Сабақ: Тігу немесе жапсырмалау арқылы қолөнерге баулу. Сарамандық жұмыс.
|
Мектеп: Қосарал орта мектебі
|
Күні: 14.02.2017
|
Мұғалімнің есімі: Г.Б. Мырзағалиева
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
Әртүрлі материалдармен жұмыс жасау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: оюдың суретін сала алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі: оюды оя алады
|
Кейбір оқушылар: бұйымды оюмен безендіре алады
|
|
Оқушылар: тақырып түсіндіреді, сұрақтарға жауа береді
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: қоржын, аяққап, ою өрнек.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
|
Алдыңғы оқу
|
|
Жоспар
|
|
Уақыты
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Оқушы әрекеті
|
Басталуы
|
Ұйымдас-тыру
3 мин
| -
амандасу;
-
түгелдеу;
-
оқушының назарын сабаққа аудару;
-
оқу құралдарының дайындығын тексеру;
-
амандасу тренингі
-
Қыздар, көңіл күйлерің жақсы ма?
-
Керемет! (оң қолдарын көтереді)
-
Сабаққа дайындықтарың қалай?
-
Ғажап! (сол қолдарын көтереді)
-
Сабаққа белсене қатысамыз ба?
-
Тамаша! (қолдарын шапалақтайды)
|
кезекшілік
міндеттерін
атқарады
-сабаққа
дайындалады.
Оқушылар топқа бөлінеді
|
Ортасы
ортасы
|
Білу.
Үй тапсырмасын тексеру
| -
Жапсырмалау – дегеніміз не?
-
Қазақта ою-өрнекті неше топқа бөледі?
-
Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарын ата.
-
Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары негізінен қандай материалдардан жасалады?
|
|
Түсіну. Мағынаны тану
|
Қоржын – ұлттық бұйым, өрнек салып тоқылған екі басы қалталы ыдыс.
Қазақ халқы көшпелі ел болғандықтан, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген кездерде көлікпен зат және тамақ алып жүргенге қоржын пайдаланған.
Аяққап – ұлттық бұйым, киізден тігілген ыдыс-аяқ салып қоюға арналған қақпағы бар дорба.
Жолға жүргенде, үйде керегенің басына іліп қоюға ыңғайланып жасалған.
|
Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
|
Ортасы
|
Қолдану.
Шығармашылық топтық жұмыс
|
Р/с
|
Жұмыстың тәртібі
|
Құрал - жабдықтар
|
1
|
Оюды ойып дайындау
|
Қағаз, қатырма қағаз, қайшы, қарындаш
|
2
|
Оюды матаға бастырып қию
|
Мата, қалып үлгі, бор.
|
3
|
Оюды бұйымға орналастырып бекіту
|
Тігін жіптер, ине, қайшы.
|
4
|
Бекітілген оюдың айналдырып, ілмек әдісімен тігіп шығу
|
Түрлі – түсті мулине жіптер, ине, қайшы.
|
|
Оқушылар тапсырманы орындайды
|
Талдау.
Постер қорғау
|
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды
|
Тақтаға шығып постер қорғайды
|
Сергіту сәті
|
Мақал- мәтел ойыны
1.Өнер сыры – өрнекте.
2.Ою ойғанның ойы ұшқыр.
3.Ою ойған сызу да сызады.
4.Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
5.Өнерсізден құт қашады.
|
Мақалдарды айтады,
|
Аяқталуы
|
Жинақтау.
Венн диаграммасы
|

|
|
Бағалау
Кері байланыс
|
Белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру
Ою-өрнекті қағазға қиып үйрену, ою-өрнек туралы 5 жолды өлең жазу.
|
|
Саралау тапсырмалары
|
|