Қаптаманың сапасын бақылау Қаптаманы қалыңдығы және сыртқы түрі бойынша бақылау Электролиттік қаптамаға ең бірінші баға беру сыртқы түріне қарай
отырып, күндізгі немесе жасанды жарықтың көмегімен жүргізіледі.
Жарықтандыру 300 лк төмен болмауы қажет.
Сыртқы түрін бағалау нәтижелері бойынша жарамды, кеміс (брак),
ақаулы, жарамсыз топтардың біреуіне жатқызуға болады. Бағалау нәтижелері
құжат түрінде тіркеледі. Бөлшек кеміс болып саналады, егерде сапасыз
қаптаманы алып тастап, қайталама отырғызуды қажет болса және де
қаптаманы алмай-ақ толық өңдеуді қажет ететін бөлшектерде жоғарыда
айтылғандар қатарына енеді. Кеміс бөлшектерге коррозия ошақтары,
механикалық және басқада ақаулар жатады.
Көптеген жағдайда қаптаманың сапасын беретін белгілі бір
экономикалық және техникалық талаптарға сәйкес келетін маңызды белгі
оның қалыңдығы болып табылады. Қаптаманың қалыңдығын өлшеуде әдістер
мен құралдарды таңдау көптеген факторларға, атап айтқанда қаптаманың
формасына және түріне, металға, ұзақ уақыт аралығындағы жүргізілген
өлшеулер санына, өлшеудің нақтылығына және қаптаманың немесе бүкіл
металдың бұзылу мүмкіндігіне байланысты. Қаптаманың тек ораша
қалыңдығын ғана емес, сонымен қатар бөлшектің белілі бір аймағындағы
қаптаманың минимальді қалыңдығын өлшеу керек. Себебі тіптен тегіс