Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет136/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   227
Құмыраша. Бір құмыраша суменен далаға апарып тастайды екен (М-Ж., 1907: 2); Құмыраша аяқ, білезік сырға, ат тұрмандар шығып жүрді (М-Ж., 1907: 2); Кир. قومرا кумра, глиняный горшокъ. тур.قومرال кумралъ. (Будагов, 93).
Түйін. Құмалақ, құмай, құйысқан, құма сөздерінің түбір тұлғасы ұқсас болғанымен талдап отырған лексемамен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл аталған лексемалар – ұмаймен тығыз байланысты. (Ұмай, Құйысқан бөлімдерін қараңыз, сөздік мағынасы мифке апарады).
Кесе. Кесесін ішіп бала қайтып берді (Мәшһүр-Жүсіп., 200); Қыз Гүлшат алтын кесемен сусын берді (М-Ж., 112); Қыз Гүлшат алтын кесе қолға берді (М-Ж., 70); Кесені қолыма алып қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп (С. Торайғыров). Қырғыз тілінде құмның бір түрін есер деп атайтынын Будагов жазды. Құмды жел еседі. Бәлкім, осы мағынасына байланысты есер деп аталуы мүмкін. Есер мен кесерді нендей жағдай жақындатуы мүмкін.
Кесе лексемасының шығу тегі қандай? Мына түсініктерге көңіл бөлсек: п. касэ чаша, чашка. Въ каз. Плоская чашка, въ кир. Полоскательная чашка, (Будагов, 1871: 109). Кесе п. Кассе – шай ішуге арналған ыдыс, шыны, пияла (ҚТАПС, 89). Кесе – п. كاسه чаша, чашка, бокал, большая шашка (Рүстемов, 140); Кес көне түркі тілінде жасау «формаға, қалыпқа» келтіру, кесу деген мағына берген сияқты. Қ. Жұбанов: Ол заманда сөздердің бірінің орнына бірі жүре беретіндігін, келе-келе мағыналарымен бірге сол сөздердің өзі де лайықты түр тапқандығын аңғарамыз (ор, піш, пыш, кес, тес, біз, піс о баста мағыналары бір болғандығын дәлелдейді – А.Қ.) (58, б.120-121).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет