Қаптаманың кеуектілігін анықтау
Қаптаманың коррозиға тұрақтылығы , яғни оның кез-келген аймаққа
қолдануға жарамдылығы оның кеуексіздіген байланысты. Сондықтанда
катодтық қаптамадардың қорғаныс қасиетін бағалауда кеуектілікті анықтау
маңызды болып табылады.
Электролиздік қаптамаларды тесіктер мөлшері бойынша: микрокеуек
(радиусы 15 х 10
-6
кіші), макрокеуек
(радиусы 10
-3
жоғары), кеуектер болып
бөлінеді. Тесіктер реттік қатар түрінде, яғни негізгі металға немесе қабат
соңына дейін немесе тұйық болуы мүмкін. Тесіктерге әртүрлі форма тән.
Олар бір-бірінен мөлшері бойынша біршама ерекшеленеді. Тесіктер
электролиздік қаптама құрылысының ерекшеліктеріне байланысты туындайды
және қаптама пайда болатын ішкі кернеу әсерінен түзілуі мүмкін.
Макротесіктер қаптаманың бетінің нашар майсыздандырылуынан, электролиз
процесі кезінде шлам тұнуының салдарынан, қабат астында немесе негізгі
металл бетінде өткізбейтін аймақтар пайда болуынан түзіледі. Қорғаушы және
қорғаушы - әсемдік қаптамалардың, сонымен қатар үйкеліске тұрақты хромды
қаптамалардың кеуектілігін анықтауда бірнеше әдістер белгілі. Электролиздік
қаптамалардың кеуектілігін өлшегенде кең қолданылатын қарапайым әдіс,
коррозиялық әдіс болып табылады. Бұл әдісте тесіктерді бөліп шығаруда
металл қаптамаға әсер етпейтін, тесіктер арқылы түпкі негіз металмен
әрекеттесетін және жақсы көрінетін реакция өнімдерін түзетін арнайы
еріткіштерде зерттелетін үлгіні өңдейді. Табылған коррозия ошақтарын көзбен
немесе арнайы үлкейткіш құралдармен санайды. Тесіктерді анықтауда түпкі
негізгі металмен боялған қосылыстар беретін химиялық реактивтер көмегімен
жүретін әдістер кең тараған. Сынақты жүргізу әдісі әртүрлі болуы мүмкін.
Кейбір жағдайда сыналатын үлгіні біраз уақыт бойы электролитке батырып
қояды. Содан кейін алып, боялған нүктелерді санайды. Кей жағдайда
сыналатын үлгіні электролитке батырмай, жай тампонмен сүртеді.
Достарыңызбен бөлісу: