117
Металдық қаптамаларды отырғызу кезіндегі техникалық қауіпсіздік
ережелері.
Металдық қаптамаларды отырғызу адам ағзасына зиянды цианиды-сілтілі,
сілтілі және қышқылдық электролитттерді қолданумен байланысты. Цианидтті
қосылыстар өте улы болып келеді. Сонымен қатар, цианидті астауды нашар
жуғаннан немесе цианидте мыстау кезінде түзілетін синил қышқылы да өте улы.
Қышқылды және сілтілі электролиттер күйік туғызуы мүмкін, ал көзге
түскен жағдайда күрделі жарақатқа әкеледі. Никель тұздары тез жазылмайтын
зкземалар мен дерматиттер туғызады. Электролитті хромдауда қолданылатын
хром ерітінділері тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықшасын бұзады.
Электролиттермен жұмыс жасағанда келесі ережелерді міндетті түрді сақтау
керек.
1. Астауға бөлшектерді салмас бұрын сорғыш желдеткішті 10-15 минут қосып
қою керек.
2. Арнайы киімде, резиналық етікпен, резиналық қолғаппен, резиналық
алжапқышпен жұмыс жасау керек. Әрбір жұмысшыда респиратор және
сақтандырушы көзілдірік болуы тиіс.
3. Тыныс алу жолдарын сақтандыру үшін жұмыс алдында тыныс жолдарының
кілегейлі қабықшаларын вазелинмен сүртіп отыру керек.
4. Цианидті электролиттерді корректирлеу кезінде цианидті ерітінділерге
минералды қышқылдарды қателікпен құю секілді келеңсіздіктер болмауы керек.
Сондықтанда жұмысты тиянақты адам атқаруы тиіс.
5. Жұмыстан тыс кездерде цианидті ерітінділері бар астаулардың аузы
қақпақтармен берік жабылуы керек.
6. Жұмыс кеңселерінің синильді қышқылмен ластануын ащы миндаль иісі
арқылы білуге болады. Ал бұл сорғыш желдеткіштердің дұрыс жұмыс
істемейтіндігін көрсетеді.
7. Ерітінділер жан-жаққа шашырамауы үшін бөлшектерді астауға салуды
қауіппен жүргізу керек; цианидті ерітінділерде бөлшектерге қаптама
отырғызғаннан кейін, оларды жақсылап ерітінді қалдықтары жойылғанға дейін
жуады.
8. Электролиз аяқталғаннан кейін анодты астаудан шығарып, суы бар астауға
батырады.
9. Анодты цианидті және басқа электролиттерден тазалауды ылғал күйінде
жүргізгенде ғана рұқсат етіледі.
10. Катодты және анодты штангтарды цианидті астауаларда тазалау, оларды
астаулардан шығарып, тазалағаннан кейін ғана жүргізуге рұқсат етіледі.
11. Астауға түсіп кеткен шойын бөлшектерін магнитпен, ал мыс және жезді
перфорирленген қалақшамен шығарып алу керек.
12. Борттық сорғыштарды айына бір рет тазалау керек, себебі олар тұздардың
жиналуынан ластанады.
13. Улы электролиттермен жұмыс жасауға қол терісі жарақаттанған немесе тері
аурулары бар адамдар жіберілмейді.
118
14. Тері, тыныс алу жолдарының ауруы білінгенде, бас ауырса, жүректің қағысы
тездесе міндетті түрде цех бастығына хабарлап, дәрігерге қаралу керек.
15. Бетке немесе дененің басқа бөліктеріне цианды ерітінділер шашыраса немесе
қышқылдарға және негіздерге күйсе міндетті түрде сумен жуып, дәрігерге қаралу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: