Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том



бет17/29
Дата15.09.2017
өлшемі6 Mb.
#33041
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

Туырлық: Кигіз туырлыќты ќазаќтыњ кигіз ‰йініњ тµрінде отыр едік, есік ашыќ т±р еді (М-Ж., 60). Кµрмек керек дегенін естіп Шоњ би: «ќ±дай раќмет ќылсын, тамам ер-тоќымды бір жерге ‰йдіріп ќойып, сабаны соныњ ‰стіне орнатып, туырлыќты тестіріп, піспектіњ басын сонан шыѓартып, далада ат ‰стінде т±рып пісет±ѓын ќылып ќойыпты (М-Ж., 86);

Туырлықтың еркін сипатын В. В. Радлов пен Л. Будагов, Ильминсий айтып өтті. Туырлық – кошмы, которыми покрывают остов юрты (Потанин, 325). Туырлық: тел. Туурға `киіз үйдің керегесінде (кäрäгä)`жабылатын киіз`, чаг. Тоғур `кеңдігіне қарағанда күрке анағұрлым ұзын`, тоғурlук ( < тоғур ~ lук) `күркені жабатын жоғарғы киіз`, қаз. туурлýк` күркенің төменгі бөлігін жабатын киіз` (РСл, III, с. 1457, 1163, 1164, 1460), қаз. (БСл) тубур `шалаш, жаппа (аралдағы)`, чаг. Тувурлуғ `киіз үйдің киізі` (РСл, III, с. 1515, 1516), дж. Туғур `палатканың түрі, кеңдігіне қарағанда күрке анағұрлым ұзын `. Туғурлуқ = дж. Торлуғ `күркені жабатын киіз` (РСл, III, с. 1432; БСл, I , с. 399). Б. О. Орузбаева былай деп жазды: «Слова типа туурдук `үйдің керегесін жабу үшін кететін киіз` (кейде туш туурдук < туш – бок, боковая сторона), желдик `потник` и.др. являются образованиями, первоначальная семантика которых состояла в указании назначения предмета, а затем уже конкретно – предметного значения»` (Словообразование в киргизском языке, с. 87 К. Дыйкановтың пікірі бойынша: қыр. Туур (туур + дук > туурдук), туркм. Дур (дур + лук > дурлук ). Капшыт (орыс тілінде `жан, сырт жаны деген мағына береді`) деген ұғымға әкеледі (Кыргыз тилинин тарихынан. 94 – бет). Аталған дериват түркі және монғол басқа фонетикалық сипатымен көрінеді: кейбірін көрсетеміз: монг. «туурга 1) турга `киіз үйдің киіз қабырғасы`, 2) `қабырға, құрылыстың қабырғасы`» (МРС, с. 427), п.-монг. Тугура `киіз үйдің киіз жапсырмасы, үйдің қабырғасы; киіз, туырлық, киіз үйдің төменгі жағының бел жапқышы`, қалм. `киіз үйдің киіз қабырғасы`, ст. Қалм. Туурга `қабырға` халх. Туурга, турга `киіз үйдің киіз қабырғасы` (Номинханов Ц.Д. с. 144), дж. Торлуғ `кішкене күркені жабатын шымылдық`, чаг. Тувағ `вуаль, күрке, шатырдың жанын жабатын киіз жапқыш` (РСл, III, с. 1187, 1516); ср. Дж. Туркурка`қабырға, вал`, дж., тар. Тоғра `көлденең, көлбеу`; алт., тел. Туура `көлденең, көлбең, енінен`, саг., койб. Тоғра `көлденең, көлбең`, тел., куман. Тооро `жаны, маңайы` (РСл, III, с. 1161, 1181, 1447, 1457), кирг. тура `енінен, көлденеңінен, жандары` (ЮСл, с. 773), каз. (диал.) тұрық (тұрық + ы > тұрқы): аяғының тұрқы `бір табан (аяқ)`; монғ. Туурай `бір жағына қарай қисаю` (МРС, с. 233), тел. Тууралан (<туурала+н)`жан-жаққа жүгіру`(РСл, III, с. 1449).

Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып: туырлық / туурдуқ / тоғурлук / туғурлуғ / тугурга / торлуғ / дурлук /туурһ / туурга / туурға формаларының `киіз, жанын жапқыш, киіз үйдің керегесі` деген мағынасы тора / тура `жаны, жан-жағы, бүйір жаны, көлденеңі, жазығы` және туурала, тууралан `жанымен жүру, жан-жаққа жүгіру` генетикалық жалпы лексикалық мағынасы бір болуы мүмкін (Жанпейісов, 35-36). Туырлық жөніндегі мәліметті Будагов сөздігінен де таба аласыз (1871: 364-365 беттер). Киіз үйдің жабдықтары туралы жазылған жоғарғы бөлімді қараңыз.



Түйін. Туырлық, ту-ыр-л-ық. Біздің ойымызша, туырлық атауындағы ту және «ту сыртынан» дегендегі екеуі бір сөз сияқты.

Киіз. Ханның асына киіз салыңыз (М-Ж., 94). Киіз үй бөлімінде айтылды – қараңыз.

Л. З. Будагов а. كاغد кягізъ (каз.كاغد ќаѓаз, т‰ркі. Простонар. كاغدкягідъ), бумага, почтовая бумага (для письма), пропускная бумага, т‰рк. امان كاغدي опасная грамота, паспортъ, тат. اقده كافد бумажн. деньги, ассигнація, рублевая бамажка, т.б. ќаѓаз, не ќаѓаздан жасалѓан заттарды атай берген (109); Енді бірде: дж. тат. кійіз, Будагов – кіизъ, (ки‰з, кз, кигиз – қазақша жазған – автор ) (Аб.Г. Баб.), тоб., алт., кіисъ, войлокъ, кошма, киіз ќұда ќыр., киз байпаќ, валенки, киз валять войлокъ, башќ, кизаќ шалашъ, кочевая кибитка; въ алт. кіизъ, винит. кииз ін значить также коса (см. примръ при гл. тасқамќ, стр. 335 гд вмсто слова ќиз иіін следуеть читатъ аќиз иіін (183); Қазаќта «киіз кітап» дейтін ±ѓым бар, б±л ±ѓым толыѓымен абыз аттарымен байланысты ж‰реді [20].

М-Ж. Көпеевтің де «киіз кітабын» номдыќтардыњ «ном» ќасиетті кітабын (еске салѓанды жµн кµрдік (Гумилев, 383). Кошма, ж., комы, мн. Войлок из овечьей шерсти, большой кусок такого войлока // спец., обл. Многорядный плод из мелкого леса (на Волге) (СД, 2, 183; СУ, I, 1493; БАС, 1956, 5, 1561; СФ, 2, 361; СШп, 201) [122, б.58]. Кошма, -ы, мн. кόшмы и кошмы`, кошм, кόмам и кошмάм, ж. Большой кусок войлока, войлочная подстилка. II пил. Кошмовый, -ая, -ое и кошомный, -ая, -ое. (ТСРЯ, 302). Ќошма // киіз: Єдетте киіз басу кєсібі ќазаќтарда маусымдыќ сипатта µтетін еді. Ол ќойды ќырќудан басталады да, ќырќылѓан ж‰нніњ барлыѓын µњдеп болѓанѓа дейін созылады. Ќазаќ халќыныњ µмірінде ќойдыњ ж‰нін µњдеудіњ ерекше мањызы болды. т.б. жасалу технологиясы сипатталады (Шањыраќ, 95-96 б). Сµйтсе, ола𠫦лы ж‰з ‰йсін Тоѓас би елініњ кісісіміз» десіпті. – Ќ±рым киізге тігіп алып, ќанжыѓамызѓа байлап ж‰рміз десті. – Кєне, алып келіњдер, кµрейік, деді. Тігіп тастаѓан ќ±рым киіз алып келіп, сµктіріп кµріпті (М-Ж., 67); Ақ жүннен аппақ киіз басып, тұскиіз жасайды. Үшінші түлегенін күзем жүні дейді (М-Ж., 100);

Киіздердің түрлері ұшырасады. Киіз // кіись войлокъ, кошма, кир. киіз байпақ, киіз басу, башқ. шалаш, кочевая кибитка; алт. Кіисъ значить также коса (Будагов, 183). Салыстыру арќылы да ќошма // киіз екендігіне кµзіміз жеткендей болады. Малдыњ екі жаѓына тењ ѓып артылѓан ж‰кті алт. кощъ деген (Будагов, 82). Киіз > кошма > текемет шығу тегі бір сияқты.



Текемет. Бір түлеген жүнін қозының қарын жүні дейді. Одан текемет басып, қызға жасау қылады (М-Ж., 100); Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен Түріндей текеметтің түр жаратты (М-Ж., 23); Такеметы* одеяла, Посмотри, какие седла, Недоуздки и уздечки (ҚКБС, 12).

Такемет* – кошемный ковер кустарного производства (Тверитин:1935). Тыкамать – родъ накладныхъ войлоковъ (вышитые войлоки, въ которыхъ рисунокъ проведенъ блою ниткою и суконными вырзными накладками, обшитыми обыкновенно чернымъ плисомъ или бахромою изъ крашенаго конского волоса (Будагов, 397). Текемет сөзі о баста `орау, айналдыру` – деген мағына берген сияқты. Будагов: текерлекъ колесо, колесо вертится, кружок; текерлемекъ скатитъ, опракинуть, кататъ бревны, кататъ яица – дейді (367 бет). Тäкäмäт = текäмäт обшитый, украшенный узорами войлокъ; 2) полость съ узорами – (Радлов, III т. 1020). Ткаур тәкәуәр, текауар, текеур (тәк + ауәр, тек + еуар) жүйрік ат мағынасында (Оңдасынов, 80); Тек, текке тек тұр (тыныш тұр) оғызша; түзілді тегістелді. Иер түзілді – жер тегістелді (Қашқари, 175). Текеметь – из казахского teкämät «узорчатое войлочное одеяло» тоб. тekämät «полповик», узорчатый пояс» бараб. Tägämät «ковер» (Фасмер, ЭСРЯ: 36); Текеметь коверъ сшитый из цветных лоскутьев (Даль, ТСРЯ, 1882, 396). Текемет – текемет (Ислам Жеменей, 176). Текемет сөзімен теке, текше сөзінің түбірі бір болуы мүмкін. Текшее п. тақ. нечет, нечетный единичный, ара, свод, купол, балдахин; че : уменьшительный суффикс (Рүстемов, 279).

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп текемет сөзін қыздың жасауына қосатын зат ретінде қолданған. Теке + мет түбір мен қосымшадан тұрады, -е көне түркі жұрнағы -мет (құрмет, керемет, ғанимет, сәлемет) сияқты сөздердің құрамындағы -мет. Текше метр тіркесінің де жұмысқа қатысы барлығы байқалады. Текмет < тек ~ тық ~ тік (тігу) түбір тұлғасынан шығуы мүмкін. Текемет > тік (шек) (тыкать, ткань) болуы мүмкін. Текемет > тікен. Шекпен бөлімін – қараңыз. Текемет пен сырмақ түбірлес және мағыналық жағынан ұқсастығы бар лексемалар.

Сырмақ. Үй сыртынан сырмақ жайып, күрке тігіпті (М-Ж., 1907); Шатырларды тіктіріп даярлаған, Төселіп көрпе, сырмақ гүл жайнаған (Мәшһүр-Жүсіп., 312);

Сырмақ – (сыр + мақ) сөзі киізді қабаттап сыру, тігу немесе төсеніш ретінде жерге сыра салу, сырғыта салу, сырып салу, сусыта салу мазмұнынан пайда болған демекпіз. Жасалуына байланысты үлкен сырмақ, кіші сырмақ, төрткүл сырмақ, Сары ала сырмақ, көкала сырмақ, атаулары бар. Моңғолия қазақтарының тілінде бір кісі отыратындай етіп жасалатын сырмақ түрі бар. Мұны «майауза» деп атайды. «Майауза» моңғол тілінде ер үстіне салынатын көпшік деген мағына береді (Б.Қ. Тлепин, 1997: 12).

Сырмақ сөзінің негізгі шығу тегі әлі анықталмағанға ұқсайды. Л. Будагов: тур. سرمه сырма 1) золотая нитка, سرمه كش шитое золотомъ (работа), سرمه كش золотошвей. 2) к. Сл. Шитое иголкой, родъ разноцвтнаго коврика سوزني 3) сÿрме = سورمه (Том I. 1869: 627). Каз. صرمق, صيرمق сырмақ – стегать, перематать, прицпить, привязать, кир.. Шить въ сторчку, صرشمق вцпиться, Кир. قوراب صراو съ наставами. 2) тур. = صرغامق сырғамық (Том. I. 1869: 699); Дж. Сырмакъ (= каз. صرمق сырмақ) стегать, шить سيريغ шовъ, рубецъ, سيريتمق пон. سيريلمق стр (Том. II. 1871 :405); Сыръ صر- краска (монг. ширъ) (Том. I. 1869: 698). Сыр мен сыз сөздерінің шығу гнезисі бір сияқты. Сыз – чертать, графить, чиркнуть спичку (Радлов, 4 т. 1 ч. 663).

Сырмақ – зат. Е. Түрлі түсті киізден матадан сырып, оюлап жасаған әшекейлі ұлттық үй жиһазы (ҚТТС, 1985: 591; ҚТС, 2002: 504; Шаңырақ, 1989: 97). Sыrlығ ajaқ: – сырлы аяқ, сырлы тостаған ; Sыrmақ – сырмақ: есіктің тоқымы (М. Қашқари, 1997. I том. 382, 531; Дж. Сызгырмакъ, выръзывать ножомъ (Том. II. 1871: 405). Сырдық: сырмақ (стеганная кошма – С. Аманжолов, 1977, 522). Сырмақ туралы қараңыз: Қасиманов (47); Қазақ өнері энциклопедиясы (637); Ислам Жеменей (169);

Сыз сөзі – түркі – монғолға ортақ сөз. Якут тілінде суруй – «жазу» деген сөз, чуваша «жазу, сызу» дегенді сыр дейді. Моңғол тілінде «сызу, сурет салу» деген мағынада зура (х) сөзі бар. Осы күнгі сурет (монғолша зурат) деген есім сөздің де түбірі – осы сур (сыр). Ал, сыр (сур) сөзінің өзге түркі тілдеріндегі фонетикалық варианты сыз (сыр). Түркі тілдерінің көпшілігінде з дыбысымен келетін кейбір сөздер чуваш тілінде (және монғол тілдерінде) р-мен айтылатындығы – тіл ғылымында белгілі құбылыс. Демек, сыз сөзінің о бастағы бір мағынасы «жазу» болған [99]. Ә. Қайдар сыз «черта», «линия» и кирг. Чий «проводить черту», «записывать» и мн. Др (Қазақ тілінің өзекті мәселелері. 1998: 81 б.). Олай болса, сырмақ // сырық // сырлы аяқ //сыр // сүрме // сырға сөздері түбірлес пе деп ойлаймыз. Сыр + мақ деп екіге бөліп қарастыруға болатын сияқты. Б. Тлепин (сыр + мақ) деп дұрыс бөлген. -Мақ (піспек, оймақ, шақпақ, құймақ) зат есім жасайтын жұрнақ (Ысқақов, 1991: 156).

Түйін. Сыр > жазу > сурет салу > өрнек салу > сыру > сырмақ. Сыр түбір тұлғасы мен ой (оймақ>ою) «ойма» жазу болған, текемет// тек (тік) шығу генезисі бір сияқты.

Бөстек. Бөстегім құтылдың ба Көтібақтан? «Күйші» деп бабын білмей кінә таққан (Абай, 125). Оңдап сал төрде жатқан бөстегіңді (М-Ж., 1907: 25); Бөстек – сеңсеңнен яғни аң терісінен құрап тіккен төсеніш [6, б.127]. Бөстек // бөрі // бөдене // бөкен // бөрте // бөрік // бөдене (бө+дене) // бөрлі сөздерінің байланысына көңіл аударсақ, бірден бө морфемасы көзге түседі. Балибанжастық, бөстек (балибан деп оқылса да, харакаттары айтылу кезде, әр түрлі қойыла береді булибан, белибан – А.Қ.) богрүлбүйірлері ақ ала ат; басін (басэн) – бөксе (М. Қашқари, II т. 54, 78, 80 беттер); Томановтың көне сөздер (түбірлер) екі не үш әріптен болған. Неғұрлым сөзде дыбыс (әріп, фонема) аз болса, соғұрлым сөз көне деген тұжырымын еске ала отырып, түбірі бө болуы әбден мүмкін. Стек (с + т+ ек ) морфемасы М. Қашқаридің бөгрек (бүйрек), *төшек (төсек), көнек (құлан) -ек көне морфемасы кездеседі (418, б.446-450) с мен т екеуі де қатаң, екіншіден бәсэн дегендегі с бөстекке әсер еткені ықтимал. Бөстек ~ төсек сөздерінің мағынасы бір сияқты. Мысалы, Тюсек – матрац из войлоков, прошитых и обшитых материей (Потанин, 144). Безек: зер, әшекей; Бөz - стек тігілетін бөз деп түсіндірген (М. Қашқари) büz – «Вязь» (курд), вострог (аг) куртка, бости (бодать) – толкать, бить, колотить рогами (Фасмер, 199 бет). Безек – зер, әшекей болса, бüz – ұру, бөстек заттың атауы арасында байланыс болуы да мүмкін. Бір жағынан бөz сөзі мен тек бірігіп барып бөстек атауына арқау болуы мүмкін деген де ой бар. Е. Жанпейісов бөрі тува диалектісінде бөрук/börök болғандығын жазады (ЭСТЯ-1980, с. 220). Соңғысы ең көне тұлғасы болып табылады. Өзінің көне тұлғасын қазақ тіліндегі: бөлтірік бөрік астында – деген тіркестің құрамында сақтаған. Сол сияқты жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында деген мақал бар. Біріншісінде: бөлтірік, екіншісінде: бөрі. Бөріктің этимологиясын: қаз. бөрігу, бөріктіру `шатастыру, қателестіру, көтерілу (адамдарға қатысты көпшік қоя сөйлеу), крм., кум., қаз. Bür `көтерілу (су ішіде), заттың бетіндегі кедір-бұдыр`, крм., кум. Bür `лист (жапырақ), тел., алт., саг. Пÿр`ағаштық жапырағы`, бÿрÿк `әжім, қыртыс, қатпар` (РСл, IV, с. 1397, 1885, 1888); МК. Böri `бұлақтың көзін ағашпен шегендеу`(ДТС, с. 113); М. Рясянен böri сөзінің қатарына қаз. Böltürük < bör – türük `бөлтірік` мағынасында қолданады. Бұдан ертеректе böltürük, монғ. Beltereg < bertereg т.б. Рамстедті қызықтырды (ЭСТЯ – 1978, с. 1221) [10, б.92]. ...Иленбеген теріден жасалатын төсенішті тулақ, иленгенін бөстек деген (С.М., – Б. 106).

Түйін. Бұдан шығатын қортынды бөрі > bör деп қарастыру да жоқ емес. Бөстек > тай тері > тулақ > көпшік.

Қазан-жабдық. Әркім білген жабдығын естіп жатыр, Бас қоймаған дін есен өтіп жатыр (М-Ж., 17); Білеміз өлуді анық, жабдығы жоқ, «Әлі көп жасаймыз!» деп көңіліміз тоқ (М-Ж., 154); Тµрт тењменен жібердім екі т‰йе, Асыл жабдыќ м±расын єкесініњ (ЌКБС, 90);

Киіз үйдің қажетті заттарының бірі – қазан. Қазан түркі ұғымында үлкен мәнге ие болған. Тай қазан – тайдың еті сиятындай үлкен қазан (Жанпейісов, 129). «Қазан» ауызы жоғары болсын» – деген сөз осыдан қалған. Абылайдың Қаз дауысты Қазбек биден қашып асулы күйінде тастап кеткен қара қазаны болған. «Қазан асу», «ас асу» сөзі мен бірге «жабдық» сөзі де синоним есебінде қолданылған); (Сол кезде асбасшыларын Бµгеуіл дейді екен – С.Д.); Ќазаќтыњ ас – той деген мерекесі болады; Асќа барайыќ деп жатырмыз, біздіњ басы артыќ ер – тоќымдарымыз, басы артыќ киімдеріміз болады (М-Ж., 57); Татарбай деген ќ±л екен Б±л ќ±л ас жасаушыларѓа ќожайын екен (М-Ж., 56);



Жабдық – ат әбзелдері есебінде жұмсалады. Жабдыќ сµзініњ т‰ркі тілінде бірнеше мағынасы бар. 1. даярлау - ±йѓыр. Диалек. Мал. Жолѓа, сапарѓа дайындыќ ж‰ргізу, жинау, дайындау.±йѓыр. диалек; 2. жабдыќтау, ќажетті затпен ќамтамасыз ету, ќамтамасыз ету; 3. жасау, ж‰зеге асыру – ќырѓ. Диалек; 4. ќ±ру. Г. Рамстедтіњ пікіріне с‰йенген М. Рэсэнен ж,абды монѓол. Ž,abdu-`уаќыттыњ болуы; ќорќыту` дегенді айтады. Г. Рамстедтіњ ќарастыруы бойынша т‰ркі формасы монѓолдыњ ž,abdu- мағынасы `жиналу (бір нєрсе істеу), істеуге ниет білдіру, м‰мкіндікті пайдалану`, µте жуыќ келеді (Ram. KWd. 462). Жабды сµзіне -ќ зат есім тудырушы ж±рнаќ жалѓану арќылы заттыњ ќолданылуынан, сол заттыњ ќолданылуыныњ аты пайда болѓан. Ж,абды-ќ ќыр., ж,аптыќ ќыр., жабдыќ ќаз., ж,абдук µз., ±йѓ. Диалек. Мал. УНС 190 (хот.), (ќашќ). Будагов: жабдыќ сµзініњ ќырѓыз, ±йѓыр т.б. диалектілерде заттар, керекті заттар, жабдыќтыњ заттары, єскери жабдыќ, ќару-жараќ, ќамтамасыз ету, керек-жараќтар, жинау, ‰й заттары, жадыѓаттар, даярлану, тырысу, орындап шыѓуѓа тырысу .т.б. мағынасын атап кµрсетеді. Ж,абыќ – ќыр., (ќырѓ., ќазан.); жабыќ ќаз.; йабык тат., тат диалек. ДСТ 158, баш., баш.диал. Макс. ВД 205, Тен 63, Р III 279 (казан). Буд. (казан., баш.), йапах чув.; йăпах сµздерімен жабдыќ + жабыќ салыстыруѓа болар еді [22, б.9-10]. Н. А. Баскаков жабгу ~ ябгу (Bosworth, Clauson, 1965) `вождь, правитель` - титул верховного правителя у хазар, булгра и у других древнетюркских народов (ДТС, 222; Golden, 1980, p. 187-190): 1) < < ир. Кушан. Санскр. jamuga < jam- `приказывать, командовать, руководить, быть во главе` > правитель (Golden, 1980); 2) < < кит. > совр. šаn-ju > džabүu (Menges, 1968, p. 88) (Баск. 1985: -С. 41).

Ќазан µз мағынасында зат есім. Ал, ќолданысына ќарай су ќ±ю, ет салу т.б. дайындау ±ѓымымен сай келеді. Ол сөздің мәнісі қырғыз ошақ алмайды, үш тасты ошақ қылып, қазан асады (М-Ж., 71); Асулы күнде қазан қайнауы жоқ (М-Ж., 35); Жайдағы дастарқанды қазаныңды ас (М-Ж., 94); Қазақ дәстүріне байланысты: Қылуға жарыс қазан сойып тайды (М-Ж., 95); Жабдыќ ~ жабыќ: жап (б) т‰бір етістігінен туѓан деп ќарастыруѓа да болады. Ќимыл есімді жап (б + у) жабу, ќамтамасыз ету сµзініњ де тууына т‰рткі болѓан деп ойлаймыз. Т‰йеніњ ‰стіне жабатын жабу т‰бірлес сµздер. Мысалы: ¤зіне киім, малына жабу, артыѓын сатып, керек-жараќ алады; Бір ќабат ж‰нін «жабаѓы» деп атайды (М-Ж., 100); К‰містен ќоњырау таќтырып, Жібектен жабу жаптырып (Ќыз Жібек, 9); Жаба тоќып жасырѓан Талайдыњ жардым шиќанын (Шєкєрім, 236); Жауыр атты мен жаба тоќып ж‰рсем, Мен сыќылды кµрпілдес неге керек? (ЌКБС, 50); Затты жабу, ќымтау сµзінен келіп, єзірлену, жабдыќ дайындау сµзіне ауысќан. Павлодар облысында «жабдыќ» – деп, кісі µлген к‰нгі жасалатын ќам-єрекет, ќайтыс болѓан кісініњ 7-не, 40-на не жылына баруын (жабдыќќа барамыз) дейді. Жабдыќ > ќазан сµзініњ семантикалыќ мағынасы ±ласуы негізінде жасалѓан сµз. Демек, жабдыќтыњ о бастаѓы мағынасы ќазан деп ±йѓаруѓа болады деп ойлаймыз. ҚКБС жырының Тверитин нұсқасында: В казанах варилось мясо, Жеребят, барашков сытых – деген жол бар. М-Ж. Көпеев жазбасында: «Осыдан, Абылайдыњ басын алмасам, ќатынын ат кµтіне салмасам, ќара ќазанын ќаќ жармасам, єкем Ќазыбектіњ аруаѓы µзімді ±рсын» деп ќарѓанып, атќа мінді; Ашулыныњ алдында т±рма деген, кµшіњіз, аќыры ќазанды асулы бойында ж±ртќа ќалдырыњыз; ¤здері келер де, даяр асулы ќазанѓа тамаќ ќылып ішер; Сонан соњ, ќара ќазанын алдыќ ќой деп, ашуы басылар да кµњілі тынар. Ол сµзініњ мєнісі ќырѓыз ошаќ алмайды, ‰ш тасты ошаќ ќылып, ќазан асады, кµшкенде ол тасты артып кµше ме, ж±ртта ќалмаќ ќой» – деген жолдар бар (М-Ж., 71); Жап т‰бір сµзініњ де т‰ркі тілдерінде бірнеше фонетикалыќ µзгерістерге ±шырап барып єрт‰рлі мағына беретіні бар.

Тасқазан. И. Исмайылов дашқазан лексемасы өзбек сөздігінде `үлкен шойын котел` (Узбекско-русский словарь. М., 1959. С. 132), ұйғыр тілінде – `үлкен котел (Наджип Э. Уйгурско-русский словарь. М., 1968. С. 435), қырғыз тілінде `үлкен котел` (Юдахин К. Киргизско-русский словарь. М., 1965. С. 188). Исмайлов дашқазан сөзін үш компонентке да+аш+қазан деп қарастырады ал `үлкен` деген мағынаны бірінші компоненті да береді дейді. Қытай және дунган тілінде да `үлкен` мағынасын білдіреді. Түркі тілінде да (та) `үлкен` мағынасын білдіреді. Біздің ойымызша дамолда `үлкен молда` деген сөздің құрамындағы да «үлкен» деген мағынаны береді (А.Қ.). Екінші компоненттегі ш аш//ас `тағам, палау` мағынасын білдіретін сөзден қысқарған. Бұдан келіп: да `үлкен` + аш `түстік, тағам`+ қазан >да (а) ш қазан > дашқазан (тасқазан – А. Қ.) деп семантикалық өрісін көрсетеді (ПЭ, 93). Су қайнататын «тас құмған» ертеректе тастан ойылып жасалды да кейіннен шойыннан құйылғаны базарда сатылған. Оның да аты «Тасқұмған» деп аталады (С. М., б. 106).

В современных тюркоязычных регионах бытуют слова қазан, қасқан, кашик, қача. В Древнетюркском словаре зарегистрировано слова qа (ДТС 399) в значении `вообще посуда, сосуд`. Если qа - ` посуда вообще`, то значит, в процессе длительного развития языка оно могло стать источником образования слов қазан, қасқан, қашиқ, қача. В «Диване» Махмута Кашкари есть слова kazїz, обозначающее деревянную посуду (МҚ., 363). И. Исмайлов qа (қа) `ыдыс` -зан, -сқан, -шиқ, -ча т.б. сөз тудырушы жұрнақ деп қарастырады [ПЭ, 94]. Біздің ойымызша, жоғарыда айтылғандай қасық, қазан, қазық т.б. қаз (қазу) жерді қазу етістігімен тығыз байланысты сияқты.



Түйін. Жап > жабу > ќазан жабу >ќазан асу >дайындалу > жабдыќ. Жабдық>қазан.

Ұршық киіз үй жабдықтарына жатпаса да, үй құралы ретінде талдағанды дұрыс көрдік.

Ұршық. Үйінде пайда үшін ұршық үйіріп (М-Ж., 138); Жіп қылып, ұршыққа иіріп, зырылдатып, Кез болдым уқаланып қатындарға (М-Ж., 132);

Ұршық: урчук – веретено (Радлов, 1 том. Часть 2: 1671). Тува., эргидер (Рус.-тув.сл., 1980, 231), якут. Эргичий (Рус.-як.сл. 1968, 248), монғолша орчих (Мон. – каз. Сөз. 1954, 132), қалм. Эргх (Рус. –кал. Сл.1964, 260). Көне түркі тілінде йіг – веретено (ДТС, 260), йігне – инее (ДТС, 261). Демек, ұршық сөзінің бастапқы сипаты: йу (о) р – шық. Йіг // йігне ортақ түбірі (йі / у), -р етістік жасайтын қосымша. ДТС: йерге – обертывать, заворачивать, туынды етістіктің қимыл есім тұлғасы (-ге). Қазақ тіліндегі ұршық сөзінің абсолют басында айтылған й – дің редукциялануы, сөйтіп келесі дауыстының қысаңдануы арқылы барып қалыптасқан. Сонымен, йір де, ұршық та туынды түбір. Ежелгі түбір әдепкі тұлғасында сақталмаған (Томанов, 146). (Қараңыз: жөргек бөлімін.). Бұл - ер, ұр түбіріне чек ~ чік ~ чұк жұрнақтары да Ж. Манкеева айтқан жолмен жалғануы мүмкін. Қ. Баянқол, А. Жылқыбаева: «-Шік қосымшасы сияқты экспрессивтік, эмоциялық реңк туғызатын қосымшалар қазақ тілінде аз емес. Оған мысал ретінде -шақ//-шек (құлыншақ, інішек, сұраншақ) -қай // -кей (балақай, жалаңқай) , -мақ//-мек (жетімек), -тай// -тей (құйтымтай) зіңгіттей, ай/й (ағай, абай, тұштақай, шошақай) -тақ//-тек (жеңілтек), -сымақ (жетімсымақ) -сақ (жарамсақ), -соқ (кездемсоқ), -сек (келімсек)-ш (сәулеш, тыраш) т.б. қосымшаларын келтіруге болады» – дейді (Сөз мағыналарының негіздері. 2002: 50 б).



Түйін. Йіг (йі / у), -р > йіг // йігне > йерге >(-ге) > йу (о) р – шық сияқты даму жолын көрсетуге болатын сияқты.

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет