Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том



бет20/29
Дата15.09.2017
өлшемі6 Mb.
#33041
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29

Ат-әбзелдері лексикасы
Ауыздық. Ауыздықпен су ішкен аттай болдық (М-Ж, 140). Батыр Сайын саспашы, Ауыздығын боз ат шайнайын (М-Ж., 208);

Ауыздық – ліг. Иүгенлігі – жүгеннің ауыздығы (Қашқари, 201); Л.Будагов: 3) въ названіяхъ членовъ тла, означаеть предметь надваемый на нихъ: كوزلك көзілдірік (отьكوز глазъ) очки,اوزلق аузлыкъ ( اوزротъ) уздцы [20, б.190]. Ауыздық – удила барлық түсініктерде: (Сыздықова мен Хусаин – 88 бет; Махмұдов пен Мұсабаев – 49 бет; Ожегов – 734; М. Фасмер, IV том-149 бет; В.И. Даль, ТСРя – 669 бет соңғылар ауыздықты удила деп аударып алып этимологиясын басқаша айтады. Ауыздықтың бірнеше мағынасын көрсетеді (ҚТС: 1999, 57; ҚТТС: 1974, 489 бет).

Ауыздық сөзін (ау+ыз+дық) түбір мен қосымшаға бөліп қарастырамыз. Ауыз сөзінің түбір тұлғасы балық ұстайтын ау мен салыстырамыз. Бұл сөздердің семантикалық мағынасы жуық. -Ыз (ы+з) құрамы туралы әртүрлі пікірлер бар. М. Қашқари (136), С.Е. Малов (ПДТП: 51–52) -з-ны көптік мағыналы қосымша деп көрсетеді. Мысалы: меңіз (65-бет), көкүз (көкірек), ағыз (ауыз) фактілерді келтіреді. Бұл орайда, А. М. Щерба мен А.Н. Кононовтың пікірі басқаша (Томанов, 63-бет). М. Томанов: ғ дыбысы көне түркі тілінде дауыстылармен бір тіркесте жұмсалған: -аға-бағыр ~ бауыр, ағыр ~ ауыз; ағыр ~ ауыр, ағыл ~ ауыл [109, б.76]. Ахс `рот`, `уста`; ахсы `(< ағызы)`рот`, `уста` (С. Малов, 19). -Дық зат есімнен туынды түбір жасайтын жұрнақ (Н. Оралбай, 2002: – 116 бет; Ысқақов, 117- бет).

Түйін. Ауыздық>ау>ыз (ы+з) -дық=ауыздық. Ауыз>уыз жасалу моделі бір сияқты. А (ауызды ашу ) уыз (алғашқы) деп қарастыруға да болады.

Өмілдірік. Қоңыраулы жүген, күмбезді өмілдірікті көп жасадым (Жұлдыз; 1978). Өмілдірік сары алтын, күлікке тақса болар сол (М-Ж., 25). Жабу сыртынан өмілдіріктеп, құйысқандап күміс ер-тоқым ерттепті (Әуезов, 1987).

Кÿмÿльдÿрÿкъ – тур. كملدرك тоб., كرمولتريك күмүлтрйк хомут; ошейникъ съ кораллами, надваемый на шею лошадей и верблюдовъ (Вамб.) (Будагов, 1871: 2 том. 137). «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» өмілдірік сөзінің шығуына монғол тіліндегі эмээл//емел (ер) сөзі әсер еткені айтылады (1966: 156). Є.Н±рмаѓамбетов: -өмілдірік (өм+ілдірік) іл етістігімен байланысты қарастырады (Бес жүз бес сөз, 1994: 224). Біздің ойымызша -дірік емес, -ілдірік. М±ныњ алѓашќы т‰бірі «іл» (ілу) етістігімен байланысты болуы м‰мкін (кµз+ілдірік, тµбе+ілдірік, саѓа+ілдірік>саѓалдырыќ>саѓалдырыќ. «¤мілдірік» сµзініњ жасалу жолы да осылай ќарастырылѓаны лазым (Бес жүз бес сөз, 1994: 224). Сағалдырық сөзі бас киімге қатысты қолданылған; өмілдірік (өм-іл-дірік) (Жанпейісов, 133). Әйелдердің төсін омырау (омырау таңғыш)-дейді. Л.З. Будагов: алт. كلتكاي اومرو öмÿрÿ – поперечный, боковой подоль (шубы, платья) деп түсіндіреді (Будагов, 133). В.В. Радлов: омраулýк [Кіr., von омрау+лык ] нагрудникъ лошади – der Brustriemen des Pferdes - дейді (1893: 1170). Кµз+ілдірік: аттыњ кµзін саќтау ‰шін ќылдан тоќып ілдірік ілген. Махмуд Ќашќари: Кµзулдурку жылќыныњ ќылынан арнайы тоќылып, ауырѓан, ќарлыќќан кµзге ќалќалап байлап ќоятын кµзілдірік – дейді (МҚ, 186 бет.). Тµбе+ілдірік = ілдірік: сєукеленіњ ±шар бетіне ќадалѓан єшекейленген, бедері бар зат. Тµлеуов: табалдырыќ, кекілдірік деген сµздегі -ылдырыќ//-ілдірік туынды зат есімніњ ж±рнаѓы ретінде ќарастырѓан (Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы. 1973. 77, 76 б.). Өмілдірік сөзі де осы жолмен омырауға қатысты туған болуы керек. Жоғарыда Л. Будагов ат-әбзелдері атқа қатысты туғандығын айтқан еді. Ауыздық бөлімін қараңыз. Өм>ом>омырау>өңірі>ем (емшек)>өмір шығу тегі бір сөздер сияқты. Г. Смағұлова ем (у) түбір тұлғасы тура Э. Севортян пікіріне сүйеніп:>емешесі, емшегі, емесесі, еметайы (құру), езілу (үзілу)-деген тұлғалық өзгерістермен айтылатын тіркестер бар – дейді (Фразеологизмдердің варианттылығы, – Алматы, Санат. 1996: 85 б.). Академик Ә. Қайдар омраз, омуроу, омырағ, амар, омра формаларында қолданылып, негізінен «төс», «көкірек», «бұғана» сияқты мағынаны білдіреді. Ал, монғол тілінде омруд – «бұғана», бурят тілінде оморюу(н) – «аттың төсі», қалмақ тілінде омруһ//омру – «төс», «көкірек тұсы» сияқты мағыналарда қолданылатынын жазады (Түркітануға кіріспе, 2004: 118 б.).

Түйін. Сол сияқты еме > меме > мама > ене > түбірлес сөздер. Демек, ем > өм > өмілдірік болуы мүмкін.

Жүген. Сонан соң жеті жасар Желкілдек өзі жүгендеймін деп ұмтылған екен, тай бүлк етпейді. Жүгенің кеңсірігіме батып барады, құйысқаның құйрығыма батып барады (М-Ж., 158-159); Орнатқан гауһар құйысқан Сауырына сыртылдатып (М-Ж., 232); Кішкене жүген – КҮУҮЧ. КҮWҮЧ . Кууч иүгүн. Кішкене жүген (М.Қ. 3 т. 1997: 225).

Жүген ~ юген, алт. Уйгенъ, ÿгенъ, узда, уздечка; оброть (надваемый на голову лошади), алт. взнуздать, обуздать, ему стало три года пока онъ его (жеребенка) взнуздывалъ (Будагов, 380). Сіб. Тат. тін тінъ, узда, поводъ дейді (Будагов, 398). Жүген мен жүгір сөздерін салыстыру арқылы түбір тұлғаны табуға болатын сияқты. Түркі тілдерінің көне жазба ескерткіштерінде jügür, jürit, jürüg формаларымен қатар сөздің jügür, jügüs, jügrük (аt) формалары да кездеседі (Малов. Пам. Др. Письм., 390-391). Көне jüri сөзінің әр дәуірдегі әртүрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырауының нәтижесінде жүр > жүг > жүй тіліміздегі жүр, жүрек, жүрдек, жүгіру, жүгірту, жүйрік, жүйтку сөздерінің шығуына себеп болған сияқты (ҚТҚЭС: 96). Йүген `узда` (Севортян: 258). Йугын `узда` (Малов, 43). Л. Будагов: Ь) тур. كيم гіемъ, كمіемъ, удила, уздцы (1871: II т. 181). Мінген атты еркіне көндіру, оның басын қалаған жаққа бұру үшін қолданылатын тұрман – жүген (С.М., – Б. 119).

Түйін. Олай болса – жүген (кіс+ен, түм+ен, бүй+ен) жүг (жүр // жүй) +ен қосымшасы арқылы жасалған сөз демекшіміз. Ал, түбірі йік // йек болуы да мүмкін.

Айыл. Айылын тартып алғанда, Адамдай тұрып сайрайды, Батыр Сайын саспашы, Ауыздығын боз ат шайнайды (М-Ж., 208); Айылды ағытады. Алдыңғы айылымды бос тарт, артқы айылымды берік тарт, деді (М-Ж., 159). Айыл – қайыс тартпа (ҚТТС, 23; ҚТДС, 26; Шаңырақ, 39; Подпруга, подбрюшник – Қ – О сөз. 2001: 33; широкий ремень седла или седел – Ожегов, 1963; – М. Фасмер под және пруга деп қарастырады, 1932: 300; ремень, широкая тесьма для перетяги – В. И. Даль, 2001: 492). Айылер тоқым, ершік, ашамай, ыңыршақ қыр арқадан ауып кетпес үшін көлік малының бауырын орай тартатын жіңішке тартпа (ҚҰЭ, 1998: 153). Айыл – подпруга Қ. Бектаев, 2001: 34; Айыл – жалпақ қайыс ҚТС, 199, 23; Айыл сөзінің құрамын ажыратсақ түбірі айы, -л жұрнақ болады. Мысалы: Жалғандықтың айы өтті тіркесінің құрамында айы сөзі сақталған. Айы сөзі жеке тұрып ешқандай мағынаға ие бола алмайды. Орхон-Енесей ескерткішінде: айын-қорқу, қауіптену мағынасында сақталған (ДТС, 1969: 29). Қазіргі түрік тілділердің ішінен туваларда: айыылдыг – қауіпті, ал айыыл – қауіп деген мағыналарда қолданылады (Рус.-тув. Сл., 1980). Монғол тілдерінде айх – қорқу, елегізу, шошыну болып түсіндіріледі (Мон.-қаз. Сөз. 1954). -Л (-ыл, -іл, -л) көнерген жұрнақ жаңа сөздердің құрамынан кездеспейді. Жасыл (қызыл) йаш (жас, көк; көк шөп) сөзімен салыстыруға болады. Сол сияқты, бат, жең, -л аффикстері арқылы жасалғаны айқын. Сын есім жасайтын жұрнақтар актив қолданылған. Бұл келтірілген фактілер -л қосымшасы етістік түбірімен бірігіп тұтасқаны, сөйтіп, бүкіл негіз есім түрінде ұғынылғанын дәлелдейді (Томанов, 187 қараңыз.). Н.А. Баскаков бұл жұрнақтық тегін -гъыл, -геел, -гъал, -гел тұлғаларынан шығарады. М. Хабичев: -къал, -гъыл, -уул, -геуюл жұрнағынан туған деп есептейді. Ф. А. Ганиев -ғыл/-гел, -қыл/-кел жұрнағын -ыл, -ел, -л жұрнағынан бөлек алып қарайды. Э.В. Севортиян -л жұрнағын әрі есім әрі етістік негізінен есімдер тудыратын синкретизм деп есептейді. Бұл орайда, Ғ. Қалиевтің «Қазақ говорындағы диалектілік сөз тудыру» еңбегін атаймыз (қараңыз: 1985, 172). Сонымен, -л әрі есім, әрі етістік тудыратын жұрнақ болып табылады. Адарғы сөзінің айырғы мағынасында болғандығы айтылады (Қ. Жұбанов, 122). Қырғыздар – аил (айыл) (Ш.У. 244). Томанов: айыр, ажыра (ағаш қақ айырылды, бірі-бірінен ажырады), МҚ: адзышты – айрылысты, адзырылды – айырылыды, адзры – екі айырылды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі бұл етістіктер бір түбірдің екі вариантының негізінде қалыптасқан. Варианттардың шығуы – аффрикат дыбыстардың екіге жарылуының нәтижесі. Бірақ, бастапқы түбір қай мағынада – оны ашып айту қиын – дейді (Томанов, 2002: 146). И. Абдулвалиев аүїl `загон для скота` деген терминді генетикалық жағынан айыл `кольцо катура, подпруга` (каз) салыстырады (ПЭТЯ, 1990: – С. 264). Бұл туралы үй (ев) бөлімінен оқи аласыздар. Екі айылдан (тартпадан) атқа көбірек бататыны – қарнынан тартылатын шап – айыл. Тас айыл үнемі қатты тартылады, өйткені ол қаусыратын тұста тынысты қорғайтын төс сүйек бар (С.М., 119). Төс айылдың, батқанын иесі емес ат білер, Ағайынның қадірін жақыны емес, жат білер... – деген мысал осындайдан шыққан.

Түйін. Айыл > айы + л. Айыл, айыр, айырғы түбірлес сөздер болуы мүмкін.

Тізгін. Мұсылман баласына тиді тізгін (М-Ж., 56). Екі де тізгін, бір айыл, «Бір өзім» деп салысты (М-Ж., 34); Жәрдем тізгін тәңірімнен тисе қолға, Не бар қарап тұратын оң мен солға? (М-Ж., 137).

Тізгін: тіз+гін түбір мен қосымшадан тұрады. Губная форма корневого гласного – результат смешения глагола диз- с глаголом дүз- `приводить порядок`. Выстраивать цепочкой, ставить в рят т.б. А.М. Щербак представляет в виде *тіс- `нанизывать`. Tez=tyz `писать, чертить` (Севортян: 218). Дізгін вожжи (Радлов, III том. 1773). Мүмкін тіс (тістің қатарлануынан) тіз болуы. Тіз – колено (часть тела) (Малов, 118). Ауыздықпен ат айдаушының қолын жалғастыратын бау – «тізгін» аталады (С.М., – Б. 120).

Түйін. Өмілдірік өм>ома>омыраулық//өмілдірік (сағалдырық, көзілдірік, ауыздық т.б.) осы ат-әбзелі сияқты дүз > диз > тес > түс > тіс > тізгін (тіз+гін) пайда болуы әбден мүмкін. Тіс>тізгін.

Делбе Тұрады топты көрсем бүйірім қызып, Делебем айғай шықса, кетер қозып (М-Ж., 125). Делбеңді тарт қара сорға енді түстік, арбаның тегершігін қойшы қысып (М-Ж., 465).

Делбе (вожжи) атты айдау мен делебе (делебесі қозып) мағыналық жақындық байқалады. (Бож): божы, делбе (вожжи). ЖуЖо. (С. Аманжолов, 1959: 364 б.). Делбе сөзі якутша «дэлбэргэ» (Э. Пек., СЯЯ, I 1958: 688), кейде «дэлбиргэ» (Як.-рус.сл., 1972: 122); Л. Будагов каз. دلبه дилбэ, дж. تيلبا, تلبه (=тур. دلي) сумасбордный, глупый, дуракъ دلبلك(1869: 564). Тур. іелве – грива лошади (п. жал) конскій волосъ. (Будагов, 365). Дел түбірі тува. – чел, якутсиэл, монғолдэл, қалмақшадел. Нұрмағамбетов дел бір буынды түбір о баста жал болған дейді. Біздің қосарымыз, М. Фасмер бұл сөзді добычи, вожжи, тау шыңы деген мағынасы барлығын славян тілдерімен салыстыра қарастырады (ЭСРЯ). Дел – балық аулайтын сүзектің кереге көзінің жібі (нитки в решетках рыболовной сети). Тур. КО. Делбе: в литературном языке оно значает «бешенство», а здесь: божы (от русск. «вожжи») (С. Аманжолов, 1959: 370). Ә. Қайдар: делебе > деле көптеген түркі тілінде тели // телі//теле//тилү//тили//дели//дилбә//телбә//делі//телік т.б. «ақылсыз, онша ақылды емес, мисыз», «жынды», «жармес» (қар. ҚТҚЭС, 66-67). Қазақ тілінде делебе `жылқы ауруы – вертячка` немесе делі - құлы `жынды`; телі – тентек `бузотеры, жанжал шығарғыш` *делі//*деле//*телі түбірінен шығатынын айтады. Ал, туынды *делебе тұрақты тіркес делебесі қозу мағынасында қолданылатынын тіліне тиек қылған (Қайдар, 2003: 96). Ә. Құрышжанов делебе сөзінің көбіне түркі тілдерінде ауысқан, ессіз, мисыз, жынды деген мағынасы барлығын айтады (Қазақстан мектебі. 1973: № 12). Аякөз маңында делебе - деп атты керекті бағытына бағындыратын «божыны» айтады. Делбе жылқы ауруы мен делебе сөздерінің мағынасы бір болуы мүмкін. Будаговта қаз. делбе (длбе, дилбе) тур. сумасбродный, глупый, дуракъ деген де мағынасын көрсетеді (564). Осы делебе бірлігі атты айдайтын делбе (божы) сөзінің тууына себеп болмады ма екен деген ой туады. Өйткені, аттың да делебесі қозып, қатты жүріске салатыны бар.



Түйін. Делбе (вожжи) түріктің төл сөзі болуы мүмкін. Жал>дел>делбе>делебе болуы да мүмкін. Дел > туынды сөз делебе > жал (жалбақай).

Үзеңгі. Бұрынғы заманда соло бадан Тоқтамыстың үзеңгісін тауып алғандар болып, үзеңгінің кеңдігі бұл заманның атының басы сыйып кететұғын деген екен (М-Ж., 81).Сүйді ол үзеңгісін жетіп барып (М-Ж., 167); ...үзеңгісіне шірене тұрып сауыт бұзар жебесін қақ маңдайдан қарыс сүйем кіргізді (І. Есенберлин. 1986: 18).

Үзеңгі сөзінің мағынасын моңғолдарда «дөрөө» (Қаз. -қал. Сл., 1964, 689) тұлғалары ұғындырады. Сондай-ақ, монғолдар мен қалмақтарда «баспалдақ» мағынасында, біріншісінде – «даруулга», екіншісінде – «дөрә» дыбысы құрамындағы сөздер бере алады (Мон. –қаз.сөз., 1954, 76; Рус.қал., 1964, 269). Осыған қарағанда, өте ерте заманда «үзеңгі» сөзі қазақтарда да «таралға» қалпында аталуы мүмкін. Кейін тілімізге парсы тілінен ауысқан «зинэ» лстница, ступеньки лстницы (Баб. Стр. 390); Бурх. См. Слово ұаы -2). (баспалдақ) сөзі (Л. Буд., Срав..., I, 610) біздің тілімізде «үзеңгі» қалпына дейін өзгерумен бірге «таралғының» бұрынғы мағынасын иеленіп, соңғысының (таралғының) қайыс бауға атау болуын белгілеген. Келтірілген тілдік деректер «таралғы» сөзінің төркіні – монғол тілдері, ал тұңғыш мағынасы «үзеңгі», одан кейін сол тілдерде «баспалдақты» қоса иемденіп, қазақ тілінде ер мен үзеңгіні жалғастыратын қайыс бау ұғымын беретін болып қалыптасқанын дәлелдейді. Ерге отырғанда аяқты тірейтінді «үзеңгі», «үзеңгіні» ерге жалғастыратын қайысты «таралғы» деп атайды (С.М., – Б. 119). Таралғы. Үзеңгіні ерге жалғастыратын, айылбасы бар қайыс бау (Нұрмағамбетов: 265). Үзеңгі сөзімен зеңгі (Зеңгі баба) мағынасы бір болуы мүмкін. Жас баланың басына Зеңгілер гүрзі салады (М-Ж., 258); Балаға батыр зәңгі қадам басты (М-Ж., 155); Зеңгілер сонда ақырып, Қақпаға жетіп барады (М-Ж., 241). Дегенмен, осы мәселеге қатысты материалдың жеткіліксіздігі байқалады. Үзеңгі – стремя (Қ. Бектаев, 2001; Үзеңгі – үзеңгі І. Кеңесбаев, 1977: 547; Стремя – Ожегов, 1963; Үзеңгі – Қалиев, ҚТТС, 9 т. 1986: 524; Стремя, стремено – часть верховой конской сбруи: для упора ног всадника – В. Даль. Тс, 1882: IV т. 338; Стремя – славян тілдерімен салыстыра зерттеген М. Фасмер. ЭСРЯ: 1964, III т. 775; Кейбір батыс говорларда кездесетін әдеби тілде айтылатын жерде к айтылуы (үзеңгі – үзеңкі) қазақ тілінде сақталып қалған оғуз тілдерінің негізгі белгілері болып табылады Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. 1991: 24). -Қы, -кі (-қу, -кү, -ғү, -гү) табынғу, йүкүнгү табыну, жүгіну. Кеску (кескіш), сыбыртқы, сүңгү (сүңгі), уйуқу (ұйқы) -қу аффиксі көне ескерткіштер тілінде зат есім де, сын есім де жасаған. Қазіргі қазақ тіліндегі: бұрғы, шапқы, сүзгі, дәңгі т.б. сөздер құрамында сақталған. Мән-мағынасы жағынан -қ аффиксімен синонимдес. Қашқари көрсеткен бычғу (быч – кесу) кей жерде пышқы (ара – А. Қ.) сөзіндегі -ғу аффиксі арқылы емес, -қ аффиксімен қалыптасқан. Тілде екі вариантта: еріндікпен де, езулікпен де жарыса қолданылған -қы аффиксімен келген сөздердің басым көпшілігі істің істеу құралын, орындалу затын білдіреді. Э. Севортян кейбір түркі тілдерінде осы мағынаның негізінде аффикстің грамматикаланған процессі болғандығын көрсетеді (Томанов, 2002: 209-210). С. Е. Малов: уз (< ұс-) `отрывать, рвать` деген мағынасын көрсетеді (128 бет). Үз түбірі қазақ тілінде де сақталған. Үзеңгі // зөңгі болып та айтылады. Үзең // зөң (үзең + гі) деп қарастыруға да болатын сияқты. Біздің ойымызша, үзік ~ үзеңгі генетикалық жағынан байланысты. Бұлардың байланысы туралы тарихи лексикологияда бірнеше ой-болжамдар бар. Мысалы, Э.В. Севортян бұл жөнінде өз ойын былай жазды: «В. Банг анализировал üzängü как отглогольное существительное на -үи от производного глагола с производящей именной основой üz `верхняя часть` + ä -п» (ЭСТЯ, I, с. 624). В. Банг здесь выдвигает идею о связи семантики үзеңги со значением `верх` (üs, ös), что в дальнейшем было поддержано рядом тюркологов, в том числе и самим Э.В. Севортяном. Как нам представляется, эта же связь прослеживается и между семантикой үзік ~ үзүк и значением `верх`. Интересно в этом плане отметить, что Э.В. Севортян үзе / üzе, үзер / üzеr, үзери / üzеrі, үзере / üzеrе `вверху, наверху, на, над` и (МК) üzlän `подниматься` возводить к üz (ЭСТЯ – I, с. 623). Не меньший интерес представляет сравнение, особенно с глоголом üzlän, и үзеңгі / үзеңңі. В этой связи уместно также сопоставить жүзік `кольцо` < жүз `сустав` + ік аффикс (который выражает значение приспособления, предназначенного для данного органа) и үзік `кошма, покрываюшая верх (унины) юрты` < `верх, поверхность` + ік (тот же аффикс, что и в жүзік). Точно такую же аналогию можно провести и между тебінгітебіңгі / «тäпінгу `кожаная подкладка под седлом по бокам лощади`; `кожаная подкладка под седлом по бокам лошади`; `кожаные щитки, висящие по сторонам седла, которых касаются пятками, когда пришпоривают лощадь`» (РСл. III с. 119) < теп `лягать, бить ногой` + ін афф. Возвратного залога + гÿ словообр. Афф. И үзенгі / үзеңгі `стермя` < үз + е > үзе отыменный глагол +н +ги (подробнее см.: ЭСТЯ – I, с. 623 – 635). Сонымен: үзік ~ үзүк ~ үзик және үзенгі ~ үзеңгі ~ үзеңңи ~ үзеңңе сөздерін үз `жоғары, жоғары жақ` деген мағынаға апаруға болады. Ал, үзік ~ үзүк ~ үзик сөздерін `не нәрсе қажет жоғарыға қарай (киіз үйдің жоғарғы бөлігі үшін)` деп ұғынсақ, ал, үзеңгі ~ үзенгі - `сол нәрсе `қару- жарақ, құрал` деп, ненің көмегімен жоғары шығады (өрлейді) жоғары, жоғарғы жағы` дегенді üзgü (< üz gü) `саты (басқыш) демек, бір нәрсемен жоғары шығады` дегенмен салыстырыңыз (ЭСТЯ – I, с. 624) (Жанпейісов, 34); 5 – 6 жасар баланың аяғы үзеңгіге жетпейтін болған соң арнайы тепкіншек тіккен. п.زينه зинъ, съдло زين зинъ, лъстница, ступеньки лъстницы (Баб. Стр. 390; Бурх. См. Слова -2) (Будагов, 610).

Түйін.Үзеңгі > саты (басқыш) жерден үзіліп, жоғары (көкке) ұмтылу. Үзіктің осы мағыналық жағынан жақындығы бар. Үзеңгі мен Зеңгі баба мифкке дейін көтерілуінде бір мән бар. Үзеңгі >тебінгі>тепкіншек.

Тебінгі мен тепкіншек сөздері бір түбірден өрбіген. Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей (М-Ж., 180. Ауыз әдебиеті үлгісінен); Қайтып келіп еліңе, тебінгіден тер келіп, Қабырғадан қан кетіп (М-Ж., 80);

Будагов: тэбенекъ – кожаная часть сдла, стремена, кожаныя полы сдла, табингу-чапракъ, кожаныя накладки подъ сдломъ, по обимь бокамъ лощади (1863: 341). Тебинги – кожи небольшого размера, накладываемой сверх потника для предохранения брюк, обуви наездника от пота и др. загрязнений (Ә. Қайдар, 2003: 34). Тепінді, тебінді. Бір нәрсені аяғымен тебінгенді, қимылдатып жиі – жиі ақырын тепкенде осы сөзді қолданады. Тебінер – тебінбек (МҚ: 1997, 2 том, 195). Қазақ – тепкі (тянақ нәрсе), монғол – тепке>тэбек; тэбк (тепкі) (Б. Базылхан. Қазақ моңғол тілдіренің салыстырмалы тарихи грамм. 1999: 111). Тебäңгí пахви, кожаная подкладка подъ съдломъ по бокамъ лощади (Радлов, 1119). Тебиг < ремень в лошадиной сбруе > только др. – русс табгечь (М. Фасмер. ЭСРЯ, Изд. Прогресс, М, 1973, 3; В. Даль. ТСЖВРЯ, 4 том, 39; И. Жеменей, 1994: 176-177; С.И.Ожегов, СРЯ, М., 1984, 703). Тепкішек – ступень, уступ, возвышенное или пониженное по отвесу. Шаг. С том, тупень, ступенка лестница, крыльца (В. И. Даль. Толковый словарь живого великорусского языка. IV том, Москва 1982, 632). Ступень – один из выступов, составляющих лестницу, а также поперечная плита, доска, на которую ступают при подъеме или спуске. Подняться на две ступени (М. Фасмер. ЭСРЯ III. Москва, 1971: 788). Сондай-ақ, тебінгенде өкше мен үзеңгі ат қабырғасына қатты соқпас үшін тоқымның үзеңгімен таралғы тұсына қайыс тігеді. Оны «тебінгі» деп атайды (С.М., – Б. 119).



Түйін. Теп (тепкіншек) // ем-емшек (келіншек) дериваты табиғаты, сырт қалпы, құрылысына қарап, етістікке -шек жұрнағы жалғану арқылы жасалған деуге болады. Үзеңгі >тебінгі>тепкіншек қолданылуы жағынан мағынасы бір сөздер.

Терлік. В. И. Рассадин: Так, др. – тюрк. terlik `потник` (др. –тюрк. ter `пот`, ср. каз. терлік, кирг., узб., терлик, уйг. тәрлик `потник`), попав в монгольские языки, адаптировалось в них со занчением `летний халат`: ср. саромонг. terliq, tereliq `халат, подбитый хлопком`, монг. тэрлэг, бур. тэрлиг `летний халат`, калм. терлег `женское национальное платье без рукавов`, в диалектах Внутренней Монголии тэрлэг `летний халат`. Это монгольское слово было заимствовано алтайским и тувинским языками: алт. дерлиг `летний тувинский халат`. В то же время в этих языках есть лексемы: алт. терлик, тув. Дерлик `потник`, которые следует рассматривать особо, как развитие др. – тюрк. terlik `потник`. Таким образом, с точки зрения происхождения этих слов в алтайском и тувинском языках одно из них со значением `летний халат` является монгольским заимствованием, другое же, означающее `потник`, – свое тюркское слово. Представленное же в современном турецком языке слово terlik `комнатные туфли, тапочки, ермолка, тюбетейка из тонкой белой материи`, означающее в турецких диалектах также `вид легкой женской накидки`, и указанное В.В. Радловым (РСл III 1072) крымско-татарское tärlik `туфли`, взятое, по всей вероятности, из османского языка, в общем – то не меняют картины происхождения алтайских и тувинских слов, поскольку в турецком языке развитие отмеченных выше значений могло произойти независимо от монгольских языков. Более того, мы можем даже предположить, что возникновение значения `летний халат` у древнего тюркского слова terlik `потник` осуществлялось не без влияния древних тюркских языков типа огузских, в которых к моменту заимствования этого слова монгольскими языками уже было представлено значение, связанное с каким-либо летним одеянием, предназначенным для впитывания пота. Турецкий язык мог сохранить что-либо из этих значений (Проб. Этим. Тюрк. язык. 223-224). Ер аттың арқасына батпас үшін оның астына «терлік» және «жона» қалың киізден жасалып, былғары немесе терімен қаптайтын «тоқым» салынады (С.М., – Б. 119).

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет