Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы



Pdf көрінісі
бет44/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника

5.6 Жездеу және қолалау 
Мыс пен мырыш құймасы қорғаныс декаративті мақсатта болат пен 
резинаның бір біріне ілінісу беріктігін арттыру үшін қолданылады. Мыс пен 
мырыштың бірге тұнуының потенциалдар өзгерісі 1В тең, сондықтан мыс 
пен мырыш потенциалдары жуықтау үшін процесті комплексті тұздардың 
ерітінділерінде жүзеге асыруға болады.
Жезді (мыс-70%, мырыш-30%) тұндырудағы электролит құрамы (г/л) мен 
жұмыс режимі: 
Мыс цианиді......................................................................26-40 
Мырыш цианиді.................................................................9-12 
Калий цианиді....................................................................45-120 
Калий карбонаты................................................................0-3 
Аммиак 25%........................................................................1-3 
Температура 
0
С….........................................................…..25-40 
Катодты ток тығыздығы А/дм
2
......................................... 0,3-1
Л62, Л68 маркалы жездерді анод ретінде қолданады. Бос цианидтің 
концентрациясының жоғарлауымен, катодтық құймадағы мырыштың 
құрамы төмендейді, ал температураның жоғарлауымен құймадағы мыстың 
құрамы жоғарлайды. NH
4
OH 1мл ғана құйғанның өзінде тоқ тығыздығын 
қанша өзгерткенмен және электролитте мыс пен мырыштың арақатынастары 
әртүрлі болғанымен тұнбаның құрамын тұрақты етіп ұстап тұрады. 
Өндірісте қоланы (мыс пен қалайы құймасы) өте кең қолданады. 
Сыртқы әдемі түріне байланысты ақ қоланы никельдің орынына декаративті 
бұйымдарды әшекейлеуге және тұрмыс аспаптарын, сондай ақ музыкалы 
рухани құрал - жабдықтар үшін қолданады. Электролит құрамы (г/л) мен 
жұмыс режимі: 
Мыс (мыстың цианды комплексті тұздары).....................8-12 
Қалайы (натрий қалайаты түрінде)...................................40-45 
Натрий гидроксиді...............................................................8-20 
Бос калий цианиді................................................................8-15 
Катодтық тоқ тығыздығы А/см
2
..........................................1,5-2 
Температура 
0
С....................................................................50-65
Ток бойынша шығым %......................................................65-70 
Жылтыр қола алу үшін цианды электролиттерге органикалық қоспалар 
қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет