқан кандидаттық және докторлық диссертациялар болып табылады. Академик Ә. Қайдар өзінің басшылығымен қорғалған этнолингвистикалық зерттеу еңбектерді атап өтті. М-Ж. Көпеев шығармасының заттық мәдениет лексикасы, рухани мәдениет лексикасы, халық метрологиясы (нуменатив) мәдениет лексикасы сайып келгенде төменде аталған монографияның зерттеу нысанына іліккен жалпы аталымдармен сәйкес келгенмен өз ішінде әрқилы тілдік қатынасқа түсіп, басқа арнаға түсіп, зерттелмеген көне сөздердің этнография мен этнолингвистикасын, этномәдениетін түбегейлі қарастыратын болады. Дереккөзде берілген сөздер этимологиясы толық ашылмайды не берер семантикалық мағынасы мәтін ішінде басқа болады. М-Ж. Көпеев қолданысындағы танымал сөздердің өзі мәтін ішінде болсын, жеке қолданыста болсын тек қана сол сөздің этимологиясын зерттеу барысында ғана ашылады. Жұмысты оқып, танысу барысында М-Ж. Көпеев шығармасының зерттеу нысанына толық сай келетініне күмән болмайды. Оның дәлелі М-Ж. Көпеев шығармаларына байланысты әдебиеттен, тарихтан кандидаттық диссертациялар қорғалып, зерттеу еңбектер жарық көрді 2004 жылы құрылған Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы М-Ж. Көпеев шығармаларының 30 томдығын дайындауға кірісіп те кетті. Оның алғашқы 1 – 10 томы (2003 – 2007) жарық көріп үлгерді. Еліміз Егемендік алып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Соның бірі – М-Ж. Көпеевті танып, білу, ұшан-теңіз еңбектерін жарыққа шығару мақсаты алдымызда басты міндет болып белгіленді. Бірінші диссертация (әдебиеттен) 1994 жылы, ал докторлық диссертация 2005 жылы қорғалды. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары лингвистика тұрғысынан тұңғыш рет зерттеліп, өзінің ғылыми бағасын алды. Сөйтіп, Мәшһүртану ғылымының негізі түпкілікті қаланды да мәшһүртанушылардың зерттеу нысанына айналды: С. Сүтжанов. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің әдеби мұрасы // Автореф. канд. дисер. Алматы. – 1994; Г. Жүсіпова. Мәшһүр-Жүсіп дастандары // Автореф. канд. дисер. Алматы. – 1998; Н. Жүсіпов. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклоршылық еңбегі // Автореф. канд. дисер. Алматы. – 1998; Сол сияқты Л. Жүсіпова, Ертай, Естай Жүсіптер, М. Баратова Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына байланысты кандидаттық диссертациясын қорғады.

1931 жылы Мәшһүр-Жүсіп қайтыс болғаннан кейін мәшһүртану тамтұмдап болса да қолға алына бастады. 1919 жылы С. Садуақасов бастап берген келелі іс-шара өзінің заңды да, тарихи жалғасын тапты. Ғ. Мүсіреповтың тапсырмасымен Д. Әбілев көп мәліметтерді жазып алды. Сол сияқты мына мәліметтерді де қараңыз: Ә. Дихан. Мәшһүр-Жүсіп // Жұлдыз, №12, 1992. 116-129 б; Ақышев З. Деректер // Қазақстан мұғалімі, 16 сентябрь, 1983; 1940 жылы орта мектептің 9-класына арналған оқулық-хрестоматияда (Е. Смайлов); 1950 ж тұрпайы социология тұрғысынан Мәшһүр-Жүсіпке қара бояу жағылды: С. Мұқановтың «Абайдың шәкірттері туралы» // Абай, №4, 1992, 57-70 б; М. Ғабдуллиннің «Діншіл, ұлтшыл М. Көпеев туралы» // Социалистік Қазақстан, 1952; 1956 ж. ақын шығармаларын бағалау орын алды: М. Қаратаев. Қайта қарауды қажет ететін мәселе // Қазақ әдебиеті, 10 август, 1956, 3 б; Ә.Қоңыратбаев. М.Ж. Көпеев лирикасы // Қазақ әдебиеті, 19 июнь, 1959; М.Базарбаев. Қазақ әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселелері // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 10, 1958, 31-39 б; Х. Сүйіншәлиев. Ғылыми мәні зор еңбек // Қазақ әдебиеті, 2 декабрь, 1980; М. Әуезов. Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961, 358 б; Б. Кенжебаев. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1976, 63-65 б.; Ы. Дүйсенбаев. Ғасырлар сыры. А., Жазушы, 1970; Т. Әбдірахманов. Жаңа ғасыр көгінде. Жазушы, Алматы, 1969, 164-165 б; М. Бөжеев. Мәшһүр-Жүсіп мұралары хақында // – Жалын, 1974; Ә. Жиреншин. Қазақстан кітаптары тарихынан. А., Қазақстан, 1971; Ақынның кейбір туындылары Москвадан 1940 жылы шыққан «Песня степей» антологиясына, бірі – Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» жинағына кірген; М. Мағауин 1968 жылы шыққан «Қобыз сарыны» кітабында шығармаларын кіргізді; М-Ж. Көпеев шығармашылығын зерттеу 1990 жылдары кеңінен өріс алды: Уәлихан Қалижан. Мәшһүр-Жүсіп. Алматы, Атамұра, 1998; Қуандық Мәшһүр-Жүсіп. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар университетінің баспасы, 1999; Н. Жүсіпов. Мәшһүр-Жүсіп және фольклор. Павлодар, 1999; Көпеев Сүйіндік. Мәшһүр-Жүсіп өмірі. Павлодар, 2000; Г. Жүсіпова. Мәшһүр-Жүсіп қиссаларындағы Мұхаммет бейнесі. Оқу құралы. Павлодар, 2000; Г. Жүсіпова. Мәшһүр-Жүсіп дастандары. Оқу құралы. Павлодар, 2000; С. Сүтжанов. Мәшһүр мұрасы. Павлодар, 2001; А.Қ. Тұрышев. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармалары тілінің кейбір мәселелері. Павлодар, 2002 жыл, 240 б; Шеризат-Гүлшат. Ғылыми басылым /Құраст. Б. Әзібаева Алматы, 2001, 298; Боздағым. Мәшһүр-Жүсіптің жоқтау өлеңі. Алматы, Жазушы, 1990; «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» // Республикалық (халықаралық) ғылыми конференция материалдары (1 – 5 жинақ) Павлодар, 2001-2007; М-Ж. Көпеев. Көп томдық шығармалар жинағының 1 4 томы. – Алматы, Павлодар: Алаш, 2003., Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының 10 томдығы 2003-2007 т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет