"Метаболизм" модулі КД бойынша тесттер
#1
*!Мінез-құлықты өзгерту кезеңдері негізгі қағида болып табылады:
#2
*!Мінез-құлықты өзгертуге ынталандыру
#3
*!Мінез-құлықты өзгерту мотивациясы:
#4
*!Мінез-құлықтың өзгеру сатысының кезеңдері мыналардан тұрады:
#5
*!Науқас нақты мәселені түсінбейді, бұл жағдай деп аталады:
#6
*!Тиімді мотивациялық сұхбат үшін мыналарды жасау керек:
#7
*!Мотивациялық сұхбатта қолданылатын коммуникативтік дағдылар:
#8
* Асқазан жарасы бар науқасқа қандай сұрақ ашық болып табылады:
#9
*!Бір нәрсеге қатынастың сәйкессіздігі, екі жақтылығы деп аталады:
#10
*!Мотивациялық сұхбат мақсаты, өзгерту:
#11
*!МИ-дің маңызды комммуникативтік дағдыларының бірі:
#12
* Мотивациялық сұхбаттың маңызды дағдысы:
#13
*!Науқасқа эмоционалды қолдау көрсету мысалы:
#14
*!Колоноскопиядан бас тартқан науқасқа эмпатия көрсетуге мысал келтіріңіз:
#15
*!МИ жүргізуге кедергі келтіреді.:
#16
*! Сөйлем: «Маған осының бәрін айтқаныңыз үшін рахмет. Мен түсінемін,
бұл сізге оңай емес», көмектеседі:
#17
*!Науқастың мінез-құлқын өзгертуге мүдделі және дайын екенін қалай түсінесіз?
#18
*!QARS моделі бойынша қандай дағды қолданылады?
#19
*!Науқас өзінің денсаулығына нұқсан келтіретін мінез-құлықты әлі білмейді, кезеңде:
#20
*!Науқас мінез-құлықтың өзгеруінің белсенді процесінің сатысында, ол:
#21
*! Прочасак бойынша мінез-құлықтың өзгеру кезеңдері неше кезеңнен тұрады?
#22
*! Науқас Р., 43 жаста, эпигастрий аймағындағы аш қарынға және түнгі уақыттарда пайда болатын ауыру сезіміне, қыжылға, кекіруге шағымданады. Тәбеті жақсы. Жасөспірім кезінен ауырады, ауруы жиі күзгі маусымда өршіп отырады, тамақтануы ретсіз, көп темекі шегеді. Қарап тексерген кезде аздап жүдеген, іштің беткей және терең пальпациясында пилородуоденальдық аймақта ауыру сезімі білінеді. Асқазанішілік рН-метрия: аш қарынға асқазанның денесінде рН – 0,9. Дәрігер онымен мотивациялық әңгіме жүргізеді, ол темекіні тастау керек, қазіргі уақытта пациент шешім қабылдау сатысында::
#23
*! 34 жастағы ер адам аш қарынға және түнгі уақыттарда эпигастрий аймағының сыздап ауыратынына, осы кезде қатты қыжылдату сезімі пайда болатынына, тамақ ішкен соң жағдайы жеңілдейтініне шағымданып отбасылық дәрігерге қаралды. Анамнезінен жоғарыда аталған шағымдар 3 жыл бойы мазалайды және көбінесе күзде және ерте көктемде пайда болады. Қарап тексергенде дене бітімі астениялық, терісі бозарған. Ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағында, іштің ақ сызығынан оң жақта қатты ауыру сезімі білінеді. Дәрігер онымен емдеу курсының қажеттілігі туралы мотивациялық сұхбат жүргізеді, ал қазіргі уақытта науқас екінші кезеңде - ниет::
#24
*! 43 жастағы әйелде майлы тамақты ішкеннен кейін оң жақ қабырға астында пайда болатын ауру сезіміне шағымданады.Оң екі елі ішекті зондтауда В порциясында көп мөлшерде эпителий жасушалары, лейкоциттер және шырыш үлпектері анықталды. Анамнезінен дәрігердің бақылауынан метаболикалық ауру диагностикасы ... Науқас - Бұзылу сатысында, мотивациялық сұхбат кезеңдері бойынша оның одан әрі әрекеттері.
#25
*! Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне 48 жастағы әйел адам жеткізілді. Эпигастрий аймағында басталып, іштің жоғарғы бөліктеріне белдік шеңберімен айналдыра тарайтын ауыру ұстамалары мазалайтынына, осы ұстама кезінде қайталап құса беретініне шағым айтады. Анамнезінен дәрігердің бақылауынан метаболикалық ауру диагностикасы эндокринолог дәрігердің бақылауында, соңғы үш айда диетаны жиі бұзады, тәтті, майлы тағамдарға қарсы тұра алмайды. Скатологиялық зерттеуде бейтарап майдың қорытылмаған қосындылары анықталды. Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қант диабетімен ауыратын науқас үшін мотивациялық сұхбаттың мақсаты қандай?
#26
*! Ұзақ уақыт бойы асқазанның ойық жара ауруымен ауыратын 57 жастағы ер адам жағдайының бұрынғы белгілерімен салыстырғанда өзгергенін айтады. Асқазан тұстары үнемі ауыра беретін болды, сонымен қатар азып жүдеп кетті, үнемі әлсіздік сезімі мазалайды, тәбеті күрт төмендеп, ет тағамдарына жиіркеніш сезімі пайда болды. Физикалық тексеруде сол жақ бұғана үсті аймағында тығыз келген, беттері кедір -бұдыр лимфа түйіні анықталды. Дәрігер соңғы жылдардағы ішімдіктерді мерзімді түрде асыра пайдалануды анықтады. Алкогольді асыра пайдаланатын асқазан жарасы бар науқастың МИ үшін ашық сұрақты таңдаңыз:
#27
*! Науқас С., 59 жаста, әйел адам, майлы, қуырылған тағамдарды қабылдағаннан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағым айтады. Ауыру сезімі іштің жоғарғы бөліктерін белдік тәрізді айналдыра тарайды, сонымен бірге жүрек айнуы, іштің кебуі, кейде іштің өтуі қабаттасып келеді. Ол өзін 3-4 жылдан бері аурумын деп есептейді.
Объективті түрде. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене бітімі дұрыс, артық салмағы бар. Созылмалы панкреатит туралы дәрігердің бақылауында. Мотивациялық әңгіме жүргізу кезінде науқастың қай сөйлемі оның екіжақтылығын көрсетеді (екі жақтылық, бір нәрсеге қатынастың сәйкессіздігі):
#28
*! 32 жастағы ер адам, тері жабындыларының кенет сарғаюына, нәжістің түссізденіп кеткеніне шағымданып отбасылық дәрігерге қаралды. Осыдан 3 күн бұрын оң жақ қабырға астында қатты ұстамалы ауру сезімі болыпты. Анамнезінде – алкогольді қолдану, диетаны бұзу. Мотивациялық сұхбат жүргізу үшін OARS алгоритмін қолдану қажет, оның негізгі дағдыларына: 1. ашық сұрақтар, 2. жағымды мәлімдемелер, 3. рефлексиялық тыңдау және 4.?
#29
*! Науқас С., 59 жаста, әйел адам, майлы, қуырылған тағамдарды қабылдағаннан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағым айтады. Ауыру сезімі іштің жоғарғы бөліктерін белдік тәрізді айналдыра тарайды, сонымен бірге жүрек айнуы, іштің кебуі, кейде іштің өтуі қабаттасып келеді. Ол өзін 3-4 жылдан бері аурумын деп есептейді. Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы байқалады
Объективті түрде. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене бітімі дұрыс, артық салмағы бар. Іші жұмсақ, Дежарден нүктесінде, Шоффард аймағында ауырады. Пациент үшін мотивациялық сұхбаттың мақсаты қандай?
#30
Науқас Ж., 70 жаста, әйел адам, әдетте диетаны бұзғаннан кейін (майлы, қуырылған тағамдарды жегенде) іші өтетініне шағым айтады. 15 жыл бойы ауырған, метаболикалық ауру диагнозы қойылған, аурудың өршуі жылына 2-3 рет байқалады. Нәжістің зертханалық зерттеуінде бейтарап майдың көп мөлшері анықталды. Кеңес беру және мотивациялық әңгімелесу процесінде науқастың қай сөйлемі оның амбиваленттігін көрсетеді (екі жақтылық, тамақтануға қарама-қайшы көзқарас):
Достарыңызбен бөлісу: |