Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет120/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   227
Көнек – түбірі көн (тері) -ек (-лек) қосымша. Көнек>көн ек (төсек, бөстек, кесек, көйлек (көнлек) құрамындағы жұрнақ. Кöнеккожаный подойник (КРС), конок – кожаное ведро для доения кобыл (Рсл). Көнек түркі тілдерінде: `теріден тігілген, сауғанда ұстайтын ыдыс, теріден тігілген ыдыс, шелек, тері шелек` мағынасында кеңінен мәлім. Б. Орузбаева көнектің түбірі көн-нің орнына көң: «Киргизское көнек `посуда из выделанной верблюжьей кожи`, по нашему мнению, образовано от основы көң `кожа (кустарной выделки)` при помощи аффикса -ак по образцу тарак `гребень`» – дейді (Словообразование в киргизском языке. С. 96, 98) [10, б.16]. Салыстырыңыз: кöңlöк, кöңнäк, кöңнöк, конгlак. Архаикалық -ң – ды Н. К. Дмитриев атап өткен болатын (С. Аманжолов, 241). Жазба ескерткіштерде: Хаутсма көнчек = йім = ічтон `шалбар, ыштан, сым, жұқа матадан тігілген ішкі киім`, СС. Тз. Көнчек; Ибн М. Күнчүк; салс. Тат. күнчек `өңделген терінің жұрнағы`, қаз. Көйлек-көншек `ішкі киім`(Құрышжанов, 1970: 148). К.Г. Менгес: коншак сөзін көншек сөздерін көн `тері` түбірінен шыққанын айтады. Бұл туралы (қос – деген бөлімде айтылды). Осы формаға ұқсастықты көне түркілік: күнчäк, күнчүк `қалта` (МК, I,с. 444), чағ. Кончак – колчак `өңезделген тамақ, ыдыс, қазан. Кÿнÿчöк `шелек` (Рсл, 547, 1441) табамыз. Бұл деректердің бәрінің де шыққан түбірі көн `тері`. Көнек//көнлек болуы мүмкін -л дыбысы дыбыстың ассимиляциялануы нәтижесінде түсіп қалған. дж. тат. كون күн, кунь, тур, ад. гöнъ, кожа животныхъ, въ тат. выдланная кожа, كونجيопоекъ, кожевникь, скорнякъ, كونايلاكوجي сыромятникъ, кир. алт. كونوك, كوناك кöнöкъ, кожаный подойникъ или ведро (въ которые доятъ кобылъ), (дожь) лилъ какъ изъ ведра, كونلامك обить кожей – деп түсіндіреді (Будагов, 1871: 164). Жалпы, көнек пен көйлек сөзінің түбірі бір > көн (тері). Көнек – алт. Диалек. Көң тере `өңделген тері`. ГӨ: Н тур.; köн (тур., аз).; gön (тур.).; көн кир., ног.; ккалп., кон уз.; кожа (крупного рогатого скота); көнек `кожаное ведро` (Севортян: 73). Кöнöкъ подойникъ (Будагов, 413). Алалкөнек: сүті кейде аз, кейде көп сиыр (С. Аманжолов, 1959: 354).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет