қабыршақтар (пленкалар) қолданылады. Ол форма дайындалған металға
байланысты,
сульфидті, оксидті, хроматты және т.б. пленкалар қондырады.
Электролиттердің құрамы гальванотехникада қолданылған электролиттер
тәрізді болып келеді.
Сонымен гальванопластикада гальваностегияда болмайтын мынадай жұмыс
түрлеріне көңіл бөлу керек: форманы дайындау, өткізгіш немесе бөлінетін
(разделительный)
қабатты қондыру, металдарды алғашқы электртұндыру
(затяжка), негізгі электролитпен металды жылдам өсіру: артық өсіңкі
металдық тұнбаларды механикалық өңдеу.
Гальванопластикада қоладанылатын электролиттер
Электролитке қойылатын талаптар: берілген тұнбаның механикалық және
физика
- химиялық қасиеттері, металдың жоғары тұну жылдамдығы, катод
бетімен металдың біркелкі таралуы, электролиттің тұрақтылығы. Металдың
электртұнуында электролиз режимі мен электролит құрамының кішкене ғана
өзгерісі физика - химиялық сипатының өзгеруіне әкеп соғады.