Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том


Түйін. Түріктер о баста тұздың



бет16/29
Дата15.09.2017
өлшемі6 Mb.
#33041
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

Түйін. Түріктер о баста тұздың атын білмей тұрғанда «кер//кір» – деген болуы мүмкін. Кейіннен «кір» жүктің атауына ауысқан сияқты. Одан кіреші туынды мағыналы сөз пайда болған. «Тұз» тасыған керуенді «кіреші» (кірешілер келе жатыр) деп атаған. Қазақтар күні-бүгінге дейін тұздай ащы немесе у-дай ащы – деп тұзы көп салынған тағамды айтады. Демек, тұз (кенінің) көне атауы «у» деп аталған. Уыз, уық, у сөздерінің арғы тегі «көк» көк шөппен байланысты екендігін біз де өзіміздің еңбегімізде дәлелдеген болатынбыз. Жаңа қылтиып шыққан көк шөп әрқашанда ащы. Тұз түсі жағынан да көкке ұқсайды. Тұз > у.

Кер. Керве – стена, вал. край. Қара чынның кервеге тусуп-тро. Спустилса на стену «Черного города». Рсл. II, 1365: кірбә (шорск., толес.) «узкий берег»; «вал, край» – деген мағына береді (С. Малов. Язык желтых уйгыров. – А., 1957. С. 67).

Кереге I (Сем.: Ақс., Көкп., Алм.: Еңб. Қаз., Кег., Жамб., Түрікм.: Ашх., Таш.) үйдің қабырғасы. Тамның (қ.) керегесінде үндеу қағаз жапсырулы тұр (Алм., Кег.). Осы тамның керегесі әктемелі (Түрікм., Ашх.). Кереге II (Шығ.Қаз., Түрік.). Машинамен жиналған шөп үйіндісі. Кереге қап (Түрікм., Ашх., Красн.,Таш.) көшіп-қонғанда сынып қалмау үшін кереге басына кигізетін киіз қалта (ҚТДС, 1999: 97). Мысалы: Кереге там (төрт қабырғалы мола-четырехстенная могила). Ар. КОО. (С. Аманжолов, Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – А., 1959. – Б.386).

Түйін. Осы пікірлерді жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болатын сияқты: кереге > керу > балшық > қабырға > негізі > тор > дөдеге > ағаш қалып > үйдің қаңқасы.

Шаңырақ. Жеті-сегізден жасы жања асќан кезінде Дос батырдыњ ќара шањыраѓында отырѓан інісі Єлм±рат байдыњ ‰йіне Ќаракерей Ќабанбай батыр келіпті деп Жидебайдыњ ќ±лаѓына тиді (М-Ж., 36);

شانكاراقшањыраќ отверстіе кровли, куда вставлются концами унины; оно дълается круглое, какъ большое колесо, изъ березоваго дерева и иметь перекрестные радіусы – к‰лдіреуіш كولدوراوش (Л.З. Будагов, 163-165); Шаңарак деревянное кольцо въ дымовомъ отверстіи юрты (Радлов, 942). Чангарак-деревянный круг или обруч, служащий крышей или сводом юрты (Потанин, 150). Шаңырақ – жазба монғол тілінде – «чағарығ», қазіргі монғолдарда – «цагариг», буряттарда – «сахариг» тұлғалары біздегі «шеңбер», «құрсау» орнына жұмсалған (ССТМЯ, 1977, 378) (Нұрмағамбетов, 292). Шынрак - деревянный круг и образуемое им круглое отверстие в верху юрты, которое служит для выхода дыма и освещения (Потанин, 359). *Шаңырақ – «круглый остов с перекрестьем внутри, которым завершается сферический купол юрты и который служит одновременно окном и отверстем для выхода дыма» – деп түсінік береді (Қайдар, 2003: 209). Шаңырақ сөзінің түбір тұлғасы шаң болуы әбден мүмкін. Ал -ырақ//-ірек қосымша. Өйткені, тілімізде сақталған шаң-ыдыс, шаңқобыз музыкалық аспап түбірлес деп ойлаймыз. Оның үстіне шаңқай түс, шаң берді тұрақты тіркес тілімізде орныққан.

Ә. Қайдар: «Идиматичность и устойчивость выражения создаются присутствием в нем компонента *шаңқай, в составе которого подразумевается наличие исконной лексемы *шаң – «зенит», «светлое небо»; «высота» (ср. *шаңырақ – «круглый купол юрты», Тәншан – «название высокой горы» и. др.)» [107, б.332]. Устройство дома-ÿйдыњ турманы: кулак-развилкообразные вершинки решетки, – айгаы таковые же снизу: саганак-кончики решетки сбоку ерге-нижная часть решетки (ергеден шыѓарып жиберемин-угроза непослушному сыну-я тебя погоню из-под решетки кибитки. Т.е. без надела, как собаку). Палочки решетки скрепляются ремешками из верблюжьей кожи: «кöк», (кöкте-скрепить такими ремешками), ремешки проделываются в скважины – кöз; выше решетки – унины или выгнуттые палки ÿÿк. Они привязываются шерстяными шнурками уук бау к кереге а верхний конец четырехгранно заостренный кäлем (кäлемде – завастривать унину); этими концами унинны вставляются в отверстия кровли – шањыраќ, (Ильминский). Ата-бабадан ќалѓан ‰лкен ‰й «ќара шањыраќ» – деп аталѓан. Ол кµбіне кенже балаѓа тиесілі болѓан. Шаңырақ, сөзін шаң+ырақ-деп мүшелеуге болатын сияқты. 1) Шаң (ағаш ыдыс), шаңғы, шаңқобыз, шаң қылаң берді (көптік мағынасы) 2) мысалы ол жерде неше шаңырақ отырсыңдар? (қара шаңырақ) семантикалық байланысы бар сияқты. 3) Тәншаң (шаң), шаңырақ (шаң), шаңқай түс (шаң) күнмен байланысты, биік, жоғары деген мағыналық ұғымы да қылаң береді.

Түйін. Дегенмен, шаңырақ пен түндік семантикасы өте тығыз байланысты сияқты. Шаң (күн) > түн.

Түндік: Түн қараңғы, түндік жабулы болса, төрдің алдына құбылаға қарап отырады екен де қояды екен (М-Ж., 48). Түндік қоймай ашпаған тегіс еніп (М-Ж., 77); Жарық жансын шам десең, түндікті жап (М-Ж., 56); Түндіктің өзенінен асып барады екен (М-Ж., 68);

Махмут Қашқари: Tünlük `жарық, тесік (түтін шығатын, сәуле түсетін)`, Тундик – квадратный кусок кошмы, прикрывающий дымовое отверстие в вреху юрты (Потанин, 359). Алтайдың түндік дегені терезе (Қ. Жұбанов, 123). ЛОК tиnlиk `окно (?)`:tиnlиglarï tagï kümüstün `окно его из серебра` (ДТС, с. 586, 597), замахш. Тÿнглÿк, ойр., тув. Тÿндÿк, алт., хак. Тÿннÿк, тÿндÿк `күрке мен киіз үйдің жоғарғы жағындағы түтін шығатын тесігі` (Егоров В.Г. ЭСЧЯ, 1971: 246), тар тÿңлік`терезе, түтіннің шығатын тесігі`, чаг., чулум, тÿңлÿ 1) = тÿңнік, 2) `түтін шығатын тесікті жабатын жабынды`, 3) уйг. `окно`, шор., каз. Тÿндÿк 1) `түтіндік тесік`, 2) каз. `түтіндік жабынды` (РСл, III, с. 1544 – 1555), алт. тÿнöк (түтүнлүк орнына) айтқан `сол түтін шығатынды айтқан, терезенің орнындағы күркенің жоғарғы жағындағы тесік, ауа райының қолайсыздығынан жабатын жабынды`, қазан. `ағаш үйдегі, моншадағы ауа кіріп тұратын тесік` (БСл, I, с. 409), як., нег. Туннук `терезе`, эвенк. Туннук 1) `терезе` 2) ою - өрнектің аты `төртбұрыштар` (ССТМЯ, II, с. 214), кирг. түндүк `жоғарғы уықтардың ұшы кіріп, ұстап тұратын шаңырақ` (ЮСл, с. 781), уйг. Түңлік // түнлүк // диал. Түннүк `түтін шыққыш` (жоғарғы терезе, киіз үйдің түтін шығатын жоғарғы ашық бөлігі) (УйгРС, с. 338). Тат. төнлек`түтіндік, түтін шыққыш, түтін шығатын тесік` (ТатРС, с. 256), башк. Төнлөк `күркенің, тауық қораның, ағаш үйдің таза ауа кіретін тесігі, (БРС, с. 539), кр.-тат. түндүк, түнлүк `бұрыштап қалған екі өлшемдік заң (заң – егіндік жердің өлшемі: 800 саж ұзындығы., 12 ½ көлемі), қазан `меже` (БСл, 1, с. 380, 603), түйнек `терезе` (БСл, 1, с. 409), өзб. Туйнук 1) `тесік (мыс. Қабырғадағы); люк; тепа ~ шатырдағы тесік (жергілікті жердегі үйлерді жарық қылатын, түтін үшін)`; 2) әскер `кетпен, соғыс оры` (УзРС, с. 451), түйнүк 1) `шатырдың жоғарғы бөлігі`; 2) разг. `шатыр, үй, күрке` (Түркм РС, с. 649). Жоғарғы келтірілгеннен: қаз. түндүк түркі тілдерінде былай көрініс тапқан: tünlük, tиnlиk, тÿнглÿк, тÿндÿк, тÿннÿк, тÿндÿк, тÿңлік, тÿңлÿ, тÿңнік, тÿндÿк, тÿнöк, туннук, туннук, түндүк, түңлік, түннүк н в ң, ң в й, н в й (Срав. Истор. Грамм. Тюрк. Язык. 1984, с. 330, 332, 342). Бұлар үш жағдайда көрінеді: 1) шаңырақ; 2) тесік, жарық, терезе; 3) жапқыш. Түндік – түңлік / тÿндÿк туралы Радлов (III, c. 15456 1555), Будагов (I, с. 409); Ал тÿнöк сөзін тÿтÿн + liк, тÿдÿн + lук, түтүн + lүк.

В. Егоров осы лексема `түтін, түтіндеу` деген мағыналы сөзден шықты дейді (Егоров, Эс, с. 246). Г.И. Рамстед түндік `киіз үйдің жоғарғы жағындағы тесік` tütün`түтін` +`lük (< tütünlük / tütünnük), дыбыстардың өзгерісі негізінде түндүк болды (Орузбаева с. 90). К. Дыйканов түндік дериватын түн деп: Түндүк `киіз үйдің жоғарғы бөлігі` < түн` + дук (-лык мучө) қарастырады (1980: 91). Біздің жорамалымыз бойынша түндік сөзін монғолдың тооно `киіз үйдегі түтін шығатын тесік, шаңырақ` бур. Тооно `киіз үйдің түтін шығатын жерін жабатын қақпақ`, манжур. Доно ~ тоно ( < мо) `киіз үйдің түтін шығатын тесігі`(Констанинова, 1972: 237), монғ. Тооно – тон`киіз үйдің жоғарғы жағындағы дөңгелек`, тоонч `киіз үйдің шаңырағын жасайтын шебер`, тоонын даага `радиальные спицы тона` (МРС, с. 409). Жоғарыда келтірілген түндік кестесімен тооно – тоно – доно салыстырсақ оларды үш мағынаға бөлеміз: `жоғарғы ағаш шеңбер, жоғарғы ағаш торкөз киіз үйдің төбесі` > `киіз үйдің жоғарғы түтін шығатын жері` > `киіз үйдің тесігін жабатын жапқыш`. Бұдан шығатын қорытынды: түңдік `түтін` және `түн` емес, түркілік түндік / түңлік монғолдың тооно – тон `шеңбер, киіз үйдің түтін шығатын торкөзі`, тоонч ` киіз үйдің жоғарғы жағындағы шеңберді жасайтын шебер` деген сөздерімен дәл келеді. Сонымен, түннүк / түндүк / түңлік `киіз үйдің шаңырағын жабатын төрт бұрышты киіз`, мүмкін монғолдың `тооно / тоно ` киіз үйдің жоғарғы жағындағы ағаш шеңбер` дегенмен бір болуы мүмкін [7, б.28-32].

Түйін. Түңлүк – түң-лүк. Түң – мүмкін түн болар. Қасындағы сонар -л дыбысының әсерімен -н айтыла келе «-ң» -ға айналмады ма екен деген ой келеді (Жанпейісов, 126). Шаңырақты жауып тұратын киізді түңілік дейді. Қазақ тіліндегі түңілу (күдер үзу, түнеру) мағынасы жағынан жуық келеді.

Түң > түн <> күн > күл.



К‰лдіреуіш. Керегенің басында тұтам күміс. Уық қанша болса, уықтың бай өткізер жерінде тұтам күміс, (қыламында) тұтам күміс, шаңырақтың өзінде, күлдіреуішінде тұтам күміс. (М-Ж. 9 т. – Б. 297). Күлдіреуіші күрт сынып көзіне қадалсын (Ауыз әдебетінің үлгілері жинаған М-Ж., 40); Хан рұқсат берген соң, күлдіреуішінің басын салып берді («Аяз би» ертегісі).

К‰лдіреуіш // кÿльдÿраÿшъ Кир كولدراوش перекрестные палки въ شانكاراق шањыраќ (см. اوي домъ) – (Будагов, 1871: II т. 161); Кир. دودهكيдодеге петельки изъ блой кошмы по низу въ которыя продвають радіусы изъ красной широкой тесьмы называемой күлдіреуіш. (Будагов, 570); Который делается круглый как большое колесо из березового дерева; он имеет перекрестные радиусы кÿлдроÿÿш (Ильм.). Будаговтың киіз үйдің жабдықтары, сүйектері туралы жазғандары алдыңғы бөлімде жазылды енді ары қарай жалғастырамыз: Палочки ршетки скрпляются ремешками изъ верблюжъей кожи, называемыи кµк кëкъ гл. Кµктеу скрпить такими ремешками, кµн скважины, въ которая продваются ремешки, ауќ или а±±ќ (уыќ) унины, выгнутыя палки выше ршетки, а±±ќ бау снурки, которыми привязываются унины къ ршетк; верхній конецъ унинъ четырегранно заостренный – ќалм, отсюда гл. қалмы ау заострить унину; шањыраќ отверстіе кровли, куда вставлются концами унины; оно длается круглое, какъ большое колесо, изъ березоваго дерева и иметь перекрестные радіусы – к‰лдіреуіш, отверстіе для двери огорожено двумя стойками – таянышы, порогамъ табалдырық и сверху перекладиной маңдайша двери-деревянныя; отворачатыя, дурныя, называются кирмасайы т.е. даже собака не войдетъ; хорошія, рзныя – сықырлауық. Ршетка облекается снаружи кошмами – туырлық; на унины накрываются – ауызуық (у) кошмы, коихъ бываетъ дв или три, на самый же верхъ – четвероугольная кошма – түңілік, съ веревками на каждомъ углу для ея откырванія, дверь завшивается особой кошмой или красивой цыновкой изъ палочника – это и есть ашық дверь, она (кошма) привязывается къ шанаракъ т.е. отверстію кровли т.б. (Қалғанын кейінгі бөлімдерде ретіне қарай жалғастырамыз арабша графикадан аударған, транскрипциялаған А.Қ.) [8, б.165].

Түйін. Күл+дір+еу+іш (түйреуіш) түбір мен қосымшадан құралады. Күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз (Ақтанберді) күлдір лексемасымен байланысы бар ма, жоқ па, жете зерттелген жоқ, материалдың жетімсіздігі сезіледі. Күлтегін сөзінің түбірі де күл. Жалпы күн мен байланысты болуы мүмкін (Күннен жаратылған). Күл <> күн <> от деп жорамалдауға болар еді.

Үзік. Осы сабаныњ кµрінісі тµрт сары айѓырдыњ терісінен жонын сыртына ќаратып, жал-ќ±йрыѓын µзіне ќойып, б±лќына бір µгіздіњ терісін тіктіріп, µзін т‰йеге тењегенде сегіз ќанат ‰йдіњ бір ‰зігі бір жаѓына тењ болады екен (М-Ж., 84);

Үзік түркі тілдерінің көбінде кездеседі: 1) бар. `крыша`, 2) каз. ` киіз үйді жабатын киіз `; jоғары ÿзÿк`киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз`; тöмöнгÿ ÿзÿк ` киіз үйдің керегесін жабатын киіз, төменгі киіз` (РСл, I с. 1894); кирг. үзүк `киіз үйдің құрамы` киіз (олар екеу)`, алдыңғы үзік, көткі үзік` (Юсл., с. 817); кк. Үзик ` `киіз үйдің шаңырағын жабатын үлкен киіз` (КкРС, с. 687), туркм. Үзүк ` киіз үйдің жоғарғы бөлігін жабатын киіз` (ТуркмРс, с. 669). Н. К. Антонов узик – `киіз үйдің жоғарға бөлігін жабатын киіздің жартысы` якут тіліндегі үһүө тең келеді. Як. Ÿсÿö ~ öcÿö `екі орнатылған бақанның үстінде жатқан, киіз үйдің көлденең мәтшәсі, бақан, көлденең мәтша`. К. Э. Пекарский як. Ÿсÿö түркі тіліндегі öcäк `қазық, бақан` (ПСл, II, с. 1981; III, с. 3188). Н. К. Антоновтың пікірі бойынша, якут тіліндегі үһүө рет-ретімен дамыған: `киіз үйдің шаңырағын жабатын киіздің жартысы`, одан кейін `балағанның төбесі`, ` ең соңында `бақан, балағанның мәтшасы`. Як. Үһүө, түріктік үзүк сияқты үзе `жоғары`, жоғарғы` (Антонов, 1971: 88). Э. В. Севортян түркі тіліндегі үзік / үзүк сөзінен негіз ретінде үз ~ өз бөліп шығаруға бомас па екен: « Үзік сөзін үз `жоғарғы болу` ~ үз ~ өз `жоғары` [үзүк – сол немен жабады / (киіз үйді), күркенің жоғарғы жағын жабады]? – дейді (ЭСТЯ - I, с. 625). Үзік ~ үзүк пен М.Қ. ašug `құлақшын, дулыға` (ДТС, с. 641), аз. Китаби Дэдэ Горгут уšук `құлақшын` (Асланов В. И. Сов. Тюрк. 1972; 65). Үзік қазақ тілінде үздік түрінде кездеседі: үйдің сүйгене ақ киізден туырлық, үздік, түндік жауып ... (Отарбаев Р. ҚӘ. 1988, 29 июнь). Узюк – войлока, покрывающие верхнюю часть юрты (Потанин, 138). Көне түркілік эпитет үзүк әйелдерге қатысты айтылады: алтун үзүк – олтин қаби тоза, пок хотин (МҚ. I, 101). Қырғыз. Түндүгүн түшүр `қыздығын алу` салыстырыңыз (ЮСл, с. 781). Сонымен, үзік ~ үзүк ~ үзик негізгі түбір үз `жоғары, жоғарғы бөлігі` деген жеткілікті негізделген деп ойлаймыз. Сондықтан да, үзік ~ үзүк ~ үзик`жоғарыға негізделген (киіз үйдің жоғарғы бөлігі үшін)`. М. Қашқари үзік сөзін «шлем» мағынасында келтіреді. Л. Будагов уйг. тұқамға (у) шлемъ, шишакъ (=тұлға) (1869: 400 б.). Қазақ тіліндегі үзіктің мағынасы жаңағы Қашқари көрсеткен жамылғы «шлем» мағынасына келеді. Үзік деп, әдетте, үйдің уықтарын жауып тұратын, уықтың үстін бастыра жапқан киізді айтады. Будаговтың сөздігінен киіз үйдің жабдығына байланысты жазғандарын жалғастырамыз: Тесьмы таңғыш, басқұр, которою привязыавется одно полотно ршетки къ другому, басқұр широкая тесьма какъ кушакъ, идущая вокрукъ всей ршетки и скрпляющая ее, бауы белду, веревка опаясывающая туырлық снаружи, туырлық бауы тесьмы пришитыя къ каждой кошм турылыка, он проходять поверхъ унинъ и держатьь кошмы на всу аузык бауы (үзік бауы) ею привязываютъ ауызук (үзік) къ бауы въ богатыхъ кибиткахъ по низу аууызук (үзік) нашиваются изъ блой кошмы петли – (дөдеге) дÿдэіэ и сквозь нихъ проходить широкая, красная тесьма – жапсар, күлдүреуіш мсто снутри кибитки, гд аузук (үзік) налегаетъ на туырлық. Въ кибиткъ противуположно двери, почетное мсто называется төр (ö), а близь двери – босаға (о) порогъ. При кибиткахъ находится бақан шесть, которымъ поднимается и поправляется түңілік. И другой сырық толстый шесть, которымъ во время втра снутри потпирается шанаракъ. Въ хорошихъ кибиткахъ между ршеткою и кошмою стелится родъ цыновки изъ полочника, перетканнаго разноцвтными шерестями, въ красивые узоры – эта цыновка называется ши, – ауы тігуі поставить кибитку, ауы жығуы снять, собюрать кибитку, ауы көтереру перевести ее съ одного мста на другое не разбирая, а цликомъ, ауы бастыру прикрпить кибитку веревками во время втра, чтобы не снесло (Ильм.) [8, б.164-165]. Транскрипциясын және арабша графикадан аударған – А.Қ. Әркімнің қолына түсе бермейтін тарихи мәліметті толық жазып беруге ынта қылдық Үзік > үзеңгі.

Уық. Іске қарап жалғанда жалғыз уық (М-Ж., 126); Алты ±л тауып ж‰рген иттіњ бес ќанат ‰йдіњ ауыѓын (уыѓын – А.Ќ.) байлауѓа бойы жетпей, уыќ байлаѓанда Жидебайды аяѓыныњ астына жатќызып, неше уыќ бар, сµйтіп байлайды екен. ‡й тігіліп, уыќ бауы байланатын болса, аяќ астына тµсеп, «бой µсіруге» Жидебай дап – даяр (М-Ж., 36); Салдырған сап алтыннан босағасын, Бауы бар уығының меруерт, маржан (М-Ж., 108); Отаудың Ораз атаң басқұрындай, Тоқталмас тұлпар басы тасқа ұрылмай (М-Ж., 106);

Уk – шест, образующіе крышу юрты (Радлов, 1606). Уық. Мұны у -ық түрінде мүшелеуге болатын сияқты. Өйткені, туырлық, үзік дегендермен құрамдас келеді. М. Қашқари ОҚ // ОҒ уық. Әу оқы: ЕВ оқы – үйдің уығы; ИҒ ҰҒ: уық, киіз үйдің уығы, тіреу ағаш [10, б.66, 76]. Уйки – кривые палочки, на которых поднимаются и держится верхний круг юрты-шанырак (Потанин, 359). Уыќ бау уыќ-унина, кривые палочки, на которых держится верхний круг юрты – шанрак и вместе с которым они составляют опору для купола юрты. Уик бау – веревка, вдеваемая в нижнюю часть унины для привязывания ее к решетке – остову войлочных стен юрты (ЌЖ, 283);

Кир. اُوُقْ (уу), дж .اوغ, اوغو к. сл. اووق выгнутыя палки въ отверстіи кибитокъ, составлющія родъ стропилъ, по казачьи унины (к. Сл. خركاه يوشين جوبين т.е. деревянная покрышка палатки). (Будагов, Том. I. 1869: 143). Ж. Манкеева: Уық. Ууқ (қырғ) ~ уық (ққалп, қаз) М.Қ. иу көгу үйдің сүйегін ұстайтын иілген ағаш таяқшалар (М.Қ. I. 48). Сондықтан, сол кездің өзінде-ақ бұл тұлға түбір емес, морфологиялық даму арқылы құрылымы қалыптасып, атау мәніне ие болған. Бірақ, жорамал арқылы ажыратылатын ерін дауысты (у) Э.В. Севортян түбір деп алуға дәлел жеткіліксіз деп санайды. Сонымен бірге, А фон. Габеннің уық сөзіне қатысты тізген гомогендік қатарын да екі түрлі негізден деп қарайды (й ) – «оқ», «уық» - иg (монг.) «семья» // о ~ о иs «тегі» (род) сияқты түзілісін жазды (ЭСТЯ, 583-584) [46, б.32].

Түйін. Уық пен уыз сөздері түбірлес деп ойлаймыз. У -ық түрінде мүшелеуге болатын сияқты. Өйткені, бұл туырлық, үзік дегендермен құрамдас келеді. У > (көк) -ық (қас +ық, қаз +ық, қу +ық) -ық қосымша. Уық пен уыз (уыс), у (удай ащы) түбірлес сөздер сияқты.

Бақан//адалбақан. Үлгісінің өрнегі-Шаңырағым, уығым, Үйде бақан, сырығым, Ат ұстайтын құрығым (М-Ж., 37);

Асалал (асадал): алабақан или адалбақан (вроде вешалки) (С. Аманжолов, 1959: 356). Л. Будагов: При кбиткахъ находится باقان баќан шесть которымъ поднимается и поправляется تونكدوك т‰њдік и другой ضيرق сырыќ толстый шесть которымъ во время втра снутри подпирается шанаракъ – деген болатын қараңыз: үзік бөлімін [8, 164-165].



Айыр: бақан (шест, которым подпирают юрту во время ветра). Куг.ТКО (С. Аманжолов, 1959: 354). М. Малбақов: При кибитке находятся бакан – шест, которым поднимается и поправляется тундук, и сырыктолстый шест, которым во время ветра внутри поднимается шаңырак – деп, дәл Будаговтың жазғандай алған мәліметін көрсетеді [77, б.13-19]. Будагов: каз. киште икштэ перекладина, жердь, шестъ въ изб, на который развшивають платье (1871: 178). Адалбақан мен асадал (адал) мағынасы жағынан өте жуық сөздер – қараңыз: асадал бөлімін. Тат. бақан шестъ, которымъ поднимаютъ кошмы въ кибиткъ – жоғарыдағы жазбаны қараңыз (Будагов, 1869: 235). Тур. صرق сырыкъ, пика, жердъ, шесть, носилщиковъ (монг. ширукъ) кир. толстый шесть, которымъ подпирается верхъ кибитки, чтобы втромъ не снесло – тағы да Будаговты қараңыз (Том. I. 1869: 699). Баган 1) длинный тонкий шест 2) рассоха, деревянный крюк усохи, бакан // бук (бука) деп талдайды (М. Фасмер. ЭСРЯ, 1 том. А-Д. 1964: 101). Асалал (асадал) алабақан немесе алалбақан (вроде вешалки) (Аманжолов, 1959, 356). Бақанда (гл, отъ слова باقاندا ) бақан бить кибиточнымъ шестомъ (Будагов, 1871: 395). Бақан (bagan) Иси Сatal olan uчun soра, diрeк әпер бақан. Адалбақан (adalbagan) зат. Аhsaр, а – уаkli elbise askiligi (Кенган Коч, Аябек Байнязов, Вехби Башкапан [108, б.6, 52-53]. Бақан: балдақ, жүзік; Алтұн бақан – Алтын жүзік (МҚ. 1 том. 1997: 458). Адэ – бақан ағаш (Жеменей, 2003: 12). Баганна прм. татр. палк, коль, жердь, шесть, дреклолье//сочной крюкь, деревянный крюкь у сохи (Вл. Даль. ТС. 1 том. 1981). Адалбақан (бақан (адал) адал+адал) болған сияқты. Адэ > адал+адал. Бақан сөзінің түбірі бақ, -ан қосымша (бақсы+бақ+сы, қамшы+қам+шы) түбір сөздерімен тығыз байланысты. Бақан > бақыр түбірлес лексема сияқты.

Шаңырақ көтеру қасиетті, киелі ұғым. Оны тек қана бақанмен көтереді. Үйде жын-пері болмасын, жас отау иесі адал, бақытты өмір сүрсін деп бақанмен шаңырақ көтерген. Демек, бақан лексемасының бақ <> бақсы (бақ) қамшы (қам) <> семантикалық жағынан жақындығы бар деп түйіндеуге болады.

Ши. Кигіз бенен жарасып үйге шиің (М-Ж., 29). В хороших кибитках между решеткой и кошмой ставится род циновки из палочника перетканного разноцветными шерстями в очень красивые узоры, эта циновка называется шій. – ÿй тик – поставит кибитку, ÿй жык – снять кибитку. Ÿй кöтер – перенести кибитку с одного места на другое не разбирая, а целиком пробрести, строить себе кибитку: ÿй бас – прикрепить кибитку веревками во время ветра, чтобы не унесло, приготовить кибиточные палки. Ÿйлÿ баранды–семейный и хозяственный. Ÿй гушÿк – домосед. Ÿйлöн – жениться. Ÿйÿ бардыњ кÿйÿ бар; ÿйÿ жаќтыњ кÿйу жоќ (послов) – вне дома нет спокойствия и отдыха» – деп сөздіктен жазып алған Малбақовтың жазбасына сүйенеміз [77, б.13-19].

*Ши – циновка из стеблей растения, по – киргизски называемого ши. По – монг. Дерисун, Lasiagrostis sрlendens, которою одевается низ юрты между деревянной решеткой кереге и войлоком одевающим низ юрты поверх ши; этот войлок наз. Тоурлук (Потанин, 121); (Ќасиманов С. Ќазаќ єдебиеті. 1993. № 14 (2296); Л. Будагов: Въ хорошихъ кибиткахъ между ршеткою и кошмою стелится родъ цыновик изъ палочника, перетканнаго разноцвтными шерестями, въ красивые узоры – эта циновка называется шіи. т.б. Будаговтың киіз үйдің жабдықтары туралы жазғандарын жоғарғы бөлімнен де оқуға болады [8, б.163-165]. Ший или чий – песчаный тростник. Употребляется для приготовления части остова юрты, т. н. кереге (Г. Тверитнин, 116).



Ші + ій > ши қос дауыстының бір-біріне ықпалынан і дыбысы түсіп қалған. Ши о баста іи болған сияқты ій (ий > іи (иілу) (і) ине құрамында сақталған. Ш дыбысы кейін қосылуы мүмкін.

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет