Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


Шлифтеу-полилирлеуші операциялардағы, гидроқұмдыағынды және



Pdf көрінісі
бет61/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника

Шлифтеу-полилирлеуші операциялардағы, гидроқұмдыағынды және
бөлікті-ағынды тазалауларлардағы, қауіпсіздік техникасы
 
Бөлшектерді механикалық өңдеу бөлімдерінде түзілетін войлоктық, 
наждактық, металдық және маталық шаңдар адам ағзасына зиянды. 
Соныдықтанда мұндай бөлімдердегі ауаның шаңдануы нормаға сәйкес 5 мг/м
3
аспауы керек. Шлифтеу-полилирлеу құралдарында жұмыс жасау барысында
жарақат 
тудыратын 
негізгі 
себептерге: 
1) 
абразивті 
материалдар
бөлшектерімен және шетканың металдық қылшықтары, сондай-ақ өңделетін
бөлшектің металдары көзге түсіп, зақымдауы, 2) айналмалы дөңгелектермен 
соқтығысқанда дене мүшелері мен қолдың жарақаттануы, 3) шлифтеуде қызған 
бөлшектерді қолғапсыз және қысқышсыз ұстағандағы қол саусақтарын 
күйдіру, 4) дөрекі шлифтеу кезінде керамикалық дөңгелектердің бөліктенуі, 5)
дұрыс бекітілмегендіктен шпиндельден дөңгелектің лақтырылуы жатады 
Шлифті-полилирлеуші бөлімдерде шаңды жою үшін күшті сорғыш 
вентиляцияны іске қосады. Бұндай бөлімдерде вентиляциясыз жұмыс істеуге 
рұқсат етілмейді.
Шлифті - полилирлеуші бөлімдерде жұмыс жасау барысында туындайтын 
жарақаттың алдын алу үшін келесі шаралар ұсынылады:
1. Жұмысты бастар алдында дөңгелектерді мықтап бекіту керек. 
2. Көзді қорғау үшін жұмысты арнайы қорғаныс көзілдірігімен жасау керек. 
3. Қауіпті жарақаттың алдын-алу үшін қолмен ұстауға қиын және ұсақ
бөлшектерді арнайы қысқыштармен ұстау керек. 
4. Қолды күюден сақтау үшін мақталы-қағаз қолғапшаларды киіу керек.
5. Дөңгелектердің айналу жиелігінің нормадан аспауын қадағалау керек. 
6. Бөлшектерді дөңгелекке қолдан жұлып алмайтындай етіп біртіндеп 
жақындату керек. 
7. Мыс және латун бөлшектерін шлифтеуде, полилирлеуде немесе қорғасын 
анодтарын крацевтеуде респираторларды қолдану керек. 
8. Жинағыштарды шаңнан тазарту тек қондырғы тоқтатылғаннан кейін 
жүргізілуі тиіс.
9. Магний құймаларын полилирлеу жұмыстарын оңашаландырған құралдарда 
арнайы өрт қауіпсіздігін сақтай отырып жүргізу қажет. 
10. Гидроқұмдыағынды
 
тазалаудағы теріс фактолар: жұмыс кеңсесінің 
шаңдануы. (кварц шаңының рұқсат етілген мөлшері 1мг/м
3
), үлкен 
жылдамдықпен шығатын пулпалы ауа ағынының вибрациясы және шу, суық 
пульпаның қол терісіне әсері. 
Көрсетілген зиянды факторларды болдырмау үшін келесі шаралар 
ұсынылады. 
1.
Гидротазалау камераларындағы барлық қуыстар мықтап бекітілуі керек. 


2.
Сорғыш желдеткіш су буларын және кварц шаңдарын сорып алатындай 
болуы керек. 
3.
Шудан сақтандыратын шаралар қолдану керек. 
4.
Ашық камераларда қыздырылған таза ауаны скафандрға айдайтын
құралдардың болуын қадағалау керек. 
5.
Абразивті пульпаның қол терісіне түсуінен сақтану үшін резиналық 
қолғаптың ілмегін қолғапшаға бекіту керек. 
6.
Гидроқұмды тазалау бөлімі жеке оңашаландырылған кеңселерде 
орналасуы керек. 
Металл бөлшектерін құммен тазалағандағы теріс факторлардың бірі шу 
және металдың шаңы. Металлдық шаңның әсерінен теріде дерматит
экземалар пайда болады. Ал кілегейлі қабатта – көздің және тамақтың сөл
қабатының ауруына әкеледі. Бөлшек мөлшері 2- ден 200 мкм дейінгі шаң адам 
ағзасына зиянды болып табылады. Көрсетілген зиянды факторларды
болдырмау үшін келесі шаралар ұсынылады. 
1.
Металдық бөлшектерді құммен тазалауды жабық типтегі камераларда 
немесе үрлеу процесі жұмысшының қатысынсыз өтетін жартылай 
автоматты құралдарда жүргізілуі тиіс. 
2.
Жартылай жабық камераларда жұмыс істегенде жұмысты бастамас бұрын 
сорғыш желдеткішті қосады. Жұмысшы жұмысқа тек комбинезон мен 
скафандр – қалпақты кигенде ғана кірісе алады. 
3.
Бөлшектерді металдық құммен тазалау бөлімі цехтың аралас кеңселерінен 
алшақ орналасуы қажет. 
4.
Тазалағыш камералардың ішін жапырақты резиналармен қаптау керек, ал
бөлшектерді камера ішіндегі резинамен қапталған үстелге қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет