Никельдің электртұнуында тоқ бойынша шығым 100% тең болмайды, себебі
тоқтың бір бөлігі сутегінің бөлінуіне жұмсалады.
Никель электролиттерінің негізгі компоненті никель хлориді немесе
никель
сульфаты. Электролиттердің электрөткізгіштігін жоғарлату үшін натрий
немесе магний сульфаттарын енгізеді. Электролит компоненттерінің
маңыздылары буферлі қоспа қызметін атқаратын бор қышқылы.
Қышқылдың жұмыс интервалы рН 3,5 - 5,5 құрайды. рН төмен мәнінде тоқ
бойынша
шығым төмендеп, никельмен қатар сутегі қарқынды бөлінеді.
Анодтық қоқырдың (шламның) түзілуін тежеп және сутегі иондарының
концентрациясын бақылап отыру үшін электролиттерге фторидтерді
енгізеді.
Анод материалы ретінде таза никель қолданылады.
Никель анодының
еруінде пассивтелу жүріп, нәтижесінде оның еруі тоқтап, анодта оттегі
бөліне бастайды. Осыған байланысты никель
иондарының концентрациясы
төмендеп, сутегі иондарының концентрациясының жоғарлауы катодтық тоқ
шығымының және катодтық қаптаманың сапасының төмендеуіне әкеп
соғады. Анодтың пассивтенуін болдырмау үшін активаторлар енгізеді.
Активаторлар ретінде хлор иондарының тұздарын NaCl, KCl, NiCl
2
енгізеді.
Никельдеуде кең қолданылатын электролит құрамының бірі: никель
сульфаты, магний сульфаты, бор қышқылы, натрий хлориді, натрий фториді,
процесті 30-40
0
С, тоқ тығыздығы 2 - 4А/дм
2
, рН=3 - 5.
Егер жылтыр никелдеуді жүргізу үшін жоғарыда аталған электролиттерге
1,4 -бутиндиол, сахарин, фталимид ерітінділерін қосады.
Достарыңызбен бөлісу: