Металдар Сабақтың мақсаты



Дата31.01.2018
өлшемі86,73 Kb.
#36688
түріСабақ
Металдар

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың алған білімдерін қорыту, бір жүйеге келтіру және білім деңгейін тексеру, жан-жақты ойлауға, ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

Оқушыларды ынтымақ бірлікке, тез ойлауға және белсенділікке дағдыландыру, теориялық білімдерін бір жүйеге келтіру.



Дамытушылық:

Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге баулу, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс- жүзінде қолдана білуге үйрету; жаңа комьпютерлік технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.



Тәрбиелілік:

Туған жер қойнауының байлықтары туралы оқушылардың білімін кеңейтіп, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қорытынды, жүйелеу сабағы

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, аралас сабақ.

Пәнаралақ байланыс: география, биология.

Сабақ көрнекілігі: электрондық оқулық «Химия» 9-сынып, слайдтар.

Сабақтың девизі: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қ.Сәтпаев.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сыныпты үш топқа бөліп отырғызу.

Психологиялық даярлық.. Кәне , Қуаныш бізге өз атыңнан басталатын үш тілек сөз айтып жіберші.

Қуаныш: Қош келдіңіздер,қуанышты Қазақстан

М: Өте жақсы. Кәне балалар ендеше келген қонақтармен амандасайық.

О: Қош келдіңіздер

М: Өте жақсы. Осы сөздің дәлеліндей елімізде қуанышты бейбіт күніміздің тағы бір таңы атты. Еліміздің болашағы мектеп қабырғасындағы ұрпақ. Сондықтан Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім керек. Ендеше, білім алатын тағы бір сабағымызды бастайық..



I-кезең Кел танысалық !

1-топ «Темір»

Темір-металл, темірді латын тілінен аударғанда «қамал» дегенді білдіреді, сондықтан да біз қамалдай берік Қазақстанның азаматымыз.



2-топ «Алтын»

Алтын- таңғы арай дегенді білдіреді, сондықтан да сендерге әрбір арайлап атқан таңдарың сәттілік әкелсін дегіміз келеді.



3-топ «Берилий»

Берилий- тәтті деген мағынаны береді, әсіресе берилий ғарышта өте маңызды орын алады, сондықтан да ғарышта ашылмаған құпияларды зерттеу, оқып-білу міндетіміз.



II-кезең Кім көп біледі?

Металдарға байланысты сұрақтар слайдтар түрінде көрсетіледі



1

Қандай металдар сілтілік жер металдарына жатады?

Кальций, стронций, барий, радий

2

Алюминий неліктен ауада таттанбайды?

Оттекпен әрекеттекенде оксидтік қабықшамен қапталады.

3

Калий тұздарын қайда қолданады?

Минералды тыңайтқыштар ретінде

4

Судан екі есе жеңіл металл?

Литий

5

Лабораторияда металдық натрийді қалай сақтайды?

Керосин, парафин майы қабатының астында.

6

Автомобиль, кеме, ұшақ жасауда қолданылатын жеңіл, әрі берік металл?

Титан.

7

Қай элемент ең белсенді?

Цезий.

8

Натрий мен калий ауада жанғанда қандай заттар түзіледі?

Пероксидтер

9

Металдық натрий мен калийді тұздарының сулы ерітінділерінің электролизі арқылы алуға бола ма?

Жоқ

10

Қандай элементтер s-элементтерге жатады?

I А және II А топша элементтері

III-кезең Кім жүйрік?

Топ басшыларының сайысы.



«Темір» тобына

Қыздырылған Fe2O3 арқылы сутекті өткізіп, темір алуға болады. Егер 2,24л сутек жұмсалса, темірдің массасынесептеңдер. Реакция өнімінің шығымы теориялық мүмкіндіктің 95%-ін құрайды.



«Алтын» тобына

Массасы 12г Al мен Cu қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Бөлініп шыққан сутек 7,4л (қ.ж) көлем алды. Әр металдың қоспадағы массалық үлесін анықтаңдар.



«Берилий» тобына

Массасы 15,2г хром(III) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда 9г хром түзілді. Хромның теориялықпен салыстырғандағы шығымын процентпен көрсет.

Өзін-өзі тексеру үшін есептер жауаптар слайдтан көрсетіледі.

IV- кезең Тіл- өнер

Мұғалім:Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өну көзі- оның тамыры, адамның санасының даму көзі-оның тілі. Бүгінгі таңда дамыған елдің азаматтарына 3-4 тіл білу міндет, ендігі кезең тіл-өнер. Анограммадан сөз құрастырып, қазақша, орысша, латын, халықаралық атауын беру, формуласын жазу, салыстырмалы атомдық массасын айту .



«Темір» тобына

РОЫНҚАҒС- қорғасын, свинец, плюмбум Рb 207



«Алтын» тобына

АСПЫН- сынап, ртуть, гидраргирум 201



«Берилий» тобына

АЫҚЙАЛ- қалайы, олово, станум 119



V- кезең Химия ғаламаты

(тәжірибе жасау)

Алдарыңыздағы бар реактивтерді пайдаланып, өзгерістерді жүзеге асыру.

Қауіпсіздік техникасының ережелері слайдтар бойынша көрсетіледі.Әр топтан бір оқушы шығып , өз жұмыстарын қорғайды.



«Темір» тобы «Сүттің суға айналуы»

Кальций хлориді ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі, түзілген ақ тұнбаға 20%-дық тұз қышқылын қосқанда «ақ сүт» қайнап, түссіз мөлдір сұйықтыққа айналады.

Түсіндірме: кальций хлориді ерітіндісі натрий карбонаы ерітіндісімен әрекеттескенде ақ түсті кальций карбонаты тұнбаға түседі:

Ca Cl 2+ Na2CO3 = CaCO3 + 2NaCl

Түзілген тұнбаға тұз қышқылын қосқанда тұнба еріп кальций хлориді, су және көміртек(IV) оксиді түзіледі, көмірқышқыл газының бөлінуі қайнауды көрсетеді: CaCO3 + 2HCl + CaCl2 + H2O + CO2

«Алтын» тобы «Судың лайлануы»

Ізбес суының қаныққан ерітіндісіне көмірқышқыл газын жібереміз. Ерітінді лайланады

Түсіндірме: кальций гидроксидінің ерітіндісінде көмірқышқыл газы еріп, кальций карбонатының ақ тұнбасы түзіледі:

Ca(OH)2 +CO2 = CaCO3 + H2O

Ізбес суы көмірқышқыл газының бар екендігін анықтайтын индикатор.

«Берилий» тобы «Мыстың түсі қандай»

Сынауықтың 1/3 көлеміне этил спиртін құйылады. Мас пластинкасын қысқышпен алып, оны жалынға ұстаймыз.Мыс пластинкасы қарайған соң, жалыннан алып, спирт құйылған сынауыққа саламыз. Пластинка ашық қызыл түс түзеді.

Түсіндірме: мыс пластинкасын қыздырғанда оттекпен әрекеттесіп мыс(II) оксидін түзеді: 2Cu + O2 = 2 CuO

Мыс(II) оксиді спиртпен әрекеттесіп альдегид және мыс түзіледі:

СH3-CH2OH + CuO = CH3-COH +H2O + Cu

VI-кезең Өзіңді тексер

«Темір» тобына

1.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың
пайыздық мөлшері.
А) 90% Ә) 80% Б) 50%
2. Сілтілік Ме
А) Li. Na. K.Rb. Cs. Fr. Ә) Li. Na.Ca. Mb. Al.
Б) Na. K. Fr.Au. Al.
3. Жеңіл балқитын Ме
А) Күміс, алюминий, мыс Ә) Сынап, цезий, галлий
Б) Мыс, қорғасын, алтын.
4. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын Ме
А) Ti Ә)V Б) W
5. Негізгі топшаның Ме
А) s.d элементтер Ә) p.d элементтер
Б) s.p элементтер.
6. 4 Al + 302 2 Al2 O3 реакциясы бойынша 1 моль Al жанғанда неше моль Al2 O3 түзіледі?
А) 0,5 моль Ә) 2 моль Б) 1 моль

«Алтын» тобына:

1.Металдарға мына байланыс түрі тән:


А/ Атомдық Ә/ Иондық Б/ Металдық
2.Қандай қатарда тек металдар орналасқан:
А/ K ,Zn ,Fe Ә/ Si, Ca, Bi Б/W, Os, B
3.Жер қыртысында ең көп таралған металл?
А. Fe Ә/ Ca Б/ Ті В/ Аl
4. Сумен қандай металл реакцияға түспейді?
А/ Са Ә/ Ni Б/ Na В/ Ba
5.Концентрленген HNO3-пен қандай металл әрекеттеспейді?
А/ Cu Ә/Ag Б/Cr В/Zn
6.Массасы 5,4г алюминий темірдің (III) оксидімен әрекеттескенде неше грамм алюминий оксиді түзіледі?
А/ 5,1 Ә/ 20,4 Б/ 10,2 В/ 15,7

«Берилий» тобына:

1.Мына металдардың қайсысы сілтілік жер металдарына жатады:


А/ Rb Ә/Ba Б/ Fe В/ Sr
2.Судың кермектігін қай иондар тудырады:
А/ К Ә/ Са Б/ Ba В/ Мg
3.Тұздарының ерітінділерінен қандай металдар мыспен ығыстырылады:
А/ Fe Ә/ Zn Б/Sn В/ Аg
4.d-элементтер:
А/ белсенді металдарға ; Ә/ ауыспалы металдарға;
Б/ белсенді емес металдарға ; В/ орташа белсенді және белсенді емес металдарға жатады.
5.Калий ауада жанғанда түзілетін зат:
А/ К2О Ә/ К3N Б/ К2О2 В/ КО2
6.Массасы 160г 10%-тік мыс(II) сульфатыының ерітіндісіне батырылған темір тақташада түзілген мыстың зат мөлшері:
А/0,1 Ә/ 0,2 Б/ 0,3 В/ 0,4


Топтары

1

2

3

4

5

6

Темір

Ә

А

Ә

Б

Б

А

Алтын

Б

А

В

Ә

Б

Б

Берилий

Ә,В

Ә,В

В

Ә

Б

А

Топтар өз жауаптарын слайдта көрсетілген дұрыс жауаптармен тексереді

Қорытынды:Оқушылар алдарыңда берілген шартты белгілерді тақтада ілініп тұрған Қазақстанның картасына, өз кен орындарына орналасырады. Отанымыздың жер қойнауы өте бай. Металдар- ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетуінің бірден бір кепілі .



Сабақ соңында топтар бойынша білімдері бағаланады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, сабақта алған білімін жетілдіруге, алғырлыққа шыңдауда білім сайыстарының маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет