Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


Еңбек шартын сақтаудағы жалпы санитарлық және



Pdf көрінісі
бет60/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника

 
Еңбек шартын сақтаудағы жалпы санитарлық және
техникалық талаптар 
 
1.
Улы газдар мен булар бөлінетін жерлерде сорғыш вентиляциялық 
орындар болуы қажет. 
2.
Барлық жұмыс орындарындағы жалпы ағынды сорғыш вентиляцялар 
қалыпты температураны, ылғалдылықты және ауаның тазалығын қамтамасыз 
ету керек. Сондай-ақ адам денсаулығына қолайлы ылғалдылық 50-75 % , ал 
қысқы уақыттардағы ауа температурасы 18-25
0
С болуы тиіс. 
3.
Уландырғыш, гальваникалық орындарда, сондай-ақ қышқылдар мен 
басқада агрессивті сұйықтықтарды сақтайтын орындарда сілтілер мен 
қышқылдар көзге, теріге тамған кезде жууға арналған гідрант - крандар 
міндетті түрде болуы тиіс. 
4.
Өндірістік аймақтардың жарықтануы максималды табиғи жарыққа 
теңесетін нормаға сай болуы керек. 
5.
Жұмыс орындарында міндетті түрде аяқты суланудан және 
салқындаудан сақтау үшін ағаш торлар немесе төсегіштер болуы қажет. 
6.
Жұмыстың қауіпсіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін гальваникалық 
цехтың ауасы ылғалды болғандықтан электр тоғымен лақтыру қауіптілігі 
артатындықтан электротехникалық аспаптар мен қондырғыларды жерлендіру 
және арнайы қорғаныс қабатымен қоршау қажет. 
7.
Улармен жұмыс жасайтын орындардың және олар сақтайтын 
кеңістіктердің ауасы күнделікті анализделініп отырылуы керек. Улы 


газдардың және шаңдардың шекті рұқсат етілген концентрациясы арнайы 
әдебиеттерде көрсетіледі.
8.
Буды астауға (ванна) бағыттауда резиналық шлангыны қолдануға
болмайды. Себебі резина шлангы жарылып босап кетсе жұмысшы будан күйіп 
қалуы мүмкін.
9.
Арнайы киімді күнделікті жуады; улы заттармен жұмыс жасайтын 
жұмыскерлердің киімдерін алдымен майсыздандырады, арнайы киіммен
жұмыстан кейін үйге кетуге болмайды. 
10.
Улы заттармен жұмыс жасайтын жұмыскерлер күнделікті душ 
қабылдап, тамақ ішер алдында сабынмен, жылы сумен қолды міндетті түрде 
жуу керек. 
Улы заттармен ластанған қондырғыларды тазалауды жақсы жұмыс жасайтын 
вентиляцияда, арнайы противогаздарды немесе басқа да қоғаныс құралдарын 
(резина қолғапшалар, қорғаныс көзілдірігі) қолданып жүргізеді. 
11.
Кезейсоқ жағдайда қол терісін жарақаттағанда бірден қолды су 
өткізбейтін винтпен таңып, дәргерге қарату керек. 
12.
Гальваникалық кәсіпорындарда жұмыс жасайтын жұмыскерлер
химикаттардың дәмін көруге, сипап-сезуге, және оларға қолын тигізуге, 
зертхана ыдыстарына ауыз суын құйуға, ыдысты жумай қалдыруға, химиялық 
заттардың атын белгілемей тастауға болмайды 
13.
Адам ағзасына шудың, бас шайқалуының және вибрацияның бір 
мезгілде әсер етуі қауіпті болып табылады. 
Шудың көзін оңашаландырыған кеңістіктерге орналастыру керек. 
Сондай-ақ, арнайы қалпақшалар көмегімен жеке қорғаныс түрін жасауға 
болады. Еңбек шартын қауіпсіздендіру және оны жеңілдету үшін
электролиттер мен ерітінділер дайындаудың жеке бір бөлімі болуы тиіс.
Анодтау және желіну моншаларына қышқылдарды беру әрбір қышқылдарға 
жеке арнайы аймақтарда орналастырылған күшті ағынды мөлшерлі бактар 
арқылы, қышқылға төзімді насостар көмегімен құбыр жүйесі арқылы өткізу 
қажет. Электролиттер мен ерітінділерді қоршаған ортаға улы газдардың, 
булардың түсуін, лақтырылуын болдыртпайтындай етіп аса қауіппен дайындау 
және корректирлеу керек. Улы тұздарды тек вентиляциясы бар сорғыштар 
астындағы астауда (ванна) еріту керек. 
Цианды ерітінділерді сүзу және құю насостар көмегімен жүзеге асады. 
Оларды қолмен сорған жағдайда міндетті түрде респиратор кию керек. Улағыш 
ерітінділерді дайындағанда қол, бет терілерінің күюін болдыртпайтындай етіп, 
қауіпсіздік шараларын еске ұстаған жөн. Сақтандырғыш көзілдіріксіз жұмыс
бастауға рұқсат етілмейді. Қышқылды баяу ағынмен су толтырылған астауға 
(ванна) құю керек, керсінше жүргізуге болмайды. Химикаттарды сақтау 
орындары бір заттың екінші затпен әрекеттесуіне жол бермейтіндей 
жабдықталуы керек. Сұйық химикаттар құрғақ химикаттардан жеке сақталуы 
керек. Химикаттарды сақтау орындары өндірістік бөлімдерден кірпіш 
қабырғамен бөлінген жеке кеңістік болуы тиіс. Мұндай жерлерде цианидті
тұздар үшін жеке орын бөлінуі керек. Цианидті ерітінділерді дайындау цехтан
тыс жерде жүргізіледі. Химикаттарды сақтау орындарында күшті жұмыс 


жасайтын вентиляция және өртсөндіргіштер болуы керек. Вентиляция 
қосқыштарын қышқылдар мен сілтілер исі шығаратын жердің кіре – берісіне 
орналастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет