Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


Анодты процесс және никель анодтары



Pdf көрінісі
бет39/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
Анодты процесс және никель анодтары.
Никель пассивацияға өте бейім келетіні белгілі, әсіресе анодты еруде жақсы 
байқалады. Анодтарды пассивциялау кезінде электролитте сутек иондарының 
концентрациясы тез өсіп, металдың концентрациясы төмендейді. Бұл металдың 
тоқ бойынша шығымын төмендетіп, қаптамалардың сапасын нашарлатады. 
Никельдің пассивтенуін анодты бетті үлкейту және тоқтың анодты тығыздығын 
төмендету арқылы минимумға апаруға болады, бірақ конструктивті жағдайдың 
шектеулігіне байланысты, сондай - ақ металдың біртегіс таралуы тұрғысынан 
анодқа ең тиімді форманы беру жағынан шектеу қойылады. 


Катодты процеске кері әсерін тигізбейтін, яғни тоқ бойынша шығымды және 
тұнбаның сапасын төмендетпейтін, сондай - ақ анодтардың қалыпты еруін 
қамтамасыз ететін активтеуші агенттерді электролитке енгізеді. Мұндай 
активаторлар хлор иондары, оларды электролитке белгілі бір мөлшерде сілтілік 
металл тұздары немесе хлорлы никель түрінде енгізеді. Соңғы жылдары 
никельдеуге құрамында хлор ионы бар ванналар қолданады.
4 - суретте никель электролиттерінде құрамында хлоры бар (1) және хлоры 
жоқ (2) кезіндегі анодты поляризациялық қисықтар келтірілген 3-ші қисық 
никель анодында О
2
-нің бөлінуіне сәйкес келеді. 
Ток тығыздығы, А/дм

2,0 1,6 1,2 0,8 0,6 0,4 0, 2 0 -0,1
Анодты потенциал, В 
4 - сурет никель электрлиттеріндегі анодты поляризациялық қисық 
Хлоридтердің қатысынсыз анодтардың барлық пассивті күйі тоқтың 
салыстырмалы төмен тығыздықтарында никель NiSO
4
-тің ерігіштік шегіне 
жеткеннен кейін орнайды. Соңғы жағдайда активті анодты бет кішірейеді, яғни 
тоқтың анодты тығыздығы жоғарылап, гидроксил иондарының разрядының 
потенциялына жетіп – О
2
бөлінеді. Бұл көзқарастан хлоридтердің ролі пассивті 
пленкаға ерігіштік әсер беруімен түсіндіруге болады. Мұндай болжам 
электрохимия жағынан көбірек мүмкін, алайда ол тәжірибелік дәлелдемені 
қажет етеді. 
Тоқ тығыздығы 1А⁄дм
2
температура 17
0
с рН = 5,4 5,8 болғанда 1 н 
NiSO
4
×7H
2
O+025=м×H
3
ВО
3
ерітіндісінде никельдің анодты поляризациясына 
хлоридтердің әсері 2 - кестеде келтірілген. Никель сульфатының және бор 
қышқылының ерітіндісіне хлор ионды аммонийдің, магнийдің, натрийдің, 
никельдің, калийдің хлорлы тұздары түрінде енгізген. 2 - кестеде келтірілген 
мәліметтерден көрініп тұрғандай хлоридтерді 0,25 сәйкес мөлшерде енгізген 
кезде анодты поляризация 1,3-1,4 В - ке кемиді. Хлор ион енгізілетін катион 
анодты поляризацияға көп әсер етпейді, алайда ең жақсы әсерді НСl береді. 
Никельді анодтар шлам түзуге бейім келеді, ол қапталатын бұйымдардың 
бетінде тұнып, беттердің бұдырылғы мен жоғары кеуектілігіне әкеледі. Бұл 
құбылысты болдырмауға никельді анодтарды аз мөлшерде (0,002-0,01%) 
күкіртпен легирлейді. 


2- кесте. 
Никельдің анодты поляризациясына хлоридтердің әсері. 
Электролит 
Концентрация, 
II. 
Поляризация,
В 
Меншікті 
электркедергі 
Ом·см 
NiSO
4
·7H
2
O (0,25 моль/л) + 
H
3
BO
3
Сондай ақ NH
4
Cl мен 
» NaCl мен 
» MgCl

мен 
» NiCl
2
мен 
» KCl мен 
1,0 
0,25 
0,25 
0,25 
0,25 
0,25 
1,78 
0,43 
0,39 
0,49 
0,43 
0,32 
40,0 
20,4 
22,4 
24,4 
30,8 
20,0 
Күкірттің депассивтеуші никель анодтарында әсері тығыз құйма (0,1-0,3%) 
алуға жеткілікті мөлшерде көміртек немесе оттегі болған жағдайда сақталады. 
Никель анодтарында күкірттің депассивтуші әсері сақталады және олар
шламның кішкене мөлшеріне Al, Mn, Si, Ti енгізілген жағдайда ериді. Алайда, 
магнийді қолданғанда күкіртпен байланысатын ешқандай депассивтеуші әсер 
байқалмайды. Депассивтеуші әсер ететін күкірттің төменгі шегі шамамен 
0,002% тең ал жоғары шегі шамамен 0,01% - ға тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет