Түйін. Сыр > жазу > сурет салу > өрнек салу > сыру > сырмақ. Сыр түбір тұлғасы мен ой (оймақ>ою) «ойма» жазу болған, текемет// тек (тік) шығу генезисі бір сияқты.
Бөстек. Бөстегім құтылдың ба Көтібақтан? «Күйші» деп бабын білмей кінә таққан (Абай, 125). Оңдап сал төрде жатқан бөстегіңді (М-Ж., 1907: 25); Бөстек – сеңсеңнен яғни аң терісінен құрап тіккен төсеніш [6, б.127]. Бөстек // бөрі // бөдене // бөкен // бөрте // бөрік // бөдене (бө+дене) // бөрлі сөздерінің байланысына көңіл аударсақ, бірден бө морфемасы көзге түседі. Балибан – жастық, бөстек (балибан деп оқылса да, харакаттары айтылу кезде, әр түрлі қойыла береді булибан, белибан – А.Қ.) богрүл – бүйірлері ақ ала ат; басін (басэн) – бөксе (М. Қашқари, II т. 54, 78, 80 беттер); Томановтың көне сөздер (түбірлер) екі не үш әріптен болған. Неғұрлым сөзде дыбыс (әріп, фонема) аз болса, соғұрлым сөз көне деген тұжырымын еске ала отырып, түбірі бө болуы әбден мүмкін. Стек (с + т+ ек ) морфемасы М. Қашқаридің бөгрек (бүйрек), *төшек (төсек), көнек (құлан) -ек көне морфемасы кездеседі (418, б.446-450) с мен т екеуі де қатаң, екіншіден бәсэн дегендегі с бөстекке әсер еткені ықтимал. Бөстек ~ төсек сөздерінің мағынасы бір сияқты. Мысалы, Тюсек – матрац из войлоков, прошитых и обшитых материей (Потанин, 144). Безек: зер, әшекей; Бөz - стек тігілетін бөз деп түсіндірген (М. Қашқари) büz – «Вязь» (курд), вострог (аг) куртка, бости (бодать) – толкать, бить, колотить рогами (Фасмер, 199 бет). Безек – зер, әшекей болса, бüz – ұру, бөстек заттың атауы арасында байланыс болуы да мүмкін. Бір жағынан бөz сөзі мен тек бірігіп барып бөстек атауына арқау болуы мүмкін деген де ой бар. Е. Жанпейісов бөрі тува диалектісінде бөрук/börök болғандығын жазады (ЭСТЯ-1980, с. 220). Соңғысы ең көне тұлғасы болып табылады. Өзінің көне тұлғасын қазақ тіліндегі: бөлтірік бөрік астында – деген тіркестің құрамында сақтаған. Сол сияқты жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында деген мақал бар. Біріншісінде: бөлтірік, екіншісінде: бөрі. Бөріктің этимологиясын: қаз. бөрігу, бөріктіру `шатастыру, қателестіру, көтерілу (адамдарға қатысты көпшік қоя сөйлеу), крм., кум., қаз. Bür `көтерілу (су ішіде), заттың бетіндегі кедір-бұдыр`, крм., кум. Bür `лист (жапырақ), тел., алт., саг. Пÿр`ағаштық жапырағы`, бÿрÿк `әжім, қыртыс, қатпар` (РСл, IV, с. 1397, 1885, 1888); МК. Böri `бұлақтың көзін ағашпен шегендеу`(ДТС, с. 113); М. Рясянен böri сөзінің қатарына қаз. Böltürük < bör – türük `бөлтірік` мағынасында қолданады. Бұдан ертеректе böltürük, монғ. Beltereg < bertereg т.б. Рамстедті қызықтырды (ЭСТЯ – 1978, с. 1221) [10, б.92]. ...Иленбеген теріден жасалатын төсенішті тулақ, иленгенін бөстек деген (С.М., – Б. 106).
Достарыңызбен бөлісу: |