Құрамында 240 г/л никель сульфаты, 20 г/л никель хлориді және 20 г/л бор
қышқылы болатын электролит үшін шекті рұқсат
етілген тоқ тығыздығы
әртүрлі рН мәні мен температура үшін 1 - суретте көрсетілген. Жоғары
қаныққан электролиттерде араластыру қарқындылығын жоғарылатқанда шекті
рұқсат етілген тоқ тығыздығының қисықтары оңға қарай ығысады.
рН-тын төмен мәндерінде тоқ тығыздықтарының интервалы кеңейіп, сапасы
бойынша жақсы қаптамалар алуға болады. Алайда, мұндай электролиттің
кемшілігі жеткіліксіз шашырату қабілеті болып табылады. рН = 15÷2
аралығында жұқа қабатты қаптама алады, кейін тағы тұндырып қалың қабатын
алады.
Температура, °С
1 - сурет. Никель электролитінде рұқсат етілген тығыздығына pH пен
температураның әсері. Оң жаққа қарай орналасқан аймақтарда
берілген режим
мен pH мәндерінде қалыңдығы 12 мкм болатын қаптамалар бөлінгіш, сапасыз
келеді; сәйкес қисықтардан солға қарай орналасқан аймақтарда жақсы
қаптамалар алынады
рН мәні төмен болатын электролиттердің үлкен кемшілігі ретінде рН мәні
жоғары болатын
электролиттермен салыстырғанда, тоқ бойынша шығымның
тоқ тығыздығына аса тәуелді болатынын айта кетуге болады. Осы себепті
күрделі профильді бұйымдарды никельдеу кезінде рН мәні жоғары болатын
электролиттерді қолданған жөн олар металл бетіне біртегіс таралады.
Әртүрлі электролиттердегі тоқ бойынша
шығымның тоқ тығыздығына
тәуелділігі 2 - суретте келтірілген.
2
- сурет. Әртүрлі электролиттердегі тоқ тығыздығына Ni-дің тоқ
бойынша шығымның тәуелділігі.
Никель электролитінің қышқылдығы электролиздік қаптаманың құрылысына
және қаттылығына әсер етеді. Никельді электролиздік қаптаманың қаттылығы
электролиз алдындағы механикалық өңдеуге және қапталған бұйымды
тасымалдауға байланысты.
Ni қаптамаларының қаттылығына қышқылдықтың әсері 1 кестеде және 3 -
суретте көрсетілген.
В ерітіндісінде (12 А⁄дм
2
) тұрақты
тоқ тығыздығы кезінде және
температурада (35 5
0
с) әртүрлі рН мәндерінде қапталған үлгілердің қаттылығы
келтірілген. Алынған нәтижелер тұнбаның қаттылығы мен рН мәндері
арасында үлкен тәуелдік бар екенін көрсетеді, бірақ катодты потенциал мен
тұнбаның қаттылығы арасында байланыс болмайды.
Басқа электролиттерде үлгілердің қаттылығына өткізілген сынақтар ортаның
қышқылдығы мен тұнбаның қаттылығы арасындағы байланысты көрсетті.
рН –ты жоғыралатқан сайын никель
тұнбаларының қаттылығы В
электролитінде 192-ден 418-ге дейін, А электролитінде 178-ден 285-ге дейін; С
электролитінде 152 –ден 379-ға дейін өседі. Алайда бұл өзгерістер біркелкі
жүрмейді, әрбір электролит үшін қаттылық тез өзгере бастайтын белгілі бір рН
мәні болады (3 – сурет).
3 сурет. Электролиттің рН мәнінің Ni қаптамаларының қаттылығына әсері.
1 - кесте
Достарыңызбен бөлісу: