Кең тараған әдістердің біріне жағу жатады.
Қаптама бар бөлшектерге
арнайы ерітінділермен немесе пастамен ылғалдандырылған сүзгі қағазын
жайады.
Майсызданған бөлшек бетіне арнайы құрамды ерітінділер сіңірілген
сүзгі қағазын жазып салады. Сүзгі қағазды бөлшек бетімен қағаз ортасында
ауа көпіршіктері болмайтындай етіп орналастыру қажет. Нүкте немесе дақ
түріндегі тесік көшірмесі бар алынған қағазды дистилденген су ағынында
жуып, таза шынының бетінде кептіреді.
Ал мысты қаптамалар үшін қағазды 20 минуттан кейін,
қалайы бетіндегі
жұқа қабатты никель қаптамасы үшін қағазды 5 минуттан кейін, қорғасынан
басқа қаптама типтері үшін қағазды 10 минут өткенен кейін ғана алады. Мысқа
одан жезге жеткен пораларды тапқаннан кейін, кеуекті көшірмесі бар сүзгі
қағазын жуып, шыны бетіне жазып салғаннан кейін, оның бетіне тегістеп
калийдің гексацианофератын (K
4
FeCN)
6
-
(40 г
л) жағады. Бұл кезде (никель
іздері) сары нүктелер жоғалып кетеді. Содан кейін
қағазды су ағынында жуып,
шыны бетінде кептіреді. Қағаз бетінде қалған қызыл-қоңыр және көгілдір
нүктелерді санайды.
Никелге дейінгі кеуекті тесіктерді анықтауда қағазды қосымша
диметилглиоксимның аммиакты ерітіндісінде (1л 12,5 % аммиактың сулы
ерітіндісінде 2г диметилглиоксим) өңдейді. Тесіктер орынында никельге тән
ашық қызғылт түсті дақтар мен нүктелер пайда болғаннан кейін қағазды су
ағынында жуып, шыны бетінде кептіреді. Сонда
болат және мысқа дейінгі
іздер ағарып тұрады да, никельге дейінгі тесік санын есептеуге кедергі
келтірмейді. Тура осындай ерітінділер жез, никель, мыс бетіне күміс және
алтын қатамасының кеуектілігін анықтауда қолданылады.
Пастаны жағу әдісі болат, мыс, алюминий,
мырыш және олардың
құймаларының бетіндегі металдық қаптамалардың, сонымен қатар алюминий
және оның құймаларының, әртүрлі формадағы, мөлшердегі бөлшектердің
бетіндегі металл емес бейорганикалық қаптамалардың кеуектілігін анықтауда
қолданылады. Бұл әдісті күрделі пішінді бөлшектер үшін қолданған тиімді.
Ұсақ пішінді бөлшектер үшін болатқа дейін жететін
тесіктерді анықтауда құю
әдістерін қолданады. Қалайы бетіндегі қорғасын қаптамаларының кеуектілігін
анықтауда салу (налажение) әдісімен қатар нақтылықтары бірдей жағу
(смазывание) әдісін қолдануға болады. Мыс және жез бетіндегі қорғасын,
мырышты және кадмийлі қаптаманың кеуектілігін анықтауда анодты
поляризация әдісі қолданылады.
Электрографикалық әдіс ток қатысында жүретін коррозиялық сынақ
әдістерінің бір түрі. Әдіс белгілі бір потенциалда негізгі металл қаптама
тесіктері
арқылы еріп, еру өнімдері айқындағышпен әрекеттескенде беттік
қабатта тесіктердің таралау сипатын беретін боялған көшірме береді. Мұндай
сынау әдісі практикада ұтымды қолдануда.
Қорғаушы
және қорғаушы әсемдік қаптамалардың кеуектілігін
анықтайтын басқа да әдістер (газөткізгіштік, фотографиялық, радиохимиялық,
адсорбциялық) кең қолданыс таппады. Бірақ, арнайы зерттеулерде немесе
эталонды тексеруге қолдануға болады. Үйкеліске
төзімді хромды
қаптамалардың кеуектілігін анықтау әдістері жоғарыда берілген әдістерден
ерекшеленеді. Себебі, хромды қаптамадағы каналдар мен тесіктер өте тарала
және шоғырлана орналасады. Хромды қаптаманың кеуектілігін бағалаудағы
неғұрлым қарапайым әдіс визуальды, яғни хромды бетті зерттеуді үлкейткіш
(лупа) көмегімен және оны эталонмен салыстыру арқылы жүргізуге болады.
Контактылық көшірме әдісі бетті арнайы пастамен өңдеп, қаптаманың
бетін фотоқағазда шығаруға негізделеді.
Фотоқағаздағы көшірме паста
құрамындағы натрий сульфитінің фотоқағаздағы бромды күміспен (қара түс)
әрекеттесу нәтижесінде алынады.
Хромның кеуектілігін анықтауда жоғарыда тізіп көрсетілген әдістерден
басқа келесі әдістерді беруге болады:
1. Парафин сіңіргенге дейінгі және кейінгі бөлшек массасының
айырмашылығына негізделген әдіс
2. Сынапты порометрия әдісі
Достарыңызбен бөлісу: