Тон. Кетіпті мініп атын киіп тонын (М-Ж., 134); Жүрген жоқ болмаса ат пен тоны жетпей; Айрылып ат-тонынан жұрдай болып (М-Ж., 36, 57); Ічре ашсыз, Ташра тонсыз (Күлтегін); Ат-тонын олжалап (Қобыланды).
Л. Будаговтың сөздігінде біздің зерттеп отырған объектімізге қатысты мынадай мәлімет кездеседі. Л. Будагов: п. кемха كمخا изъ чего въ тат. قامقه камка, дама, щелковая матерія, въ каз. кимха, бархать, въ бух. парча [8, б.137].
Сол сияқты Р. Шойбеков: «Ертеде қазақы тондардың бас тон, қызыл тон, көк тон, қара тон, ақ тон деп аталатын түрлері болды. Бас тон деп жоғары сортты жібекпен тысталған, қалыңдық жасауына енетін аса қымбат тонды айтқан. Тонды белгілі бір түске бояудың салттық мәні болды. Мәселен, тонның көк кездемемен тысталып, өңіріне, етегіне құндыз ұстаған түрі көк тон аталды. Мұндай тонды ертеде тек белгілі, атақты кісілер ғана киген» – десе [74, б.17]; Б. Сағындықов: «Слово «тон» в казахском языке означает один вид одежды – «шуба», а в памятниках – одежды вообще. Ким атлас тон йәрашур болса мә’ ләм (Мн, 62) (образованному к лицу атласная одежда). В казахском языке значение (по сравнению с памятниками) этого слова несколько сужено» – деп жазды [75, б.16]; Е. Жанпейісов: «Бұл «АЖ» – да жалпы киім атаулы мағынасын білдіреді. Тәкежан, Ысқақ дегендері бұрынғы ата абыройын бүгін кертіп жеп жүрген, тоны сұлу тұғырлар» – деп мысал келтіреді [37, б.96]; Ж. Манкеева: «Мысалы, ескі түркі тілінің деректеріне сүйенсек, «киім» мағынасында, бұрын тон сөзі кеңінен қолданылған: jani arij ton kediр «жаңа таза киім, немесе орrag ton» (ескі киім) – ЕТС, 574 – » дегенді айтады [46, б.20].
ДО:Н турк., то:н уйг. диал. Tон шығыс түрік, тон тур. тат, тöн тув, тон өзб, тум шуаш, tom барх. *-О: ұзақ дауысты дыбыстың архетипі ұйғырлар мен түркімендерде бұрыннан бар. То:н ~ тон көнеден `киім, көйлек, халат, тон` деген мағынаны берген. Соңғы мағынасы то:н ~ тон көне түркі ескерткіштерінде киім, халат, тон ХII – ХIII ғғ. пайда болған. Көне ұйғыр тілінде іш тон `іш киім, штан` қолданылған. Тон – деп сыртқы киім және ішкі киімді де атаған. Тон түркі тілдерінде киім, көйлек, сыртқы киім, халат, кең киім, кафтан, пальто, шаманның арнайы киімі, плащ, шинель, қой терісінен тігілген тон, әйелдердің жазғы киімі, тұлып – кар, қыр, қаз, ноғ, ққалп, алт; жаңа туған төлдің сыртқы қағанағы; төл, әскери қару, аяқ киім, етік, шалбар, сыртқы әлпет, тазалық, жинақылық, әйелдің денесі, емшегі (төсі) сарпайының үсті, жамбас жағы, қойдың ішкі жағы, алды т.б. мағына берген (Севортян, 1980: 262-264). Тон ұрғашының жыныс мүшесінің сырты мен іші (жылы, ыстық деген мағынасына қарап айтса керек). Өйткені, жас төлдің тоңғағы қатты дейді. Тоңғақтың түбірі – тоң. Тоң>тоңға (жерге қатысты тоң) байланысты: Көрмеймін қайда барсам мұз бенен тоң (М-Ж., 170); Тонау (тон+ау) (кимін алып кету) туынды түбір. Тон>«ту» (ту қой) сөзімен байланысты болуы мүмкін. Зерттеушілер тон//дон этимологиясы санкр. Thauna `киім, көйлек` дегеннен шыққаны күмән келтіреді. Көптеген авторлар до:н ~ то: н ~ тон шеттен келген сөз дегенге қарсы. *Тон архетипінің негізін Щерба `халат, киім` дейді. Г. Дёрфер *ton формасын қарастырады. Тон сөзіне қатысты пікірді Ә. Құрышжанов та айтқан [76, б.7-15]. Тон – аттың әбзелі (мон), калм. Ыдыс, үй жабдығы; tjn jün «жүн», деген мағынасы да бар. Чув. Тон-сбруя. Тонау сөзінің: әшекейлеу, киімі, киіндіру, жалаңаштау, шешу, шешіндіру, аяғына дейін шешіндіру, терісін сыпыру, алу, тонау, тартып алу, талқандау, т.б. мағынасы бар. Б±л ќара ќасќа ат Айдабол к‰ліктіњ к‰лігініњ ішінде µсіп µнген майлы тон шегірдіњ шегірі Єліс‰йірдіњ ќара ќасќасы атанѓан екен (М-Ж., 89); Киім деген мағынасы кейін пайда болған. Л. Будагов тонның киім, көйлек, кафтан, тон, жүн, тері, аттың қылы, штан, етік, аяқ киім, әйелдердің жазғы киімі т.б. жиырмаға жуық мағынасы барлығын көрсетеді [8, б.753]. С.Е. Малов: тон – сыртқы киім, кафтан, тон, ақ тон, арығ тон, ашып кеткен сүт, тоңу деген мағынасын көрсетеді [11, б.121]. Тонның бір түрі алғалы – түлкінің терісінен тіккен тон (Будагов, 84). Себіл тон-оқ өтпейтін тон. Оқ өтпейтін, өлмейтін кісіні жан себіл дейді (Ш.У, 320). Тон – верхняя одежда (Радлов, 1176).
Достарыңызбен бөлісу: |